Жаңалықтар

Дидактика

  Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы. Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.   Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған. Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді. Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.  
05.12.2012 06:02 31113

 

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
 
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға