Жаңалықтар

Диалектикалық материализм

  Диалектикалық материализм — революцияшыл пролетариаттың дүниеге көзқарасы, маркстік ілімнің бір саласы, оның ғылыми философиялық негізі, марксизм философиясы. Диалектикалық материализм дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол - материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы мидың атқаратын қызметінің жемісі, сыртқы дүниенің бейнесі, - деген қағиданы өзінің ірге тасы, түп тұлғасы деп біледі; сондықтан да оны материалистік философия деп атаймыз.  Дүниедегі барлық бұйымдар мен құбылыстардың бір бірімен өзара шексіз қарым қатынаста байланысты болатының табиғат пен қоғамның және ойдың үнемі қозғалыста дамуда, болуды олардың өздеріне тән қайшылықтарының себебінен диалектикалық материализм мызғымас ақиқат деп есептейді, осыған байланысты оны диалектикалық философия деп атаймыз. Диалектикалық материализмді жасаған К.Маркс, Ф.Энгельс болды. В.И Ленин оны ілгері дамытып, жоғары сатыға көтерді. Диалектикалық материализмнің жасалуы философиядағы нағыз революциялық төңкеріс болып шықты. Оның себебі бұған дейінгі болған философиялық ілімдердің барлығынан мүлдем басқа шын мәнінде гылыми жаңа философия туды. К.Маркс пен Ф.Энгельс өздерінен бұрынғы ой мұрасын түгелдей керексіз етіп, лақтырып тастаған екен деген қорытынды жасауға болмайды. Керісінше диалектикалық материализм мен өткен дәуірдегі философия ілімдер арасында кең алмасу өткелі бар.    Диалектикалық материализм бүкіл тарих бойындағы адамзат ой дамуының игілікті жемістерін сын көзбен пайдалану негізінде революцияшыл таптың күрес тәжербесі мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырылып жасалды. Марксизм тұғаңға дейінгі философиядағы материалист бағыт ұзақ даму тарихы болғанымен ғылыми дәрежеге көтерле алмай, тар шеңбердің құрсауында қала береді. Оның басты кемшіліктерінің бірі ол диалектиканың кей кезде ғана көрініп қалып тұрған ұшқындарын былай қойғанда негізінен метафиа қалыптан шыға алмауы, яғни даму турсындағы идеялармен басын біріктіре алмай одан бөлектеніп қалуы. Ескі материалистердің басым көпшілігі табиғат пен қоғамды қозғалатын механикалық түрі арқылы ғана түсіндірмек болып, механистік дәрежеде қалып қойды. Мұның үстіне олар тек табиғатты түсіндіруде ғана материалисттік көзқараста болып, қоғам өмірін тануда идеалісттік тұрғыдан шықпады. Бұл күрделі кемшіліктердің салдарынан марксизмнің ең әрі кеткенде дүниені өзінше әр қилы түсіңдіру міндетін ғана атқара білді, ал оны өзгертудің ғылыми теориялық құралы болудан алыс жатты. Осы тәрізді философиядағы диалектика бағыт та сынар жақ, теріс дамыды, түгелдей дерлік идеалистік көзқарасқа негізделді. Бұған даму жайындағы философия ілімді жан-жақты және терең жасақтап дамытқан Гегельдің диалектикасақ дәлел бола алады. Маркс пен Энгельс философия бағыттардың керектң жақтарын, негізгі рациональдық дәндерін жоғарыда айтылған кемшіліктерін аршып алып, бастарын жай ғана біріктіре салған жоқ.   Ескі материализмді де ескі диалектик ілімді де табиғат тану ғылымдарының ең соңғы табыстары тұрғысынан бүкіл адамзат қоғамы дамуының тарихи тәжірбиесі тұрғысынан сыңға алып, басынан аяғына дейін ұайта құды, оларға жаңа мазмұн, жаңа түр, яғни жаға өмір берді. Материализмді диалекті әдіспен байтып шыңдап оны шың мәнінде ғылыми диалектик дәрежеге жеткізді, диалектиканы аяғына тік қойып, материализмнің мызғымас негңзңне алып, оны ғылыми материалистік сатыға көтерді. Мұның осынша жемісті болып шығуының тағы бір басты себебі Маркс пен Энгельс идеализмді оның ақырғы ұясынан-тарихтан қуып шықты, қоғам өмірі дамуының заңдылықтарын материалистік тұрғыдан түсінуді ашты, басқаша айтқанда тарихқа ғылыми көзқарасты жасақтап бекітті, Сонымен Диалектикалық материализмді басқа да ғылыми салалары тәрізді өзіне тәң тексерістің зерттейтін пәні бар. Басқа ғылымдар зер салып сырын ашатын дүниені ол да зерттейді. Бірақ табиғат пен қоғамның және адам санасының жеке салаларындағы нақтылы қасиеттер мен заңдылықтарды іздестіретін дербес ғылымдармен салыстырғанда Диалектикалық материализм пәннің үлкен ерекшілігі бар. Диалектикалық материализмнің өарастырып зерттейтіні –дүниедегі механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, тарихи, экономикалық тағы басқа сапа жағынан белгілі заңдылықтардың жүйесі емес табиғат пен қоғам өмірінің және адам ойының жалпыға тәң заңдары. Мысалы осы замандағы теориялық физиканың бір саласын болып есептелетін квант механикасы микробөлшектердің (электрон, позитрон, мезон, протон және нейтрон тәрізді «элементралық» бөлшектер мен солардан құрылатын атом ядросы, атом, молекула тәрізді күрделі бөлшектер) қозғалысын зерттейді. Диалектикалық материализм болса, ол бұл бөлшектердің ерекше тіпті үйреншікті ұғымғы сыймайтын қасиеттері мен қозғалыс заңдарын іздестіру міндетән мойнына ала алмайды. Дәл осындай квант механикасы да Диалектикалық материализмнің пәнін – болмыс пен сананың жалпыға тән дамузаңдарын зерттеуге тиіс емес. Дегенмен көңіл аударатын ерекше жағдай мынада.   Сөз болып отырған квант механикасының зер салатын обьектісін оның «толқынды функция» корпускулдер тағы сол сияқты ұғымдары мен категорияларын ғылымының басқа бірде бір саласында айталық ботаникада, тарихта, математикада, химияда кезтестірмейсіз, ал Диалектикалық материализмнің зерттейтін заңдары оның ұғымдары мен категориялары сол ғылымдардың барлығында да кездеседі және зерттеу процесінде пайдаланылады. Сан мен сапа, себеп пен салдар, форма мен мазмұн, мән мен көрініс, қажеттілік пен кездейсоқтық, кеңістік пен уақыт, материя мен қозғалыс, өзгеріс және даму тәрізіді Диалектикалық материализмнің жалпы ұғымдары мен категорияларынсыз бірде бір зерттеуші биолог немесе физик, экономист немесе математик тағы басқа жалғыз қадам баса алмақ емес. Бұдан әрине Диалектикалық материализм өзінің ұғымдары мен категорияларың басқа ғылымдарға еріксіз танып қойып өзі бірқалыпта тұра береді деген пікір тумауға тиіс. Өйткені Диалектикалық материализм-жаратылыс тану және қоғамдық ғылымдардың жаңалықтарын үнемі бақылап қорытындылап отыру арқылы үздіксіз дами беретін ілім. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалыө революцияның ұшантеңіз табыстары Диалектикалық материализмнің дүниені тұтасынан бұрыңғыдан әлдеқайда аймақтырақ және тереңірек түсінуге оның қанатын кеңінен жайып өзінің логикалық ұғымдарымен категорияларын молынан байыта отыр. Бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағы – осы айтылып отырған гылыми-техникалық табыстар диалектикалық материализмнің түбірлі заңдары мен принциптерінің сөзсіз дұрыс, ақиқат екенін, объективті шындықтың өзіне тән жалпы заңдылықтарға адэкватты, яғни оларға дәлме-дәл екенін тағы да айқын дәлелдәй түсуде.    Диалектикалық материализмнің негізгі арқауы, ірге тасы – материя туралы ілім. Материя дейтініміз – адамның санасынан сырт оған тәуелсіз өмір сүретін объективті реалдық дүние. Үздіксіз қозғалыста болатын материядан басқа әлемде еш-нәрсе жоқ, болуға тиіс емес. Дүниедегі сан жетпейтін көп бұйымдар мен құбылыстар осы материяның әр қилы түрлері немесе қасиеттері болып табылады. Материяның айрылмас қасиеті (атрибуты), оның өмір сүруінің формасы – қозғалыс. Қозғалыссыз материя жоқ, материясыз қозғалыс жоқ. Материя уақыт пен кеңістік ішінде қозғалады. Соңғы екеуі де – материя болмысының формалары. Материя қандай объективті (санадар тыс) болса, бұлар да сондай. Материяны уақыт пен кеңістіктен айырып алуға болмайтыны сияқты, уақыт пен кеңістікті де материядан айырып алуға болмайды. Дүниенің кілті жаратылыстан тыс бір күште, болмаса құдайда, ең алдымен абсолюттік идеяда болды, материялық дүние осы идеяның «кері болмысы», соның туындысы, немесе материялық бұйымдар адам түйсіктерінің комбинациясы, материяның өмір сүруінің шарты – оны адамның, болмаса түйсікті басқадай бір организмнің қабылдауы, деп уағыздайтын идеалистік, мистикалық көзқарастардиалектикалық материализмгемүлде жат. Жаратылыс тану ғылымы сан рет дәлелдегендей, материя мәнгілік, шексіз. Оның өмір сүруінің басы да болған жоқ, соңы да болған емес. Қандайда болмасын философияның негізгі мәселесі – ойдың материяға, сананың табиғатқа қатысы туралы мәселе. Мұны диалектикалық материализм табиғат, материя алғашқы (бірінші), ой, сана соңғы (екінші) деп шешеді. Материяны мәңгілік дедік. Ал, сана мен ой материя дамуының белгілі бір сатысында ғана, яғни homo sapiens (ақылды хайуанның) жаралуына байланысты пайда болды. Бұлар материяның аса бір жоғары құрылымның, мидың атқаратын қызметі, материялық шындықтың бейнесі болып табылады. Сананың қайнар бұлағы – осы материялық шындық, срытқы дүние. Өйткені ол өзінің сансыз көп қасиеттерімен, адамның сезім мүшелеріне әсер ету арқылы миға қызмет еткізеді, ал мидың қызметі сол әсерді сана көріністеріне айналдырады.   Диалектикалық материализм әлемдегі механикалық, физикалық химиялық, биологиялық, әлеумметтік процестерді және бұлардың әрқайсысының өз ішіндегі сан алуан құбылыстар мен бұймдарды жеке-жеке өмір сүретін, бір-бірімен байланысы жоқ томаға тұйық бір нәрселер емес, керісінше, үнемі бір-біріне айналып тұратын бір-бірімен тығыз байланысты шарттас, бір тұтас дүние деп қарайды. Бұл процестер мен құбылыстар және бұйымдар солардың барлықтарына бірдей тән жалпы зандарға бағынышты. Осы заңдар бейне бір шексіз жіп тәрізді оларды бірімен-бірін тіркестіріп, бастарын қосып, біріне-бірін тәуелді, әсерлес етіп тұтастырып тұрады. Онымен қабат диалектикалық материализм дүниені бір орында мызғымай тұра беретін қатып қалған бірдеңе емес, керісінше, үздіксіз қозғалыста, өзгерісте, дамуда болып тұратын бір тұтас процесс деп біледі. Осы айтылып отырған дүниедегі барлық құбылыстар мен заттардың жалпылама байланысты, шарттастығы жөніндегі және олардың қозғалу, дамуының жалпы заңдары жөніндегі ілімді диалектика деп айтамыз. Метафизиккалық әр түрлі көзқарастар құсап, диалектикақозғалыс пен дамудың себебін, қайнар бұлағын сырттан іздемейді, дүниені бір кезде «қозғап жіберген» ерекше күш бар деп есптемейді. Ол қозғағыш күш, дамудың қайнар бұлағы үнемі қозғалыста, дамуды болатын объективті шындықтың өз ішінде, яғни материялық процестің әрқайсысының өзіне тән қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресінде деп біледі. Осы себепті материалистік диалектика өзіне-өзі қозғалу, дамуды өзінен-өзі даму деп қарастырды. Дмау процесінің себебін, қайнар бұлағын түсіндіретін бұл заңды В.И. Ленин диалектиканың ұйытқысы деп атады.   Материялық заттар мен құбылыстардың өзінен-өзі дамуын диалектика олардың тек сан жағынан көбеюі, болмаса өткен қалпын қайталуы деп түсінбейді, сан өзгерісінің белгілі бір мөлшерде сапа өзгерісіне өтуі, ескі сападан жаңа сапаның тууы деп біледі. Және де, ескі сапаның орнына жаңа сапаның «бір ғана» рет келуімен тынбайды, ол үздіксіз болып тұратын процесс. Жаңа сападағы белгілі бір құбылыс өзін тудырған ескі құбылысты теріске шығарған болса, даму нәтижесінде оның өзінен туатын тағыда жаңа сапалы құбылыс мұны қайтадан теріске шығарады. Осындай жолмен даму процесі тоқтаусыз жүре береді. Бірақ жаңа сапалы құбылыс ескі сападағы құбылысты теріске шығарғанда, оны түгелімен лақтырып тастамайды, оның керекті дәнін, пайдалы жақтарын сақтап қалып, ілгері дамытады, іске жаратады. Санның сапаға ауысуы, терістеуді терістеу, қарама-қарсылықтардың бірлігі және күрес заңымен қоса, диалектиканың негізгі заңдары болып есптеледі. В.И.Ленин айтқандай, материалистік диалектика ұғымына дүние танымының теориясы, гносеология да кіреді.   Өйткені ол өзінің пәнін (объектісін) тарихи тұрғыдан, дүние танымының туу және даму жолын, білмеуден білуге өту жолын зерттей, қорытындылай отырып қарастырады. Диалектикалық материализм дүниенің қандай да болмасын құпия сырларын ашуға, оны танып, қоғамдық-өндірістік практиканың қажетіне пайдалануға адамның қабілеті әбден жетеді, - деп үйретеді. Дүние танымы дейтініміз – айналадағы объективті шындықтың адам санасында бейнелену және қайталану процесі. Танымның мақсаты – объективті ақиқатқа (дүниенің адам ойында дұрыс, дәлме-дәл бейнеленуі, оның дұрыстығын іс жүзінде, практика арқылы дәлелденуі) жету. Бірақ оған адам бірден тікелей, бір секіріп ғана жете қалмайды, тек үнемі жалықпай алға ұмтылу арқылы, бүгінгі ашылған болымсыз жаңалықты ертең және одан әрі көбейте, тереңдете түсу арқылы, относительдік ақиқаттан бірте-бірте абсолюттік ақиқатқа жақындай беру жолымен ғана жетеді. Бір кезде адам Күн жүйесіне кіретін Марс планетасының тіпті ьар екенін білмеген. Кейін астрономия ғылымының дамуы нәтижесінде Марстың бар екені былай тұрсын, оның көптеген қасиеттері де ашылды, онда атмосфераның барлығы белгілі болды. Осыған байланысты бұл планетада тірі организмнің юолуы мүмкін деген ғылыми болжаулар туды. Осы болжауларды түгелдей теріске шығаратын көзқарастар тағы бар. Соңғылар Марс бетіндегі жағдайдың Жер бетіндегіден мүлде басқаша екендігіне негізделеді. Қазір бұл пікірлердің қайсысы дұрыс, қайсысы теріс екенін іс жүзінде дәлелдеуге үлкен мүмкіндік туып отыр. Біздің социалистік отанымыз ең бірінші болып Марсқа космостық автоматты станция апарып қондырды. Сондай-ақ Марсқа жақындап барып, ол туралы ғылыми деректерді Жерге хабарлап отыратын станциялар да ұшырылып жатыр. Әлі-ақ бұл плаента жөніндегі бүгін таңда жеткіліксіз біліміміз кеңінен молайып, тереңдей түседі, относительдік ақиқаттан абсолюттік ақиқатқа да бір үлкен қадам жасалады. Сонымен қатар адамның дүние тануы – тарихи процесс. Оның аумағы мен тереңдігі қоғам дамуының тарихи белестерінің сипатына, қоғамдық-өндірістік практикаға тікелей байланысты. Тек практика ғана объективті шындықтың адам ойындағы бейнесінің дұрыстығын, ақиқаттығын дәлелдей алады.   Жоғарыда айтылғандай, Диалектикалық материализм – тек табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары жайлы ғана емес, ойлаудың да жалпы заңдары туралы ғылым. Мұның мәні: диалектикалық материализм – материялық дүние дамуының адам ойлауында бейнелеу заңдары мен формаларын, объективті ақиқатқа жету заңдарын зерттейді деген сөз. Диалектика заңдары дегеніміздің өзі – материялық шындықтың өзіне тән объективті заңдарының субъективті бейнесі. Ойлау – сол реалды шындықтың адамға жасайтын әсерінің туындысы, мұнысыз ол «жеке-дара» өмір сүре алмақ емес. Бірақ оны айна тәрізді жансыз бейне жасаудың құралы деп қарауға болмайды. Ойлау – относительді тәуелсіз, белсенді әрекет жасауға, абстракция, анализ, синтез деп аталатын процестерді іске асыруға қабілеті бар құбылыс. Оның реалды шындық процестері мен бұйымдарын сырттан жинақтап, қорыта бейнелеуге мүмкіндігі бар. Мұны адамның жалпы, қорытпалы ұғымдар тудыра алатын қабілетінен көруге болады. Осындай ғылыми ұғымдардың тууы оларға сәйкес келетін белгілі бір заңдардың қисындастырылуымен парапар. Осы айтылып отырған қорытпалы ғылыми ұғындар мен қисындастырылған заңдарда материялық дүние құбылыстарының қозғалысы, дамуы ішкі қайшылықтары мен жаңа сапаға өтуі, өздеріне тән объективті заңдылықтары қалай бейнеледі, қорытылады және сөз арқылы белгіленіп, қайталады, - міне, диалектикалық материализм осыны зерттейді. Басқаша айтқанда, ол логикалық ұғымдар мен категориялардың диалектикалық мәнін, олардың таным процесіндегі ролін зерттейді. Сондықтан да диалетикалық материализм басқа жеке ғылымдарды дүние танымының бірден-бір дұрыс әдісімен қаруландырады, дүниенің объективті заңдарын ойлауда дәлме-дәл бейнелудің жолын көрсетеді, басқаша айтқанда, олар үшін ақиқат танымының ғылыми методологиясы қызметін атқарады. Қоғам дамуының қайшылықтары мен заңдарын ғылым тұрғысынан зерттеп, санада дұрыс бейнелеу әрқашан да прогресшіл таптардың мүддесіне сай келеді. Олай болса, адамзат тарихындағы бірден-бір ғылыми-философия – диалектикалық материализм революцияшыл жұмысшы табының, оның маркстік авангарды коммунистік партияларының дүниеге көзқарасы, бейбітшілік, демократия және социализм-коммунизм жолындағы күресінің жауынгер теориялық қаруы болып табылады.  
05.12.2012 06:02 20111

 

Диалектикалық материализм — революцияшыл пролетариаттың дүниеге көзқарасы, маркстік ілімнің бір саласы, оның ғылыми философиялық негізі, марксизм философиясы. Диалектикалық материализм дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол - материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы мидың атқаратын қызметінің жемісі, сыртқы дүниенің бейнесі, - деген қағиданы өзінің ірге тасы, түп тұлғасы деп біледі; сондықтан да оны материалистік философия деп атаймыз. 
Дүниедегі барлық бұйымдар мен құбылыстардың бір бірімен өзара шексіз қарым қатынаста байланысты болатының табиғат пен қоғамның және ойдың үнемі қозғалыста дамуда, болуды олардың өздеріне тән қайшылықтарының себебінен диалектикалық материализм мызғымас ақиқат деп есептейді, осыған байланысты оны диалектикалық философия деп атаймыз. Диалектикалық материализмді жасаған К.Маркс, Ф.Энгельс болды. В.И Ленин оны ілгері дамытып, жоғары сатыға көтерді.
Диалектикалық материализмнің жасалуы философиядағы нағыз революциялық төңкеріс болып шықты. Оның себебі бұған дейінгі болған философиялық ілімдердің барлығынан мүлдем басқа шын мәнінде гылыми жаңа философия туды. К.Маркс пен Ф.Энгельс өздерінен бұрынғы ой мұрасын түгелдей керексіз етіп, лақтырып тастаған екен деген қорытынды жасауға болмайды. Керісінше диалектикалық материализм мен өткен дәуірдегі философия ілімдер арасында кең алмасу өткелі бар. 
 
Диалектикалық материализм бүкіл тарих бойындағы адамзат ой дамуының игілікті жемістерін сын көзбен пайдалану негізінде революцияшыл таптың күрес тәжербесі мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырылып жасалды. Марксизм тұғаңға дейінгі философиядағы материалист бағыт ұзақ даму тарихы болғанымен ғылыми дәрежеге көтерле алмай, тар шеңбердің құрсауында қала береді. Оның басты кемшіліктерінің бірі ол диалектиканың кей кезде ғана көрініп қалып тұрған ұшқындарын былай қойғанда негізінен метафиа қалыптан шыға алмауы, яғни даму турсындағы идеялармен басын біріктіре алмай одан бөлектеніп қалуы. Ескі материалистердің басым көпшілігі табиғат пен қоғамды қозғалатын механикалық түрі арқылы ғана түсіндірмек болып, механистік дәрежеде қалып қойды. Мұның үстіне олар тек табиғатты түсіндіруде ғана материалисттік көзқараста болып, қоғам өмірін тануда идеалісттік тұрғыдан шықпады. Бұл күрделі кемшіліктердің салдарынан марксизмнің ең әрі кеткенде дүниені өзінше әр қилы түсіңдіру міндетін ғана атқара білді, ал оны өзгертудің ғылыми теориялық құралы болудан алыс жатты. Осы тәрізді философиядағы диалектика бағыт та сынар жақ, теріс дамыды, түгелдей дерлік идеалистік көзқарасқа негізделді. Бұған даму жайындағы философия ілімді жан-жақты және терең жасақтап дамытқан Гегельдің диалектикасақ дәлел бола алады. Маркс пен Энгельс философия бағыттардың керектң жақтарын, негізгі рациональдық дәндерін жоғарыда айтылған кемшіліктерін аршып алып, бастарын жай ғана біріктіре салған жоқ.
 
Ескі материализмді де ескі диалектик ілімді де табиғат тану ғылымдарының ең соңғы табыстары тұрғысынан бүкіл адамзат қоғамы дамуының тарихи тәжірбиесі тұрғысынан сыңға алып, басынан аяғына дейін ұайта құды, оларға жаңа мазмұн, жаңа түр, яғни жаға өмір берді. Материализмді диалекті әдіспен байтып шыңдап оны шың мәнінде ғылыми диалектик дәрежеге жеткізді, диалектиканы аяғына тік қойып, материализмнің мызғымас негңзңне алып, оны ғылыми материалистік сатыға көтерді. Мұның осынша жемісті болып шығуының тағы бір басты себебі Маркс пен Энгельс идеализмді оның ақырғы ұясынан-тарихтан қуып шықты, қоғам өмірі дамуының заңдылықтарын материалистік тұрғыдан түсінуді ашты, басқаша айтқанда тарихқа ғылыми көзқарасты жасақтап бекітті, Сонымен Диалектикалық материализмді басқа да ғылыми салалары тәрізді өзіне тәң тексерістің зерттейтін пәні бар. Басқа ғылымдар зер салып сырын ашатын дүниені ол да зерттейді. Бірақ табиғат пен қоғамның және адам санасының жеке салаларындағы нақтылы қасиеттер мен заңдылықтарды іздестіретін дербес ғылымдармен салыстырғанда Диалектикалық материализм пәннің үлкен ерекшілігі бар. Диалектикалық материализмнің өарастырып зерттейтіні –дүниедегі механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, тарихи, экономикалық тағы басқа сапа жағынан белгілі заңдылықтардың жүйесі емес табиғат пен қоғам өмірінің және адам ойының жалпыға тәң заңдары. Мысалы осы замандағы теориялық физиканың бір саласын болып есептелетін квант механикасы микробөлшектердің (электрон, позитрон, мезон, протон және нейтрон тәрізді «элементралық» бөлшектер мен солардан құрылатын атом ядросы, атом, молекула тәрізді күрделі бөлшектер) қозғалысын зерттейді. Диалектикалық материализм болса, ол бұл бөлшектердің ерекше тіпті үйреншікті ұғымғы сыймайтын қасиеттері мен қозғалыс заңдарын іздестіру міндетән мойнына ала алмайды. Дәл осындай квант механикасы да Диалектикалық материализмнің пәнін – болмыс пен сананың жалпыға тән дамузаңдарын зерттеуге тиіс емес. Дегенмен көңіл аударатын ерекше жағдай мынада.
 
Сөз болып отырған квант механикасының зер салатын обьектісін оның «толқынды функция» корпускулдер тағы сол сияқты ұғымдары мен категорияларын ғылымының басқа бірде бір саласында айталық ботаникада, тарихта, математикада, химияда кезтестірмейсіз, ал Диалектикалық материализмнің зерттейтін заңдары оның ұғымдары мен категориялары сол ғылымдардың барлығында да кездеседі және зерттеу процесінде пайдаланылады. Сан мен сапа, себеп пен салдар, форма мен мазмұн, мән мен көрініс, қажеттілік пен кездейсоқтық, кеңістік пен уақыт, материя мен қозғалыс, өзгеріс және даму тәрізіді Диалектикалық материализмнің жалпы ұғымдары мен категорияларынсыз бірде бір зерттеуші биолог немесе физик, экономист немесе математик тағы басқа жалғыз қадам баса алмақ емес. Бұдан әрине Диалектикалық материализм өзінің ұғымдары мен категорияларың басқа ғылымдарға еріксіз танып қойып өзі бірқалыпта тұра береді деген пікір тумауға тиіс. Өйткені Диалектикалық материализм-жаратылыс тану және қоғамдық ғылымдардың жаңалықтарын үнемі бақылап қорытындылап отыру арқылы үздіксіз дами беретін ілім. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалыө революцияның ұшантеңіз табыстары Диалектикалық материализмнің дүниені тұтасынан бұрыңғыдан әлдеқайда аймақтырақ және тереңірек түсінуге оның қанатын кеңінен жайып өзінің логикалық ұғымдарымен категорияларын молынан байыта отыр. Бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағы – осы айтылып отырған гылыми-техникалық табыстар диалектикалық материализмнің түбірлі заңдары мен принциптерінің сөзсіз дұрыс, ақиқат екенін, объективті шындықтың өзіне тән жалпы заңдылықтарға адэкватты, яғни оларға дәлме-дәл екенін тағы да айқын дәлелдәй түсуде. 
 
Диалектикалық материализмнің негізгі арқауы, ірге тасы – материя туралы ілім. Материя дейтініміз – адамның санасынан сырт оған тәуелсіз өмір сүретін объективті реалдық дүние. Үздіксіз қозғалыста болатын материядан басқа әлемде еш-нәрсе жоқ, болуға тиіс емес. Дүниедегі сан жетпейтін көп бұйымдар мен құбылыстар осы материяның әр қилы түрлері немесе қасиеттері болып табылады. Материяның айрылмас қасиеті (атрибуты), оның өмір сүруінің формасы – қозғалыс. Қозғалыссыз материя жоқ, материясыз қозғалыс жоқ. Материя уақыт пен кеңістік ішінде қозғалады. Соңғы екеуі де – материя болмысының формалары. Материя қандай объективті (санадар тыс) болса, бұлар да сондай. Материяны уақыт пен кеңістіктен айырып алуға болмайтыны сияқты, уақыт пен кеңістікті де материядан айырып алуға болмайды. Дүниенің кілті жаратылыстан тыс бір күште, болмаса құдайда, ең алдымен абсолюттік идеяда болды, материялық дүние осы идеяның «кері болмысы», соның туындысы, немесе материялық бұйымдар адам түйсіктерінің комбинациясы, материяның өмір сүруінің шарты – оны адамның, болмаса түйсікті басқадай бір организмнің қабылдауы, деп уағыздайтын идеалистік, мистикалық көзқарастардиалектикалық материализмгемүлде жат. Жаратылыс тану ғылымы сан рет дәлелдегендей, материя мәнгілік, шексіз. Оның өмір сүруінің басы да болған жоқ, соңы да болған емес. Қандайда болмасын философияның негізгі мәселесі – ойдың материяға, сананың табиғатқа қатысы туралы мәселе. Мұны диалектикалық материализм табиғат, материя алғашқы (бірінші), ой, сана соңғы (екінші) деп шешеді. Материяны мәңгілік дедік. Ал, сана мен ой материя дамуының белгілі бір сатысында ғана, яғни homo sapiens (ақылды хайуанның) жаралуына байланысты пайда болды. Бұлар материяның аса бір жоғары құрылымның, мидың атқаратын қызметі, материялық шындықтың бейнесі болып табылады. Сананың қайнар бұлағы – осы материялық шындық, срытқы дүние. Өйткені ол өзінің сансыз көп қасиеттерімен, адамның сезім мүшелеріне әсер ету арқылы миға қызмет еткізеді, ал мидың қызметі сол әсерді сана көріністеріне айналдырады.
 
Диалектикалық материализм әлемдегі механикалық, физикалық химиялық, биологиялық, әлеумметтік процестерді және бұлардың әрқайсысының өз ішіндегі сан алуан құбылыстар мен бұймдарды жеке-жеке өмір сүретін, бір-бірімен байланысы жоқ томаға тұйық бір нәрселер емес, керісінше, үнемі бір-біріне айналып тұратын бір-бірімен тығыз байланысты шарттас, бір тұтас дүние деп қарайды. Бұл процестер мен құбылыстар және бұйымдар солардың барлықтарына бірдей тән жалпы зандарға бағынышты. Осы заңдар бейне бір шексіз жіп тәрізді оларды бірімен-бірін тіркестіріп, бастарын қосып, біріне-бірін тәуелді, әсерлес етіп тұтастырып тұрады. Онымен қабат диалектикалық материализм дүниені бір орында мызғымай тұра беретін қатып қалған бірдеңе емес, керісінше, үздіксіз қозғалыста, өзгерісте, дамуда болып тұратын бір тұтас процесс деп біледі. Осы айтылып отырған дүниедегі барлық құбылыстар мен заттардың жалпылама байланысты, шарттастығы жөніндегі және олардың қозғалу, дамуының жалпы заңдары жөніндегі ілімді диалектика деп айтамыз. Метафизиккалық әр түрлі көзқарастар құсап, диалектикақозғалыс пен дамудың себебін, қайнар бұлағын сырттан іздемейді, дүниені бір кезде «қозғап жіберген» ерекше күш бар деп есптемейді. Ол қозғағыш күш, дамудың қайнар бұлағы үнемі қозғалыста, дамуды болатын объективті шындықтың өз ішінде, яғни материялық процестің әрқайсысының өзіне тән қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресінде деп біледі. Осы себепті материалистік диалектика өзіне-өзі қозғалу, дамуды өзінен-өзі даму деп қарастырды. Дмау процесінің себебін, қайнар бұлағын түсіндіретін бұл заңды В.И. Ленин диалектиканың ұйытқысы деп атады.
 
Материялық заттар мен құбылыстардың өзінен-өзі дамуын диалектика олардың тек сан жағынан көбеюі, болмаса өткен қалпын қайталуы деп түсінбейді, сан өзгерісінің белгілі бір мөлшерде сапа өзгерісіне өтуі, ескі сападан жаңа сапаның тууы деп біледі. Және де, ескі сапаның орнына жаңа сапаның «бір ғана» рет келуімен тынбайды, ол үздіксіз болып тұратын процесс. Жаңа сападағы белгілі бір құбылыс өзін тудырған ескі құбылысты теріске шығарған болса, даму нәтижесінде оның өзінен туатын тағыда жаңа сапалы құбылыс мұны қайтадан теріске шығарады. Осындай жолмен даму процесі тоқтаусыз жүре береді. Бірақ жаңа сапалы құбылыс ескі сападағы құбылысты теріске шығарғанда, оны түгелімен лақтырып тастамайды, оның керекті дәнін, пайдалы жақтарын сақтап қалып, ілгері дамытады, іске жаратады. Санның сапаға ауысуы, терістеуді терістеу, қарама-қарсылықтардың бірлігі және күрес заңымен қоса, диалектиканың негізгі заңдары болып есптеледі. В.И.Ленин айтқандай, материалистік диалектика ұғымына дүние танымының теориясы, гносеология да кіреді.
 
Өйткені ол өзінің пәнін (объектісін) тарихи тұрғыдан, дүние танымының туу және даму жолын, білмеуден білуге өту жолын зерттей, қорытындылай отырып қарастырады. Диалектикалық материализм дүниенің қандай да болмасын құпия сырларын ашуға, оны танып, қоғамдық-өндірістік практиканың қажетіне пайдалануға адамның қабілеті әбден жетеді, - деп үйретеді. Дүние танымы дейтініміз – айналадағы объективті шындықтың адам санасында бейнелену және қайталану процесі. Танымның мақсаты – объективті ақиқатқа (дүниенің адам ойында дұрыс, дәлме-дәл бейнеленуі, оның дұрыстығын іс жүзінде, практика арқылы дәлелденуі) жету. Бірақ оған адам бірден тікелей, бір секіріп ғана жете қалмайды, тек үнемі жалықпай алға ұмтылу арқылы, бүгінгі ашылған болымсыз жаңалықты ертең және одан әрі көбейте, тереңдете түсу арқылы, относительдік ақиқаттан бірте-бірте абсолюттік ақиқатқа жақындай беру жолымен ғана жетеді. Бір кезде адам Күн жүйесіне кіретін Марс планетасының тіпті ьар екенін білмеген. Кейін астрономия ғылымының дамуы нәтижесінде Марстың бар екені былай тұрсын, оның көптеген қасиеттері де ашылды, онда атмосфераның барлығы белгілі болды. Осыған байланысты бұл планетада тірі организмнің юолуы мүмкін деген ғылыми болжаулар туды. Осы болжауларды түгелдей теріске шығаратын көзқарастар тағы бар. Соңғылар Марс бетіндегі жағдайдың Жер бетіндегіден мүлде басқаша екендігіне негізделеді. Қазір бұл пікірлердің қайсысы дұрыс, қайсысы теріс екенін іс жүзінде дәлелдеуге үлкен мүмкіндік туып отыр. Біздің социалистік отанымыз ең бірінші болып Марсқа космостық автоматты станция апарып қондырды. Сондай-ақ Марсқа жақындап барып, ол туралы ғылыми деректерді Жерге хабарлап отыратын станциялар да ұшырылып жатыр. Әлі-ақ бұл плаента жөніндегі бүгін таңда жеткіліксіз біліміміз кеңінен молайып, тереңдей түседі, относительдік ақиқаттан абсолюттік ақиқатқа да бір үлкен қадам жасалады. Сонымен қатар адамның дүние тануы – тарихи процесс. Оның аумағы мен тереңдігі қоғам дамуының тарихи белестерінің сипатына, қоғамдық-өндірістік практикаға тікелей байланысты. Тек практика ғана объективті шындықтың адам ойындағы бейнесінің дұрыстығын, ақиқаттығын дәлелдей алады.
 
Жоғарыда айтылғандай, Диалектикалық материализм – тек табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары жайлы ғана емес, ойлаудың да жалпы заңдары туралы ғылым. Мұның мәні: диалектикалық материализм – материялық дүние дамуының адам ойлауында бейнелеу заңдары мен формаларын, объективті ақиқатқа жету заңдарын зерттейді деген сөз. Диалектика заңдары дегеніміздің өзі – материялық шындықтың өзіне тән объективті заңдарының субъективті бейнесі. Ойлау – сол реалды шындықтың адамға жасайтын әсерінің туындысы, мұнысыз ол «жеке-дара» өмір сүре алмақ емес. Бірақ оны айна тәрізді жансыз бейне жасаудың құралы деп қарауға болмайды. Ойлау – относительді тәуелсіз, белсенді әрекет жасауға, абстракция, анализ, синтез деп аталатын процестерді іске асыруға қабілеті бар құбылыс. Оның реалды шындық процестері мен бұйымдарын сырттан жинақтап, қорыта бейнелеуге мүмкіндігі бар. Мұны адамның жалпы, қорытпалы ұғымдар тудыра алатын қабілетінен көруге болады. Осындай ғылыми ұғымдардың тууы оларға сәйкес келетін белгілі бір заңдардың қисындастырылуымен парапар. Осы айтылып отырған қорытпалы ғылыми ұғындар мен қисындастырылған заңдарда материялық дүние құбылыстарының қозғалысы, дамуы ішкі қайшылықтары мен жаңа сапаға өтуі, өздеріне тән объективті заңдылықтары қалай бейнеледі, қорытылады және сөз арқылы белгіленіп, қайталады, - міне, диалектикалық материализм осыны зерттейді. Басқаша айтқанда, ол логикалық ұғымдар мен категориялардың диалектикалық мәнін, олардың таным процесіндегі ролін зерттейді. Сондықтан да диалетикалық материализм басқа жеке ғылымдарды дүние танымының бірден-бір дұрыс әдісімен қаруландырады, дүниенің объективті заңдарын ойлауда дәлме-дәл бейнелудің жолын көрсетеді, басқаша айтқанда, олар үшін ақиқат танымының ғылыми методологиясы қызметін атқарады. Қоғам дамуының қайшылықтары мен заңдарын ғылым тұрғысынан зерттеп, санада дұрыс бейнелеу әрқашан да прогресшіл таптардың мүддесіне сай келеді. Олай болса, адамзат тарихындағы бірден-бір ғылыми-философия – диалектикалық материализм революцияшыл жұмысшы табының, оның маркстік авангарды коммунистік партияларының дүниеге көзқарасы, бейбітшілік, демократия және социализм-коммунизм жолындағы күресінің жауынгер теориялық қаруы болып табылады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға