Жаңалықтар

Деректі Кино

    Деректі Кино – шынайы өмірлік деректерді, әр түрлі оқиғалар мен құбылыстарды баяндайтын кино өнерінің түрі. Кино өнерінің өзі де 1895 ж. Францияда ағайынды Луй Жан (1864 - 1948) және Огюст (1862-1954) Люмердің деректі фильмдер түсіруінен басталды. Алғашқы деректі фильмдер - "Люмьер зауытынан жұмысшылардың шығуы", "Ла Сьота вокзалына пойыздың келуі" тәрізді тікелей бол-мыстан түсірілген "жанды суреттер" болып табылады.  Деректі фильмнің негізі - өмірде болған шынайы оқиғалар. Деректі кино киношежіре және құжаттық кино болып бөлінеді. Киношежіре материалдары негізінде киножурналдар кино өнерінің бір түрі ретіндегі деректі киноның қалыптасуына мүмкіндік жасады. Қазақстандағы алғашқы деректі фильмдер 1920 жылы түсіріле бастады. Орталық Мемлекеттік мұрағатта "Востоккиноның" Алматы бөлімінде 1925 жылы түсірілген "Қазақстанның бесжылдығы" атты шежірелі-деректі фильм сақталған. Аталмыш кезеңдегі деректі киноның ірі жетістігі - режиссер В.А. Туриннің "Түрксіб" (1929, операторлары Е.Славинский, Е.Франциссон) фильмі болды.   Сондай-ақ "Ұлттық полк" (1930), "Қазақстан бойынша" (1935), "Хан Тәңірі" (1936), "Кеңестік өнер" (1937) киношежірелері жарыққа шықты. 20 ғасырдың 40-жылдары Қазақстанның деректі киносы, негізінен, майданның мұқтаждарына бағытталды. Мысалы, 1942 жылдың барлық фильмдері ("Тылдың гвардиящылары", "Отаншыл әйелдер", "Тарту", "Ең қымбатты", "Саған, майдан") қазақ-стандықтардың тылдағы ерен еңбектеріне арналған. Сонымен қатар фильм-концерттер түсірілді. 1943 жылдың кино өнімдерінің дені Қазақстанның мәдени өмірін бейнелейді: "Айтыс", "Балалар олимпиа-дасы"," Қазақкиноконцерт", "Домбыра үнімен"; өнеркәсіп саласындағы Қазақстанның жетістіқтері туралы "Теміртаудың тууы" (1947, режиссер Э.Файк), "Текелі" (1947, реж. С.Никитин), т.б. киноочерктер түсірілді. 1950 - 60 жылы Қазақстанның деректі киносы барған сайын экрандағы адамға баса назар аудара бастады. Киноочерктер жалаң мағлұматты суреттеушіліктен жеке тұлғаның тұлғалық-поэтик мінезін, әлеуметтік-психологиялық кескінін сомдауға ауысты, фильмдердегі әсіре салтанаттылық, пафостық әуендер азайды.   Осы кезеңде "Біздің қалада" (1956), "Жұмыскер қыздар" (1964), "Апа" (1968), "Әлия", "Отанның шақы-руы бойынша" (1965), "Артымызда Мәсқеу болатын" (1966), "Өлмейтін өмір туралы аңыз"(1975), т.б. шежірелі-деректі кинолар түсірілді. Осы жылдары Қазақстанның фаунасы мен табиғаты туралы фильмдер түсіру қарқынды дамыды. 90-жылдары қазақ деректі киносы өткір әлеуметтік мәселелерге арналған публицистикалық фильмдер қәбейе бастады. Арал қасіреті туралы режиссер С.Әзімәвтің "Жоқтау: өлі теңіз шежіресі" (1989 -90 ) фильмі Болгария, Францияда өткен халықаралық фестивальдардың жүлдесін, Семей полигонындағы ядролық жарылысқа қарсы "Невада -Семей" қозғалысы туралы "Полигон" (1990, режиссер В.Рерих, О.Рымжанов) фильмі Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1992) алды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы "Жарияланбаған демонстрация шежіресі" (1991, авторы, режиссер А.Байғожин), т.б. фильмдер түсірілді. 20 ғасырдың 90-жылдарының 2-жартысында деректі бейнефильмдер түсіретін Қазақстан Президентінің Телерадио кешені, Гала-ТВ, "Хабар" телеагенттіктері, т.б. құрылды.  
05.12.2012 05:56 7655

 

 
Деректі Кино – шынайы өмірлік деректерді, әр түрлі оқиғалар мен құбылыстарды баяндайтын кино өнерінің түрі. Кино өнерінің өзі де 1895 ж. Францияда ағайынды Луй Жан (1864 - 1948) және Огюст (1862-1954) Люмердің деректі фильмдер түсіруінен басталды. Алғашқы деректі фильмдер - "Люмьер зауытынан жұмысшылардың шығуы", "Ла Сьота вокзалына пойыздың келуі" тәрізді тікелей бол-мыстан түсірілген "жанды суреттер" болып табылады.
 Деректі фильмнің негізі - өмірде болған шынайы оқиғалар. Деректі кино киношежіре және құжаттық кино болып бөлінеді. Киношежіре материалдары негізінде киножурналдар кино өнерінің бір түрі ретіндегі деректі киноның қалыптасуына мүмкіндік жасады. Қазақстандағы алғашқы деректі фильмдер 1920 жылы түсіріле бастады. Орталық Мемлекеттік мұрағатта "Востоккиноның" Алматы бөлімінде 1925 жылы түсірілген "Қазақстанның бесжылдығы" атты шежірелі-деректі фильм сақталған. Аталмыш кезеңдегі деректі киноның ірі жетістігі - режиссер В.А. Туриннің "Түрксіб" (1929, операторлары Е.Славинский, Е.Франциссон) фильмі болды.
 
Сондай-ақ "Ұлттық полк" (1930), "Қазақстан бойынша" (1935), "Хан Тәңірі" (1936), "Кеңестік өнер" (1937) киношежірелері жарыққа шықты. 20 ғасырдың 40-жылдары Қазақстанның деректі киносы, негізінен, майданның мұқтаждарына бағытталды. Мысалы, 1942 жылдың барлық фильмдері ("Тылдың гвардиящылары", "Отаншыл әйелдер", "Тарту", "Ең қымбатты", "Саған, майдан") қазақ-стандықтардың тылдағы ерен еңбектеріне арналған. Сонымен қатар фильм-концерттер түсірілді. 1943 жылдың кино өнімдерінің дені Қазақстанның мәдени өмірін бейнелейді: "Айтыс", "Балалар олимпиа-дасы"," Қазақкиноконцерт", "Домбыра үнімен"; өнеркәсіп саласындағы Қазақстанның жетістіқтері туралы "Теміртаудың тууы" (1947, режиссер Э.Файк), "Текелі" (1947, реж. С.Никитин), т.б. киноочерктер түсірілді. 1950 - 60 жылы Қазақстанның деректі киносы барған сайын экрандағы адамға баса назар аудара бастады. Киноочерктер жалаң мағлұматты суреттеушіліктен жеке тұлғаның тұлғалық-поэтик мінезін, әлеуметтік-психологиялық кескінін сомдауға ауысты, фильмдердегі әсіре салтанаттылық, пафостық әуендер азайды.
 
Осы кезеңде "Біздің қалада" (1956), "Жұмыскер қыздар" (1964), "Апа" (1968), "Әлия", "Отанның шақы-руы бойынша" (1965), "Артымызда Мәсқеу болатын" (1966), "Өлмейтін өмір туралы аңыз"(1975), т.б. шежірелі-деректі кинолар түсірілді. Осы жылдары Қазақстанның фаунасы мен табиғаты туралы фильмдер түсіру қарқынды дамыды. 90-жылдары қазақ деректі киносы өткір әлеуметтік мәселелерге арналған публицистикалық фильмдер қәбейе бастады. Арал қасіреті туралы режиссер С.Әзімәвтің "Жоқтау: өлі теңіз шежіресі" (1989 -90 ) фильмі Болгария, Францияда өткен халықаралық фестивальдардың жүлдесін, Семей полигонындағы ядролық жарылысқа қарсы "Невада -Семей" қозғалысы туралы "Полигон" (1990, режиссер В.Рерих, О.Рымжанов) фильмі Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1992) алды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы "Жарияланбаған демонстрация шежіресі" (1991, авторы, режиссер А.Байғожин), т.б. фильмдер түсірілді. 20 ғасырдың 90-жылдарының 2-жартысында деректі бейнефильмдер түсіретін Қазақстан Президентінің Телерадио кешені, Гала-ТВ, "Хабар" телеагенттіктері, т.б. құрылды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға