Жаңалықтар

Кабуснама

«Кабуснама» - Кей-Кабустың 1082-83ж. парсы тілінде жазған, әлемге кең тараған дидактикалық сарындағы шығармасы. Европа мен Азияның озық ойшылдары «Кабуснаманы» орта ғасырлардағы педагогикалық тәлім-тәрбие, өсиет-өнеге жөніндегі танымның энциклопедиялық жиынтығы ретінде жоғары бағалаған. «Кабуснаманың» аударма нұсқаларын қазақтың ағартушы-демократтары өз еңбектерінде шығармашылық тұргыда пайдаланып отырды. Абай «Кабуснаманың» мазмұнымен таныс болған, ойшыл ақынның ғақлия сөздерінің жанрлық, стильдік түп-төркіні «Кабуснамемен»өзектес, сарындас келеді. Ақынның қолында тәрбиеленген немере інісі Кәкітай Ысқақұлының: «Абай ғарапша, парсыша, түрікше кітаптарды көп оқып, олардың ішіндегі ғылымнан үлкен хабардар болды. Сол талаппен қырда ғарапша, парсыша Абайдан артық білетұғын ешкім болмады» (Құнанбайұлы Абай. Өлеңдері. Ташкент, 1922, 9-6.), - деген пікірі де Абайдың ағартушылық тұрғыдағы ой-тұжырымдарын жүйелеуде дерек көзінің бірі ретінде «Кабуснаманың» пайдаланғанын айғақтайды. Абайдың жәуан мәртлік туралы ой-танымдары «Кабснаманы» «Жәуан мәртлік хақында» деп аталатын 44-тарауымен тікелей сабақтас,желілес. Жәуанмәртліктің көне замандарда жұрт та- ныған негізгі үш сипаттан тұратыны «Кабуснамада»: «Адамның сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі - ақыл, бірі - әділеттілік, бірі – жәуан мәртлік» (Кабуснама. Ташкент, 1968, 121-6.), - деп атап көрсетілген. Абайдың Отыз сегізінші сөзінде бұл сипаттар: ақыл, әділет, рақым ретінде берілген. Жәуанмәртліктің шығар көзі мен басты сипаттарын иемденуші әлеуметтік топтарды жіктеуде, оларға өз көзқарасын білдіруде Абай танымы «Кабуснамадан» өзгеше, өзіндік соны көзқарасты аңғартады. Жәуанмәртлік жайлы кейбір ұғымдарды ақын өз заманына сай талдап, соны тұжырым жасаған. «Кабуснама» адам бойындағы рухани болмыс: ес, қиял, ой, сөз, жәуанмәртлікті (бес ішкі сөзім) адам еркінен тыс жоғары рухтан келген тәңірілік құбылыс деп таниды. Абай жәуанмәртлікке тән үш сипатты тәңірінің бойындағы сегіз сипатпен байланыстыра қарастырып, ол сипаттардың бәрі де оның пендесінің, яғни адамның бойында барлығына, олардың тәңіріден келер құбылыс емес, кәсіби нәрсе екеніне ерекше көңіл бөледі. Ақынның жастарды адамгершіліктің ізгі қасиеттеріне баулып, «толық адам» етіп тәрбиелеу туралы даналық ой-толғаныстарында да «Кабуснамамен» пікір іліктестігі, ой ортақтастығы байқалады.
05.12.2012 05:56 11978

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға