Жаңалықтар

Қазақстан елшілерінің хабары

Қазақстан елшілерінің хабары Баспахананың жұмысы уақытша тоқтап қалғандықтан, газетіміз мезгілінде шыға алмай, елшілер хабарының көбі кешігіп қалды. Құлағын түріп отырған елдің көбі күнбе-күн күтіп отырған хабарларының көбін қызу үстінде ести алмай дағдарып қалды. Сондықтан хабарлардың қызулы кезі өтіңкіресе де ел құлағына естілуі қажет болған хабарларды қорытып жазбақшымыз. Қазақстан елшілері Омбыға келіп жұмысқа кіріскеннен бері Семей қызметкерлері Меңдешев жолдаспен екі рет төте телеграфпен сөйлесіп, үш-төрт рет жай телеграм алды. Жолдас Меңдешев 13 апрельде ең алғашқы сөйлескен жолында Сибревкоммен келіскен сөздерінің қорытындысын айтып және Семей облысының ішіндегі көңіл мен күшті көбірек аударатын уездер жайын айтты. Бұл жолдағы сөздерінің қысқасы: Семей облысы бұрынғы ескі шегіне уақытша Бұқтырма уезін қосып, түгелімен Қазақстанға қосылатын болды. Ақмола облысында даулы жері — Омбы уезінің шегі, оның кесігін Мәскеу айтады, одан басқа уездер түгелімен Қазақстанға қарайды, губерниялық кіндігі Қызылжар болады дейді. Бұл губерниялар 20-шы апрельден бастап Қазақстан ауданына кірген болып саналады. Иелері Орынбордағы ҚирЦИҚ бұдан былай тығыз жұмыс болса Омбыдағы елшілермен, асығыссыз жұмыс болса Орынбормен сөйлесесіңдер дейді. Семей губерниясының қал-жайы турасында Меңдешев жолдастың көп сұрағаны — қыстың қалай өткендігі, жұт қазасына ұшыраған елдердің жайы, оларға беріліп отырған күш-көмек қандайлық, жалпы қазақ шаруасын түзетуге, көтеруге қандайлық көмектер берілді, ел астық алды ма, пұл-шай алды ма, бұл жолда істелген қандайлық шара қамдар бар — солардың жайынан сұрады. Меңдешев жолдастың бұдан соңғы көбірек айтқаны Жайсан уезіндегі қазақтардың жайы болды. Жұрттың көбіне мәлім, Жайсан, уезінің Қытаймен шектескен жерлерін жайлаған қазақ болыстарының көбі кеңес үкіметінің салықтарына киіз туырлықты қазақ болғалы көзіміз көрмеген құқайымыз, апат, қазамыз деп, ескі әдетіне салып, ауа көшіп, қытай кеткен, бірақ қарық боламыз деп барған кең өріс, шалқар қоныстағы құдандалары бұларды қарық қылудың орнына, айдап барған малдарына өздері қарық болып, мал-мүлкін олжалап, үлесіп алған. Сонымен бал орнына у жұтқан Жайсаңның «ауғыштары»  сеңдей соғылып, арлы-берлі жосылуда болатын. Бұлардың жай-жапсары Меңдешев жолдасқа мағлұм болған соң, солардың, арасына не қылса да күш-көмектің көбін соларға аударып, бұрынғы орындарына орналастыру керек. Кеңес үкіметінің бағыты, мақсұтымен таныстырып, олардың досы екенін ұқтыру керек, бет алды елеусіз, ескерусіз адастырып жібермеу керек деп, Жайсаң уезінде алдымен іс бастауға тез бұйрық айтты. Семей облысын Қазақстан ауданына қолма-қол кіргізіп алу үшін комиссия мүшелерінен екі-үш кісі 20-сынан соң жіберілмекші. Бұл кісілер, Ақмоланың губерниялық мекемесі сайланып жатқандықтан, әзірше Семейге келе алмай тұр. Меңдешев жолдастың пікіріне қарағанда, Ақмоладағы І ретпен Семейдің де губерниялық уездік атқару комитеттері өзгеріп, жаңа адамдар сайлануға мүмкін. Губернияда партия жұмысын және мекеме жұмыстарын алып жүруге лайықты кісілердің кейбіреулерін Меңдешев жолдас кіндіктен ала келген көрінеді. Губерния Қазақстанға кіруге айналғаннан бастап, Сибревком жергілікті қазына мүліктерін һәм жергілікті қызметкерлерді басқа жерге көшіруді, ауыстыруды тоқтатқан. Бұл хабарлар алынып, елшілермен қатынас түзелгеннен бері қарай Семейдегі қазақ азаматтары келешектегі іргелі жұмыстар туралы алдын ала жоба жасап, қамданып жатыр. Әзіргі халдарға қарағанда: бұрынғы уездер мен губерния арасында болған алыстық, шалғайлық — барлық партиядағы һәм партия емес азаматтардың басында болған мең-зеңдік, ісінде болған салқындық, салғырттық, әрі-сәрілік тамырымен жоғалмақшы. Ендігі біздің бет қойып отырған мақсұтымыз: етек-жеңді түзеп серпілу, ширау, екпінді іске кірісіп, елеусіз жүрген, қақы, да (түсініксіз сөз — ред.) келген қалың елді колға алу. Сөзді, қыңқылды қойып, етек-жеңді сыбанып, іске кірісу. Іс жүзінде бостандық жемісінің дәмін ел аузына татыру. Бұл жұмыстар турасындағы жасалған қаулылар, негізгі жолдар газетіміздің келесі нөмірінде жарияланады. Һәм барлық уездерге телеграмма, почта арқылы жіберіледі. М. Ә.   Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 05:55 2809

Қазақстан елшілерінің хабары

Баспахананың жұмысы уақытша тоқтап қалғандықтан, газетіміз мезгілінде шыға алмай, елшілер хабарының көбі кешігіп қалды. Құлағын түріп отырған елдің көбі күнбе-күн күтіп отырған хабарларының көбін қызу үстінде ести алмай дағдарып қалды. Сондықтан хабарлардың қызулы кезі өтіңкіресе де ел құлағына естілуі қажет болған хабарларды қорытып жазбақшымыз.

Қазақстан елшілері Омбыға келіп жұмысқа кіріскеннен бері Семей қызметкерлері Меңдешев жолдаспен екі рет төте телеграфпен сөйлесіп, үш-төрт рет жай телеграм алды.

Жолдас Меңдешев 13 апрельде ең алғашқы сөйлескен жолында Сибревкоммен келіскен сөздерінің қорытындысын айтып және Семей облысының ішіндегі көңіл мен күшті көбірек аударатын уездер жайын айтты.

Бұл жолдағы сөздерінің қысқасы: Семей облысы бұрынғы ескі шегіне уақытша Бұқтырма уезін қосып, түгелімен Қазақстанға қосылатын болды.

Ақмола облысында даулы жері — Омбы уезінің шегі, оның кесігін Мәскеу айтады, одан басқа уездер түгелімен Қазақстанға қарайды, губерниялық кіндігі Қызылжар болады дейді.

Бұл губерниялар 20-шы апрельден бастап Қазақстан ауданына кірген болып саналады. Иелері Орынбордағы ҚирЦИҚ бұдан былай тығыз жұмыс болса Омбыдағы елшілермен, асығыссыз жұмыс болса Орынбормен сөйлесесіңдер дейді.

Семей губерниясының қал-жайы турасында Меңдешев жолдастың көп сұрағаны — қыстың қалай өткендігі, жұт қазасына ұшыраған елдердің жайы, оларға беріліп отырған күш-көмек қандайлық, жалпы қазақ шаруасын түзетуге, көтеруге қандайлық көмектер берілді, ел астық алды ма, пұл-шай алды ма, бұл жолда істелген қандайлық шара қамдар бар — солардың жайынан сұрады.

Меңдешев жолдастың бұдан соңғы көбірек айтқаны Жайсан уезіндегі қазақтардың жайы болды. Жұрттың көбіне мәлім, Жайсан, уезінің Қытаймен шектескен жерлерін жайлаған қазақ болыстарының көбі кеңес үкіметінің салықтарына киіз туырлықты қазақ болғалы көзіміз көрмеген құқайымыз, апат, қазамыз деп, ескі әдетіне салып, ауа көшіп, қытай кеткен, бірақ қарық боламыз деп барған кең өріс, шалқар қоныстағы құдандалары бұларды қарық қылудың орнына, айдап барған малдарына өздері қарық болып, мал-мүлкін олжалап, үлесіп алған. Сонымен бал орнына у жұтқан Жайсаңның «ауғыштары»  сеңдей соғылып, арлы-берлі жосылуда болатын. Бұлардың жай-жапсары Меңдешев жолдасқа мағлұм болған соң, солардың, арасына не қылса да күш-көмектің көбін соларға аударып, бұрынғы орындарына орналастыру керек. Кеңес үкіметінің бағыты, мақсұтымен таныстырып, олардың досы екенін ұқтыру керек, бет алды елеусіз, ескерусіз адастырып жібермеу керек деп, Жайсаң уезінде алдымен іс бастауға тез бұйрық айтты.

Семей облысын Қазақстан ауданына қолма-қол кіргізіп алу үшін комиссия мүшелерінен екі-үш кісі 20-сынан соң жіберілмекші. Бұл кісілер, Ақмоланың губерниялық мекемесі сайланып жатқандықтан, әзірше Семейге келе алмай тұр.

Меңдешев жолдастың пікіріне қарағанда, Ақмоладағы І ретпен Семейдің де губерниялық уездік атқару комитеттері өзгеріп, жаңа адамдар сайлануға мүмкін.

Губернияда партия жұмысын және мекеме жұмыстарын алып жүруге лайықты кісілердің кейбіреулерін Меңдешев жолдас кіндіктен ала келген көрінеді.

Губерния Қазақстанға кіруге айналғаннан бастап, Сибревком жергілікті қазына мүліктерін һәм жергілікті қызметкерлерді басқа жерге көшіруді, ауыстыруды тоқтатқан.

Бұл хабарлар алынып, елшілермен қатынас түзелгеннен бері қарай Семейдегі қазақ азаматтары келешектегі іргелі жұмыстар туралы алдын ала жоба жасап, қамданып жатыр. Әзіргі халдарға қарағанда: бұрынғы уездер мен губерния арасында болған алыстық, шалғайлық — барлық партиядағы һәм партия емес азаматтардың басында болған мең-зеңдік, ісінде болған салқындық, салғырттық, әрі-сәрілік тамырымен жоғалмақшы. Ендігі біздің бет қойып отырған мақсұтымыз: етек-жеңді түзеп серпілу, ширау, екпінді іске кірісіп, елеусіз жүрген, қақы, да (түсініксіз сөз — ред.) келген қалың елді колға алу. Сөзді, қыңқылды қойып, етек-жеңді сыбанып, іске кірісу. Іс жүзінде бостандық жемісінің дәмін ел аузына татыру.

Бұл жұмыстар турасындағы жасалған қаулылар, негізгі жолдар газетіміздің келесі нөмірінде жарияланады. Һәм барлық уездерге телеграмма, почта арқылы жіберіледі.

М. Ә.

 

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға