Жаңалықтар

ҚР Премьер-министрі Қазақстанның спорттық резервін құруды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевке 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Универсиадаға орай еліміздің спорттық резервін құруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Көзді ашып-жұмғанша студенттердің қысқы ойындары мен EXPO-2017 көрмесін өткізетін күн де келіп қалады. Сондықтан дайындықты бүгінгі күннен бастап қолға алу қажет. Дүбірлі додаға қазіргі оқушылар мен студенттер 100% дайын болуы қажет», - деді С.Ахметов. Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстанның көп аймақтарында қысқы спорт түрлері белсенді дамып жатқанын атап өтті. «4,5 жылдан кейін біздің жастарымыз студенттік олимпиадаға жақсы дайындалады деп ойлаймын. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне облыстардың, Астана мен Алматы қаласының әкімдерімен бірлесе отырып, еліміздің спорттық резервін құру және дайындау бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын», -деп түйіндеді С.Ахметов.
05.12.2012 05:49 2767

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевке 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Универсиадаға орай еліміздің спорттық резервін құруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Көзді ашып-жұмғанша студенттердің қысқы ойындары мен EXPO-2017 көрмесін өткізетін күн де келіп қалады. Сондықтан дайындықты бүгінгі күннен бастап қолға алу қажет. Дүбірлі додаға қазіргі оқушылар мен студенттер 100% дайын болуы қажет», - деді С.Ахметов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстанның көп аймақтарында қысқы спорт түрлері белсенді дамып жатқанын атап өтті.

«4,5 жылдан кейін біздің жастарымыз студенттік олимпиадаға жақсы дайындалады деп ойлаймын. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне облыстардың, Астана мен Алматы қаласының әкімдерімен бірлесе отырып, еліміздің спорттық резервін құру және дайындау бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын», -деп түйіндеді С.Ахметов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға