Деградация
05.12.2012 05:41
13973
Деградация (лат. degradatio – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырау, жойылу:
• Биологияда – қоршаған ортаның біртіндеп нашарлап тозуы, қандай да болмасын биогеоценоздың экологиялық үйлесімділігінің бүлінуі. Деградация мынадай түрлерге ажыратылады: ландшафттық Деградация – ландшафтының табиғи немесе антропогендік тұрғыдан жұтаң тартып, эстетикалық және әсемдік түрінен айрылып, шаруашылыққа жарамсыз күйге түсуі; топырақ Деградациясы – табиғи құбылыстар немесе адамның іс-әрекеті нәтижесінде топырақ құрылымының өзгеруіне байланысты оның құнарлылығының біртіндеп нашарлауы; қоршаған орта Деградациясы – адам өмір сүріп отырған ортаның бүлінуі; кейбір қалалар мен елді мекендерде әлеуметтік тіршілік ортасы мен табиғат жағдайларының бірдей нашарлауы; көп жылдық тоң Деградациясы – климаттың жылынуына байланысты көп жылдық тоңның еруі.
Деградация, кұлдырау режимі. Бұл режимдегі саяси практика саяси жүйенің қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайтын ерекше қалпын көрсетеді. Онда биліктің ықпалына берілмейтін деструктивті, қиратушы күштер үстемдік етеді. Билік дағдарысы, саяси жүйенің дағдарысы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің әлсіздігін, дамымағандығын көрсетеді. Тек охлократиялық тенденцияларға арандататын сөз жүзіндегі демократия дағдарысты тереңдете түседі, саяси күштердің қақтығысты қайшылықтарын тудырады.
Осындай жағдайда саяси процестің мазмұны өзгереді. Саяси күштердің қарсы тұру тенденциясы пайда болып, қақтығыстар мен әлеуметтік жарылыстарға алып келетін конфронтация күшейеді. Осы ретте қоғамның саяси жаңаруының демократиялық формаларын іздеу, жағдайдың әлеуметтік жауапты бағасының дамуы, саяси күштер арасындағы диалогтардың әр түрлі формаларының жолға қойылуы, компромисс, консенсус принциптерінің басымдығын қамтамасыз ету дағдарыстық жағдайдан шығудың тиімді жолын қалыптастырады. Осы жағдайда барлық саяси күштер, мемлекеттік билікті қоса алғанда, конституцияны, құқықтық нормаларды сақтауға міндетті және мемлекеттік билік органдары мен күштік құрылымдар ғана мемлекеттің
тұгастығы мен қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін қажетті күш қолдану функциясын заң жүзінде қолдана алатындығын ескеру қажетті.
Алайда, саяси практикадағы деградация мен құлдырау режимі басқа бағытты ұстануы да мүмкін. Бұл демократиядан бас тарту, тәртіпті сақтаудың күш қолдану методтарына өту, күш қолдану мәдениетін жандандыру мен дамыту.
Сол себептен деградация мен құлдырау режимінің саяси практикасы аса күрделі. Мұнда көп нәрсе саяси күштердің нақты қарым-қатынастарына, халықтың менталитетінің ерекшеліктеріне, оның тарихи тәжірибесіне және байланысты болады.
Саяси практиканың маңызды проблемасы саяси қатынастар субъектілерінің саяси процестердегі өкілдігін қамтамасыз ету. Өкілдікті қамтамасыз ету формасы саяси партиялардың, партиялық жүйелердің, биліктің сайланбалы өкілдік органдарының құрылуына негізделеді. Демократиялық саяси мөдениеттің құндылығының өзі сонда, ол осы қалыптасқан әлеуметтік жағдайда саяси процестегі саяси қатынастар субъектілерінің толықтай өкілеттілігін қамтамасыз ететін тетіктерге ие. Осы тетік үздіксіз жетіліп отыру мүмкіндіктеріне ие. Саяси процестегі белгілі бір тенденцияларды көрсететін азаматтар ұйымдасқан түрде өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін саяси ықпалдың методтары мен құралдарын жасақтай алады.
Сайлау өкілеттілігі шешуші мәнге ие демократиялық қоғамда бұқара халық өзінің саяси процестерге катысуын, негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы — саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі — саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет. Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау — саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады Саяси процестің маңызды тұстары шешімдерді қабылдау жөне оларды жүзеге асыру үшін қажетті еріктің көңіл-күйін жасақтау болып табылады. Мұнда да қоғамның демократиялық саяси мәдениеті мен оны азаматтардың игеру дәрежесі шешуші мәнге ие. Саяси процеске қатысушылардың саяси мәдениеті ғана шешімдердің жетілгендігін, жауапкершілігі мен байсалдылығын анықтайды, ал олардың еріктік көңіл-күйі әлеуметтік сақтық пен сыншылдықпен байланысты.
Саяси процестің ақырғы кезеңі саяси қатынастар субъекгілері қабылдаған шешімдердің жүзеге асуы болып табылады. Мұнда да саяси мәдениет саяси процестің мазмұнын анықтайды, шешуші түрғыда субъектілерге ықпалын тигізеді, олар қолданатын формалар, методтар мен құралдарды және олардың әрекеттерінің нәтижелілігін анықтайды.
Алайда осындағы ескеретін нәрсе, көп жағдайда мақсатқа жету саясаткерлер үшін шешуші мәнге ие болғанымен, қол жеткізілген нәтиже, жүзеге асқан мақсат оның барысында қолданылған кез келген құралды ақтай бермейді. Саясаттанулық түрғыдан алғанда қандай құралдар мен метод- тар арқылы мақсатқа жеткені және осы ретте саяси практиканың субъектісі қалай қалыптасқаны айтарлықгай маңызды, өйткені жеткен мақсат — үздіксіз саяси процестегі өтпелі кезең ғана, ал адамдардың тіршілік әрекетіндегі қызмет етуші саяси мәдениет мәні бойынша оның фундамен- талдігі , мәңгі негізі болып табылады. Демокрит айтып кеткендей, "азаматтық соғыс жауласушы екі жақтың қайсысына болса да қасірет. Өйткені оның салдары женуші үшін де, жеңілуші үшін де бірдей".
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерікті бірлестіктер
Келесі жаңалық
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Жаһандық конференциясында сөз сөйледі