Жаңалықтар

Ерікті бірлестіктер

  Ерікті бірлестіктер   Ерікті бірлестіктер — бейкоммерциялық (БКҰ), бейөкіметтік (БӨҰ) ұйымдардың негізгі элементі, өйткені олар алдына азаматтың жеке басының пайдасын, оның қаражат-кірісін ұлғайтуды мақсат етіп қоймайды. Бейкоммерциялық ұйымдарды (БКҰ) келесі топтарға бөліп қарастыруға болады:   1) Адамдардың ортақ мәселесіне немесе ортақ қайғысына байланысты өзара көмек БКҰ;   2) БКҰ-ның мүшелерінің өздерінің жеке бастарының мүддесімен тікелей байланысы жоқ мәселелерді шешуге бағышталған БКҰ — әлеуметтік бағыттағы БКҰ, мейірімділік, қайырымдылық БКҰ-ы, экологиялық бағыттағы осындай ұйымдарға мүше болу арқасында азаматтар мемлекет ісіне де, өзінің ұйымдарының ісіне де белсенді ат салыса алады. Тарихтан үйренген бір жай — не өкімет, не құқықтың өзі заңның орындалуының нақты кепілдігі бола алмайды. Ол үшін заңдар қоғамдық пікірде орнығып, өзін қоғамдық көзқараста заңды деп таныта білуі (легитимациялануы) қажет. Азаматтық қатынасушылық жеке индивидтердің құндылықтық қалауының көрсеткіші әрі олардың азаматтық мәдени деңгейін аңғартушы да. Азаматтық қоғам іштей біріккен, өзін-өзі ұйымдастырушы, мемлекетке қатысты автономды, дара, бөлек біртұтастық ретінде қоғамдағы демократиялық өзгерістердің қабілетін, мүмкіншілігін, іске жарамдылығын айқындайды. Ал ол үшін қоғам жоғарғы мәдени-өркениеттілік, интеллектуалды және материалды даму деңгейінде түруы қажет, яғни азаматтық қоғам бола білуі керек. Ӏс жүзінде тіршілік ететін қабілетті азаматтық қоғамда адамдар өздерінің болашағы, өз мемлекетінің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға тіптен де жүрексінбейді. Азаматтық қоғамдағы азаматтардың қарым-қатьшасы негізінде шынайы мейірімділік, өзара түсінушілік пен бейбіт келісім, төзімділік жатыр. Азаматтық институттарды ешкім жоғарыдан жарлық түсіріп құрмайды, оларды азаматтар өзара тиімді келісім арқылы жасайды. Өкімет органдары, мемлекет пен азаматтық қоғам арақатынасы қарама-қайшылықтар күресі мен бірлестілігін еске салатындай. Осы тұрғыдан мемлекет азаматтық қоғамның қалыптасқан биліктің қалыптасу барысындағы тұлға еркіне қатынасты антитезасы деуге де болады. Жоғарыда келтірілген азаматтық қоғамның әлеуметтік-философиялық негіздері, оның классикалық бейнесінің сараптамасы бізге азаматтық қоғамды дұрыс түсіну үшін қажет шарттар. Басқа идеялық дәстүрден жеткен ілімнің ықпалы осы «қазіргі жерде қазіргі уақытта» шешілуі тиісті мәселелерге жарық түсірері рас. Сол сияқты батыстық демократияның маңызды қасиеті және мақтанышы — азаматтық қоғам идеясы да Азия, Латын Америкасы, Африка, Шығыс Еуропа елдері үшін сұхбат аймағы бола бастады. Азаматтық қоғам адамның жеке басының еркі мен әлеуметтік заңға үйлестіліктің дәл келуімен тартымды идея болып көрінеді. Онда адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынас орнату жолы жеке индивид жауапкершілігіне жүктеледі. Азаматтық қоғам тыныштық пен жалпы ұлттық кеісімді көздейді. Бұл мақсаттар күрделі көп этникалық қүрамы бар Қазақстан Республикасының өмірлік мәні бар мүдделерін көздейді. Бүгінгі таңдағы Қазақстан үшін, басқа да постсоветтік мемлекеттердегі сияқты, әлеуметтік-экономикалық дамудың қарама-қайшылықты тенденциялары басым. Экономиканы либерализациялау мен саяси өкімет институттарын демократизациялауға бет бұрған, тоталитарлық тәртіп шеңберінен ығысқан жаңа мемлекеттер үшін әлеуметтік инфраструктура бірден тепе-тең, ойластырылған күйде өздігінен дами қоятын түрі жоқ. Біздің мәдени әлемімізде сырттан келген, көбінде Батыстан жеткен институттар — парламенттік демократия, көппартиялық жүйе, құқықтық мемлекет бірден қоныс тауып кетуі қиын. Саяси-мәдени тұрғыдан батыстық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дайын модельдерін орынды-орынсыз көшіре салу мақсат емес, оны ұлттық мемлекеттілік дәстүрлерімен сәйкестендіре отырып, қазақ ұлтының діліне негіздей келе шығармашылықпен қабыл алған орынды. Қазақстанда азаматтық қоғам құру мәселесі биліктің либералды демократиялық институттары мен нарықтық экономика құрылымын қалыптастырумен шектелмейді. Мәселенің негізі ұлттық азаматтық этносын даярлауда жатыр. Азаматтық этосты батыстың біртектестірілген құндылықтырын көшіріп қойып емес, дәстүрлі дүниетанымның, ұлттық мәдениеттің негізінде байыпты да байсалды түрде қалыптастыру қажет. Осы орайда орынды түрде мынандай сұрақ туады: қазіргі болып жатқан өзгерістер модернизация ма әлде вестернизация ма? Біздің батыстың технологиялық, экономикалық даму шеңіне жуықтамайтын әлеуметтік күйімізде құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның батыстық моделін дәлме-дәл көшіруге талпыну жөнді ме, жөнсіз бе? Ендеше, мүмкін біз әлемге уақыт талабына лайықты жауап бере алып, сөйтіп қоғам дамуының мүлдем басқа жолын көрсететін болармыз? бұл түста жауаптан гөрі сұрақ көп... Уақыт өз Талабын қойды, ендігі іс—біздің берер жауабымыздың қаншалықты жетістік әкелері Қазақстан Республикасының ерікті азаматтарының ұятына, өзіндік жауапкершілігіне байланысты деп ойлаймыз.
05.12.2012 05:40 3633

 

Ерікті бірлестіктер

 

Ерікті бірлестіктер — бейкоммерциялық (БКҰ), бейөкіметтік (БӨҰ) ұйымдардың негізгі элементі, өйткені олар алдына азаматтың жеке басының пайдасын, оның қаражат-кірісін ұлғайтуды мақсат етіп қоймайды. Бейкоммерциялық ұйымдарды (БКҰ) келесі топтарға бөліп қарастыруға болады:

 

1) Адамдардың ортақ мәселесіне немесе ортақ қайғысына байланысты өзара көмек БКҰ;

 

2) БКҰ-ның мүшелерінің өздерінің жеке бастарының мүддесімен тікелей байланысы жоқ мәселелерді шешуге бағышталған БКҰ — әлеуметтік бағыттағы БКҰ, мейірімділік, қайырымдылық БКҰ-ы, экологиялық бағыттағы осындай ұйымдарға мүше болу арқасында азаматтар мемлекет ісіне де, өзінің ұйымдарының ісіне де белсенді ат салыса алады. Тарихтан үйренген бір жай — не өкімет, не құқықтың өзі заңның орындалуының нақты кепілдігі бола алмайды. Ол үшін заңдар қоғамдық пікірде орнығып, өзін қоғамдық көзқараста заңды деп таныта білуі (легитимациялануы) қажет. Азаматтық қатынасушылық жеке индивидтердің құндылықтық қалауының көрсеткіші әрі олардың азаматтық мәдени деңгейін аңғартушы да. Азаматтық қоғам іштей біріккен, өзін-өзі ұйымдастырушы, мемлекетке қатысты автономды, дара, бөлек біртұтастық ретінде қоғамдағы демократиялық өзгерістердің қабілетін, мүмкіншілігін, іске жарамдылығын айқындайды. Ал ол үшін қоғам жоғарғы мәдени-өркениеттілік, интеллектуалды және материалды даму деңгейінде түруы қажет, яғни азаматтық қоғам бола білуі керек. Ӏс жүзінде тіршілік ететін қабілетті азаматтық қоғамда адамдар өздерінің болашағы, өз мемлекетінің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға тіптен де жүрексінбейді. Азаматтық қоғамдағы азаматтардың қарым-қатьшасы негізінде шынайы мейірімділік, өзара түсінушілік пен бейбіт келісім, төзімділік жатыр. Азаматтық институттарды ешкім жоғарыдан жарлық түсіріп құрмайды, оларды азаматтар өзара тиімді келісім арқылы жасайды. Өкімет органдары, мемлекет пен азаматтық қоғам арақатынасы қарама-қайшылықтар күресі мен бірлестілігін еске салатындай. Осы тұрғыдан мемлекет азаматтық қоғамның қалыптасқан биліктің қалыптасу барысындағы тұлға еркіне қатынасты антитезасы деуге де болады. Жоғарыда келтірілген азаматтық қоғамның әлеуметтік-философиялық негіздері, оның классикалық бейнесінің сараптамасы бізге азаматтық қоғамды дұрыс түсіну үшін қажет шарттар. Басқа идеялық дәстүрден жеткен ілімнің ықпалы осы «қазіргі жерде қазіргі уақытта» шешілуі тиісті мәселелерге жарық түсірері рас. Сол сияқты батыстық демократияның маңызды қасиеті және мақтанышы — азаматтық қоғам идеясы да Азия, Латын Америкасы, Африка, Шығыс Еуропа елдері үшін сұхбат аймағы бола бастады. Азаматтық қоғам адамның жеке басының еркі мен әлеуметтік заңға үйлестіліктің дәл келуімен тартымды идея болып көрінеді. Онда адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынас орнату жолы жеке индивид жауапкершілігіне жүктеледі. Азаматтық қоғам тыныштық пен жалпы ұлттық кеісімді көздейді. Бұл мақсаттар күрделі көп этникалық қүрамы бар Қазақстан Республикасының өмірлік мәні бар мүдделерін көздейді. Бүгінгі таңдағы Қазақстан үшін, басқа да постсоветтік мемлекеттердегі сияқты, әлеуметтік-экономикалық дамудың қарама-қайшылықты тенденциялары басым. Экономиканы либерализациялау мен саяси өкімет институттарын демократизациялауға бет бұрған, тоталитарлық тәртіп шеңберінен ығысқан жаңа мемлекеттер үшін әлеуметтік инфраструктура бірден тепе-тең, ойластырылған күйде өздігінен дами қоятын түрі жоқ. Біздің мәдени әлемімізде сырттан келген, көбінде Батыстан жеткен институттар — парламенттік демократия, көппартиялық жүйе, құқықтық мемлекет бірден қоныс тауып кетуі қиын. Саяси-мәдени тұрғыдан батыстық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дайын модельдерін орынды-орынсыз көшіре салу мақсат емес, оны ұлттық мемлекеттілік дәстүрлерімен сәйкестендіре отырып, қазақ ұлтының діліне негіздей келе шығармашылықпен қабыл алған орынды. Қазақстанда азаматтық қоғам құру мәселесі биліктің либералды демократиялық институттары мен нарықтық экономика құрылымын қалыптастырумен шектелмейді. Мәселенің негізі ұлттық азаматтық этносын даярлауда жатыр. Азаматтық этосты батыстың біртектестірілген құндылықтырын көшіріп қойып емес, дәстүрлі дүниетанымның, ұлттық мәдениеттің негізінде байыпты да байсалды түрде қалыптастыру қажет. Осы орайда орынды түрде мынандай сұрақ туады: қазіргі болып жатқан өзгерістер модернизация ма әлде вестернизация ма? Біздің батыстың технологиялық, экономикалық даму шеңіне жуықтамайтын әлеуметтік күйімізде құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның батыстық моделін дәлме-дәл көшіруге талпыну жөнді ме, жөнсіз бе? Ендеше, мүмкін біз әлемге уақыт талабына лайықты жауап бере алып, сөйтіп қоғам дамуының мүлдем басқа жолын көрсететін болармыз? бұл түста жауаптан гөрі сұрақ көп... Уақыт өз Талабын қойды, ендігі іс—біздің берер жауабымыздың қаншалықты жетістік әкелері Қазақстан Республикасының ерікті азаматтарының ұятына, өзіндік жауапкершілігіне байланысты деп ойлаймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға