Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – алпыс жыл бойы Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. thumb Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді. 1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды. 1938 жылы салынған алғашқы ғимаратта консерваторияға дейін музыкалық-хореографиялық комбинат қоныстанған. 60-ыншы жылдардың басында тағы бір оқу корпусы мен 120 тұрғын бөлмесі, 42 репетиторилері, оқу және спорт залы бар кең дәлізді жатақхана салынды. 2000 жылдың қараша айында консерваторияға қазіргі заманғы төрт қабатты ғимарат пайдалануға берілді. (Абылай хан даңғылы 86). Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді. Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды. Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді. Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде. Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.  
05.12.2012 05:40 12886

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – алпыс жыл бойы Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. thumb Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.
1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды.
1938 жылы салынған алғашқы ғимаратта консерваторияға дейін музыкалық-хореографиялық комбинат қоныстанған. 60-ыншы жылдардың басында тағы бір оқу корпусы мен 120 тұрғын бөлмесі, 42 репетиторилері, оқу және спорт залы бар кең дәлізді жатақхана салынды. 2000 жылдың қараша айында консерваторияға қазіргі заманғы төрт қабатты ғимарат пайдалануға берілді. (Абылай хан даңғылы 86).
Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.
Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды.
Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді.
Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.
Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға