2013 жылдан бастап дене тәрбиесі және спорт мамандықтарына бөлінетін грант саны артады – Жұмағ
2013 жылдан бастап дене тәрбиесі және спорт мамандықтарына бөлінетін грант саны артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2013 жылдан бастап дене тәрбиесі және спорт мамандықтары бойынша грант санын ұлғайтамыз, дене тәрбиесі мұғалімдерінің біліктілігін арттырамыз»,- деді Б.Жұмағұлов.
«Біздің мұғалімдеріміз бен жаттықтырушыларымыз жеткілікті. Соған бөлінетін грант санын ендігі жылдан бастап 1000-ға арттыруды көздеп отырмыз. Оны жылдан-жылға көбейтуіміз керек. Неге десеңіз, кейбір оқу орындарында дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің білімі жоқ. Біз осыған да көп мән беруіміз керек. Балаларды дайындау үшін, дайындығы мықты болуы үшін олардың (мұғалімдер мен жаттықтырушыларды - агенттік ескерт.) өздерінің білімі мен біліктілігі жоғары болуы крек. Сондықтан біз қазір дене шынықтыру жағынан дайындайтын мамандарға бөлінетін грант санын көбейтеміз», - деп түсіндіріп өтті білім және ғылым министрі журналистерге берген сұхбатында.