Жаңалықтар

Дәуір

    Дәуір — халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.  Геологияда Қандай да бір құбылыстың өмір сүруіндегі немесе қандай да бір процестің дамуындағы басқа уақыт интервалынан сапалық тұрғыдан өзгеше уақыт интервалы. «Дәуір» ұғымының бұл мағынасы геологияда анағұрлым қатаң түрде пайдаланылады. Мұнда негізгі уақыт көрсеткіші тау жыныстары түзілетін аралықтағы мезгіл сәті болып табылады. Геологияда мұндай интервалдар төмендегідей өрбу сатылары арқылы беріледі. Ең үлкен интервал «заман», яғни эра (латынша аera – бастапқы сан) ұғымы арқылы анықталады. Бұл – геологиялық топты құрайтын тау жыныстарының геологиялық түзілу мерзімі. Мысалы, палеозой, мезозой, кайнозой. Әрбір заман геологиялық жүйені құрайтын тау жыныстарының геологиялық түзілу мерзімін білдіретін кезеңдерге бөлінеді. Мысалы, палеозой заманы кембриялық, ордовик, силурийлік, девондық, тас көмір және перьмдік кезеңдерді қамтиды. Дәуір деп бұл тұста геологиялық бөлімді құрайтын тау жыныстарының геологиялық түзілу мерзімі ұғынылады; Дәуір геологиялық кезеңнің құрамдас бөлігі болып табылады, өз кезегінде, геологиялык ғасырларға жіктеледі. "Дәуір" түсінігінің стратиграфиялық баламасы бөлім, яғни "нақтылы бөлім" жер қыртысы дамуының "нақтылы дәуірі" барысында қалыптасып үлгерген таужыныстар қабаты. Әрбір геологиялық кезең, әдетте екі немесе үш дәуірге жіктеледі, олар сол кезеңнің "алғашқы", "ортаңғы" және "соңғы дәуірлері" (үшке жіктелгенде) немесе "алғашқы" және "соңғы дәуірлері" (екіге жіктелгенде) деп аталады. Бұларға сәйкес келетін стратиграфиялық бірліктер яғни бөлімдер "төменгі бөлім", "ортаңғы бөлім" және "жоғарғы бөлім" (үшке жіктелгенде) немесе "төменгі бөлім'" және "жоғарғы бөлім" сөз тіркестерімен беріледі. Мысалы, кембрий кезеңі (жүйесі) үш дәуірге (бөлімге) жіктеле отырып, "алғашқы(төменгі) кембрий", "ортаңғы кембрий" және "соңғы (жоғарғы) кембрий" дәуірлеріне (бөлімдеріне) жіктелсе, бор кезеңі (жүйесі) екі дәуірге (бөлімге) жіктеледі, олар "алғашқы (төменгі) бор" және "соңғы (жоғарғы) бор дәуірлері (бөлімдері)" деген сөз тіркестерімен өрнектеледі. Астрономияда Қандай да болмасын оқиғаның немесе процестің басталуы есептеле бастайтын уақыт сәті. Дәуір ұғымы бұл мағынада астрономияда қолданылады. Мұндағы «дәуір » әр текті периодты аспан құбылыстарына бақылау жасағанда уақыт санау басталатын мезгіл сәтін, я қандай да болмасын бақыланушы аспан шамшырағының қайсыбір нақты күйі үшін уақыт сәтін білдіреді. «Дәуір» терминінің соңғы мағынасы ежелгі астрономияда, әсіресе, астрологияда қолданылған;  
05.12.2012 05:38 14272

 

 
Дәуір — халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі. 
Геологияда
Қандай да бір құбылыстың өмір сүруіндегі немесе қандай да бір процестің дамуындағы басқа уақыт интервалынан сапалық тұрғыдан өзгеше уақыт интервалы. «Дәуір» ұғымының бұл мағынасы геологияда анағұрлым қатаң түрде пайдаланылады. Мұнда негізгі уақыт көрсеткіші тау жыныстары түзілетін аралықтағы мезгіл сәті болып табылады. Геологияда мұндай интервалдар төмендегідей өрбу сатылары арқылы беріледі. Ең үлкен интервал «заман», яғни эра (латынша аera – бастапқы сан) ұғымы арқылы анықталады. Бұл – геологиялық топты құрайтын тау жыныстарының геологиялық түзілу мерзімі. Мысалы, палеозой, мезозой, кайнозой. Әрбір заман геологиялық жүйені құрайтын тау жыныстарының геологиялық түзілу мерзімін білдіретін кезеңдерге бөлінеді. Мысалы, палеозой заманы кембриялық, ордовик, силурийлік, девондық, тас көмір және перьмдік кезеңдерді қамтиды. Дәуір деп бұл тұста геологиялық бөлімді құрайтын тау жыныстарының геологиялық түзілу мерзімі ұғынылады;
Дәуір геологиялық кезеңнің құрамдас бөлігі болып табылады, өз кезегінде, геологиялык ғасырларға жіктеледі. "Дәуір" түсінігінің стратиграфиялық баламасы бөлім, яғни "нақтылы бөлім" жер қыртысы дамуының "нақтылы дәуірі" барысында қалыптасып үлгерген таужыныстар қабаты. Әрбір геологиялық кезең, әдетте екі немесе үш дәуірге жіктеледі, олар сол кезеңнің "алғашқы", "ортаңғы" және "соңғы дәуірлері" (үшке жіктелгенде) немесе "алғашқы" және "соңғы дәуірлері" (екіге жіктелгенде) деп аталады. Бұларға сәйкес келетін стратиграфиялық бірліктер яғни бөлімдер "төменгі бөлім", "ортаңғы бөлім" және "жоғарғы бөлім" (үшке жіктелгенде) немесе "төменгі бөлім'" және "жоғарғы бөлім" сөз тіркестерімен беріледі. Мысалы, кембрий кезеңі (жүйесі) үш дәуірге (бөлімге) жіктеле отырып, "алғашқы(төменгі) кембрий", "ортаңғы кембрий" және "соңғы (жоғарғы) кембрий" дәуірлеріне (бөлімдеріне) жіктелсе, бор кезеңі (жүйесі) екі дәуірге (бөлімге) жіктеледі, олар "алғашқы (төменгі) бор" және "соңғы (жоғарғы) бор дәуірлері (бөлімдері)" деген сөз тіркестерімен өрнектеледі.
Астрономияда
Қандай да болмасын оқиғаның немесе процестің басталуы есептеле бастайтын уақыт сәті. Дәуір ұғымы бұл мағынада астрономияда қолданылады. Мұндағы «дәуір » әр текті периодты аспан құбылыстарына бақылау жасағанда уақыт санау басталатын мезгіл сәтін, я қандай да болмасын бақыланушы аспан шамшырағының қайсыбір нақты күйі үшін уақыт сәтін білдіреді. «Дәуір» терминінің соңғы мағынасы ежелгі астрономияда, әсіресе, астрологияда қолданылған;
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға