Жаңалықтар

Ұлы Қытай Қорғанының Қытай тарихындағы орны мен маңызы

«Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. 7 ғ. Б.З.Б. дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған. Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7—8 м, қорған үстінің кеңдігі 4—5 м. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп «Ұлы Қорғанның» жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігін білеміз. Қорғанды салғанда, көбінесе, кірпіш жинап, тас қалаған, шыңдап дуал түйген. Ең ертедегісі 656 Б.З.Б. ж. немесе одан көп бұрын салынған. Бұл Қытай тарихында Чұнчиу шидай деген кезеңіне тура келеді. Қытайдың орта және терістік бөлігінде көптеген ұсақ мемлекеттер болған, соның ішіндегі Чу мемлекеті жаудан қорғану үшін осы қорғанды салған. Әне содан бастап әр қайсы мемлекет қорған салып, қорғаныс орнатқан. Жасаған қорғандарының бірнеше жүз км ұзындығынан 1,2 мың км дейін жеткен. 221 Б.З.Б. ж. Чин әулеті патшасы — Чин Шыхуаң Қытайды бірлікке келтіреді. Солтүстіктегі көшпенді ғұндар оңтүстікке жасаған шапқыншылығын бөгеу үшін, патша солтүстікте салынған ішінара қорғандарды бір-біріне тұтастыру бұйрығын түсіреді. Ол тұстағы қорғанның жалпы ұзындығы 5000 км жеткен әрі сол тұстан бастап «Ұлы Қорған» деп атала бастаған. Хан әулеті (206 ЗБ—220) тұсында, қытайлар мен ғұндар арасында үнемі соғыс болып тұрады да, Хан патшалығы «Ұлы Қорғанды» батысқа қарай соза түсіп, жалпы ұзындығын мөлшермен 10 мың км жеткізеді. Бұл ханзулар тарихындағы ең ұзын қорған есептелінеді. Хан патшалығының бұлай істеуі, жаңа ашылған «Жібек Жолын» қорғау үшін де еді. 1987 ж. «Ұлы Қорған» мәдениеттік дүние мұрағатына кіргізілді Іргеміздегі көрші болса да, Қытай еліне кейде іштей тосырқай қарап келгеніміз жасырын емес. Бүгінде әлемдегі ең құнды ескерткіштердің біріне айналып, туристерді бал арасындай өзіне тартқан Ұлы Қытай қорғанының өзі осы уақытқа дейін бұл елді білмейтіндерді іштей сақтыққа шақырғандай болатын. Биік қорғанның ар жағындағы құжынаған халық та жер бетін мекен еткен өзге халықтардан басқаша, құпиясын ішіне бүккен жұмбақ адамдар секілді қабылданып келгені де рас. Араласпаса, бармаса, бірге туған ағайынның өзі бір-біріне жат болып кететіні белгілі. Есік-терезені тарс жауып, өзгелердің бәрін жау көріп отыратын заманның уақыты өтті. Бүгінде мұны әлем мойындап, ынтымақ¬тастық пен ашық достық қарым-қатынасқа еш нәрсенің жетпейтінін түсінді. Соның бірі осы – Қытай елі. Олар да біз, яғни бұрынғы Кеңестер Одағындағы тәуелсіздік алған жас мемлекеттер секілді Ұлы Қытай қорғанының «қақпасын» айқара ашып отыр. Осы жағынан келгенде де, экономикалық реформалар жүргізу жағынан да қазақ пен қытай арасында ұқсастықтар көп. Бір айырмашылық – Қытайдың бұрынғы Кеңестік жүйеден біржола қол үзіп кетпей, оған нарықтық сипат бере отырып, экономиканы соған икемдеп дамытуында. Қытай өзінің екінші тынысын ашып, әлемді мойындатуға бейбіт түрде, тынымсыз еңбекқорлығымен әрекет етуде. Оны ең соңы Бейжіңдегі көше сыпырушының қимылынан-ақ сезінуге болады. 15 миллион халқы бар Бейжіңнің тазалығына таңғалмай тұра алмайсыз. Қытайдың бір ерекшелігі – қарапайым жұмыс істеп жүрген адамдардың өзінің арасында бәсекенің күшті дамуында жатса керек. Оған әрине, халықтың көптігі, егер сен бүгін өз міндетіңді дұрыс атқара алмасаң, ертең ол орынға 100, одан да көп адамның кезекте тұрғаны ықпал жасайтыны түсінікті. Бәсеке бар жерде қарқынды даму да бар. Бұл Қытай болашағының зор екендігін көрсетеді. Америка секілді алпауытты да шошындыратын мәселе осы – қытайлықтардың еңбекқорлығы болса керек. Қытай елін қазақстандықтарға жақынырақ таныстыру мақсатында «ПетроҚазақстан» мұнай компаниясының ұйымдастыруымен Қытайға келген бір топ делегация (құрамында журналистер, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, Қызылорда облыстық әкімшілігі және «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлері бар) мүшелерін Бейжің өзінің қыз-қыз қайнаған әдеттегі тіршілігімен қарсы алды. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың жемісі алақандағыдай көрініп тұр. Бес-алты деңгейлі жолдар, аспанмен таласқан биік ғимараттар құрылысы, көше бойында қайнаған қызу сауда, халықтың көңіл күйі – бәрі-бәрі мұнда ұлы өзгерістердің болып жатқанынан хабардар етеді. Халық тұрмысының түзеліп, артық-ауыс юаньнің қалталарына түсе бастағанының бір белгісі – көшелердегі велосипед айдаушылар нөпірі едәуір азайып, оның орнын неше түрлі жеңіл көлік басқан. Велосипедтен жеңіл машинаға көшкелі бері Бейжің аспанының түсі сұрлана түскен. Бұл өркениетті өмірдің пайдасы мен зияны бірдей екендігін көрсетеді. Тіпті балабақшадағы балалар Бейжіңнің суретін салғанда аспан түсін сұрға бояйтын көрінеді. Өйткені олар көгілдір түсті аспанды туылғалы бері көрмеген. Қытайда мынадай әңгіме бар көрінеді: егер адам Қытайдың соңғы 20-30 жыл ішіндегі тарихымен танысқысы келсе, Чиньжинь қаласына баруы тиіс. Экономикалық реформалардан кейінгі дамудың нағыз нәтижесінің көрінісі сол қаладан айрықша байқалады екен. Егер соңғы 100 жылғы тарихымен танысқыңыз келсе, Шанхай қаласына сапар шеккеніңіз дұрыс. Себебі осыдан 100 жыл бұрын-ақ бұл қала Азияның бар елінің қаржы орталығына айналыпты. Ал мыңжылдық тарихпен жүздескіңіз кел¬се, Бейжіңге, бес мыңжылдық тарихты іздесеңіз, күлгін түсті саздан жасалған жауынгерлер армиясының мүсіндері табылған Сиан қаласына жол тартқаныңыз дұрыс. Біз Қытайдың мыңжылдық тарихымен танысу үшін Бейжіңді аралап жүрміз. Қытайдың Бейжіңді астана етіп таңдауының да өз сыры бар екен. Географиялық жағынан қаланы батыс жағында тау қоршап жатса, оңтүстік жағы кең жазық дала. Сол кездің өзінде-ақ қытайлар батыс жақтан келер жаудан сақтанудың стратегиялық жоспарын жасаған көрінеді. Ұлы Қытай қорғанының да батыс жақтан қоршап жатқан тау үстінен салынғаны сондықтан. Ежелгі астана бүгін де сол мәртебесінен айырылған жоқ. Бейжіңнің тарих қойнауларына сапарды алдымен «Жабық қаладан» бастау керек. «Жабық қаланың» салынғанына 600 жылдан асып, осы уақыт арасында қаншама соғыс (бірінші дүниежүзілік соғыс, екінші дүниежүзілік соғыс, ел ішіндегі сан жетпейтін көтерілістер) болғанына қарамастан, императорлар сарайы әлемдегі ең жақсы сақталған сарайлар болып табылады. Тяньаньмэнь – аспан қақпасының тыныштығы деген мағынаны білдіреді екен. «Жабық қала» алдындағы республикалық кең алаң осылай аталады. Ол осыдан 600 жыл бұрын да солай аталған екен. Императорлар сарайына кірер қақпадағы мұнарсынан Мин және Цин әулеті кезінде император өз жарлығын жұрт алдына шығып, хабарлаған. Бүгінде бұл алаң – Қытайдың символы ретінде қабылданған бірден-бір ескерткіш алаңы. Онда Мао жасаған революцияның батырларына арналған алып ескерткіш те қойылған. Қысқасы, Қытай мемлекеті мемлекет болып қалыптасқалы бері болған оқиғаның бәріне үнсіз куә болып келе жатқан алаң арқылы тылсым дүние құшағына ене бересіз. Бір кездері кіруге жан адамның дәті бармайтын императорлар сарайының қақпасы бүгінде алдыңыздан айқара ашылады. Бұл сарайларда Қытайды айдаhарлар мемлекетіне айналдыруға үлес қосқан императорлар тұрды. Ағаштан салынған сарайларға бір шеге қағылмай, шеберлікпен қиюластырылған дегенге сенгің келмейді. Императорлар Құдайға сыйына да, жақсы демала да білген. Оған олардың аспандағы Құдайға табынатын арнайы салынған «Аспан храмы» мен жазғы паркі дәлел. Пекинде бұдан да басқа «Ай храмы», «Жер храмы», «Күн храмы» бар. Осының бәрінде де император¬лар Айға, Жерге, Күнге, Аспанға табынып, Құдайға құлшылық ететін болған. Солардың ішіндегі ең маңыздысы осы «Аспан храмы» көрінеді. Мұнда император аспан әкесі және жер анасымен тілдеседі. Осы «Аспан храмына» көтерілетін баспалдақтың бірінде тұрып сыбырлап айтқан сөзің храм салынған алаңның екінші жағынан анық естілетіндей қасиетке ие көрінеді. Ашық аспан астында дәл осындай құбылысты жасай білген сол кездегі шеберлердің құпиясы осы күнге дейін белгісіз екен. Сонымен бірге осы арада үш тас тұр. Оның біреуін ұрсаң, басқа жақтан бір жаңғырық, екіншісін бір рет ұрсаң жаңғырық екі рет, үшіншісін бір ұрғанда жаңғырық үш рет естіледі. Бірақ оны есту үшін таңға жуық барған жақсы көрінеді. Себебі күндіз туристер санының көптігінен жаңғырықты ести қою қиындау болады екен. Қытайды жұмбақ ел, ертегі елі деп есептейтін өзге елдер бір жағынан дұрыс ойлайды. Себебі мұнда адам мүмкіндігінен тыс нәрселердің бүгінгі өмірмен үйлесім тауып тұрғанын көріп, еріксіз таңданасың. Оған бүгінгі қытайлардың өздері де таңғалатын көрінеді. Сұлулығында шек жоқ бұл орындар Қытайдың бүгінгі ұрпағы үшін де үлкен қызмет атқаруда. Бұл маңайлардан әлемнің бар халқының тілін естуге болады. Олар дүниежүзінен келіп жатқан туристер. Туризмнің мемлекет бюджетінің қалтасына қаншалықты үлес қосып жатқанын осыдан-ақ байқауға болар. Жалпы, қытай халқының ойлау жүйесі шынында да өзге халықтардан өзгеше секілді. Табиғаттың тылсым сырларымен үйлесімді дамуды бірінші орынға шығаратын олардың әрбір салған сарайының алдындағы арыстан, айдаhардың бейнесі терең мағынаға ие. Өздері соған имандай сенеді. Айдаhарды мемлекеттің символы ретінде қабылданғанында да үлкен мән жатыр. Бойына сегіз аңның бейнесін жинаған айдаhардай күшті мемлекет жасауды ежелде-ақ армандаған императорлар бүгінде о дүниеден қайта оралса, өздерінің армандарының жүзеге асқанының куәсі болар еді. Қытайдың тағы бір символы – Ұлы қорған. Оны салуды қытайдың бірінші императоры Цинь бастапты. Ол о баста-ақ қорғанды өзінен кейінгі болатын императорлардың жалғастырып, сала беретіндей етіп салдырған. Мин әулеті оны кейін жақсылап жөндеуден өткізіп, қорғанды жалғастырған. Бохай бұғазынан басталатын қорған шамамен 2000 жыл бойы салынған деген дерек бар. Бірақ бұл нақты дерек емес. Чу, Ци, Янь, Цинь, Чжао, Вэй, Хань секілді тағы да басқа шағын хандықтар өз аймақтарын жаудан қорғау үшін қорғанмен қоршаған көрінеді. Кейіннен Қытайды бір мемлекетке біріктірген император Цинь б.д.д. 221 жылы гундар даласына қараған осы қорғандардың бәрін бір-бірімен біріктіру жайында жарлық берген. Гундар деп отырғандары біздің ата-бабаларымыз екенін сезіп отырған боларсыздар. Бүгінде бұл қорған өзінің тарихи қызметін атқарып бітіп, әлем жұрты тамашалап, таңдай қағатын ескерткіш рөлін атқаруда. Егер осы 5000 шақырымға созылатын тау жотасында салынған қорғанға ұшақ арқылы төбесінен көз тастайтын болсаңыз, тура айдаhардың бейнесі көрініс беретініне таңғаласыз. Қытай құрылысшыларының шеберлігі тағы да аузыңды аштырып, көзіңді жұмғызады. Қысқасы, Бейжіңдегі тарихи орындардың бәрін көріп шығу үшін төрт-бес күн жетпейді. Және оларды тілмен айтып жеткізу де мүмкін емес. Біз Қытайдың 100 жылдық тарих қойнауына сүңгу үшін сапарымызды Шанхайға қарай бұрдық. Ол туралы мақаланы газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен оқи аласыздар. Бейжіңде бізді бей-жай қоймаған тағы бір жағдай осында оқып, білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу болды. Осындағы Мұнай-газ университетінде «Петро-Қазақстан» компаниясының жолдамасымен келіп оқып жатқан 100-ге жуық қазақстандық жас бар екен. Жергілікті маман-кадр дайындау мақсатында өзіне керек маманды тегін оқыту жобасын жүзеге асырған қытайлық ұлттық мұнай-газ компаниясы осы жағынан да қазақстандықтардың көңілінен шыға білді деуге болады. Дарынды балаларды електен өткізіп, Бейжіңде соңғы технологиялармен білім беру ертеңгі күні елімізге білімді де, патриот жастар легінің келуін қамтамасыз етпекші. Жастардың көңіл күйі көтеріңкі, жататын жатақханалары адам қызығарлықтай. Қазақстандық делегацияға аудармашы болып қызмет көрсеткен ақтөбелік Арман Қалман атты жастың білімі мен білігі қазірдің өзінде-ақ көңілге мақтаныш ұялатты. Бізде осындай жастардың қатары көбейе берсе, мемлекетіміздің болашағы да жарқын болары сөзсіз. Ақтөбелік Фатима да қытай тілін қытайдың өздерінен артық меңгеріп, биыл төртінші курста оқып жатыр. Игеруі өте қиын тілдің бірі деп есептелетін қытай тілін біздің жастар ұршықша иіріп, тіпті мұнай-газ саласын да сол тілде оқып жатқаны әрқайсымызды-ақ масайратқанын айтқан ләзім. «Петро-Қазақстанның» қарапайым отбасыларынан шыққан осындай дарынды жастардың шетелде оқып, білім алуына мүмкіндік жа¬сауы құптарлық. Бұл ертеңгі күні олардың өздерінің компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз етуге жол ашады. Бұл үрдіс «маман жоқ» деп үнемі шағым айтып, оларды өз елдерінен алып келуге құмар шетелдік компанияларға сабақ болса жарады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бір кездері гундардан Ұлы қорғанмен қорғанған Қытай елінде қазақ жастары білім алуда. Бір кездері өздері сақтанған Гун елінде қытайлар жұмыс істеп жатыр. Ортада Ұлы Қытай қорғаны тіпті болмаған секілді. Бәріне уақыт төреші деген осы. Ынтымағы жарасса, Қытай қорғанын да аттап өтуге болады екен.
05.12.2012 05:30 17762

«Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. 7 ғ. Б.З.Б. дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.

Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7—8 м, қорған үстінің кеңдігі 4—5 м. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп «Ұлы Қорғанның» жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігін білеміз.


Қорғанды салғанда, көбінесе, кірпіш жинап, тас қалаған, шыңдап дуал түйген.

Ең ертедегісі 656 Б.З.Б. ж. немесе одан көп бұрын салынған. Бұл Қытай тарихында Чұнчиу шидай деген кезеңіне тура келеді. Қытайдың орта және терістік бөлігінде көптеген ұсақ мемлекеттер болған, соның ішіндегі Чу мемлекеті жаудан қорғану үшін осы қорғанды салған. Әне содан бастап әр қайсы мемлекет қорған салып, қорғаныс орнатқан. Жасаған қорғандарының бірнеше жүз км ұзындығынан 1,2 мың км дейін жеткен.

221 Б.З.Б. ж. Чин әулеті патшасы — Чин Шыхуаң Қытайды бірлікке келтіреді. Солтүстіктегі көшпенді ғұндар оңтүстікке жасаған шапқыншылығын бөгеу үшін, патша солтүстікте салынған ішінара қорғандарды бір-біріне тұтастыру бұйрығын түсіреді. Ол тұстағы қорғанның жалпы ұзындығы 5000 км жеткен әрі сол тұстан бастап «Ұлы Қорған» деп атала бастаған.

Хан әулеті (206 ЗБ—220) тұсында, қытайлар мен ғұндар арасында үнемі соғыс болып тұрады да, Хан патшалығы «Ұлы Қорғанды» батысқа қарай соза түсіп, жалпы ұзындығын мөлшермен 10 мың км жеткізеді. Бұл ханзулар тарихындағы ең ұзын қорған есептелінеді. Хан патшалығының бұлай істеуі, жаңа ашылған «Жібек Жолын» қорғау үшін де еді.


1987 ж. «Ұлы Қорған» мәдениеттік дүние мұрағатына кіргізілді

Іргеміздегі көрші болса да, Қытай еліне кейде іштей тосырқай қарап келгеніміз жасырын емес. Бүгінде әлемдегі ең құнды ескерткіштердің біріне айналып, туристерді бал арасындай өзіне тартқан Ұлы Қытай қорғанының өзі осы уақытқа дейін бұл елді білмейтіндерді іштей сақтыққа шақырғандай болатын. Биік қорғанның ар жағындағы құжынаған халық та жер бетін мекен еткен өзге халықтардан басқаша, құпиясын ішіне бүккен жұмбақ адамдар секілді қабылданып келгені де рас.


Араласпаса, бармаса, бірге туған ағайынның өзі бір-біріне жат болып кететіні белгілі. Есік-терезені тарс жауып, өзгелердің бәрін жау көріп отыратын заманның уақыты өтті. Бүгінде мұны әлем мойындап, ынтымақ¬тастық пен ашық достық қарым-қатынасқа еш нәрсенің жетпейтінін түсінді. Соның бірі осы – Қытай елі. Олар да біз, яғни бұрынғы Кеңестер Одағындағы тәуелсіздік алған жас мемлекеттер секілді Ұлы Қытай қорғанының «қақпасын» айқара ашып отыр. Осы жағынан келгенде де, экономикалық реформалар жүргізу жағынан да қазақ пен қытай арасында ұқсастықтар көп. Бір айырмашылық – Қытайдың бұрынғы Кеңестік жүйеден біржола қол үзіп кетпей, оған нарықтық сипат бере отырып, экономиканы соған икемдеп дамытуында. Қытай өзінің екінші тынысын ашып, әлемді мойындатуға бейбіт түрде, тынымсыз еңбекқорлығымен әрекет етуде. Оны ең соңы Бейжіңдегі көше сыпырушының қимылынан-ақ сезінуге болады. 15 миллион халқы бар Бейжіңнің тазалығына таңғалмай тұра алмайсыз. Қытайдың бір ерекшелігі – қарапайым жұмыс істеп жүрген адамдардың өзінің арасында бәсекенің күшті дамуында жатса керек. Оған әрине, халықтың көптігі, егер сен бүгін өз міндетіңді дұрыс атқара алмасаң, ертең ол орынға 100, одан да көп адамның кезекте тұрғаны ықпал жасайтыны түсінікті. Бәсеке бар жерде қарқынды даму да бар. Бұл Қытай болашағының зор екендігін көрсетеді. Америка секілді алпауытты да шошындыратын мәселе осы – қытайлықтардың еңбекқорлығы болса керек.


Қытай елін қазақстандықтарға жақынырақ таныстыру мақсатында «ПетроҚазақстан» мұнай компаниясының ұйымдастыруымен Қытайға келген бір топ делегация (құрамында журналистер, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, Қызылорда облыстық әкімшілігі және «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлері бар) мүшелерін Бейжің өзінің қыз-қыз қайнаған әдеттегі тіршілігімен қарсы алды. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың жемісі алақандағыдай көрініп тұр. Бес-алты деңгейлі жолдар, аспанмен таласқан биік ғимараттар құрылысы, көше бойында қайнаған қызу сауда, халықтың көңіл күйі – бәрі-бәрі мұнда ұлы өзгерістердің болып жатқанынан хабардар етеді. Халық тұрмысының түзеліп, артық-ауыс юаньнің қалталарына түсе бастағанының бір белгісі – көшелердегі велосипед айдаушылар нөпірі едәуір азайып, оның орнын неше түрлі жеңіл көлік басқан. Велосипедтен жеңіл машинаға көшкелі бері Бейжің аспанының түсі сұрлана түскен. Бұл өркениетті өмірдің пайдасы мен зияны бірдей екендігін көрсетеді. Тіпті балабақшадағы балалар Бейжіңнің суретін салғанда аспан түсін сұрға бояйтын көрінеді. Өйткені олар көгілдір түсті аспанды туылғалы бері көрмеген.

Қытайда мынадай әңгіме бар көрінеді: егер адам Қытайдың соңғы 20-30 жыл ішіндегі тарихымен танысқысы келсе, Чиньжинь қаласына баруы тиіс. Экономикалық реформалардан кейінгі дамудың нағыз нәтижесінің көрінісі сол қаладан айрықша байқалады екен. Егер соңғы 100 жылғы тарихымен танысқыңыз келсе, Шанхай қаласына сапар шеккеніңіз дұрыс. Себебі осыдан 100 жыл бұрын-ақ бұл қала Азияның бар елінің қаржы орталығына айналыпты. Ал мыңжылдық тарихпен жүздескіңіз кел¬се, Бейжіңге, бес мыңжылдық тарихты іздесеңіз, күлгін түсті саздан жасалған жауынгерлер армиясының мүсіндері табылған Сиан қаласына жол тартқаныңыз дұрыс.

Біз Қытайдың мыңжылдық тарихымен танысу үшін Бейжіңді аралап жүрміз. Қытайдың Бейжіңді астана етіп таңдауының да өз сыры бар екен. Географиялық жағынан қаланы батыс жағында тау қоршап жатса, оңтүстік жағы кең жазық дала. Сол кездің өзінде-ақ қытайлар батыс жақтан келер жаудан сақтанудың стратегиялық жоспарын жасаған көрінеді. Ұлы Қытай қорғанының да батыс жақтан қоршап жатқан тау үстінен салынғаны сондықтан. Ежелгі астана бүгін де сол мәртебесінен айырылған жоқ. Бейжіңнің тарих қойнауларына сапарды алдымен «Жабық қаладан» бастау керек. «Жабық қаланың» салынғанына 600 жылдан асып, осы уақыт арасында қаншама соғыс (бірінші дүниежүзілік соғыс, екінші дүниежүзілік соғыс, ел ішіндегі сан жетпейтін көтерілістер) болғанына қарамастан, императорлар сарайы әлемдегі ең жақсы сақталған сарайлар болып табылады. Тяньаньмэнь – аспан қақпасының тыныштығы деген мағынаны білдіреді екен. «Жабық қала» алдындағы республикалық кең алаң осылай аталады. Ол осыдан 600 жыл бұрын да солай аталған екен. Императорлар сарайына кірер қақпадағы мұнарсынан Мин және Цин әулеті кезінде император өз жарлығын жұрт алдына шығып, хабарлаған. Бүгінде бұл алаң – Қытайдың символы ретінде қабылданған бірден-бір ескерткіш алаңы. Онда Мао жасаған революцияның батырларына арналған алып ескерткіш те қойылған. Қысқасы, Қытай мемлекеті мемлекет болып қалыптасқалы бері болған оқиғаның бәріне үнсіз куә болып келе жатқан алаң арқылы тылсым дүние құшағына ене бересіз. Бір кездері кіруге жан адамның дәті бармайтын императорлар сарайының қақпасы бүгінде алдыңыздан айқара ашылады. Бұл сарайларда Қытайды айдаhарлар мемлекетіне айналдыруға үлес қосқан императорлар тұрды. Ағаштан салынған сарайларға бір шеге қағылмай, шеберлікпен қиюластырылған дегенге сенгің келмейді. Императорлар Құдайға сыйына да, жақсы демала да білген. Оған олардың аспандағы Құдайға табынатын арнайы салынған «Аспан храмы» мен жазғы паркі дәлел. Пекинде бұдан да басқа «Ай храмы», «Жер храмы», «Күн храмы» бар. Осының бәрінде де император¬лар Айға, Жерге, Күнге, Аспанға табынып, Құдайға құлшылық ететін болған. Солардың ішіндегі ең маңыздысы осы «Аспан храмы» көрінеді. Мұнда император аспан әкесі және жер анасымен тілдеседі. Осы «Аспан храмына» көтерілетін баспалдақтың бірінде тұрып сыбырлап айтқан сөзің храм салынған алаңның екінші жағынан анық естілетіндей қасиетке ие көрінеді. Ашық аспан астында дәл осындай құбылысты жасай білген сол кездегі шеберлердің құпиясы осы күнге дейін белгісіз екен. Сонымен бірге осы арада үш тас тұр. Оның біреуін ұрсаң, басқа жақтан бір жаңғырық, екіншісін бір рет ұрсаң жаңғырық екі рет, үшіншісін бір ұрғанда жаңғырық үш рет естіледі. Бірақ оны есту үшін таңға жуық барған жақсы көрінеді. Себебі күндіз туристер санының көптігінен жаңғырықты ести қою қиындау болады екен. Қытайды жұмбақ ел, ертегі елі деп есептейтін өзге елдер бір жағынан дұрыс ойлайды. Себебі мұнда адам мүмкіндігінен тыс нәрселердің бүгінгі өмірмен үйлесім тауып тұрғанын көріп, еріксіз таңданасың. Оған бүгінгі қытайлардың өздері де таңғалатын көрінеді. Сұлулығында шек жоқ бұл орындар Қытайдың бүгінгі ұрпағы үшін де үлкен қызмет атқаруда. Бұл маңайлардан әлемнің бар халқының тілін естуге болады. Олар дүниежүзінен келіп жатқан туристер. Туризмнің мемлекет бюджетінің қалтасына қаншалықты үлес қосып жатқанын осыдан-ақ байқауға болар. Жалпы, қытай халқының ойлау жүйесі шынында да өзге халықтардан өзгеше секілді. Табиғаттың тылсым сырларымен үйлесімді дамуды бірінші орынға шығаратын олардың әрбір салған сарайының алдындағы арыстан, айдаhардың бейнесі терең мағынаға ие. Өздері соған имандай сенеді. Айдаhарды мемлекеттің символы ретінде қабылданғанында да үлкен мән жатыр. Бойына сегіз аңның бейнесін жинаған айдаhардай күшті мемлекет жасауды ежелде-ақ армандаған императорлар бүгінде о дүниеден қайта оралса, өздерінің армандарының жүзеге асқанының куәсі болар еді.

Қытайдың тағы бір символы – Ұлы қорған. Оны салуды қытайдың бірінші императоры Цинь бастапты. Ол о баста-ақ қорғанды өзінен кейінгі болатын императорлардың жалғастырып, сала беретіндей етіп салдырған. Мин әулеті оны кейін жақсылап жөндеуден өткізіп, қорғанды жалғастырған. Бохай бұғазынан басталатын қорған шамамен 2000 жыл бойы салынған деген дерек бар. Бірақ бұл нақты дерек емес. Чу, Ци, Янь, Цинь, Чжао, Вэй, Хань секілді тағы да басқа шағын хандықтар өз аймақтарын жаудан қорғау үшін қорғанмен қоршаған көрінеді. Кейіннен Қытайды бір мемлекетке біріктірген император Цинь б.д.д. 221 жылы гундар даласына қараған осы қорғандардың бәрін бір-бірімен біріктіру жайында жарлық берген. Гундар деп отырғандары біздің ата-бабаларымыз екенін сезіп отырған боларсыздар. Бүгінде бұл қорған өзінің тарихи қызметін атқарып бітіп, әлем жұрты тамашалап, таңдай қағатын ескерткіш рөлін атқаруда. Егер осы 5000 шақырымға созылатын тау жотасында салынған қорғанға ұшақ арқылы төбесінен көз тастайтын болсаңыз, тура айдаhардың бейнесі көрініс беретініне таңғаласыз. Қытай құрылысшыларының шеберлігі тағы да аузыңды аштырып, көзіңді жұмғызады.

Қысқасы, Бейжіңдегі тарихи орындардың бәрін көріп шығу үшін төрт-бес күн жетпейді. Және оларды тілмен айтып жеткізу де мүмкін емес. Біз Қытайдың 100 жылдық тарих қойнауына сүңгу үшін сапарымызды Шанхайға қарай бұрдық. Ол туралы мақаланы газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен оқи аласыздар. Бейжіңде бізді бей-жай қоймаған тағы бір жағдай осында оқып, білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу болды. Осындағы Мұнай-газ университетінде «Петро-Қазақстан» компаниясының жолдамасымен келіп оқып жатқан 100-ге жуық қазақстандық жас бар екен. Жергілікті маман-кадр дайындау мақсатында өзіне керек маманды тегін оқыту жобасын жүзеге асырған қытайлық ұлттық мұнай-газ компаниясы осы жағынан да қазақстандықтардың көңілінен шыға білді деуге болады. Дарынды балаларды електен өткізіп, Бейжіңде соңғы технологиялармен білім беру ертеңгі күні елімізге білімді де, патриот жастар легінің келуін қамтамасыз етпекші. Жастардың көңіл күйі көтеріңкі, жататын жатақханалары адам қызығарлықтай. Қазақстандық делегацияға аудармашы болып қызмет көрсеткен ақтөбелік Арман Қалман атты жастың білімі мен білігі қазірдің өзінде-ақ көңілге мақтаныш ұялатты. Бізде осындай жастардың қатары көбейе берсе, мемлекетіміздің болашағы да жарқын болары сөзсіз. Ақтөбелік Фатима да қытай тілін қытайдың өздерінен артық меңгеріп, биыл төртінші курста оқып жатыр. Игеруі өте қиын тілдің бірі деп есептелетін қытай тілін біздің жастар ұршықша иіріп, тіпті мұнай-газ саласын да сол тілде оқып жатқаны әрқайсымызды-ақ масайратқанын айтқан ләзім. «Петро-Қазақстанның» қарапайым отбасыларынан шыққан осындай дарынды жастардың шетелде оқып, білім алуына мүмкіндік жа¬сауы құптарлық. Бұл ертеңгі күні олардың өздерінің компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз етуге жол ашады. Бұл үрдіс «маман жоқ» деп үнемі шағым айтып, оларды өз елдерінен алып келуге құмар шетелдік компанияларға сабақ болса жарады.

Өздеріңіз көріп отырғандай, бір кездері гундардан Ұлы қорғанмен қорғанған Қытай елінде қазақ жастары білім алуда. Бір кездері өздері сақтанған Гун елінде қытайлар жұмыс істеп жатыр. Ортада Ұлы Қытай қорғаны тіпті болмаған секілді. Бәріне уақыт төреші деген осы. Ынтымағы жарасса, Қытай қорғанын да аттап өтуге болады екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға