Жаңалықтар

Көкшетауда Тұңғыш Президент Күніне орай форум өтті

Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған облыстық форум өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Көкшетау» Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты облыстық форумы өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Қайрат Қожамжаров, ҚР парламентінің депутаттары Светлана Жалмағамбетова мен Меруерт Қазбекова қатысты. «Көкшетау» МҮ фойесінде кітап экспозициясы мен фотокөрме ашылды, онда қатысушылардың назарына Елбасы биографиясының атаулы сәттері ұсынылды. Бұнымен қоса, мұнда биылғы жылы жарыққа шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев: биография» атты жаңа кітаппен танысты. «Бұл мереке біздің мемлекетімізде алғаш рет атап өтілуде. Алғашқы күндерден бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған белсенді қадамдар жасай бастады. Бүгінде біздің еліміздің басты жетістігі – ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Біздің күшіміз – бірлікте, жасампаздық саясаты», - деп атап өтті облыс әкімі, жиналғандарды құттықтай отырып. Светлана Жалмағамбетова, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Анар Жайылғанова және басқалары Мемлекет басшысына айқын баяндамалары, құттықтау сөздерін арнады. Бұл күні Мәдениет сарайының сахнасында көптеген адамдарға құрмет көрсетілді. ҚР Тұңғыш Президентіне арналған облыстық мектеп шығармалары конкурсының, сондай-ақ «Назарбаев зияткерлік мектебі» оқушыларының арасындағы «Президентке хат» тақырыбындағы эссе жазу конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге облыс әкімінің грамоталары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды. Бұнымен қоса, жыл сайынғы «Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурсының төрт номинациясындағы жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. «Жылдың үздік кәсіпкері», «Ауыл шаруашылық саласындағы үздік кәсіпкер» номинацияларында «Milk Project» ЖШС басшысы Валерий Маначинский (Зеренді ауданы), «Еңбек-1» ЖШС директоры Сергей Калиниченко (Аршалы ауданы) бірінші орынды иеленді. Өндіріс, қызмет көрсету саласында үздік кәсіпорындар болып Көкшетау қ. «Стерх» ЖШС мен Сандықтау ауданындағы «Кооператор» ЖШС танылды. Облыстық мәслихат депутаты, «Баймырза Агро» ЖШС бас директоры Мұрат Теміржанов сахнадан мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке шақырды. Бүгінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік әлемнің 120-дан астам елінде экономика қозғағышы болып табылатыны белгілі. Жаңғырту және инновациялық тәсіл құралы ретінде ол әлеуметтік бағытталған саясатты жүзеге асыруға тиімді ықпал етуді қамтамасыз етеді. «Алтын бала» балалар бақшасының ашылуы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жарқын мысалы бола алады. Мұрат Теміржанов мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңызын растау үшін Еңбекшілдер АІІО учаскелік инспекторы, аға лейтенант Бахтияр Балиевке «Нива» автокөлігінің кілтін табыстады.
05.12.2012 05:29 3675

Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған облыстық форум өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көкшетау» Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты облыстық форумы өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Қайрат Қожамжаров, ҚР парламентінің депутаттары Светлана Жалмағамбетова мен Меруерт Қазбекова қатысты.

«Көкшетау» МҮ фойесінде кітап экспозициясы мен фотокөрме ашылды, онда қатысушылардың назарына Елбасы биографиясының атаулы сәттері ұсынылды. Бұнымен қоса, мұнда биылғы жылы жарыққа шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев: биография» атты жаңа кітаппен танысты.

«Бұл мереке біздің мемлекетімізде алғаш рет атап өтілуде. Алғашқы күндерден бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған белсенді қадамдар жасай бастады. Бүгінде біздің еліміздің басты жетістігі – ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Біздің күшіміз – бірлікте, жасампаздық саясаты», - деп атап өтті облыс әкімі, жиналғандарды құттықтай отырып.

Светлана Жалмағамбетова, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Анар Жайылғанова және басқалары Мемлекет басшысына айқын баяндамалары, құттықтау сөздерін арнады. Бұл күні Мәдениет сарайының сахнасында көптеген адамдарға құрмет көрсетілді. ҚР Тұңғыш Президентіне арналған облыстық мектеп шығармалары конкурсының, сондай-ақ «Назарбаев зияткерлік мектебі» оқушыларының арасындағы «Президентке хат» тақырыбындағы эссе жазу конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге облыс әкімінің грамоталары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Бұнымен қоса, жыл сайынғы «Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурсының төрт номинациясындағы жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. «Жылдың үздік кәсіпкері», «Ауыл шаруашылық саласындағы үздік кәсіпкер» номинацияларында «Milk Project» ЖШС басшысы Валерий Маначинский (Зеренді ауданы), «Еңбек-1» ЖШС директоры Сергей Калиниченко (Аршалы ауданы) бірінші орынды иеленді. Өндіріс, қызмет көрсету саласында үздік кәсіпорындар болып Көкшетау қ. «Стерх» ЖШС мен Сандықтау ауданындағы «Кооператор» ЖШС танылды. Облыстық мәслихат депутаты, «Баймырза Агро» ЖШС бас директоры Мұрат Теміржанов сахнадан мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке шақырды. Бүгінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік әлемнің 120-дан астам елінде экономика қозғағышы болып табылатыны белгілі. Жаңғырту және инновациялық тәсіл құралы ретінде ол әлеуметтік бағытталған саясатты жүзеге асыруға тиімді ықпал етуді қамтамасыз етеді. «Алтын бала» балалар бақшасының ашылуы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жарқын мысалы бола алады. Мұрат Теміржанов мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңызын растау үшін Еңбекшілдер АІІО учаскелік инспекторы, аға лейтенант Бахтияр Балиевке «Нива» автокөлігінің кілтін табыстады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға