Жаңалықтар

Аденоид

  Аденоид— көмекей безінің шамадан тыс ұлғаюы (гипертрофия). Аденоидтер әдетте 3 жастан 10 жасқа дейінгі бадал ард ан байқалады, сонымен бірге өмір сүруінің алғашқы жылында, сондай-ақ жыныстық жетілу кезеңінен кейін де болуы мүмкін. Мұрын мен көмекей талаурауын туғызатын жұқпалы аурулар (шешек, көкжөтел, дифтерия, қызамық, тұмау және т. б.), сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының күшті қабынып ауруы аденоидтердің пайда болуына әкеліп соғады. Аденоидтерге шалдыққанда мұрьшнан тыныс алу оқтын-оқтын немесе ұдайы қи ы нд айды, мұрыннан су ағуы күшейеді, кейде ол көмекейге ағып кетеді. Балалар аузын ашып ұйықтайды, қорылдайды, ұйқысы бұзылады, кейде демі жетпей булығып қалады. Аденоидтер күшейгенде баланың даусы көмескіленеді: дауыс күңгірттен, олар дауыссыз «м» және «н» әріптерін «б» және «д» әріптерінше айтады. Кейде, әсіресе тұмау асқынғанда, аденоидтер құлақ естуінің нашарлауымен ұштасады. Құлақ есту інің оқтыноқтын нашарлауы, селқостық пен асқа тәбеті шаппаушылық балалардың ұмытшақ, зейінсіз болуына әкеліп соғады да, мұның өзі кейде ақыл-ой жетілуінің бөгелуіне себепші болады. Жас шағында аденоидгерге ұшыраған балалардың ұзақ уақыт тілі шықпайды: мектеп оқушыларының сабаққа үлгеруі нашарлайды. Баланың ұдайы аузымен дем алуы салдарынан оның жағы салбырап, мұрын-ерін қыртыстары тегістеліп кетеді, тіс құрылымы бұзылады (жоғары тістері төменгілерінен едәуір алға шығыңқы болады), бет әлпеті өзгереді. Ересек балалардың бас ауруы байқалады, кейде рефлекторлық асқынулар болады — түнде қуығының несеп үстамауы, тұншығып бастырылуы және т. б. кездеседі. Мұрыннан әрең тыныс алудың ұзаққа созылуы кеуде сүйегінің дұрыс дамымауына («құс төс»), асқазан-ішек жүйесі мүшелерінің оңды жұмыс істемеуіне (асқа тәбеті шаппауы, қайта-қайта лоқсу, ұлы дәретінің қатуы немесе іш өтуі), қан азаюына және оттегі жетіспеуінен жүдеуіне («аденоидтік арықтау») әкеліп соғуы мүмкін. Емдеу үшін операция жасалады. Операциядан кейін бала 5—7 күн ерекше күтімге алуды керек етеді: ыстық тамақ, сол сияқты қатты (нан қабықтары, кепкен нан), қышқыл тағам (ашы, тұзды, қышқыл) және шоколад бермеу керек; асыр сап ойнауға және күн көзінде жүруге болмайды. Бала жатқан бөлме ішін жақсы желдетіп, еденді дымқылдан сүртіп тұру керек. Аденоидтердің алдыналу үшін жоғарғы тыныс жолдарының ауруын дер кезінде емдеу, ал мұрыннан тыныс алудың қиындауы ұзаққа созылған жағдайда — оториноларинголог-дәрігермен кеңесу қажет.  
05.12.2012 05:29 10515

 

Аденоид— көмекей безінің шамадан тыс ұлғаюы (гипертрофия). Аденоидтер әдетте 3 жастан 10 жасқа дейінгі бадал ард ан байқалады, сонымен бірге өмір сүруінің алғашқы жылында, сондай-ақ жыныстық жетілу кезеңінен кейін де болуы мүмкін. Мұрын мен көмекей талаурауын туғызатын жұқпалы аурулар (шешек, көкжөтел, дифтерия, қызамық, тұмау және т. б.), сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының күшті қабынып ауруы аденоидтердің пайда болуына әкеліп соғады.
Аденоидтерге шалдыққанда мұрьшнан тыныс алу оқтын-оқтын немесе ұдайы қи ы нд айды, мұрыннан су ағуы күшейеді, кейде ол көмекейге ағып кетеді. Балалар аузын ашып ұйықтайды, қорылдайды, ұйқысы бұзылады, кейде демі жетпей булығып қалады. Аденоидтер күшейгенде баланың даусы көмескіленеді: дауыс күңгірттен, олар дауыссыз «м» және «н» әріптерін «б» және «д» әріптерінше айтады. Кейде, әсіресе тұмау асқынғанда, аденоидтер құлақ естуінің нашарлауымен ұштасады. Құлақ есту інің оқтыноқтын нашарлауы, селқостық пен асқа тәбеті шаппаушылық балалардың ұмытшақ, зейінсіз болуына әкеліп соғады да, мұның өзі кейде ақыл-ой жетілуінің бөгелуіне себепші болады. Жас шағында аденоидгерге ұшыраған балалардың ұзақ уақыт тілі шықпайды: мектеп оқушыларының сабаққа үлгеруі нашарлайды. Баланың ұдайы аузымен дем алуы салдарынан оның жағы салбырап, мұрын-ерін қыртыстары тегістеліп кетеді, тіс құрылымы бұзылады (жоғары тістері төменгілерінен едәуір алға шығыңқы болады), бет әлпеті өзгереді. Ересек балалардың бас ауруы байқалады, кейде рефлекторлық асқынулар болады — түнде қуығының несеп үстамауы, тұншығып бастырылуы және т. б. кездеседі. Мұрыннан әрең тыныс алудың ұзаққа созылуы кеуде сүйегінің дұрыс дамымауына («құс төс»), асқазан-ішек жүйесі мүшелерінің оңды жұмыс істемеуіне (асқа тәбеті шаппауы, қайта-қайта лоқсу, ұлы дәретінің қатуы немесе іш өтуі), қан азаюына және оттегі жетіспеуінен жүдеуіне («аденоидтік арықтау») әкеліп соғуы мүмкін.
Емдеу үшін операция жасалады. Операциядан кейін бала 5—7 күн ерекше күтімге алуды керек етеді: ыстық тамақ, сол сияқты қатты (нан қабықтары, кепкен нан), қышқыл тағам (ашы, тұзды, қышқыл) және шоколад бермеу керек; асыр сап ойнауға және күн көзінде жүруге болмайды. Бала жатқан бөлме ішін жақсы желдетіп, еденді дымқылдан сүртіп тұру керек. Аденоидтердің алдыналу үшін жоғарғы тыныс жолдарының ауруын дер кезінде емдеу, ал мұрыннан тыныс алудың қиындауы ұзаққа созылған жағдайда — оториноларинголог-дәрігермен кеңесу қажет.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға