Жаңалықтар

Дарындылық

  Дарындылық  • 1. қызметтің табысты орындауын қамтамасыз ететін қабілеттердің сапалы өзіндік байланыстыруы; • 2. адам мүмкіндіктерінің кендігі мен қызмет өзіндігін айқындайтын жалпы қабілеттер немесе қабілеттердің жалпы сәттері; • 3. ақыл потенциалы, немесе парасаттылығы, оқуға деген танымдық мұмкіндіктері мен қабілеттердің біртұтастық жеке сипаттамасы; • 4. қабілеттердің, табиғи көрсеткіштердің жиынтығы, қабілет табиғи себептерінің айқындалу және өзіндікі деңгейінің сипаттамасы; • 5. таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың бірі. Дарындылық терминінің көпмағыналылығы адам қабілеттері саласы мәселесінің көпаспектілігіне сілтейді. Дарындылық қабілеттер саласының жалпы сипаттамасындай, кешенді зерттеуді талап етеді: психофизиологиялық, дифференциалды-психологиялық және әлеуметтік-психологиялық педагогикалық.  Ақыл-ой дарындылығы Ақыл-ой дарындылығы - адамның өз ойлауын жаңа талаптарға саналы бағыттай алуының, оны жаңа міндеттерді шешуге және өмірдің жаңа шарттарына бейімдей алудың жалпы қабілеті. Жаңағы бағыттау ақыл-ой дарындылығы естен, ал бейімдеу белгісі - кемеңгерліктен (оның мәні өзіндік шығармашылықта) айырады; жалпы қоғамдастық белгісі ақыл-ой дарындылығы таланттан (ол адамда қызметтің белгілі бір түрінде айқындалады) ерекшелінеді.  Дарынды балалар Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.) балалар. Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды. Белгісі Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен иез тауып алады.Егер үлкендер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалады. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады. Бiрақ, баласының жеке дара қасиеттерiн дамыту үшін дарынды ата-ана болу қажет. Дарынның белгiсерiн байқау оңай ерекше қасиеттерiн байқап өзiнiң қалауынша тәрбиелейдi. Осы кезде, мысалы музыкаға зейiнi бар бала әркезде әндетiп, ал математикалық қасиеттер есiп шотқа деген қызығушылығында байқалмайтының ұмытпау керек. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану, дамыту мақсатында арнайы жасалынған бағдармалар арқылы оқыту жүргізіледі (мысалы, арнасы дарынды балаларға арналған арнайы физики-математика мектептері).  
05.12.2012 05:27 8527

 

Дарындылық 
1. қызметтің табысты орындауын қамтамасыз ететін қабілеттердің сапалы өзіндік байланыстыруы;
2. адам мүмкіндіктерінің кендігі мен қызмет өзіндігін айқындайтын жалпы қабілеттер немесе қабілеттердің жалпы сәттері;
3. ақыл потенциалы, немесе парасаттылығы, оқуға деген танымдық мұмкіндіктері мен қабілеттердің біртұтастық жеке сипаттамасы;
4. қабілеттердің, табиғи көрсеткіштердің жиынтығы, қабілет табиғи себептерінің айқындалу және өзіндікі деңгейінің сипаттамасы;
5. таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың бірі.
Дарындылық терминінің көпмағыналылығы адам қабілеттері саласы мәселесінің көпаспектілігіне сілтейді. Дарындылық қабілеттер саласының жалпы сипаттамасындай, кешенді зерттеуді талап етеді: психофизиологиялық, дифференциалды-психологиялық және әлеуметтік-психологиялық педагогикалық. 
Ақыл-ой дарындылығы
Ақыл-ой дарындылығы - адамның өз ойлауын жаңа талаптарға саналы бағыттай алуының, оны жаңа міндеттерді шешуге және өмірдің жаңа шарттарына бейімдей алудың жалпы қабілеті. Жаңағы бағыттау ақыл-ой дарындылығы естен, ал бейімдеу белгісі - кемеңгерліктен (оның мәні өзіндік шығармашылықта) айырады; жалпы қоғамдастық белгісі ақыл-ой дарындылығы таланттан (ол адамда қызметтің белгілі бір түрінде айқындалады) ерекшелінеді. 
Дарынды балалар
Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.) балалар.
Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.
Белгісі
Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен иез тауып алады.Егер үлкендер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалады. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады.
Бiрақ, баласының жеке дара қасиеттерiн дамыту үшін дарынды ата-ана болу қажет. Дарынның белгiсерiн байқау оңай ерекше қасиеттерiн байқап өзiнiң қалауынша тәрбиелейдi. Осы кезде, мысалы музыкаға зейiнi бар бала әркезде әндетiп, ал математикалық қасиеттер есiп шотқа деген қызығушылығында байқалмайтының ұмытпау керек. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану, дамыту мақсатында арнайы жасалынған бағдармалар арқылы оқыту жүргізіледі (мысалы, арнасы дарынды балаларға арналған арнайы физики-математика мектептері).
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға