Жаңалықтар

Атырау облысы

  Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстігік шекаралары Каспий теңізіне келіп тіреледі. Облыс отралығы - Атырау қаласы. Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі — Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады. Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады. Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл — Индер (110,5 ш.м.). Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады. Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан. Халқының қоныстануы 2007 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 480,7 мың адам болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды. Облыс орталығы — Атырау қаласы Жайық өзенінің бойына орналасқан, оның негізі 1640 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда тұрғылықты адам саны 207,2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Атырау қаласынан Астанаға дейін қашықтық 1810 км. Қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың (42,9%) адам. Облыстың ұлттық құрамы 2010 жылғы 1 желтоқсанға төмендегіше: қазақтар — 91,5 %, орыстар — 6,3%, татарлар — 0,4%, кәрістер 0,3 %, украиндар — 0,3%, немістер — 0,1%, беларустар — 0,1% және басқалар — 1,0% құрады. Өнеркәсібі 2010 жылы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3 059,7 млрд.теңге құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi - 113,8  %. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 90,9 % құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 2780,9 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрiлген, нақты көлем индексі - 112,7%. 2010 жылдың ішінде облыс бойынша 30 млн. тонна мұнай немесе 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1 % және 13,6 млрд. текше м. ілеспе мұнай газы немесе 118 % өндiрілді. Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 250,6 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 34,8 %-ға артық. Жыл басынан бастап кезеңінде электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлуде нақты көлем индексі 118,1%, оның ішінде жылу қуатын өндіру - 3602,8 мың Г/кал (105%), электр қуатын өндіру - 3391,5 млн. кВт.сағ (105,8%) құрады. Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны; құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы, сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы; байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы; транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания „Атырау Әуе Жолы“» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528,1 млн. теңгені, нақты көлем индексін 99,7% құрады. Ет өндіру - 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру - 54,2 мың тоннаны (100,5%), жұмыртқа өндіру - 1,84 млн. дананы (100,2%) құрады. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал - 182,3 мың басты немесе 102,8%, қой және ешкі - 619 мың басты (103,1%), түйе - 31,7 мың басты (102,5%), жылқы - 46 мың басты (103,9%) құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы. Транспорт және байланыс 2010 жылы көліктің барлық түрлері арқылы жүк тасымалдау көлемі облыс бойынша 112,1 млн.тонна жүк немесе 2009 жылына қарағанда 108,9% құрады. Транспорттың басқа түрлері бойынша тасымалдау: автомобиль көлігімен - 52,1 млн.тонна, құбыр арқылы - 59,9 млн.тонна құрады. Жолаушыларды тасымалдау - 93854,4 мың адамды, оның ішінде автомобиль көлігімен - 93849,7 мың адам және әуе көлігімен - 4,7 мың адам құрады. Жүкайналым - 39329,6 млн. ткм, жолаушыайналымы - 681,0 млн. пкм. Жолдар және олардың ұзындығы: теміржол жолдары - 879 км, қатты табанды автомобиль жолдары - 1277 км. Байланыс кәсіпорындары: Облыстық телекоммуникация дирекциясы Облыстық радиотеледидар арқылы тарату орталығы "Қазпошта" АҚ Атырау филиалы Altel ұялы телефон байланысы Kcell ұялы телефон байланысы Beeline ұялы телефон байланысы Tele2 ұялы телефон байланысы Dalacom ұялы телефон байланысы
05.12.2012 05:25 8430

 

Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстігік шекаралары Каспий теңізіне келіп тіреледі.

Облыс отралығы - Атырау қаласы.

Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі — Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.

Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы.

Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады.

Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл — Индер (110,5 ш.м.).

Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады.

Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.

Халқының қоныстануы

2007 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 480,7 мың адам болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды.

Облыс орталығы — Атырау қаласы Жайық өзенінің бойына орналасқан, оның негізі 1640 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда тұрғылықты адам саны 207,2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Атырау қаласынан Астанаға дейін қашықтық 1810 км.

Қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың (42,9%) адам.

Облыстың ұлттық құрамы 2010 жылғы 1 желтоқсанға төмендегіше: қазақтар — 91,5 %, орыстар — 6,3%, татарлар — 0,4%, кәрістер 0,3 %, украиндар — 0,3%, немістер — 0,1%, беларустар — 0,1% және басқалар — 1,0% құрады.

Өнеркәсібі

2010 жылы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3 059,7 млрд.теңге құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi - 113,8  %.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 90,9 % құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 2780,9 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрiлген, нақты көлем индексі - 112,7%.

2010 жылдың ішінде облыс бойынша 30 млн. тонна мұнай немесе 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1 % және 13,6 млрд. текше м. ілеспе мұнай газы немесе 118 % өндiрілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 250,6 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 34,8 %-ға артық.

Жыл басынан бастап кезеңінде электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлуде нақты көлем индексі 118,1%, оның ішінде жылу қуатын өндіру - 3602,8 мың Г/кал (105%), электр қуатын өндіру - 3391,5 млн. кВт.сағ (105,8%) құрады.

  • Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны;
  • құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы,
  • сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы;
  • байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы;
  • транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания „Атырау Әуе Жолы“» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528,1 млн. теңгені, нақты көлем индексін 99,7% құрады. Ет өндіру - 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру - 54,2 мың тоннаны (100,5%), жұмыртқа өндіру - 1,84 млн. дананы (100,2%) құрады. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал - 182,3 мың басты немесе 102,8%, қой және ешкі - 619 мың басты (103,1%), түйе - 31,7 мың басты (102,5%), жылқы - 46 мың басты (103,9%) құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы.

Транспорт және байланыс

2010 жылы көліктің барлық түрлері арқылы жүк тасымалдау көлемі облыс бойынша 112,1 млн.тонна жүк немесе 2009 жылына қарағанда 108,9% құрады. Транспорттың басқа түрлері бойынша тасымалдау: автомобиль көлігімен - 52,1 млн.тонна, құбыр арқылы - 59,9 млн.тонна құрады. Жолаушыларды тасымалдау - 93854,4 мың адамды, оның ішінде автомобиль көлігімен - 93849,7 мың адам және әуе көлігімен - 4,7 мың адам құрады. Жүкайналым - 39329,6 млн. ткм, жолаушыайналымы - 681,0 млн. пкм.

Жолдар және олардың ұзындығы: теміржол жолдары - 879 км, қатты табанды автомобиль жолдары - 1277 км.

Байланыс кәсіпорындары:

  • Облыстық телекоммуникация дирекциясы
  • Облыстық радиотеледидар арқылы тарату орталығы
  • "Қазпошта" АҚ Атырау филиалы
  • Altel ұялы телефон байланысы
  • Kcell ұялы телефон байланысы
  • Beeline ұялы телефон байланысы
  • Tele2 ұялы телефон байланысы
  • Dalacom ұялы телефон байланысы
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға