Жаңалықтар

Қозғалыс

ҚОЗҒАЛЫС – заттар мен құбылыстардың жалпы өзгерісін, бір-біріне әсер етуін білдіретін ұғым. Қ-сыз өмір болмайды, ол – барлық нәрсенің өмір сүру тәсілі. Қ. – мәңгі, шексіз бола тұра, дүниеге сырттан енгізілмейді, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Антик. заман философиясы Қ-тың бар екенін мойындап қана қоймай, оның мәнін зерделеп, себептерін, жалпы заңдылықтарын ашуға ұмтылды. Кейбір философтар табиғат бастамасын ағып жатқан суға (Фалес), жалындаған отқа (Гераклит), сандар арасындағы үйлесімге (Пифагор), бос кеңістіктегі атомдарға (Демокрит) теңеп, дүниенің динамик. суреттемесін жасаса, енді біреулер Қ. ұғымының қайшылыққа толы екенін (Зенон) айтты. Аристотель ілімінде Қ. ұғымы категория деңгейіне көтеріліп, оның көптүрлілігі, болмыс пен танымның басты анықтамаларының бірі екендігі айтылды. Жаңа заман дәуірінде (17 – 18 ғ.) ғыл. танымның, әсіресе, механиканың қарқынды дамуына орай Қ. көбінесе мех. Қ., яғни денелердің кеңістікте орын алмасуы және бір-біріне әсер етуі ретінде қарастырылып, дүниенің мех. суреттемесі жасалды. Гегель Қ. ұғымын қалыптасу, өзгеру, даму ұғымдарымен ұштастырып, оның жалпы заңдарын ашты, оны сан мен сапаның өзгеруі, сапалық түрлену секілді түсініктермен байытып, Қ-тың ішкі қайнар көзі, себебі қайшылықта екенін көрсетті. Дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын дене болмайтыны секілді, Қ. табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қ. – жалпы өзгеріс, нысандардың бір-біріне әрқалай әсер етуі және олардың қалпының ауысуы. Ол – материяның ажырамас, өмір сүру тәсілі. Қ-сыз материяның болмайтыны секілді, материясыз Қ-тың болуы мүмкін емес. Қ. сан алуан болып келеді. Әрбір Қ-тың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Мыс., қарапайым бөлшектер Қ-ының өз заңдылықтары, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Сол секілді материя құрылымының деңгейіне сәйкес өз Қ-ының болуы заңды. Алайда, Қ-тың бастапқы негізін анықтау, яғни алғашқы Қ. қалай пайда болды деген мәселеде ғыл. ой-пікірлер мен діни сенімге негізделген теориялар қайшылығы жалғасып келеді. Қ. шектілік пен шексіздіктің, өзгермелілік пен орнықтылықтың, тыныштық пен тынышсыздықтың қайшылығы болып табылады. Қ-тың өзіне қарама-қарсы сәті – тыныштық. Ол Қ-тың белгілі бір өткінші қалпы, біршама тұрақтылығы. Шексіз тыныштыққа жету – заттың жойылып кетуімен бара-бар келеді. Дамумен салыстырғанда Қ. – неғұрлым жалпылама ұғым, өйткені ол жүйенің дамуының ішкі заңдарына сәйкес келмейтін қандай да бір сыртқы және кездейсоқ өзгерістерді қамтиды. 20 ғ-дың 2-жартысында ғылым мен техниканың, қоғамдық тәжірибенің дамуы жаңа нысандарды, күрделі жүйелер кешенін зерттеуге, сөйтіп Қ., оның түрлері, олардың өзара байланысы туралы жаңа филос. теориялар жасауға жол ашты.  Әдеб.: Пригожин И., Порядок их хаоса, М., 1986; Диалектическая логика, Категории сферы сущности и целостности, А.-А., 1987.  М. Сәбит  
05.12.2012 05:23 15210

ҚОЗҒАЛЫС – заттар мен құбылыстардың жалпы өзгерісін, бір-біріне әсер етуін білдіретін ұғым. Қ-сыз өмір болмайды, ол – барлық нәрсенің өмір сүру тәсілі. Қ. – мәңгі, шексіз бола тұра, дүниеге сырттан енгізілмейді, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Антик. заман философиясы Қ-тың бар екенін мойындап қана қоймай, оның мәнін зерделеп, себептерін, жалпы заңдылықтарын ашуға ұмтылды. Кейбір философтар табиғат бастамасын ағып жатқан суға (Фалес), жалындаған отқа (Гераклит), сандар арасындағы үйлесімге (Пифагор), бос кеңістіктегі атомдарға (Демокрит) теңеп, дүниенің динамик. суреттемесін жасаса, енді біреулер Қ. ұғымының қайшылыққа толы екенін (Зенон) айтты. Аристотель ілімінде Қ. ұғымы категория деңгейіне көтеріліп, оның көптүрлілігі, болмыс пен танымның басты анықтамаларының бірі екендігі айтылды. Жаңа заман дәуірінде (17 – 18 ғ.) ғыл. танымның, әсіресе, механиканың қарқынды дамуына орай Қ. көбінесе мех. Қ., яғни денелердің кеңістікте орын алмасуы және бір-біріне әсер етуі ретінде қарастырылып, дүниенің мех. суреттемесі жасалды. Гегель Қ. ұғымын қалыптасу, өзгеру, даму ұғымдарымен ұштастырып, оның жалпы заңдарын ашты, оны сан мен сапаның өзгеруі, сапалық түрлену секілді түсініктермен байытып, Қ-тың ішкі қайнар көзі, себебі қайшылықта екенін көрсетті. Дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын дене болмайтыны секілді, Қ. табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қ. – жалпы өзгеріс, нысандардың бір-біріне әрқалай әсер етуі және олардың қалпының ауысуы. Ол – материяның ажырамас, өмір сүру тәсілі. Қ-сыз материяның болмайтыны секілді, материясыз Қ-тың болуы мүмкін емес. Қ. сан алуан болып келеді. Әрбір Қ-тың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Мыс., қарапайым бөлшектер Қ-ының өз заңдылықтары, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Сол секілді материя құрылымының деңгейіне сәйкес өз Қ-ының болуы заңды. Алайда, Қ-тың бастапқы негізін анықтау, яғни алғашқы Қ. қалай пайда болды деген мәселеде ғыл. ой-пікірлер мен діни сенімге негізделген теориялар қайшылығы жалғасып келеді. Қ. шектілік пен шексіздіктің, өзгермелілік пен орнықтылықтың, тыныштық пен тынышсыздықтың қайшылығы болып табылады. Қ-тың өзіне қарама-қарсы сәті – тыныштық. Ол Қ-тың белгілі бір өткінші қалпы, біршама тұрақтылығы. Шексіз тыныштыққа жету – заттың жойылып кетуімен бара-бар келеді. Дамумен салыстырғанда Қ. – неғұрлым жалпылама ұғым, өйткені ол жүйенің дамуының ішкі заңдарына сәйкес келмейтін қандай да бір сыртқы және кездейсоқ өзгерістерді қамтиды. 20 ғ-дың 2-жартысында ғылым мен техниканың, қоғамдық тәжірибенің дамуы жаңа нысандарды, күрделі жүйелер кешенін зерттеуге, сөйтіп Қ., оның түрлері, олардың өзара байланысы туралы жаңа филос. теориялар жасауға жол ашты. 

Әдеб.: Пригожин И., Порядок их хаоса, М., 1986; Диалектическая логика, Категории сферы сущности и целостности, А.-А., 1987. 
М. Сәбит
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға