Жаңалықтар

Атырау мұнай және газ институты

Атырау мұнай және газ институты (АтМГИ) - Атырау қаласында орналасқан, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында мамандар даярлайтын мамандандырылған мемлекеттік ЖОО-ы болып табылады. Атырау мұнай және газ институтының даму кезеңдері • 1980 ж. — ҚазПТИ-ның жалпытехникалық факультеті • 1988 ж. — ҚазПТИ-ның ғылыми-ағарту орталығы • 1990 ж. — ҚазПТИ-ның Атыраулық филиалы • 1996 ж. — Атырау университетінің мұнай және газ институты • 1998 ж. — Атырау мұнай және газ институты 1999 жылы Қазақстанда алғаш рет мамандардың даярлық деңгейін арттыру және ғылыми-техникалық потенциалдың мұнай-газ саласындағы көкейкесті мәселелерді шешуге шоғырландыру мақсатымен ЖОО (Атырау мұнай және газ институты) мен ғылыми-зерттеу институты (мұнай және табиғи тұздар химиясы институты) біріктіріліп, Атырау мұнай және газ институты құрылды (ҚР Үкіметінің 1999 ж. 28 маусымдағы № 869 қаулысы). ЖОО ең алғаш құрылғаннан бастап, 2011 ж. 21 шілдесіне дейін институтты химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академиясының академигі және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі - Серіков Төлеуіш Пәуеденұлы басқарды. АтМГИ-ның ғылыми-ағартушылық құрылымы 5 мамандырылған факультет: • Мұнай факультеті • Технология факультеті • Экономика, басқару және ақпараттық жүйелер факультеті • Инженерлі-механикалық факультет • Жалпы инженерлік пәндер және сырттай оқу факультеті; 15 мамандырылған және 11 жалпыкәсіптік кафедралар; • Мұнай химиясы мамандығына докторлық және кандидаттық қорғаулар бойынша диссертациялық кеңес; • 4 ғылыми және оқу орталықтары; • 9 ғылыми-зерттеу зертханалары. Факультеттер Мұнай факультеті • Мұнай-газ геологиясы және геофизика кафедрасы; • Мұнай және газ кен орындарын игеру кафедрасы; • "Мұнай-газ өндірісіндегі машиналар мен қондырғылар" кафедрасы; • Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кафедрасы; • Жалпы физика кафедрасы; Технология факультеті • Мұнай және газ өңдеу технологиясы кафедрасы; • Стандарттау, сертификаттау және инженерлік сараптау кафедрасы; • Химиялық сараптама және материалдар технологиясы кафедрасы; • Мұнай-химиялық синтез кафедрасы; • Қолданбалы экология және балық шаруашылығы кафедрасы; • Мұнай және газ өндірісін электрмен қамтамасыз ету кафедрасы; • Ақпараттық компьютерлік жүйелер және автоматтандыру кафедрасы; Экономика факультеті • Мұнай-газ өндірісі экономикасы мен менеджменті кафедрасы; • Мұнай-газ өндірісі есеп мен менеджменті кафедрасы; Инженерлі-механикалық факультет • Тасымалдауды ұйымдастыру және транспорт кафедрасы; • Мұнай және газ кен орындарының құрылысы және орналастыру кафедрасы; • Электр жетегі және байланыс кафедрасы; • Қолданбалы механика кафедрасы; • Сызба геометрия және машина графикасы кафедрасы; Жалпы инженерлік пәндер және сырттай оқу факультеті • Жоғары математика кафедрасы; • Қолданбалы математика кафедрасы; • Қазақ және орыс тілдері кафедрасы; • Шет тілдер кафедрасы; • Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы; • Әскери дайындық және спорт кафедрасы;  
05.12.2012 05:22 15188

Атырау мұнай және газ институты (АтМГИ) - Атырау қаласында орналасқан, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында мамандар даярлайтын мамандандырылған мемлекеттік ЖОО-ы болып табылады.

Атырау мұнай және газ институтының даму кезеңдері
• 1980 ж. — ҚазПТИ-ның жалпытехникалық факультеті
• 1988 ж. — ҚазПТИ-ның ғылыми-ағарту орталығы
• 1990 ж. — ҚазПТИ-ның Атыраулық филиалы
• 1996 ж. — Атырау университетінің мұнай және газ институты
• 1998 ж. — Атырау мұнай және газ институты

1999 жылы Қазақстанда алғаш рет мамандардың даярлық деңгейін арттыру және ғылыми-техникалық потенциалдың мұнай-газ саласындағы көкейкесті мәселелерді шешуге шоғырландыру мақсатымен ЖОО (Атырау мұнай және газ институты) мен ғылыми-зерттеу институты (мұнай және табиғи тұздар химиясы институты) біріктіріліп, Атырау мұнай және газ институты құрылды (ҚР Үкіметінің 1999 ж. 28 маусымдағы № 869 қаулысы). ЖОО ең алғаш құрылғаннан бастап, 2011 ж. 21 шілдесіне дейін институтты химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академиясының академигі және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі - Серіков Төлеуіш Пәуеденұлы басқарды.

АтМГИ-ның ғылыми-ағартушылық құрылымы

5 мамандырылған факультет:
• Мұнай факультеті
• Технология факультеті
• Экономика, басқару және ақпараттық жүйелер факультеті
• Инженерлі-механикалық факультет
• Жалпы инженерлік пәндер және сырттай оқу факультеті;
15 мамандырылған және 11 жалпыкәсіптік кафедралар;
• Мұнай химиясы мамандығына докторлық және кандидаттық қорғаулар бойынша диссертациялық кеңес;
• 4 ғылыми және оқу орталықтары;
• 9 ғылыми-зерттеу зертханалары.

Факультеттер

Мұнай факультеті
• Мұнай-газ геологиясы және геофизика кафедрасы;
• Мұнай және газ кен орындарын игеру кафедрасы;
• "Мұнай-газ өндірісіндегі машиналар мен қондырғылар" кафедрасы;
• Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кафедрасы;
• Жалпы физика кафедрасы;

Технология факультеті
• Мұнай және газ өңдеу технологиясы кафедрасы;
• Стандарттау, сертификаттау және инженерлік сараптау кафедрасы;
• Химиялық сараптама және материалдар технологиясы кафедрасы;
• Мұнай-химиялық синтез кафедрасы;
• Қолданбалы экология және балық шаруашылығы кафедрасы;
• Мұнай және газ өндірісін электрмен қамтамасыз ету кафедрасы;
• Ақпараттық компьютерлік жүйелер және автоматтандыру кафедрасы;

Экономика факультеті
• Мұнай-газ өндірісі экономикасы мен менеджменті кафедрасы;
• Мұнай-газ өндірісі есеп мен менеджменті кафедрасы;

Инженерлі-механикалық факультет
• Тасымалдауды ұйымдастыру және транспорт кафедрасы;
• Мұнай және газ кен орындарының құрылысы және орналастыру кафедрасы;
• Электр жетегі және байланыс кафедрасы;
• Қолданбалы механика кафедрасы;
• Сызба геометрия және машина графикасы кафедрасы;

Жалпы инженерлік пәндер және сырттай оқу факультеті
• Жоғары математика кафедрасы;
• Қолданбалы математика кафедрасы;
• Қазақ және орыс тілдері кафедрасы;
• Шет тілдер кафедрасы;
• Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;
• Әскери дайындық және спорт кафедрасы;
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға