Жаңалықтар

Қозғалтқыш

Қозғалтқыш,  мотор   –  қандайда  бір  энергия түрін механикалық жұмысқа түрлендіретін күш-қуат машинасы. Қозғалтқыш латынша motor, яғни   қозғалысқа келтіретін деген ұғымды білдіреді, ол осыдан қозғалтқыш (мотор) деп аталып кетті. Энергия механикалық жұмысқа қозғалтқыштың түріне қарай қайталамалы-ілгерілемелі қозғалыстағы піспек (поршень), айналмалы қозғалыстағы ротор немесе реактивті қозғалыс тудыратын аппарат арқылы түрленеді. Оны жердегі, судағы, аспандағы, ғарыштағы көлік құралын қозғалысқа келтіру, өндірістің әр саласындағы жұмыс машинасын, тұрмыс техникасын, т.б. іске қосу үшін қолданады. Қозғалтқыш бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш) қозғалтқыш болып бөлінеді. Бірінші реттік қозғалтқыш (бу, газ, жел қозғалтқыштары) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядролық энергияны) механикалық энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу қозғалтқышы, бу қозғалтқышы, газ қозғалтқышы, жел қозғалтқышы, гидравликалық қозғалтқыш, т.б. жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жылу қозғалтқышы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік қозғалтқыш бірінші реттік қозғалтқыштың көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына электрлік қозғалтқыштар, пневматикалық (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын), т.б. қозғалтқыштар  жатады. Жинақталған механикалық энергияны беретін құрылғылар да қозғалтқыш (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай қозғалтқышты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық қозғалтқыш су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен-көлден су тартуға қолданды. Жел қозғалтқышы да ертеден белгілі болған. 18-ғасырдың орта шенінен өндірістің машиналы технологияға көше бастауына байланысты, жергілікті қуат көзі – суға, желге, т.б. тәуелді бола бермейтін қозғалтқыш жасау қажеттігі туды. Осы кезде отын энергиясымен қазанда бу өндіріп, онымен жұмыс істейтін бірінші жылу қозғалтқышы – бу машинасы жасалды. 19-ғасырдың екінші жартысында жылу қозғалтқышының бу турбинасы және іштен жанатын қозғалтқыш атты жаңа екі типі өмірге келді. Іштен жанатын қозғалтқыш та арзан мұнай өніміне көшіп, бу қазанынсыз жұмыс істейтін болды. 19-ғасырдың аяғында карбюраторда жанғыш қоспа дайындап, оны қозғалтқыштың жану камерасында электрлік білтемен тұтататын іштен жанатын қозғалтқыш емес сорған суық ауаны цилиндрде піспекпен қатты қысып қыздырып, оған сұйық отын бүркіп жағатын жаңа жылу қозғалтқышы – дизель жасалынды. Нәтижесінде, іштен жанатын қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенті өсті, үнемділігі артты, құралымы қарапайым да ықшам түрге келді. Бүгінгі күні көлік құралы түгелдей дерлік іштен жанатын қозғалтқышпен жарақталады. Жылу қозғалтқышы сияқты осы кезеңде гидравликалық қозғалтқыш, оның кең тараған түрі – гидравликалық турбина (гидротурбина) құралымы да ұдайы жетілдірілумен болды. Нәтижесінде негізгі гидротурбинадан тұратын аса қуатты (600 МВт-қа дейін) гидроэнергетикалық агрегаттар жасалып, ірі-ірі су электр стансалары салына бастады. 19-ғасырдың аяғы және 20-ғасырдың басында электр энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіргіш машина – электрлік қозғалтқыш (электр моторы) жасалды. 20-ғасырдың алғашқы жартысында жылу қозғалтқышының жаңа түрлері – газ турбиналық қозғалтқыш, реактивті қозғалтқыш, ядролық қозғалтқыш жасалды. Қазіргі таңда авиация қозғалтқышының көпшілігін газ турбиналық қозғалтқыш құрайды. Ол сонымен бірге локомотивте (газ турбиналық тасығыш), автомобильде қолданылады.  
05.12.2012 05:21 29342

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға