Жаңалықтар

Жоғары мектеп

Жоғары мектеп – жалпы немесе арнаулы орта дәрежелі білім негізінде жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындарының жалпы атауы. Оларда әр түрлі өнеркәсіптер мен құрылыстар, жол қатынасы, байланыс бөлімдері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, т.б. салалардағы практикалық, педагогикалық немесе ғылыми қызметке мамандар даярланады. Жоғары мектепке университеттер, политехникалық және салалық (инженерлік, ауыл шаруашылығы , экономикалық, медициналық, заң, педагогикалық, көркемөнер, т.б.) институттар, академиялар, жоғары училищелер, т.б. жатады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, беретін білімнің көлеміне, даярланатын мамандардың біліктілік деңгейіне қарамай, толық орта білім негізінде мамандыққа даярлайтын кез келген оқу орны Жоғары мектеп болып есептеледі. Сондықтан бірқатар елдерде Жоғары мектеп қатарына тек жоғары оқу орындары ғана емес, сонымен бірге техникумдар мен арнаулы орта оқу орындары дәрежесінде кадрлар даярлайтын оқу орындары да жатады. Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог кадрлар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы , мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындарыда бар. Б.з.б. Афина мен Римде, б.з. 425 ж. Константинопольде ашылған, өз дәуірі үшін Жоғары оқу орындары болып саналған философиялық мектептер “университет” деп аталды. Нағыз Жоғары оқу орындары түріндегі университеттер 11 – 12 ғ-ларда Италияда (Салерно және Болонья), Францияда (Париж), 12 – 13 ғ-лар аралығында Испанияда (Саламанка), Англияда (Оксфорд) пайда болды. ТМД елдеріндегі алғашқы жоғары мектептер Грузиядағы Колхида (4 ғ.), Икалто, Герм, Гелат (11 – 12 ғ-лар) академиялары болды. 13 – 14 ғ-ларда Англия, Италия, Португалия, Испания, Чехия, Польша, Германия, т.б. елдерде университеттер құрылды. 1579 ж. Вильнюс академиясы, 1632 ж. Киев – Могилян академиясы, 1687 ж. Мәскеуде Славян-грек-латын академиясы, т.б. Жоғары оқу орындары құрылды. 17 – 18 ғ-лардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы университеттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті. Ресейде Мәскеу математика және навигация ғылымдар мектебі (1701), Санкт-Петербург теңіз академиясы (1715) мен Тау-кен училищесі (1773), т.б. оқу орындары ашылды. Тұңғыш орыс университеті 1725 ж. Санкт-Петербургте ҒА-ның жанынан (Академиялық университет) ашылды. 1755 ж. М.В. Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 ж. Қазан университеті құрылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде машина өндірісінің дамуына байланысты көптеген елдерде университеттермен қатар инженерлік және басқа да Жоғары оқу орындары ашылды. Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі Жоғары оқу орындарыдары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919 – 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа жастарына жалпы орта білім беру және Жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы факультеттері ашылды. 1921 ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тәрізді танымал жазушылар оқып бітірді. 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі Орталық болды. Университет жанында қазақ жастары үшін арнаулы даярлық бөлімі ашылды. Одан жүздеген қазақ жастары білім алды. 1920 ж. Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды. Сондай-ақ, осы жылдың күзінде Семейде халық ағарту институты құрылса, 1921 ж. Орынборда Қазақ халық ағарту институты (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту институты ашылды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту институты Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды. Бұл институттың тұңғыш директоры Т.К. Жүргенов болды. Институттың физика-математика, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық және лингвистика бөлімдері болды. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты (Алматы мемлекеттік университеті). Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұбанов, т.б. дәріс оқыды. Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1930), Қазақ медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1931) ашылды. 1932 ж. Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40,5%-ы қазақ жастары болды. 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті мен Кен-металлургия институты ашылды. 1950 – 60 ж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медициналық институттар, Алматыда халық шаруашылығы, Қарағандыда политехникалық және кооперативтік, Павлодарда индустриалдық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инжерлік құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технология институттары, 1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған педагогикалық институттары ашылды. 1986 – 87 оқу жылында Қазақстанда 55 Жоғары оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды. Кеңес өкіметі жылдарында Жоғары оқу орындарын ректор, оның факультеттерін декан басқарды. Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын кафедралар ұйымдастырды. Жоғары оқу орындарының немесе факультеттің атқаратын негізгі қызметіне орай тиісті шешім қабылдау үшін ректор немесе декан басқаратын ғылыми кеңес құрылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы Жоғары оқу орындарыдары елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Республиканың жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономика жолын таңдауына байланысты бұрыннан қалыптасқан Жоғары оқу орындарын қайта жасақтап, оларды басқаруды жетілдіру (ықшамдау, қосу, тарату) және соған орай әлеуметтік сұраныс пен талапқа жауап бере алатын сапалы мамандар даярлау қажеттілігі туындады. Сонымен қатар өзге меншік нысандары тәрізді Жоғары оқу орындарын да ішінара мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесі жүргізілді, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес Жоғары оқу орындары құрылды. Қазақстандағы Жоғары оқу орындарына Білім және ғылым министрлігі басшылық етеді және олар меншік түрлеріне қарамастан сол министрлік бекіткен негізгі бағдарламалар бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ меншік түріне қарамастан студенттерге бірдей дәрежедегі дипломдар тапсырылады. Сабақ курстық жүйемен жүреді. Оқу жылы 2 семестрден құралады. Әр семестр соңында студент сынақтан өтіп, емтихан тапсыруы тиіс. Соңғы курс студенттері барлық бағдарламалық жұмыстарды орындап, сынақтардан өткен соң, мемлекеттік емтихан тапсырады. Техникалық Жоғары оқу орындарында дипломдық жоба, кейбіреулерінде дипломдық жұмыс қорғалады. Сонымен қатар өндірістен қол үзбей оқитындар үшін Жоғары оқу орындарының кешкі және сырттай оқу бөлімдері ұйымдастырылған. 2001 ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар: 1) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; 2) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; 3) Қазақ ұлттық аграрлық университеті; 4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; 5) С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті; 6) Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; 7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; 8) Қазақ ұлттық музыка академиясы. Ерекше мәртебесі бар Жоғары оқу орындарына құрылымы мен құрамын жасақтап, еңбекақы тағайындауда, оқу, ғылыми және әдістемелік жұмыстарды жүргізуде, жоғары білім беру жүйесін дамытуда, ғылыми-педагогикалық кадрларға доцент және профессор ғылыми атағын тағайындауда, т.б. мәселелерде еркіндік беріледі. 2001 ж. 19 шілдеде 58 Жоғары оқу орындары мемлекеттік аккредитациялаудан өтті. Осы жылы мемлекеттік емес оқу орындарының саны 121-ге жетті. Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының 73% мемлекеттік емес оқу орындары. Жастардың Жоғары оқу орындарында оқып білім алуы үшін оқудың ақылы түрінен өзге грант және несие жүйесін ұйымдастыру қарастырылған. Жергілікті жерлердегі мамандарға сұранысты арнайы зерттеушілік теуден кейін жасалған қорытынды бойынша аса қажетті мамандықтарға грант пен несие бөлуде басымдылық беріліп, мемлекеттік бюджет тарапынан жыл сайын қаражат бөлінеді. Сынақ талаптары бойынша тестік көрсеткіштерден қажетті балл жинаған абитуриенттер Жоғары оқу орындарына қабылданады. 2000 – 2001 оқу жылында Қазақстандағы Жоғары оқу орындары студенттерінің саны 267447 болды.  
05.12.2012 05:15 9090

Жоғары мектеп – жалпы немесе арнаулы орта дәрежелі білім негізінде жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындарының жалпы атауы. Оларда әр түрлі өнеркәсіптер мен құрылыстар, жол қатынасы, байланыс бөлімдері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, т.б. салалардағы практикалық, педагогикалық немесе ғылыми қызметке мамандар даярланады. Жоғары мектепке университеттер, политехникалық және салалық (инженерлік, ауыл шаруашылығы , экономикалық, медициналық, заң, педагогикалық, көркемөнер, т.б.) институттар, академиялар, жоғары училищелер, т.б. жатады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, беретін білімнің көлеміне, даярланатын мамандардың біліктілік деңгейіне қарамай, толық орта білім негізінде мамандыққа даярлайтын кез келген оқу орны Жоғары мектеп болып есептеледі. Сондықтан бірқатар елдерде Жоғары мектеп қатарына тек жоғары оқу орындары ғана емес, сонымен бірге техникумдар мен арнаулы орта оқу орындары дәрежесінде кадрлар даярлайтын оқу орындары да жатады.

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог кадрлар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы , мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындарыда бар. Б.з.б. Афина мен Римде, б.з. 425 ж. Константинопольде ашылған, өз дәуірі үшін Жоғары оқу орындары болып саналған философиялық мектептер “университет” деп аталды. Нағыз Жоғары оқу орындары түріндегі университеттер 11 – 12 ғ-ларда Италияда (Салерно және Болонья), Францияда (Париж), 12 – 13 ғ-лар аралығында Испанияда (Саламанка), Англияда (Оксфорд) пайда болды. ТМД елдеріндегі алғашқы жоғары мектептер Грузиядағы Колхида (4 ғ.), Икалто, Герм, Гелат (11 – 12 ғ-лар) академиялары болды. 13 – 14 ғ-ларда Англия, Италия, Португалия, Испания, Чехия, Польша, Германия, т.б. елдерде университеттер құрылды. 1579 ж. Вильнюс академиясы, 1632 ж. Киев – Могилян академиясы, 1687 ж. Мәскеуде Славян-грек-латын академиясы, т.б. Жоғары оқу орындары құрылды.
17 – 18 ғ-лардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы университеттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті. Ресейде Мәскеу математика және навигация ғылымдар мектебі (1701), Санкт-Петербург теңіз академиясы (1715) мен Тау-кен училищесі (1773), т.б. оқу орындары ашылды. Тұңғыш орыс университеті 1725 ж. Санкт-Петербургте ҒА-ның жанынан (Академиялық университет) ашылды. 1755 ж. М.В. Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 ж. Қазан университеті құрылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде машина өндірісінің дамуына байланысты көптеген елдерде университеттермен қатар инженерлік және басқа да Жоғары оқу орындары ашылды.
Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі Жоғары оқу орындарыдары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919 – 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа жастарына жалпы орта білім беру және Жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы факультеттері ашылды. 1921 ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тәрізді танымал жазушылар оқып бітірді. 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі Орталық болды. Университет жанында қазақ жастары үшін арнаулы даярлық бөлімі ашылды. Одан жүздеген қазақ жастары білім алды. 1920 ж. Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды. Сондай-ақ, осы жылдың күзінде Семейде халық ағарту институты құрылса, 1921 ж. Орынборда Қазақ халық ағарту институты (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту институты ашылды.
1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту институты Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды. Бұл институттың тұңғыш директоры Т.К. Жүргенов болды. Институттың физика-математика, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық және лингвистика бөлімдері болды. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты (Алматы мемлекеттік университеті). Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұбанов, т.б. дәріс оқыды. Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1930), Қазақ медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1931) ашылды. 1932 ж. Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40,5%-ы қазақ жастары болды. 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті мен Кен-металлургия институты ашылды. 1950 – 60 ж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медициналық институттар, Алматыда халық шаруашылығы, Қарағандыда политехникалық және кооперативтік, Павлодарда индустриалдық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инжерлік құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технология институттары, 1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған педагогикалық институттары ашылды.
1986 – 87 оқу жылында Қазақстанда 55 Жоғары оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды. Кеңес өкіметі жылдарында Жоғары оқу орындарын ректор, оның факультеттерін декан басқарды. Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын кафедралар ұйымдастырды. Жоғары оқу орындарының немесе факультеттің атқаратын негізгі қызметіне орай тиісті шешім қабылдау үшін ректор немесе декан басқаратын ғылыми кеңес құрылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы Жоғары оқу орындарыдары елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Республиканың жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономика жолын таңдауына байланысты бұрыннан қалыптасқан Жоғары оқу орындарын қайта жасақтап, оларды басқаруды жетілдіру (ықшамдау, қосу, тарату) және соған орай әлеуметтік сұраныс пен талапқа жауап бере алатын сапалы мамандар даярлау қажеттілігі туындады. Сонымен қатар өзге меншік нысандары тәрізді Жоғары оқу орындарын да ішінара мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесі жүргізілді, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес Жоғары оқу орындары құрылды. Қазақстандағы Жоғары оқу орындарына Білім және ғылым министрлігі басшылық етеді және олар меншік түрлеріне қарамастан сол министрлік бекіткен негізгі бағдарламалар бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ меншік түріне қарамастан студенттерге бірдей дәрежедегі дипломдар тапсырылады. Сабақ курстық жүйемен жүреді. Оқу жылы 2 семестрден құралады. Әр семестр соңында студент сынақтан өтіп, емтихан тапсыруы тиіс. Соңғы курс студенттері барлық бағдарламалық жұмыстарды орындап, сынақтардан өткен соң, мемлекеттік емтихан тапсырады. Техникалық Жоғары оқу орындарында дипломдық жоба, кейбіреулерінде дипломдық жұмыс қорғалады. Сонымен қатар өндірістен қол үзбей оқитындар үшін Жоғары оқу орындарының кешкі және сырттай оқу бөлімдері ұйымдастырылған. 2001 ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар:
1) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
2) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
3) Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
5) С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
6) Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
8) Қазақ ұлттық музыка академиясы.
Ерекше мәртебесі бар Жоғары оқу орындарына құрылымы мен құрамын жасақтап, еңбекақы тағайындауда, оқу, ғылыми және әдістемелік жұмыстарды жүргізуде, жоғары білім беру жүйесін дамытуда, ғылыми-педагогикалық кадрларға доцент және профессор ғылыми атағын тағайындауда, т.б. мәселелерде еркіндік беріледі. 2001 ж. 19 шілдеде 58 Жоғары оқу орындары мемлекеттік аккредитациялаудан өтті. Осы жылы мемлекеттік емес оқу орындарының саны 121-ге жетті. Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының 73% мемлекеттік емес оқу орындары. Жастардың Жоғары оқу орындарында оқып білім алуы үшін оқудың ақылы түрінен өзге грант және несие жүйесін ұйымдастыру қарастырылған. Жергілікті жерлердегі мамандарға сұранысты арнайы зерттеушілік теуден кейін жасалған қорытынды бойынша аса қажетті мамандықтарға грант пен несие бөлуде басымдылық беріліп, мемлекеттік бюджет тарапынан жыл сайын қаражат бөлінеді. Сынақ талаптары бойынша тестік көрсеткіштерден қажетті балл жинаған абитуриенттер Жоғары оқу орындарына қабылданады. 2000 – 2001 оқу жылында Қазақстандағы Жоғары оқу орындары студенттерінің саны 267447 болды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға