Жаңалықтар

Әңгіме-дүкен құру

  Әңгіме-дүкен құру - ауыл арасы немесе ауыларалық аралас-құралас адамдардың ақылдасу түрінде өтетін кішігірім жиыны. Әңгіме-дүкен құрудың қандай деңгейде өтетіні жиынның өзегі болатын мәселенің сипаты мен ауқымына байланысты болды. Әдетте айтулы оқиғаға, жесір дауы, жер дауына, шаруашылыктың сан алуан қат мәселелеріне, ғұрыптық және мерекелік шараларды атқаруға байланысты ауылдың беделді адамдарының ұйымдастырылуымеп өтеді. Кішігірім дау-шар немесе ошақ қасы от басы дейтіндей мәселелер ауыл ішінде- ақ қарастырыла береді. Ал көш-қон, қырқым, келім түсіру, қыз ұзату сияқты ауқымды мәселслср ауыларалық деңгейдегі әңгіме-дүкен құрудың барысында шешіліп отырылды. Әңгіме-дүкен құру жылдың жылы мезгілдерінде - көктемнің соңғы айында, жаз кезінде және ерте күзде ұйымдастырылды. Әңгіме-дүкен құруға әдетте ауылдың сыртындағы биіктеу келген адамдардың отырып-тұруына ыңғайлы жер таңдалды. Әңгіме-дүкен құруға жастар жағы да жиын барысына тікелей араласпаса да ерекше ықыласпен қатысқан. Әңгіме-дүкен құрудың билер кеңесі немесе ақсақалдар кеңесі сияқты институттардан айырмашылығы сол, мұндағы мәселелердің қаузалуы бейресми сипатта болады. Ондағы мәселелерді талқылауға әркімнің де мүмкіншілігі болды. Ана тілімізде сақталған «әңгіме дүкенін ағытты» және «әңгіме көрігін қыздырды» дейтін белгілі сөз орамдары жиынға қатысушы адамдардың арасындағы қарым-қатынастың, әңгіменің еркін желіске құрылатындығына байланысты айтылған. Әлбетте, дәстүрлі ортада орныққан әлеуметтік қатынастардың беделді адамдардың, үлкеннің, кішінің, әйел затының орны сияқты институттандырылған іргелі этикалық нормалары қатаң сақталынды. Әңгіме-дүкен құрудың ұйымдасқан түрде атқарылып отырғандықтары сондықтан. Әңгіме-дүкен құрудың аяғы әзіл-оспақ, ән салу, күй тарту сияқты көңіл көтеру шараларына ұласып отырды. Қазақы ортада дүкен ұғымы ұсталық кәсіппен байланысты болғандықтан ерекше қасиетті деп есептелінді. Яғни кез келген ахуалға байланысты қолданыла бермеген. Соған қарағанда, қазақы ортада әңгіме-дүкен құру үрдісінің ерекше бейресми институционалдық мәртебесі болды деуге болады. Әңгіме-дүкен құру барысында шешімін таппаған ерекше ауқымды даулы мәселелер билер кеңесі немесе ақсақалдар кеңесі сияқты, тіпті, билер сотына ұсынылып отырды. Бірак, этнографиялық деректерге қарағанда әңгіме-дүкен құру барысында-ақ қаузалған мәселелердің дені «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген принцип бойынша өзінің шешімін тауып отырған. Әңгіме-дүкен құру аталмыш мәселелерді әбжіл әрі тиімді шешудің ерекше тәсілі болды. Сонымен бірге әңгіме-дүкен құру қазақы ортадағы әлеуметтік қатынастарды нығайтып отырудың да құралына айналды. Әсіресе, жастарды ата-баба жолы рухында тәрбиелеудегі, яғни әлеуметтендірудегі орны мен рөлі айырықша болды. Әңгіме-дүкен құруды дастарқан басында немесе ауыл ішінде жақын адамдар арасында болып тұрған әңгіме-сұхбат сияқты үрдіспен шатастыруға және оған теңеуге болмайды. Дәстүрлі қазақ коғамының бұрынғы әлеуметтік қауқары қожырауына байланысты әңгіме-дүкен құру өзінің бастапқы функциясынан айырылды. Қазір дос-жаран адамдардың өзара шүйіркелескісі келетіндігін білдіретін әңгіме-дүкен құрайық дейтін сөз орамы баяғы қайранға айналған қазақы дәстүрдің жаңғырығы ғана іспеттес.
05.12.2012 05:12 6119

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға