Жаңалықтар

Ұйғыр ауданы

Ұйғыр ауданы - облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1934 жылы құрылған. Жер аумағы 8,73 км2. Халқының саны 63,8 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 26 елді мекен 14 аудандық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы — Шонжы аулы. Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сегеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Кетеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Жер қойнауында Көлжат (Қалжат) тас көмір кені, радиоактивті кені, Шонжы әк тас кені барланып, өндірілуде. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар. Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шагын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Шарын өзенінің аңғарында табиғат ескерткіштері саналатын аумағы 5014 га реликті шетен тоғайы өседі. Согдиан ерені, емен, тораңғы, Іле итмурыны, Іле қарақаты, Михельсон кермегі сияқты өсімдіктер Қазақстанның " Қызыл кітабына" енгізілген. Жануарлардан: Тянь Шань қоңыр аюы, таутеке, шошқа (доңыз), елік, борсық, суыр, қасқыр, түлкі, қоян, ақтиін, ондатра; құстардан: ұлар, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, көгершін, бүркіт, сұңқар, қырғи, т.б. мекендейді. Ауданда 1997 жылына дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, астық, бау-бақша, көкөніс, картоп, құс өсіруге маманданған 3 кеңшар, 18 ұжымшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде 2 акционерлік қоғам, 13 ЖШС, 1,5 мыңға жуық шаруа қожалығы құрылды. Республика, обл. бағыныстағы Үйғыр аудданының салық к-ті, Шонжы мемл. қазыналық көсіпорыны, № 2534- әскери бөлімше, ішкі істер бөлімі, прокуратура, халықтық сот, аудандық электр энергия жүйесі, телекоммуникация, "Су торабы" кәсіпорны, аудандық аурухана, санэпидстанса, т.б. мекемелер орналасқан. Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар мен ұйғырлар, одан басқа орыстар, украиндар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. 1 км2- ге шаққандағы халықтың орташа тығыздығы 7,3 адам. Ірі елді мекендері: Шонжы (20,1 мың адам), Шарын (5,7), Сүмбе (3,1), Үлкен Ақсу (3,4), т.б. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық. Ауданда 139,7 мың қой мен ешкі, 21,3 мың ірі қара мал, 11,9 мыңжылқы, 416 шошқа, 94,2 мың құс бар (2002). Білім беру, мәдениет саласында 32 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік-техниқалақ мектеп, 3 кітапхана, 6 мәдениет үйі, т.б. жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінен: аудандық аурухана, емхана, туб-диспансер, 3 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акушерлік пункт, 7 610 фельдш. пункт бар. Сонымен бірге аудан аумағында "Ара-сан", "Таугүл" атты сауықтыру орындары елге қызмет көрсетеді. Ауданнан елге танымал Хангелді, Еспер, Қарақұл батыр, т.б. тарихи тұлғалар шыққан. Ұйғыр аудан аумағынан Алматы-Шонжы-Жаркент-Қорғас және Алматы-Шонжы-Қолжат- Қытай автомоб. жолы өтеді. Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан Шонжы ауданына дейінгі қашықтық 355 км, Алматыдан Шонжыға дейін 214 км.Жетісу энциклопедия.  
05.12.2012 05:11 9801

Ұйғыр ауданы - облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1934 жылы құрылған. Жер аумағы 8,73 км2. Халқының саны 63,8 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 26 елді мекен 14 аудандық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы — Шонжы аулы.

Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сегеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Кетеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Жер қойнауында Көлжат (Қалжат) тас көмір кені, радиоактивті кені, Шонжы әк тас кені барланып, өндірілуде. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар. Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шагын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Шарын өзенінің аңғарында табиғат ескерткіштері саналатын аумағы 5014 га реликті шетен тоғайы өседі. Согдиан ерені, емен, тораңғы, Іле итмурыны, Іле қарақаты, Михельсон кермегі сияқты өсімдіктер Қазақстанның " Қызыл кітабына" енгізілген. Жануарлардан: Тянь Шань қоңыр аюы, таутеке, шошқа (доңыз), елік, борсық, суыр, қасқыр, түлкі, қоян, ақтиін, ондатра; құстардан: ұлар, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, көгершін, бүркіт, сұңқар, қырғи, т.б. мекендейді.

Ауданда 1997 жылына дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, астық, бау-бақша, көкөніс, картоп, құс өсіруге маманданған 3 кеңшар, 18 ұжымшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде 2 акционерлік қоғам, 13 ЖШС, 1,5 мыңға жуық шаруа қожалығы құрылды. Республика, обл. бағыныстағы Үйғыр аудданының салық к-ті, Шонжы мемл. қазыналық көсіпорыны, № 2534- әскери бөлімше, ішкі істер бөлімі, прокуратура, халықтық сот, аудандық электр энергия жүйесі, телекоммуникация, "Су торабы" кәсіпорны, аудандық аурухана, санэпидстанса, т.б. мекемелер орналасқан.

Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар мен ұйғырлар, одан басқа орыстар, украиндар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. 1 км2- ге шаққандағы халықтың орташа тығыздығы 7,3 адам. Ірі елді мекендері: Шонжы (20,1 мың адам), Шарын (5,7), Сүмбе (3,1), Үлкен Ақсу (3,4), т.б.

Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық. Ауданда 139,7 мың қой мен ешкі, 21,3 мың ірі қара мал, 11,9 мыңжылқы, 416 шошқа, 94,2 мың құс бар (2002). Білім беру, мәдениет саласында 32 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік-техниқалақ мектеп, 3 кітапхана, 6 мәдениет үйі, т.б. жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінен: аудандық аурухана, емхана, туб-диспансер, 3 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акушерлік пункт, 7 610 фельдш. пункт бар. Сонымен бірге аудан аумағында "Ара-сан", "Таугүл" атты сауықтыру орындары елге қызмет көрсетеді. Ауданнан елге танымал Хангелді, Еспер, Қарақұл батыр, т.б. тарихи тұлғалар шыққан. Ұйғыр аудан аумағынан Алматы-Шонжы-Жаркент-Қорғас және Алматы-Шонжы-Қолжат- Қытай автомоб. жолы өтеді.

Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан Шонжы ауданына дейінгі қашықтық 355 км, Алматыдан Шонжыға дейін 214 км.Жетісу энциклопедия.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға