Жаңалықтар

Неандерталь адамы

Неандерталь адамы (Homo neanderthalensіs) – қаңқа қалдықтары ғана сақталған ертедегі адамдардың жеке тобы. Олар ауызекі сөзде ертедегі адамдар, ал ғылыми әдебиеттерде палеоантроптар (грекше “palaіos” – ертедегі “anthropos” – адам) деп аталады. Адамның тарихи даму кезеңінде Неандерталь адамы ежелгі адамдар (архантроптар) мен қазіргі адамдардың (неоантроптар) арғы тегін жалғастырушылар деп есептеледі. Неандерталь адамының ең алғашқы қаңқасы 1856 жылы Батыс Германиядағы Дюссель өзенінің Неандерталь аңғарынан табылды. Сондықтан да оны ағылшын геологі Вильям Кинг 1863 жылы “Неандерталь адамы” деп атауды ұсынды. Неандерталь адамдарының қаңқа-қалдықтары кейін Еуропаның, Африканың және Азияның көптеген аймақтарынан табылған. Ғалымдар бұл қаңқа қалдықтарын зерттеудің нәтижесінде Неандерталь адамының екі бағытта дамығанын анықтады. Олардың бір тобының дене тұрқы ірі, бұлшық еттері өте жақсы дамыған, маңдайы тайқы, шүйдесі қысқа, қабағы шығыңқы, иегі айқын білінбейді және тістері ірі, әрі жалпақ болған. Миының салмағы орташа 1400 – 1500 грамм. Олар топ құрып, бір-бірімен жеке сөздерді пайдалану арқылы қарым-қатынас жасаған. Неандерталь адамының екінші тобының маңдайы тіктеу, әрі биік, қабағы онша айқын емес, жақ сүйектері жұқа, иегі жақсы дамымаған. Дене тұрқы бірінші топтағылармен салыстырғанда шағын, миының маңдай бөлігі үлкен. Олар топтанып ірі жануарларды аулаған, отты пайдалана білген. Орта жағдайларының қолайсыз мерзімдерінде аулаған жануарларының терісін үстеріне жамылып, үңгірлерге тығылған. Антрополог ғалымдардың пікірі бойынша Неандерталь адамдары бұдан 300 – 350 мың жыл бұрын Еуропада, Африкада және Азияда өмір сүрген. Қазіргі кезде олардың 400-ден астам қаңқа қалдықтары Франция, Бельгия, Қырым, Солтүстік Кавказ, Израиль, Ирак, Өзбекстан, т.б өңірлерден табылды. Олар өсімдіктердің тамырларын, жемістерін жинап, аң аулаумен шұғылданған. Тастан, сүйектерден еңбек құралдарын жасап, өлген адамдарды жерлеу рәсімін қалыптастырған. Олардың арасында бірін-бірі жеу (каннибализм) орын алды. Неандерталь адамы орташа есеппен 30 жас өмір сүрген. Неандерталь адамдарының қаңқа қалдықтары Қазақстан жерінен әзірше табылған жоқ, бірақ олардың қоныс орындары, пайдаланған еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, т.б. өңірлерден анықталды.
05.12.2012 05:10 52697

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға