Жаңалықтар

Құлманов Бақтыгерей

Құлманов Бақтыгерей — Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мем­ле­кеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты 1888(1888). 1859 жылы 22 желтоқсанда Астрахань губерниясындағы Ни­кольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) туған. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды. 1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтар­дың бірі, күміс медальмен мара­пат­талған. 1881 жылы Сән-Питербор университетінің заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курс­та қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет бас­шы­лығы рұқсат бермеген­дік­тен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бас­тап университеттің Шығыс тіл­дері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда № 877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17-қыр­күйек­тегі ұйғарымымен канди­дат­тық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады. ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань гу­бернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады. 1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының де­путациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында бола­ды да депутация атынан арнау сөз сөйлейді. 1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шыға­ды. 1 Мемлекеттік думаға Ставро­поль және Астрахань губернияла­рының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губер­ния­сының қазақтарынан Б. Құл­манов, ал Ставрополь губерния­сының қалмақтарынан Давид Церенджиб Нойон Тундутов сай­ланады. Құлманов 1907 жылы 2 Мем­ле­кеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек. 1917 жылы 21-25 сәуір ара­лы­ғында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтары­ның, яғни Бөкей ордасының ко­мис­сары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қы­зыл өкіметі орнағанша атқарады. 1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыла­рының съезі өтеді. Онда Б.Құл­ман­ов жер мәселесі жөнінде баян­дама жасайды. Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскі­ден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерния­сын­дағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді. 1917 жылы 21-26 шілде ара­лы­ғында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат­тыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жи­на­лысына депутаттыққа ұсыныл­ған адамдарды сипаттай келе Ба­қыт­керей туралы: «…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 июнь жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақытке­рейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты», деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді. Ал 1917 жылы 5-13 желтоқ­сан­да өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Алашорда үкіметінің төраға­сы­ның орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлман­овтың да түсуі де көп жайтты аң­ғартады. Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.
05.12.2012 05:10 8057

Құлманов Бақтыгерей — Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мем­ле­кеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты 1888(1888).

1859 жылы 22 желтоқсанда Астрахань губерниясындағы Ни­кольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) туған. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды.

1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтар­дың бірі, күміс медальмен мара­пат­талған.

1881 жылы Сән-Питербор университетінің заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курс­та қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет бас­шы­лығы рұқсат бермеген­дік­тен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бас­тап университеттің Шығыс тіл­дері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда № 877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17-қыр­күйек­тегі ұйғарымымен канди­дат­тық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады.

ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань гу­бернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады.

1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының де­путациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында бола­ды да депутация атынан арнау сөз сөйлейді.

1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шыға­ды.

1 Мемлекеттік думаға Ставро­поль және Астрахань губернияла­рының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губер­ния­сының қазақтарынан Б. Құл­манов, ал Ставрополь губерния­сының қалмақтарынан Давид Церенджиб Нойон Тундутов сай­ланады.

Құлманов 1907 жылы 2 Мем­ле­кеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек.

1917 жылы 21-25 сәуір ара­лы­ғында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтары­ның, яғни Бөкей ордасының ко­мис­сары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қы­зыл өкіметі орнағанша атқарады.

1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыла­рының съезі өтеді. Онда Б.Құл­ман­ов жер мәселесі жөнінде баян­дама жасайды.

Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскі­ден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерния­сын­дағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді.

1917 жылы 21-26 шілде ара­лы­ғында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат­тыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жи­на­лысына депутаттыққа ұсыныл­ған адамдарды сипаттай келе Ба­қыт­керей туралы: «…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 июнь жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақытке­рейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты», деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді.

Ал 1917 жылы 5-13 желтоқ­сан­да өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады.

Алашорда үкіметінің төраға­сы­ның орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлман­овтың да түсуі де көп жайтты аң­ғартады. Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға