Жаңалықтар

Ұғымның айқындамасы

Ұғымның айқындамасы Ұғымдарды жалпылау және шектеу. Ұғымды жалпылау деп киінгі көлемді болса да тар мазмұнды ұғымнан, үлкен көлемді болса да тар мазмұнды ұғымға ауысуды айтамыз. Мысалы, "Қазақ Мемлекеттік университеті" (А) ұғымын жалпылағанда "мемлекеттік университет" (В) болып шығады, ал соңғы ұғымды одан әрі жалпыласақ — "университет" (С) ұғымы шығады. Ұғымдарды жалпылау шексіз жүргізіле бермейді, белгілі бір ғылымдар шеңберінде ғана жүргізіледі. Ұғымдарды жалпылау, олардың мейлінше кең көлемді категорияларын қамтуға дейін жүргізіледі. Мысалы, "материя", "сана", тағы басқа. Категориялар тектік ұғымға қамтылмайды, сондықтан оларды жалпылауға болмайды. Жалпылауға қарама-қарсы операциялар шектеу операциялары болып шығады. Демек, ұғымдарды шектеу деп көлемі үлкен, болса да тар мағыналы ұғымнан, көлемі тар болса да мағынасы кең ұғымга етуді айтамыз. Мысалы, "мемлекет" ұғымын шектей келе, "Орталық Азиядағы мемлекет" ұғымып аламыз. Шектеудің шегі бұл жерде "Қазақстан" ұғымына барып тіреледі. Шеңберлік сызбаның көмегімен шектеу операциялары жалпылау операцияларындағыдай белгіленеді.   Ұғымдарды айқындау. Ғылыми және практикалық іс жүзінде қарастырылып отырған затты өзге заттармен шатастырмай, терминдер мен сөздердің мағыналарын дәл ажырату үшін пайындалатын ұғымдардың мазмұнын ашу кажеттігі үнемі туындап отырады. Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашық беретін логикалық операция айқындама (дефиниция — defintio — айқындау) деп аталады. Мазмұнын ашу қажет болып тұрған ұғым — айқындалушы ұғым, айқындалушы ұғымның мазмұнын ашып беретін ұғым — "айқындаушы ұғым деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге белінеді. Номиналды ( лат. потеп— есім ) айқындау деп, сол айқындаудың өзіне сүйеніп, белгілі бір заттың сипаттамасының орнына жаңа термин (есім) енгізуді айтамыз. Сонда айналымды айқындау жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орны ретінде айқындау номиналды болып табылады. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама "реалды" деп аталады. Қылмыс үстінде кінәланушының кінәсінің дәлелі ретінде айғақ ұғымының анықтамасы реалды болады. Айқындамалар айқын және айқын емес болып бөлінеді. Айқын анықтамаға затқа тән мәнді белгілерді тура көрсететін анықтамалар жатады. Олар екі анық көрініс беретін — анықтаушы және анықтаушы ұғымдардан тұрады.   Анықтау ережелері. Анықтама мазмұны жағынан акикатты болып қана қоймай, сонымен қоса өзінін; құрылымы мен формасы жағынан да дұрыс болуы керек. Егер анықтаманың ақиқаттығы анықталушы заттың қасиеттеріне шындығында көрсетілген белгілерге сәйкестігімен шарттасатын болса, онда оның дұрыстығы логикалық ережелермен реттелетін заттың құрылымына тәуелді болады. Ондай ережелер төртеу: Анықтамалар шамалас болуы керек. Шамаластық ережесі анықталатын ұғымның көлемі анықтайтын көлемге тең болуын талап етеді: тиісінше, олар тең мағыналық қатынаста болуы керек: А = ВС. Бұл ереженің жиі бұзылуынан анықтамада логикалық қателерге орын беріледі. Ондай қателердің түрлері: а) кең анықтама, А < ВС жағдайында. Мұндай қатені "жылқы сүт көректі және ұмыртқалы жануар" деген анықтамадан көрсетуге болады (мұнда "жылқы" ұғымын "сиыр" немесе "ешкі" ұғымынан ажырату мүмкін емес); ә) тар анықтама, А > ВС жағдайында. Мұндай қате "өндіргіш күштерге еңбек құралдары, сонымен қоса біліктілігімен, еңбек тәсілдерімен адамдардың өздері де жатады" деген анықтамада кездеседі. (Өндіргіш күштерге еңбек құралдары ғана емес,барлық құрал-жабдықтар жатады.) Анықтамада шеңбер болуы керек. Егер ұғымды анықтау кезінде біз ез кезегінде алғашқы ұғым арқылы пайдаланып анықталатын ұрымды қолданатын болсақ, онда мұндай анықтамада шеңбер бар болып шығады. Мысалы, айналыс дегеніміз — біліктің айналасындағы қозғалыс, ал білік дегеніміз — айналасында айналыс болатын тұзу. Айналатын ұғымды қайталайтын анықтаушы ұғымы бар қате анықтама-тавтология анықтамадағы шеңбердің бір түрі болып табылады. Мысалы, математик — математикамен, тарихшы — тарихпен айналысатын адам. Анықтама анық болуы керек. Ол анықтама беруді қажет етпейтін, мәні күңгірт болмайтын, танымал белгілерді қамтуы керек. Бұл ереженің бұзылуы логикалық қателерге, белгісізді белгісіз арқылы анықтауға апарып соқтырады. Анықтаушы ұғымдар арасында метафоралар мен бейнелі теңеулерді емес, түрлі ғылымдарда анықталған ұғымдарды беру қажет. Метафора арқылы анықтама берудің мысалы ретінде "Архитектура қатып қалған әуен" дегенді келтіруге болады. Анықтама құптамайтын болмауы керек. Құптамайтын анықтама анықталатын ұғымның мазмұнын аша алмайды. Ол ұғымның қандай екендігін көрсетпейді, қандай емес екендігін көрсетеді. Оның мысалына "салыстыру — дәлелдеу емес" деген анықтаманы алуға болады.  
05.12.2012 05:09 10597

Ұғымның айқындамасы

Ұғымдарды жалпылау және шектеу.

Ұғымды жалпылау деп киінгі көлемді болса да тар мазмұнды ұғымнан, үлкен көлемді болса да тар мазмұнды ұғымға ауысуды айтамыз. Мысалы, "Қазақ Мемлекеттік университеті" (А) ұғымын жалпылағанда "мемлекеттік университет" (В) болып шығады, ал соңғы ұғымды одан әрі жалпыласақ — "университет" (С) ұғымы шығады.

Ұғымдарды жалпылау шексіз жүргізіле бермейді, белгілі бір ғылымдар шеңберінде ғана жүргізіледі. Ұғымдарды жалпылау, олардың мейлінше кең көлемді категорияларын қамтуға дейін жүргізіледі. Мысалы, "материя", "сана", тағы басқа. Категориялар тектік ұғымға қамтылмайды, сондықтан оларды жалпылауға болмайды.

Жалпылауға қарама-қарсы операциялар шектеу операциялары болып шығады. Демек, ұғымдарды шектеу деп көлемі үлкен, болса да тар мағыналы ұғымнан, көлемі тар болса да мағынасы кең ұғымга етуді айтамыз. Мысалы, "мемлекет" ұғымын шектей келе, "Орталық Азиядағы мемлекет" ұғымып аламыз. Шектеудің шегі бұл жерде "Қазақстан" ұғымына барып тіреледі. Шеңберлік сызбаның көмегімен шектеу операциялары жалпылау операцияларындағыдай белгіленеді.
 
Ұғымдарды айқындау.

Ғылыми және практикалық іс жүзінде қарастырылып отырған затты өзге заттармен шатастырмай, терминдер мен сөздердің мағыналарын дәл ажырату үшін пайындалатын ұғымдардың мазмұнын ашу кажеттігі үнемі туындап отырады. Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашық беретін логикалық операция айқындама (дефиниция — defintio — айқындау) деп аталады. Мазмұнын ашу қажет болып тұрған ұғым — айқындалушы ұғым, айқындалушы ұғымның мазмұнын ашып беретін ұғым — "айқындаушы ұғым деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге белінеді. Номиналды ( лат. потеп— есім ) айқындау деп, сол айқындаудың өзіне сүйеніп, белгілі бір заттың сипаттамасының орнына жаңа термин (есім) енгізуді айтамыз. Сонда айналымды айқындау жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орны ретінде айқындау номиналды болып табылады. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама "реалды" деп аталады. Қылмыс үстінде кінәланушының кінәсінің дәлелі ретінде айғақ ұғымының анықтамасы реалды болады. Айқындамалар айқын және айқын емес болып бөлінеді. Айқын анықтамаға затқа тән мәнді белгілерді тура көрсететін анықтамалар жатады. Олар екі анық көрініс беретін — анықтаушы және анықтаушы ұғымдардан тұрады.
 
Анықтау ережелері.

Анықтама мазмұны жағынан акикатты болып қана қоймай, сонымен қоса өзінін; құрылымы мен формасы жағынан да дұрыс болуы керек. Егер анықтаманың ақиқаттығы анықталушы заттың қасиеттеріне шындығында көрсетілген белгілерге сәйкестігімен шарттасатын болса, онда оның дұрыстығы логикалық ережелермен реттелетін заттың құрылымына тәуелді болады. Ондай ережелер төртеу:
Анықтамалар шамалас болуы керек. Шамаластық ережесі анықталатын ұғымның көлемі анықтайтын көлемге тең болуын талап етеді: тиісінше, олар тең мағыналық қатынаста болуы керек: А = ВС. Бұл ереженің жиі бұзылуынан анықтамада логикалық қателерге орын беріледі. Ондай қателердің түрлері: а) кең анықтама, А < ВС жағдайында. Мұндай қатені "жылқы сүт көректі және ұмыртқалы жануар" деген анықтамадан көрсетуге болады (мұнда "жылқы" ұғымын "сиыр" немесе "ешкі" ұғымынан ажырату мүмкін емес); ә) тар анықтама, А > ВС жағдайында. Мұндай қате "өндіргіш күштерге еңбек құралдары, сонымен қоса біліктілігімен, еңбек тәсілдерімен адамдардың өздері де жатады" деген анықтамада кездеседі. (Өндіргіш күштерге еңбек құралдары ғана емес,барлық құрал-жабдықтар жатады.)


Анықтамада шеңбер болуы керек. Егер ұғымды анықтау кезінде біз ез кезегінде алғашқы ұғым арқылы пайдаланып анықталатын ұрымды қолданатын болсақ, онда мұндай анықтамада шеңбер бар болып шығады. Мысалы, айналыс дегеніміз — біліктің айналасындағы қозғалыс, ал білік дегеніміз — айналасында айналыс болатын тұзу. Айналатын ұғымды қайталайтын анықтаушы ұғымы бар қате анықтама-тавтология анықтамадағы шеңбердің бір түрі болып табылады. Мысалы, математик — математикамен, тарихшы — тарихпен айналысатын адам.


Анықтама анық болуы керек. Ол анықтама беруді қажет етпейтін, мәні күңгірт болмайтын, танымал белгілерді қамтуы керек. Бұл ереженің бұзылуы логикалық қателерге, белгісізді белгісіз арқылы анықтауға апарып соқтырады. Анықтаушы ұғымдар арасында метафоралар мен бейнелі теңеулерді емес, түрлі ғылымдарда анықталған ұғымдарды беру қажет. Метафора арқылы анықтама берудің мысалы ретінде "Архитектура қатып қалған әуен" дегенді келтіруге болады.


Анықтама құптамайтын болмауы керек. Құптамайтын анықтама анықталатын ұғымның мазмұнын аша алмайды. Ол ұғымның қандай екендігін көрсетпейді, қандай емес екендігін көрсетеді. Оның мысалына "салыстыру — дәлелдеу емес" деген анықтаманы алуға болады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға