Жаңалықтар

Үскірік

Үскірік. Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап — үскірік. Ол да ерте заманнан белгілі болған. Алайда соңғы жүз жылда қолданудан мүлде ұмыт қалған екен. 1974 жылы сентябрь айында бүл аспап Маңқыстау маңайынан табылды. Табылған аспапты жасаған шебер алпыстан асқан Балапаш Әнесов — Маңғышлақ облысы Маңқыстау ауданы, Емір совхозының түрғыны. Үскірікті ақсақалдың қызы, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Хадиша Балапашева арқылы алдырттық. Аспаптың үзындығы—120 мм, биіктігі—58 мм, үрлейтін ойығының диаметрі —7 мм. Сол жақтағы ойығынық диаметрі —4 мм, оң жақтағы ойығының диаметрі—5 мм. Ойығының саны орындаушының ойнау шеберлігімен байланысты болған. Ойықтың біреуін үрлеп, қалғандарынан саусақтарымен түрлі дыбыс шығарып отырған. Бүл ас-паптың өте шебер орындаушылары болған. Үскірікте тартылған күйлер сақталмаған, Үскіріктің үнін қүстың, даусына немесе басқа да түрлі дыбыстарға үқсас шығарған және халық әндерін орындаған. Бүл аспаптың орындаушылық мүмкіндіктері «Саз сырнайдың» ескі үлгісінен әлдеқайда молырақ. Аспап қолымызға тиісімен Б. Әнесовтің аулына барып қайттық. Ол кісі жас кезінде сыбызғыда, үскірікте, қамыс сырнайда ойнаған екен. Ал әкесі Қуатбай болса, кептеген аспаптарда, оның ішінде кернейде де ойнаған. Әкесінен көрген кернейдің үлгісіне келтіріп бізге ағаштан керней жасап берді. Көзбе-көз кездескеніміздің пайдасы — халық аспаптары жайында көптеген қызықты әңгімелерін естіп, үскіріктің, қамыс сырнайдың, кернейдің қалай жасалатынын көріп тамашаладық. Мысалы, үскірікті жасарда арнайы саздан үшбүрышты етіп екі жапырақша істеп, оларды кептірмей арасына қуыс қалдырып екеуін бір-біріне қосады. Үстіңгі жағындағы бүрыштың оң жағынан үрлейтін ойық теседі. Екінші бүрышының екі жағынан екі ойық тесіп шығарады. Кепкеннен кейін дыбыстың тазалығын келтіреді. Ойығын кеңейтсе дыбысы төмендейді. Ал, ойығы орнында болмаса, онда ол ойығын балшықпен бітеп, оны басқа жерден шығарады. Үскірікте орындауды меңгеріп алғаннан кейін біз одан дыбыс шығарудың, күйге келтіру мен дыбыс қатары түзілісінің, ойнау және діріл алу тәсілдерінің кейбір ерекшеліктері болатынын байқадық. Сонымен бірге оны өзге де көне аспаптарғақосып ансамбльге пайдаланудың жолын іздестірдік. Ол үшін бірде, яғни 1975 жылдың март айында Ңүрманғазы атындағы консерваторияның камера залында қылқобызшы Мықтыбаевтың 70 жасқа толу юбилейлік кешінде ойнап шықтық. Әсіресе шаңқобыз бен үскіріктің дуэті және үскірік, шаңқобыз, асатаяқ үшеуінің триосы әсерлі шықты. Бүдан байқағанымыз, үскірік пен саз сырнайды әр түрлі ансамбльдерге жасқанбай қосуға болатындығы еді. Үскірікті түрліше жолмен жасауға болады, мәселе оны жасаудың технологиясында сондай-ақ диапазонын кеңейту, түрін, ойнау ойықтарының санын көбейту, техникалық мүмкіндігін молайту төңірегінде болмақ. Әуелде біз оның көлемін бүрынғы ескі нүсқаларынан үлкен етіп жасадық. Сөйткенімізде негізгі тоны тым баяу және үні анық болмай шықтьі. Кейін көлемін көне үлгісінен онша алшақтатпай, бірақ төрт ойықты етіп жасадық. Енді негізгі тоны жоғарылады, даусы әуезді бола түсті, диапазоны едәуір кеңейді. Үскірікті жетілдіру мақсатында тәжірибе жүргізгенімізде оның түрін көне үлгісіне келтіріп, бірақ көлемін біршама үлкенірек етіп ағаштан қалып жасағанбыз. Мұндай қалыпта жасалған үскіріктің, негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы болып шығады (шанақтың төменгі бөлігінің ені—24 мм, жоғарғы бөлігінің ені —14 мм). Аспаптың диапазонын кеңейту үшін ойық санын көбейтуге, тура келді, сондай-ақ ойықтардың ойнау кезінде саусақтарға оңтайлы болып орналасуын қарастырдық. Дауыстың негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы сақталған жағдайда үшінші ойықтың көмегімен — до- диез екінші октава ала алдық. Үш ойықты аспаптың дыбыс қатары мынадай: бірінші октаваның си, екінші октаваның до-диез, ре-диез ми, фа-диез нотасы. Үскіріктің неғүрлым жетілдірілген нүсқасында төрт ойық болады, олардың үшеуі бет жағында, біреуі сыртында орналасқан. Аспапты ойнау кезінде оң қолдың бас бармағы және ортаңғы саусағымен үстайды. Оның дыбыс қатары үлкен секстаға кеңейтілді. Үш ойық бір мезгілде ашылса, екінші октаваның соль-диез нотасы алынады. Ал төрт ойықты түгел ашып екінші октаваның ля нотасын алуға болады. Сөйтіп, ең соңғы нүсқаның дыбыс қатары былай болып шықты: бірінші октаваның си, екінші октаваның додиез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасын. Бүрынғы замандағы көне нүсқасына қарағанда төрт ойықты үскіріктің артықшылықтары көп. Оны музыка сүйгіш қауымға көркем-өнерпаздар үйірмелеріне ұялмай ұсынуға болады. Бүл аспапты тез меңгеріп алу үшін оның дыбыс қатары, дыбыс шығару жолдары, ойнау әдістері жөнінде методикалық кеңес берілуі қажет. Бірыңғай үскіріктен ғана қүралған өзгеше ансамбль ұйымдастыру үшін дыбыс қатарының жоғары-төмендігі әр түрлі болып келетін бірнеше аспап жасап шығаруға нақты мүмкіндік бар. Жоғарыда айтылғандардан дэлелдейтініміз саз сырнай мен үскірік көп жайларда бір-біріне ұқсас. Осындай үк,- састықтың бір қызғылықты түрі халық шеберлері әр кездерде жасаған саз сырнай мен үскірікте дыбыс қатарының екінші дыбысы негізгі тоннан жоғары келтіріліп үлкен терцияға орналастырылған. Солай бола түра бұл аспаптардың арасында формасы, негізгі үні диапазоны, ойықтарынын, орналасуы, осыған орай саусақтың атқарар қызметі жағынан едәуір айырмашылық бар. Халық шеберлері жасаған үлгілеріне қарағанда қазіргі үскірік анағұрлым жетілдірілген аспап. Үскіріктің төрт ойығының диаметрі мынадай: біріншісі — 3 мм, екіншісі —5 мм, үшіншісі —6 мм, төртіншісі — A'12 мм. Үрлейтін ойығының диаметрі —77г мм. Ерін аппаратын қатайту немесе босаңсыту жолымен дыбыстың жоғары-төмеидігін ептеп өзгертуге болады. Ерінді созғанда дыбыс жоғарылайды. Аспаптың дыбыс қатарында төменгі дыбыстардың анық естілуі бір ойықтың диаметріне байланысты, ал жоғарғы регистрде — екі, үш ке одан да көп ойықтардың қатар ашылуымен байланысты. Үскірікте немесе саз сырнайда орындаушы сыбызғы тартушының дәстүрлі әдісіне салып негізгі тоннан төмен өз дауысын қоса алады. Сол шақта аспаптан қайталанбас, ғажап әуен қүйқылжып төгіледі де, тыңдаушысын баурап алады. Нақ осы әдісті халық арасынан шыққан музыкант- тар қолданды ма, жоқ па? Ол бізге белгісіз. Бурдон даусын қосқанда музыкант өз көмейінен созып дыбыс шығарады. Үскірікте саусақтар ойықтардың орналасу ретіне және аспаптың формасына қарай қимыл жасайды. Орындаушы Б. Әнесов үскіріктің екі жағындағы екі ойықты оң және сол қолының сүқ саусақтарымен басып ойнайды. Жетілдірілген үскірікте —«Елім-ай, «Елігай», «Ақ Баян», «Алатау», «Екі бала», «Ахау, Семей», «Жас келін» сияқты біршама күрделі халық әндерін, сондай-ақ «Қамбар батыр», «Нар идірген», «Кертолғау» сияқты күйлерді орындауға болады. Саз сырнай мен үскіріктің ерекшелігі сонда — бұл аспаптардың әрбір ойығы — өз дыбысынан басқа қосымша дыбыс та бере алады, ол үшін бірнеше ойығын ашып ойнау керек. Қазақтың үрлеп тартылатын басқа аспаптарында мүндай әдіс қолданылмайды. Сыбызғыда және басқа да үрлеп тартылатын аспаптарда дауыстың жоғары төмендігі саптағы ойықтардың орналасу тәртібіне байланысты десек, ал саздан жасалатын аспаптарда бұл — ойықтың диаметрінің көлеміне байланысты болады. Саз сырнай мен үскірік осы кітаптың авторы ұйымдастырған көркемөнер ансамбльдерінде, Қыздар педагогика институты жанындағы «Айгүл» вокальды-аспапты ансамблінде, сондай-ақ «Досмүқасанда», «Шертерде» пайдаланылып та жүр 1975 жылдың июль айында біз Торғай облысында болғанымызда бұл аспаптарды ондағы Мәдениет үйі жанындағы «Ғасырлар пернесі» атты ансамбльдің құрамына да енгіздік. Осы ансамбль мүшелері, қабілетті музыканттар Бақытжан Қапанова мен Тарғын Боранбаев үскірікте және саз сырнайда халық әндері «Елім-ай» мен «Елігайды», сондай-ақ «Толғау» күйін орындады. Жаңа аспаптар ансамбль үнінің көп тембрлі әуезін қүлпырта түсті. Қазақтың басқа аспаптарына қарағанда саз сырнай мен үскірікте ойнауды меңгеру онша қиын емес. Көне саз сырнай көп кешікпей көптегек көркем өнерпаздар коллективтерінің сүйікті музыкалық аспабына айналары хақ.
05.12.2012 05:05 8462

Үскірік. Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап — үскірік. Ол да ерте заманнан белгілі болған. Алайда соңғы жүз жылда қолданудан мүлде ұмыт қалған екен.

1974 жылы сентябрь айында бүл аспап Маңқыстау маңайынан табылды. Табылған аспапты жасаған шебер алпыстан асқан Балапаш Әнесов — Маңғышлақ облысы Маңқыстау ауданы, Емір совхозының түрғыны. Үскірікті ақсақалдың қызы, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Хадиша Балапашева арқылы алдырттық.

Аспаптың үзындығы—120 мм, биіктігі—58 мм, үрлейтін ойығының диаметрі —7 мм. Сол жақтағы ойығынық диаметрі —4 мм, оң жақтағы ойығының диаметрі—5 мм. Ойығының саны орындаушының ойнау шеберлігімен байланысты болған. Ойықтың біреуін үрлеп, қалғандарынан саусақтарымен түрлі дыбыс шығарып отырған. Бүл ас-паптың өте шебер орындаушылары болған. Үскірікте тартылған күйлер сақталмаған,

Үскіріктің үнін қүстың, даусына немесе басқа да түрлі дыбыстарға үқсас шығарған және халық әндерін орындаған. Бүл аспаптың орындаушылық мүмкіндіктері «Саз сырнайдың» ескі үлгісінен әлдеқайда молырақ.

Аспап қолымызға тиісімен Б. Әнесовтің аулына барып қайттық. Ол кісі жас кезінде сыбызғыда, үскірікте, қамыс сырнайда ойнаған екен. Ал әкесі Қуатбай болса, кептеген аспаптарда, оның ішінде кернейде де ойнаған. Әкесінен көрген кернейдің үлгісіне келтіріп бізге ағаштан керней жасап берді. Көзбе-көз кездескеніміздің пайдасы — халық аспаптары жайында көптеген қызықты әңгімелерін естіп, үскіріктің, қамыс сырнайдың, кернейдің қалай жасалатынын көріп тамашаладық. Мысалы, үскірікті жасарда арнайы саздан үшбүрышты етіп екі жапырақша істеп, оларды кептірмей арасына қуыс қалдырып екеуін бір-біріне қосады. Үстіңгі жағындағы бүрыштың оң жағынан үрлейтін ойық теседі. Екінші бүрышының екі жағынан екі ойық тесіп шығарады. Кепкеннен кейін дыбыстың тазалығын келтіреді. Ойығын кеңейтсе дыбысы төмендейді. Ал, ойығы орнында болмаса, онда ол ойығын балшықпен бітеп, оны басқа жерден шығарады.

Үскірікте орындауды меңгеріп алғаннан кейін біз одан дыбыс шығарудың, күйге келтіру мен дыбыс қатары түзілісінің, ойнау және діріл алу тәсілдерінің кейбір ерекшеліктері болатынын байқадық. Сонымен бірге оны өзге де көне аспаптарғақосып ансамбльге пайдаланудың жолын іздестірдік. Ол үшін бірде, яғни 1975 жылдың март айында Ңүрманғазы атындағы консерваторияның камера залында қылқобызшы Мықтыбаевтың 70 жасқа толу юбилейлік кешінде ойнап шықтық. Әсіресе шаңқобыз бен үскіріктің дуэті және үскірік, шаңқобыз, асатаяқ үшеуінің триосы әсерлі шықты. Бүдан байқағанымыз, үскірік пен саз сырнайды әр түрлі ансамбльдерге жасқанбай қосуға болатындығы еді.

Үскірікті түрліше жолмен жасауға болады, мәселе оны жасаудың технологиясында сондай-ақ диапазонын кеңейту, түрін, ойнау ойықтарының санын көбейту, техникалық мүмкіндігін молайту төңірегінде болмақ.

Әуелде біз оның көлемін бүрынғы ескі нүсқаларынан үлкен етіп жасадық. Сөйткенімізде негізгі тоны тым баяу және үні анық болмай шықтьі. Кейін көлемін көне үлгісінен онша алшақтатпай, бірақ төрт ойықты етіп жасадық. Енді негізгі тоны жоғарылады, даусы әуезді бола түсті, диапазоны едәуір кеңейді.

Үскірікті жетілдіру мақсатында тәжірибе жүргізгенімізде оның түрін көне үлгісіне келтіріп, бірақ көлемін біршама үлкенірек етіп ағаштан қалып жасағанбыз. Мұндай қалыпта жасалған үскіріктің, негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы болып шығады (шанақтың төменгі бөлігінің ені—24 мм, жоғарғы бөлігінің ені —14 мм).

Аспаптың диапазонын кеңейту үшін ойық санын көбейтуге, тура келді, сондай-ақ ойықтардың ойнау кезінде саусақтарға оңтайлы болып орналасуын қарастырдық.

Дауыстың негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы сақталған жағдайда үшінші ойықтың көмегімен — до- диез екінші октава ала алдық. Үш ойықты аспаптың дыбыс қатары мынадай: бірінші октаваның си, екінші октаваның до-диез, ре-диез ми, фа-диез нотасы.

Үскіріктің неғүрлым жетілдірілген нүсқасында төрт ойық болады, олардың үшеуі бет жағында, біреуі сыртында орналасқан. Аспапты ойнау кезінде оң қолдың бас бармағы және ортаңғы саусағымен үстайды. Оның дыбыс қатары үлкен секстаға кеңейтілді. Үш ойық бір мезгілде ашылса, екінші октаваның соль-диез нотасы алынады. Ал төрт ойықты түгел ашып екінші октаваның ля нотасын алуға болады. Сөйтіп, ең соңғы нүсқаның дыбыс қатары былай болып шықты: бірінші октаваның си, екінші октаваның додиез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасын.

Бүрынғы замандағы көне нүсқасына қарағанда төрт ойықты үскіріктің артықшылықтары көп. Оны музыка сүйгіш қауымға көркем-өнерпаздар үйірмелеріне ұялмай ұсынуға болады. Бүл аспапты тез меңгеріп алу үшін оның дыбыс қатары, дыбыс шығару жолдары, ойнау әдістері жөнінде методикалық кеңес берілуі қажет.

Бірыңғай үскіріктен ғана қүралған өзгеше ансамбль ұйымдастыру үшін дыбыс қатарының жоғары-төмендігі әр түрлі болып келетін бірнеше аспап жасап шығаруға нақты мүмкіндік бар.

Жоғарыда айтылғандардан дэлелдейтініміз саз сырнай мен үскірік көп жайларда бір-біріне ұқсас. Осындай үк,- састықтың бір қызғылықты түрі халық шеберлері әр кездерде жасаған саз сырнай мен үскірікте дыбыс қатарының екінші дыбысы негізгі тоннан жоғары келтіріліп үлкен терцияға орналастырылған. Солай бола түра бұл аспаптардың арасында формасы, негізгі үні диапазоны, ойықтарынын, орналасуы, осыған орай саусақтың атқарар қызметі жағынан едәуір айырмашылық бар. Халық шеберлері жасаған үлгілеріне қарағанда қазіргі үскірік анағұрлым жетілдірілген аспап.

Үскіріктің төрт ойығының диаметрі мынадай: біріншісі — 3 мм, екіншісі —5 мм, үшіншісі —6 мм, төртіншісі — A'12 мм. Үрлейтін ойығының диаметрі —77г мм.

Ерін аппаратын қатайту немесе босаңсыту жолымен дыбыстың жоғары-төмеидігін ептеп өзгертуге болады. Ерінді созғанда дыбыс жоғарылайды. Аспаптың дыбыс қатарында төменгі дыбыстардың анық естілуі бір ойықтың диаметріне байланысты, ал жоғарғы регистрде — екі, үш ке одан да көп ойықтардың қатар ашылуымен байланысты.

Үскірікте немесе саз сырнайда орындаушы сыбызғы тартушының дәстүрлі әдісіне салып негізгі тоннан төмен өз дауысын қоса алады. Сол шақта аспаптан қайталанбас, ғажап әуен қүйқылжып төгіледі де, тыңдаушысын баурап алады. Нақ осы әдісті халық арасынан шыққан музыкант- тар қолданды ма, жоқ па? Ол бізге белгісіз. Бурдон даусын қосқанда музыкант өз көмейінен созып дыбыс шығарады.

Үскірікте саусақтар ойықтардың орналасу ретіне және аспаптың формасына қарай қимыл жасайды. Орындаушы Б. Әнесов үскіріктің екі жағындағы екі ойықты оң және сол қолының сүқ саусақтарымен басып ойнайды. Жетілдірілген үскірікте —«Елім-ай, «Елігай», «Ақ Баян», «Алатау», «Екі бала», «Ахау, Семей», «Жас келін» сияқты біршама күрделі халық әндерін, сондай-ақ «Қамбар батыр», «Нар идірген», «Кертолғау» сияқты күйлерді орындауға болады.

Саз сырнай мен үскіріктің ерекшелігі сонда — бұл аспаптардың әрбір ойығы — өз дыбысынан басқа қосымша дыбыс та бере алады, ол үшін бірнеше ойығын ашып ойнау керек. Қазақтың үрлеп тартылатын басқа аспаптарында мүндай әдіс қолданылмайды. Сыбызғыда және басқа да үрлеп тартылатын аспаптарда дауыстың жоғары төмендігі саптағы ойықтардың орналасу тәртібіне байланысты десек, ал саздан жасалатын аспаптарда бұл — ойықтың диаметрінің көлеміне байланысты болады.

Саз сырнай мен үскірік осы кітаптың авторы ұйымдастырған көркемөнер ансамбльдерінде, Қыздар педагогика институты жанындағы «Айгүл» вокальды-аспапты ансамблінде, сондай-ақ «Досмүқасанда», «Шертерде» пайдаланылып та жүр 1975 жылдың июль айында біз Торғай облысында болғанымызда бұл аспаптарды ондағы Мәдениет үйі жанындағы «Ғасырлар пернесі» атты ансамбльдің құрамына да енгіздік. Осы ансамбль мүшелері, қабілетті музыканттар Бақытжан Қапанова мен Тарғын Боранбаев үскірікте және саз сырнайда халық әндері «Елім-ай» мен «Елігайды», сондай-ақ «Толғау» күйін орындады. Жаңа аспаптар ансамбль үнінің көп тембрлі әуезін қүлпырта түсті. Қазақтың басқа аспаптарына қарағанда саз сырнай мен үскірікте ойнауды меңгеру онша қиын емес. Көне саз сырнай көп кешікпей көптегек көркем өнерпаздар коллективтерінің сүйікті музыкалық аспабына айналары хақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға