Жаңалықтар

Усанович теориясы

Усанович теориясы – қышқылдық-негіздік әрекеттесудің жалпылама теориясы. Оны Қазақ КСР-і ҒА-ның акад. М.И. Усанович ұсынған (1938). Теорияның басты ерекшелігі – 21 ғ-дан бері химия ғылымындағы қалыптасқан қышқылдық қасиеттің әмбебап иесі саналған сутекті жоққа шығару болды. Усанович қышқылдарға негізбен әрекеттесіп тұз түзуге қабілетті болатын бөлшектерді жатқызды. Солардың қатарында барлық катиондар, соның ішінде протондар бар. Негіздер қатарына қышқылдарға қарама-қарсы табиғаттағы заттар жатқызылады, өйткені олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз түзеді. Демек, барлық аниондарда негіздік қабілетті бөлшек бар, себебі олар қышқылдық табиғаты бар катиондармен тікелей қосылып тұз түзеді. Усановичтің қышқылдар мен негіздерге берген анықтамасы бұдан бұрынғы әйгілі болған иондық, сольвожүйелер және протондық, электрондық теориялардың анықтамаларын қамтиды. У. т-нда химиядағы үйреншікті екі ұдайлылық (амфотерлік) қасиеттер кеңейте талқыланады, себебі ол барлық полюсті қосылыстарға тән. Полюсті бөлшектің молекуласының электр терістілігі жағынан катион-қышқылдық, ал электрон жағынан анион-негіздік қабілетке ие болатындықтан олар әрдайым екі ұдайлылық қасиет көрсетеді. Жалпы алғанда заттар мен бөлшектердің әрекеттесетін серіктесіне байланысты қышқылдық немесе негіздік рөл атқаруы қышқылдық-негіздік табиғаттың салыстырмалы сипатқа ие болатынын дәлелдейді. Әрі бұл У. т-ның диалектик. мәнін аша түседі. Қарама-қарсы қасиеті бар заттар мен бөлшектердің, яғни қышқылдар мен негіздердің өзара күресі, дәлірек айтсақ, хим. әрекеттесуі олардың бастапқы қасиеттерін әлсіретеді, көбіне түгелдей жойып жібермейді. Осыдан барып барлық дерлік заттарға белгілі бір дәрежеде қышқылдық (негіздік) қасиеттер тән деген қорытынды шығады, әрі ол сол заттың қышқылдар (негіздер) класына жатуына тәуелді еместігін көрсетеді. У. т. дәстүрлі хим. реакциялармен қатар кешентүзу процестерін де қамтиды. Ол көптеген жайлардың сырын айқын ашып берді. Мыс., күрделі эфирлердің қалайы (ІV) мен сүрменің (ІV) галогенидтеріне қосылып, алил катионды бөліп, электролиттік диссоциацияға ұшырауын тек жалпылама теория тұрғысынан түсіндіруге болады. Кейбір аниондар электрон жұптарының доноры бола алмайды және протон қосып ала алмайды, алайда өзінен катиондар бөліп шығарып, күшті негіздік қасиет көрсете алады, олар ВН4 немесе АlН4. Бұл бөлшектер Льюис анықтамасы бойынша негіздерге жатпайды, өйткені бос электрон жұбы жоқ, дәл осылайша Бренетед көзқарасына сай өзіне протон қосып ала алмайтындықтан негіз бола алмайды. Ал өзінен Н-анионын бөле отырып, негіздік функцияға ие болатынын У. т. ғана дәлелдеп береді. Мұндай кешенді аниондарға сәйкес келетін сутекті қышқылдар бос күйінде кездеспейді, сондықтан оларды М.И. Усанович “болмайтын қышқылдар” деп атаған. У. т. кез келген жай және күрделі заттың, зарядты бөлшектің құрамына сүйеніп, олардың мүмкін болатын хим. қасиеттерін күні бұрын болжап бере алады. У. т. химияда кеңінен қолданыс тауып келе жатқан жалпылама теория болып саналады.  Н. Нұрахметов
05.12.2012 05:00 11214

Усанович теориясы – қышқылдық-негіздік әрекеттесудің жалпылама теориясы. Оны Қазақ КСР-і ҒА-ның акад. М.И. Усанович ұсынған (1938). Теорияның басты ерекшелігі – 21 ғ-дан бері химия ғылымындағы қалыптасқан қышқылдық қасиеттің әмбебап иесі саналған сутекті жоққа шығару болды. Усанович қышқылдарға негізбен әрекеттесіп тұз түзуге қабілетті болатын бөлшектерді жатқызды. Солардың қатарында барлық катиондар, соның ішінде протондар бар. Негіздер қатарына қышқылдарға қарама-қарсы табиғаттағы заттар жатқызылады, өйткені олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз түзеді. Демек, барлық аниондарда негіздік қабілетті бөлшек бар, себебі олар қышқылдық табиғаты бар катиондармен тікелей қосылып тұз түзеді. Усановичтің қышқылдар мен негіздерге берген анықтамасы бұдан бұрынғы әйгілі болған иондық, сольвожүйелер және протондық, электрондық теориялардың анықтамаларын қамтиды. У. т-нда химиядағы үйреншікті екі ұдайлылық (амфотерлік) қасиеттер кеңейте талқыланады, себебі ол барлық полюсті қосылыстарға тән. Полюсті бөлшектің молекуласының электр терістілігі жағынан катион-қышқылдық, ал электрон жағынан анион-негіздік қабілетке ие болатындықтан олар әрдайым екі ұдайлылық қасиет көрсетеді. Жалпы алғанда заттар мен бөлшектердің әрекеттесетін серіктесіне байланысты қышқылдық немесе негіздік рөл атқаруы қышқылдық-негіздік табиғаттың салыстырмалы сипатқа ие болатынын дәлелдейді. Әрі бұл У. т-ның диалектик. мәнін аша түседі. Қарама-қарсы қасиеті бар заттар мен бөлшектердің, яғни қышқылдар мен негіздердің өзара күресі, дәлірек айтсақ, хим. әрекеттесуі олардың бастапқы қасиеттерін әлсіретеді, көбіне түгелдей жойып жібермейді. Осыдан барып барлық дерлік заттарға белгілі бір дәрежеде қышқылдық (негіздік) қасиеттер тән деген қорытынды шығады, әрі ол сол заттың қышқылдар (негіздер) класына жатуына тәуелді еместігін көрсетеді. У. т. дәстүрлі хим. реакциялармен қатар кешентүзу процестерін де қамтиды. Ол көптеген жайлардың сырын айқын ашып берді. Мыс., күрделі эфирлердің қалайы (ІV) мен сүрменің (ІV) галогенидтеріне қосылып, алил катионды бөліп, электролиттік диссоциацияға ұшырауын тек жалпылама теория тұрғысынан түсіндіруге болады. Кейбір аниондар электрон жұптарының доноры бола алмайды және протон қосып ала алмайды, алайда өзінен катиондар бөліп шығарып, күшті негіздік қасиет көрсете алады, олар ВН4 немесе АlН4. Бұл бөлшектер Льюис анықтамасы бойынша негіздерге жатпайды, өйткені бос электрон жұбы жоқ, дәл осылайша Бренетед көзқарасына сай өзіне протон қосып ала алмайтындықтан негіз бола алмайды. Ал өзінен Н-анионын бөле отырып, негіздік функцияға ие болатынын У. т. ғана дәлелдеп береді. Мұндай кешенді аниондарға сәйкес келетін сутекті қышқылдар бос күйінде кездеспейді, сондықтан оларды М.И. Усанович “болмайтын қышқылдар” деп атаған. У. т. кез келген жай және күрделі заттың, зарядты бөлшектің құрамына сүйеніп, олардың мүмкін болатын хим. қасиеттерін күні бұрын болжап бере алады. У. т. химияда кеңінен қолданыс тауып келе жатқан жалпылама теория болып саналады.

 Н. Нұрахметов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға