Жаңалықтар

Атбасар ауданы

  Атбасар ауданы — облыстың батысындағы әкімш. аудан. Аудан солт-нде Сандықтау, солт.-шығысында Бұланды, шығысында Астрахан, оңт.-шығысында Егіндікөл, оңт.-батысында Жарқайың, батысында Жақсы аудандарымен, оңт-нде Қарағанды обл. жерімен шектеседі. 1928 ж. құрылған. Аудан орт. — Атбасар қ. Жерінің аум. 11,8 мың км2. Тұрғыны 53,3 мың адам (2008), орташа тығызд. 1 км2-ге 6,4 адамнан келеді. Халықтың этник. құрамы: қазақтар — 17782, орыстар — 20523, басқа ұлт өкілдері — 13124 адам. Аудан 15 ауылдық әкімш. округке бөлінген. Аудан жерін Көкшетау қыратының оңт. ұсақ шоқылы сілемі (абс. биікт. 300 — 450 м), төбелі-белесті Атбасар жазығы мен Теңіз жазығының солт. бөлігі алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ, суық, жазы қоңыржай ыстық. Орташа темп-расы қаңтарда —18С, шілдеде 20С. Солт-нде жауын-шашынның жылдық мөлш. 300 — 400 мм, оңт-нде 250 — 300 мм. Ауданда Есіл, Жабай, Жыланды, Терісаққан, Қайрақты, Шортанбай өзендері және 12 тұщы көл бар. Ауданның солт. бөлігі қара топырақты, оңт. бөлігі қара қоңыр топырақты болып келеді. Жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден дала белдеміне тән қызыл селеу, қылқан селеу, бетеге, қоңырбас, бидайық, қияқ, айрауық, еркекшөп, кермек, түлкіқұйрық, арпабас, сұлыбас, жусан, бөрте жусан, иманжапырақ, қына, тобылғы өседі. Өзен жайылмалары мен көл жағалауы түрлі шөп аралас шалғынды, қамысты болып келеді. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, елік, ақ бөкен, суыр, қоян, сарышұнақ, шақылдақ, тышқан, атжалман, күзен, тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр кездеседі. Көлдерінде су құстары — қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран т.б. балықтар бар. Басты елді мекендері: Борисовка, Новоалександровка, Покровка, Полтавка, Садовое, Красный Маяк, Тимашевка, Новомариновка, Октябрское, Сочинское, Мариновка, Новосельское, Шуйское, Шұңқыркөл, Тельман, Сергеевка а-дары. Өнеркәсіп орындары, негізінен, Атбасарда шоғырланған. Мұнда локомотив депосы, а.ш. машиналарын жасау кәсіпорны, жөндеу-механик., автожөндеу, темір-құйматас құралымдары, керамзит-құйматас бұйымдары з-ттары, элеватор, астық өңдеу комб., 2 нан з-ты, сыр, ет комб-тары, алкогольсіз сусындар з-ты, тігін ф-касы, тұрмыстық комб., баспахана бар. А.а. — астық өндіретін ірі аудандардың бірі. Ауданда бұрынғы астық, қой, ірі қара, шошқа өсіретін 15 кеңшар, 4 ұжымшар негізінде а.ш. бірлестіктері мен жеке қожалықтар жұмыс істейді. А.ш-на пайдаланылатын жері 1018,5 мың га, оның 434,0 мың га-сы егістік, 47,2 мың га-сы шабындық, 620,3 мың га-сы жайылым. Орман-тоғай 2,8 мың га. А. а-нда 42 жалпы білім беретін мектеп, 2 арнаулы орта оқу орны, 2 кәсіптік-техн. уч-ще, механикаландыру техникумы, тарихи-өлкетану мұражайы, 33 фельдш.-акуш. пункт, тұрмыс қажетін өтеу пункттері бар. Аудан жері арқылы респ. маңызы бар Екатеринбург — Алматы, Астана — Көкшетау, Астана — Алматы автомоб. жолы, Қаратал — Арқалық — Астана т.ж. өтеді.
05.12.2012 04:59 4755

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға