Жаңалықтар

Үндістандағы ерте ислам өнері

Мұсылман жаулап алушылары Үндістан шекарасына тым ертеден-ақ, мәселен 711—713 жылдардың өзінде-ақ жетіп жүрді. Бірақ олар бұдан бес жүз жыл өткен соң ғана бұл жерлерге тұрақты орын теуіп, тұтас ғасырлар бойына осы елдің көптеген аудандарында саяси тұрғыдан билеуші болып алды, сөйтіп оның мәдени дамуына елеулі ықпал жасай отырып, үнді халқының көптеген бөлігін, ең алдымен, қанаудағы халықты мұсылман дініне енгізумен болды. Алғашқы тарих Алайда, ислам Үндістанды тұтастай бағындыра да алмады, бүкіл елдің және оның мәдениетінің дамуы жолындағы бетбұрыс кезеңі де бола алмады. Сол себепті үнді-ислам өнерінің кезеңі мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып қалғаны сияқты Үндістан үшін де ол кезең үнді мәдениеті дамуының тарихындағы негізгі емес, жай ғана қатардағы бір тарауы іспетті болды. Бірақ кейде кездесіп қалатыны сияқты оған мән бермей қоюға да, тіпті бұл кезеңді Үндістан мәдениеті мен өнері тарихынан мүлдем шығарып тастауға да болмайды. Тұтас алғанда ерте ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты үнді тарихының біртұтас құрамды бөлегі болып табылады және де ол тарихтың біздің заманымызға дейінгі дамуына ықпал жасағаны жақсы мәлім. Қалай болған күнде де өнер саласында үнді-исламдық өзара ықпал өз жемістерін берді. Бұл кездегі елеулі сәулет өнерінің жетістіктерімен және осы кезеңнің ерекшелігі болып саналатын қолөнердің өркендеп гүлденуі тамсанта таң қалдырып, ғажайып шеберлігіне тәнті етеді. Махмұд Ғазнауи ықпалы Үнді мәдениетіне ислам жаулап алушыларының алғашқы қуатты соққылары мүлде теріс әсерін тигізді, Махмұд Газневи сұлтан (998—1030) бастаған жаулап алушылар жасағы өздерінің ауғандық астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді және Деканға дейін жетіп, үңділік көркем-өнер ескерткіштерін құртып жіберді. Дінге ессіз берілген ол жолындағының бәрін жайпап, «дінсіздердің» көптеген қасиетті жерлерін — ортағасырлық ғаламат діни құрылыстарын құртып жіберді, түгін қалдырмай тонап алды, үнді халқының аман қалдырылған бөлегін (негізінен қолөнерші шеберлер, сол сияқты бишілер мен музыканттар) өзінің ауғандық отанына құлдыққа айдап әкетіп, өздеріне басыбайлы жұмыс істеуге мәжбүр етті. XI ғасыр басындағы бұл тонаушылық пен талқандаулар, жаулап алушылардың шектен тыс қаталдықтары тірі қалған үнділіктердің жазып қалдырып кеткен жазбаларынан ғана емес, мұсылман жылнамаларының көптеген авторлары хабарларынан, ең алдымен, әйгілі әл-Бируни жазбаларынан да мәлім болып отыр. Ол Махмұд жорықтарын және оның Тханесардағы, Матхурдағы, Канаудждағы, Гвалиордағы, Катьанджардағы храмдарды және Сомнатхпурдағы сол кездегі қасиетті орын есептелінетін Сурья храмын тас-талқан етіп, қиратқаны туралы егжей-тегжейлі жазып қалдырған. Газневилерден кейін мұра ретінде өкімет тізгінін қолға алған Грудтер әулетінің билігі кезінде (XII ғасыр) Солтүстік Үндістан мен Деканның едәуір бөлегі жаулап алынды, тек үнді субконтинентінің қиыр шығысы мен оңтүстігі ғана аман қалды. Ол тұстағы ел билеген үнділік әулеттер бытыратылып жіберілді. Олар әскери кастаның дәстүрлік ғұрыптарына сүйене отырып, дәл сол кез үшін күлкілі болып шыққан билік жолындағы «рыцарьлық» өзара қырғын соғыстар жүргізумен болды. Ал мұның өзі, әрине, қандай да болсын біріккен қарсылықты қиындата түсті және берекесі қашқан, соғысқа құлықсыз үнділік дұшпандары сан жағынан әлдеқайда басым болуына қарамастан мұсылман жаулап алушыларының жеңіске жетуіне көмектесіп отырды. Мұхаммад Гури 1178 жылы Ненджабты жаулап алды және Дели түбіндегі шешуші ұрыста өзіне әлі де қарсылық көрсетумен болған үнді билеушілерін қирата жеңді. Мұхаммад жаулап алғанмен астанасын Үндістанға көшіргісі келмеді. Ол бұл жерге әкім етіп өзінің түрік құлы Кутб-уддин Айбекті отырғызды. Кутб-уддин Айбек Ал бұл батыл қолбасшы мұсылман өктемдігін Ганга жазықтығына да орнатты, Бихар мен Бенгалияны жаулап алды, сәйтіп өзінің бұрынғы қожайыны қайтыс болған соң, дербес билеуші алғашқы үнді сұлтаны (1206—1210) болып алды. Ол Мамелюктар (құлдар) әулеті дегеннің негізін қалаушы болды. Үндістанның XIII—XIV ғасырдағы мұсылман әулеттері жиі-жиі ауысуымен ерекшеленген кезеңі сахнаға кейде жігерлі қолбасшыларды, ал кейде рақат өмірді, қолбостықты, махаббат қызықтарын ғана күйттеген азғын билеп-төстеушілерді шығарған дөрекі соғыс күшінің дәуірі болған еді. Бұл билеушілерді қашан да өздеріне жақын жүрген жауласушы құлдары, сарай маңындағы адамдары мен әскербасылары тақтан түсіріп тастап отырды. Күшпен бағындырылған халық шектен тыс зорлық-зомбылықты бастан кешірумен болды, бірақ әлгі әкімдер өздерінің әскери-бағындырушы аппаратымен шалғай тұрғандықтан, олардың халық тұрмысына, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне араласы тіпті де аңғарылмайтын. Бұл мұсылман келімсектерінің үзіліссіз ішкі күрестері белгілі бір дәрежеде көне үнді мәдениетінің бір қалыпта тұмшаланып сақталып қалуына көмектесті. Әрине, бұл сырттай қарағанда ғана еді, алайда 1212 жылдан 1328 жылға дейінгі аралықта мұсылман билігі Үндістанға түгел дерлік, сол сияқты оның Мадураиға дейінгі оңтүстік бөлегіне де орнығып болды. Бірліктің әлсіреуі Билік үшін күрес жаулап алушылардың алғашқы кездегі ислам діні арқылы нығайтылған бірлігін әлсірете берді. Ұсақ және ірі-ірі көтерілістер жекелеген облыстардың орталық өкіметтен азат болып, дербес мұсылман князьдерінің құрылуына әкеп соқтырды. Мәселен, 1337 және 1347 жыл- дар аралығындағы мұсылман билігінің тұсында-ақ Бенгалия мен Декан, осындай дербестікке ие болды. Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса-көктей кіріп Делиді жаулап алды, тонады; орталық өкіметтің уақытша әлсіреуін пайдаланған басқа провинциялар да мемлекеттік одақтан шығып кетті: XV ғасыр мен XVI ғасырдың басында Үндістан ішінде Кашмир, Синд, Дели, Джаунпур, Бенгалия, Мальва, Гуджарат, сондай-ақ Солтүстік Декандағы Бахманидтер мемлекеті сияқты өзара ұдайы жауласып өткен, көптеген дербес, ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Олардың өзара күресін және басқа саяси жағдайларды пайдаланған кейбір бұрынғы үнді мемлекеттері өздерінің дербестігін сақтап қалды, ал кей реттерде дербестіктерін қайтарып алып отырды. Мәселен Орталық және Тел-ка-Мандир. Жартасқа жасалған джайндық мүсіндер. Солтүстік-Батыс Үндістанда Раджпуттар мемлекеттерінің үлкен федерациясы өмір сүрді; жолы қиын Ориссаның шалғай облыстары ақыр соңында мұсылман әкімдері билеген көрші Бенгалия бағындырып алғанға дейін біраз уақыт бойына тәуелсіздікте болды; оңтүстіктегі Чолдар мен Паңдьялар әулеттерінің мемлекеттері иеленген үнді мемлекеттері мен Тунгабхадра өзеніндегіХампи басты қаласы болып табылатын Виджаянагар мемлекеті де өз дербестіктерін сақтап қалды. Негізінен алғанда Раджпуттар мен Виджаянагар мемлекетінің арқасында ислам басқыншылы- ғынан өзіндік негізгі ерекшеліктерін аман алып қалған көне үнді мәдениеті сақталып қалды. Алайда, тіпті, мұсылман өкіметі бақылауында болған үнді облыстарының өзінде де мұсылмандар өмірінің саяси, қоғамдық, мәдени-діни формаларын күшпен енгізу арқылы да үнді мәдениетін біржолата жойып жіберу ешқашан да мүмкін болмағанын атап айта кеткен жөн. Үндістанның қиыр солтүстік-батысындағы, қазіргі кез- де Пакистанға қарайтын жекелеген аудандары туралы ғана бұлай деуге болмайды. V Тек қана өкімет басына келген моғолдар бірнеше рет әрекет жасаған соң барып XVI ғасырдың екінші жартысында Солтүстік Үндістан мен Декан аудандарын орталық өкіметтің бақылауына бағындырып, біртұтас үнді-мұсылман мемлекетін құра алды. Бахманидтер мемлекеті Бграр, Бидар, Биджапур және Голконду сияқты жекелеген мемлекеттерге бөлектеніп кеткен Декан ғана Моғолдар өкіметіне күшті қарсылық көрсетті. Ерте ислам кезеңінде — Моғолдар өкіметінің Акбар тұсында нығайып күшейгеніне дейінгі уақытта — жоғарыда айтылғандай, индуистік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті немесе айуандықпен бүлдірілді, құдайлардың бастары жұлынып тасталды немесе танымастай етіп бүлдіріп қиратылды. Алайда, жаулап алушылар қолымен жасалған мұндай бүліншіліктер ақыр соңында олардың сол бүлінген құрылыстардың жарамды деген қалдықтарын өз өнері мен құрылыстары үшін пайдалануын мәжбүр етті. Құрылыстардың тұтас жұрнақтары, ең алдымен, бағандар (колонналар) мен мүсіндік әшекейлер жаңадан салына бастаған мұсылмандық құрылыстарға көшіріліп әкелінді. Бұдан келіп туатын ой: осылайша «ақиқат» діннің «дінсіздерді» жеңгендігі айқын дәлелденетін болғандықтан, мұндай, іс-әрекеттің өзін діншіл мұхаммедшілер мақтан тұтқан секілді. Бихар мен Бенгалиядағы будда храмдары да осындай талқандаушы діни фанатизмнің табанына тапталды, ал Үндістандағы ең соңғы будда әулеті болған Палдар кезеңіндегі көптеген құрылыстардан ештеңе де қалған жоқ деуге болады. Қазіргі музейлерде сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар — сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндер ғана. Буддалық монахтар ерекше қуғындалып, олардың көпшілігі құрбан болғанға ұқсайды. Алайда, олардың қайсыбіреулері, сол сияқты дінге сенетін буддалықтар көрші елдерге қашып құтылған. Мәселен, буддаллық қашқындардың үлкен топтары Бенгалиядан шығысқа қарай шекаралық облыстарға және көршілес Бирмаға ағылды. Қашқындардың басым көпшілігі қарлы шекара арқылы солтүстікке, Непал мен Тибетке бет алды. Сөйтіп, осы кезден бастап Палдар кезеңіндегі үнді мәдениетінің бұл елдердегі жергілікті өнерге деген күшті әсері басталды. Көп ретте азғындаған және негізінен әскери-саяси өкімет мәселелерімен айналысқан ерте ислам әкімдері билеп-төстеген кезеңlе көптеген діни ғимараттар — бірінші кезекте мешіттер мен мұнаралар, медреселер (исламдық діни оқу орындары), көбінесе аумақты да керемет көрікті ескерткіш бейіттер, елдің әкімдері мен белгілі адамдарының мавзолейлері салынды. Ал мұның өзі Үндістан жеріндегі жаңа құбылыс еді және оның ескі үнді ғұрыптарына ешқандай да қатысы болмайтын. Алайда, бұл кезде тұтас қалалар да пайда болып жатты. Ертеде салынған бекіністері, сарайлары немесе қорғандары және тұрғын үйлері мен базарлы көшелері caп түзеп, тұтастай аман сақталған қалалар Үндістан тарихының дәл осы кезеңіне жатады. Көлемі мен маңыздылығы жөнінен бірінші болып есептелетін мұсылмандық сәулет комплексі Делиде сақталған. Ол — XIII гасырдың басына жататын, осында салынып, күні бүгінге дейін Делидің ең назар аударарлық орны болып есептелетін биік күмбез — Кутб-Минар алып мұнарасы. Бұл Кутб-уд-дин Айбектің тұсында салына бастап, Илтутмыш тұсында, шамамен 1230 жылы аяқталған. Делидің бұл комплекстен басқа ғимараттары: Кутб-уд-дин Айбектің үлкен мешіті, Ала-уд-дин Хильджапың мазары (1215) мен медресесі, сол сияқты Илтутмыштың мавзолейі (1235). Кутб-Минар өзіндік ерекшеліктерге бай және мейлінше әсем-ақ. Оның табанының диаметрі — 16 метр; 1794 жылы биіктігі 70 метр еді. Кейініректе, бүлінген жерлерін қалпына келтірген соң тағы да бірнеше метрге биіктеді. Ілгері қарай шығыңқы кернеулі мұнараны қоршап тұрған төрт балкон оны бірнеше қатарға бөлшектеп тұр, ең төменгі балкон шамамен 33 метр биіктікте, екінші — 49, үшіншісі — 63, ең соңғы төртіншісі 71 метр биіктікте орналасқан. Сөйтіп, жоғары көтерілген сайын оның қабаттарының биіктігіде, диаметрі де біртіндеп кішірейе түсіп отырады. Мұнараның тік тұрқы ою-өрнекті жиырма төрт шығыңқы кернеумен бөлектенген. Олардың біреулері қырланып, шаршыланып келсе, екінші біреулері дөңгелек болып келеді. Төменгі қабатында бұлар араласып отырады да, екінші қабатында түгелдей дөңгелек, ал үшінші қабатында кілең тікбұрышты. Жоғарғы қабатта мұндай шығыңқы кернеу жоқ. Мұнара қызыл құмтастан салынған. Үшінші қабатының үстінде ақ мәрмәрдан жасалған жолақ бар. Бұл екі түрлі құрылыс материалының екеуі де ислам кезеңіне тән нышанды айғақтайды және бұл Ұлы Моғолдар кезеңіндегі көптеген сәулет комплекстерінде кездеседі. Кутб-Минарды көрген алғашқы европалықтар оның әсемдігін Флоренциядағы әйгілі Джотта кампаниласына теңестірген. Ол, әрине, бұдан 10 метр биік, бірақ көрші тұрған аумақты кафедралық со-бордың қалқасында, биіктігі көкке шаншылған құдіреті тұрғысынан мына оқшау тұрған Кутб- Минардай әсер қалдырмайды. Ислам сәулетінде бұдан биігірек бір ғана мұнара бар, ол — Каирдағы Хасан мешітінің мұнарасы.  
05.12.2012 04:54 6208

Мұсылман жаулап алушылары Үндістан шекарасына тым ертеден-ақ, мәселен 711—713 жылдардың өзінде-ақ жетіп жүрді. Бірақ олар бұдан бес жүз жыл өткен соң ғана бұл жерлерге тұрақты орын теуіп, тұтас ғасырлар бойына осы елдің көптеген аудандарында саяси тұрғыдан билеуші болып алды, сөйтіп оның мәдени дамуына елеулі ықпал жасай отырып, үнді халқының көптеген бөлігін, ең алдымен, қанаудағы халықты мұсылман дініне енгізумен болды.
Алғашқы тарих

Алайда, ислам Үндістанды тұтастай бағындыра да алмады, бүкіл елдің және оның мәдениетінің дамуы жолындағы бетбұрыс кезеңі де бола алмады. Сол себепті үнді-ислам өнерінің кезеңі мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып қалғаны сияқты Үндістан үшін де ол кезең үнді мәдениеті дамуының тарихындағы негізгі емес, жай ғана қатардағы бір тарауы іспетті болды. Бірақ кейде кездесіп қалатыны сияқты оған мән бермей қоюға да, тіпті бұл кезеңді Үндістан мәдениеті мен өнері тарихынан мүлдем шығарып тастауға да болмайды. Тұтас алғанда ерте ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты үнді тарихының біртұтас құрамды бөлегі болып табылады және де ол тарихтың біздің заманымызға дейінгі дамуына ықпал жасағаны жақсы мәлім. Қалай болған күнде де өнер саласында үнді-исламдық өзара ықпал өз жемістерін берді. Бұл кездегі елеулі сәулет өнерінің жетістіктерімен және осы кезеңнің ерекшелігі болып саналатын қолөнердің өркендеп гүлденуі тамсанта таң қалдырып, ғажайып шеберлігіне тәнті етеді.

Махмұд Ғазнауи ықпалы

Үнді мәдениетіне ислам жаулап алушыларының алғашқы қуатты соққылары мүлде теріс әсерін тигізді, Махмұд Газневи сұлтан (998—1030) бастаған жаулап алушылар жасағы өздерінің ауғандық астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді және Деканға дейін жетіп, үңділік көркем-өнер ескерткіштерін құртып жіберді. Дінге ессіз берілген ол жолындағының бәрін жайпап, «дінсіздердің» көптеген қасиетті жерлерін — ортағасырлық ғаламат діни құрылыстарын құртып жіберді, түгін қалдырмай тонап алды, үнді халқының аман қалдырылған бөлегін (негізінен қолөнерші шеберлер, сол сияқты бишілер мен музыканттар) өзінің ауғандық отанына құлдыққа айдап әкетіп, өздеріне басыбайлы жұмыс істеуге мәжбүр етті.

XI ғасыр басындағы бұл тонаушылық пен талқандаулар, жаулап алушылардың шектен тыс қаталдықтары тірі қалған үнділіктердің жазып қалдырып кеткен жазбаларынан ғана емес, мұсылман жылнамаларының көптеген авторлары хабарларынан, ең алдымен, әйгілі әл-Бируни жазбаларынан да мәлім болып отыр. Ол Махмұд жорықтарын және оның Тханесардағы, Матхурдағы, Канаудждағы, Гвалиордағы, Катьанджардағы храмдарды және Сомнатхпурдағы сол кездегі қасиетті орын есептелінетін Сурья храмын тас-талқан етіп, қиратқаны туралы егжей-тегжейлі жазып қалдырған. Газневилерден кейін мұра ретінде өкімет тізгінін қолға алған Грудтер әулетінің билігі кезінде (XII ғасыр) Солтүстік Үндістан мен Деканның едәуір бөлегі жаулап алынды, тек үнді субконтинентінің қиыр шығысы мен оңтүстігі ғана аман қалды. Ол тұстағы ел билеген үнділік әулеттер бытыратылып жіберілді. Олар әскери кастаның дәстүрлік ғұрыптарына сүйене отырып, дәл сол кез үшін күлкілі болып шыққан билік жолындағы «рыцарьлық» өзара қырғын соғыстар жүргізумен болды.

Ал мұның өзі, әрине, қандай да болсын біріккен қарсылықты қиындата түсті және берекесі қашқан, соғысқа құлықсыз үнділік дұшпандары сан жағынан әлдеқайда басым болуына қарамастан мұсылман жаулап алушыларының жеңіске жетуіне көмектесіп отырды. Мұхаммад Гури 1178 жылы Ненджабты жаулап алды және Дели түбіндегі шешуші ұрыста өзіне әлі де қарсылық көрсетумен болған үнді билеушілерін қирата жеңді. Мұхаммад жаулап алғанмен астанасын Үндістанға көшіргісі келмеді. Ол бұл жерге әкім етіп өзінің түрік құлы Кутб-уддин Айбекті отырғызды.

Кутб-уддин Айбек

Ал бұл батыл қолбасшы мұсылман өктемдігін Ганга жазықтығына да орнатты, Бихар мен Бенгалияны жаулап алды, сәйтіп өзінің бұрынғы қожайыны қайтыс болған соң, дербес билеуші алғашқы үнді сұлтаны (1206—1210) болып алды. Ол Мамелюктар (құлдар) әулеті дегеннің негізін қалаушы болды. Үндістанның XIII—XIV ғасырдағы мұсылман әулеттері жиі-жиі ауысуымен ерекшеленген кезеңі сахнаға кейде жігерлі қолбасшыларды, ал кейде рақат өмірді, қолбостықты, махаббат қызықтарын ғана күйттеген азғын билеп-төстеушілерді шығарған дөрекі соғыс күшінің дәуірі болған еді. Бұл билеушілерді қашан да өздеріне жақын жүрген жауласушы құлдары, сарай маңындағы адамдары мен әскербасылары тақтан түсіріп тастап отырды. Күшпен бағындырылған халық шектен тыс зорлық-зомбылықты бастан кешірумен болды, бірақ әлгі әкімдер өздерінің әскери-бағындырушы аппаратымен шалғай тұрғандықтан, олардың халық тұрмысына, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне араласы тіпті де аңғарылмайтын. Бұл мұсылман келімсектерінің үзіліссіз ішкі күрестері белгілі бір дәрежеде көне үнді мәдениетінің бір қалыпта тұмшаланып сақталып қалуына көмектесті. Әрине, бұл сырттай қарағанда ғана еді, алайда 1212 жылдан 1328 жылға дейінгі аралықта мұсылман билігі Үндістанға түгел дерлік, сол сияқты оның Мадураиға дейінгі оңтүстік бөлегіне де орнығып болды.
Бірліктің әлсіреуі
Билік үшін күрес жаулап алушылардың алғашқы кездегі ислам діні арқылы нығайтылған бірлігін әлсірете берді. Ұсақ және ірі-ірі көтерілістер жекелеген облыстардың орталық өкіметтен азат болып, дербес мұсылман князьдерінің құрылуына әкеп соқтырды. Мәселен, 1337 және 1347 жыл- дар аралығындағы мұсылман билігінің тұсында-ақ Бенгалия мен Декан, осындай дербестікке ие болды. Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса-көктей кіріп Делиді жаулап алды, тонады; орталық өкіметтің уақытша әлсіреуін пайдаланған басқа провинциялар да мемлекеттік одақтан шығып кетті: XV ғасыр мен XVI ғасырдың басында Үндістан ішінде Кашмир, Синд, Дели, Джаунпур, Бенгалия, Мальва, Гуджарат, сондай-ақ Солтүстік Декандағы Бахманидтер мемлекеті сияқты өзара ұдайы жауласып өткен, көптеген дербес, ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Олардың өзара күресін және басқа саяси жағдайларды пайдаланған кейбір бұрынғы үнді мемлекеттері өздерінің дербестігін сақтап қалды, ал кей реттерде дербестіктерін қайтарып алып отырды. Мәселен Орталық және Тел-ка-Мандир. Жартасқа жасалған джайндық мүсіндер. Солтүстік-Батыс Үндістанда Раджпуттар мемлекеттерінің үлкен федерациясы өмір сүрді; жолы қиын Ориссаның шалғай облыстары ақыр соңында мұсылман әкімдері билеген көрші Бенгалия бағындырып алғанға дейін біраз уақыт бойына тәуелсіздікте болды; оңтүстіктегі Чолдар мен Паңдьялар әулеттерінің мемлекеттері иеленген үнді мемлекеттері мен Тунгабхадра өзеніндегіХампи басты қаласы болып табылатын Виджаянагар мемлекеті де өз дербестіктерін сақтап қалды. Негізінен алғанда Раджпуттар мен Виджаянагар мемлекетінің арқасында ислам басқыншылы- ғынан өзіндік негізгі ерекшеліктерін аман алып қалған көне үнді мәдениеті сақталып қалды.

Алайда, тіпті, мұсылман өкіметі бақылауында болған үнді облыстарының өзінде де мұсылмандар өмірінің саяси, қоғамдық, мәдени-діни формаларын күшпен енгізу арқылы да үнді мәдениетін біржолата жойып жіберу ешқашан да мүмкін болмағанын атап айта кеткен жөн. Үндістанның қиыр солтүстік-батысындағы, қазіргі кез- де Пакистанға қарайтын жекелеген аудандары туралы ғана бұлай деуге болмайды. V Тек қана өкімет басына келген моғолдар бірнеше рет әрекет жасаған соң барып XVI ғасырдың екінші жартысында Солтүстік Үндістан мен Декан аудандарын орталық өкіметтің бақылауына бағындырып, біртұтас үнді-мұсылман мемлекетін құра алды. Бахманидтер мемлекеті Бграр, Бидар, Биджапур және Голконду сияқты жекелеген мемлекеттерге бөлектеніп кеткен Декан ғана Моғолдар өкіметіне күшті қарсылық көрсетті. Ерте ислам кезеңінде — Моғолдар өкіметінің Акбар тұсында нығайып күшейгеніне дейінгі уақытта — жоғарыда айтылғандай, индуистік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті немесе айуандықпен бүлдірілді, құдайлардың бастары жұлынып тасталды немесе танымастай етіп бүлдіріп қиратылды. Алайда, жаулап алушылар қолымен жасалған мұндай бүліншіліктер ақыр соңында олардың сол бүлінген құрылыстардың жарамды деген қалдықтарын өз өнері мен құрылыстары үшін пайдалануын мәжбүр етті. Құрылыстардың тұтас жұрнақтары, ең алдымен, бағандар (колонналар) мен мүсіндік әшекейлер жаңадан салына бастаған мұсылмандық құрылыстарға көшіріліп әкелінді. Бұдан келіп туатын ой: осылайша «ақиқат» діннің «дінсіздерді» жеңгендігі айқын дәлелденетін болғандықтан, мұндай, іс-әрекеттің өзін діншіл мұхаммедшілер мақтан тұтқан секілді. Бихар мен Бенгалиядағы будда храмдары да осындай талқандаушы діни фанатизмнің табанына тапталды, ал Үндістандағы ең соңғы будда әулеті болған Палдар кезеңіндегі көптеген құрылыстардан ештеңе де қалған жоқ деуге болады. Қазіргі музейлерде сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар — сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндер ғана. Буддалық монахтар ерекше қуғындалып, олардың көпшілігі құрбан болғанға ұқсайды.

Алайда, олардың қайсыбіреулері, сол сияқты дінге сенетін буддалықтар көрші елдерге қашып құтылған. Мәселен, буддаллық қашқындардың үлкен топтары Бенгалиядан шығысқа қарай шекаралық облыстарға және көршілес Бирмаға ағылды. Қашқындардың басым көпшілігі қарлы шекара арқылы солтүстікке, Непал мен Тибетке бет алды. Сөйтіп, осы кезден бастап Палдар кезеңіндегі үнді мәдениетінің бұл елдердегі жергілікті өнерге деген күшті әсері басталды. Көп ретте азғындаған және негізінен әскери-саяси өкімет мәселелерімен айналысқан ерте ислам әкімдері билеп-төстеген кезеңlе көптеген діни ғимараттар — бірінші кезекте мешіттер мен мұнаралар, медреселер (исламдық діни оқу орындары), көбінесе аумақты да керемет көрікті ескерткіш бейіттер, елдің әкімдері мен белгілі адамдарының мавзолейлері салынды. Ал мұның өзі Үндістан жеріндегі жаңа құбылыс еді және оның ескі үнді ғұрыптарына ешқандай да қатысы болмайтын.

Алайда, бұл кезде тұтас қалалар да пайда болып жатты. Ертеде салынған бекіністері, сарайлары немесе қорғандары және тұрғын үйлері мен базарлы көшелері caп түзеп, тұтастай аман сақталған қалалар Үндістан тарихының дәл осы кезеңіне жатады. Көлемі мен маңыздылығы жөнінен бірінші болып есептелетін мұсылмандық сәулет комплексі Делиде сақталған. Ол — XIII гасырдың басына жататын, осында салынып, күні бүгінге дейін Делидің ең назар аударарлық орны болып есептелетін биік күмбез — Кутб-Минар алып мұнарасы. Бұл Кутб-уд-дин Айбектің тұсында салына бастап, Илтутмыш тұсында, шамамен 1230 жылы аяқталған. Делидің бұл комплекстен басқа ғимараттары: Кутб-уд-дин Айбектің үлкен мешіті, Ала-уд-дин Хильджапың мазары (1215) мен медресесі, сол сияқты Илтутмыштың мавзолейі (1235). Кутб-Минар өзіндік ерекшеліктерге бай және мейлінше әсем-ақ. Оның табанының диаметрі — 16 метр; 1794 жылы биіктігі 70 метр еді. Кейініректе, бүлінген жерлерін қалпына келтірген соң тағы да бірнеше метрге биіктеді.

Ілгері қарай шығыңқы кернеулі мұнараны қоршап тұрған төрт балкон оны бірнеше қатарға бөлшектеп тұр, ең төменгі балкон шамамен 33 метр биіктікте, екінші — 49, үшіншісі — 63, ең соңғы төртіншісі 71 метр биіктікте орналасқан. Сөйтіп, жоғары көтерілген сайын оның қабаттарының биіктігіде, диаметрі де біртіндеп кішірейе түсіп отырады. Мұнараның тік тұрқы ою-өрнекті жиырма төрт шығыңқы кернеумен бөлектенген. Олардың біреулері қырланып, шаршыланып келсе, екінші біреулері дөңгелек болып келеді. Төменгі қабатында бұлар араласып отырады да, екінші қабатында түгелдей дөңгелек, ал үшінші қабатында кілең тікбұрышты. Жоғарғы қабатта мұндай шығыңқы кернеу жоқ. Мұнара қызыл құмтастан салынған. Үшінші қабатының үстінде ақ мәрмәрдан жасалған жолақ бар. Бұл екі түрлі құрылыс материалының екеуі де ислам кезеңіне тән нышанды айғақтайды және бұл Ұлы Моғолдар кезеңіндегі көптеген сәулет комплекстерінде кездеседі. Кутб-Минарды көрген алғашқы европалықтар оның әсемдігін Флоренциядағы әйгілі Джотта кампаниласына теңестірген. Ол, әрине, бұдан 10 метр биік, бірақ көрші тұрған аумақты кафедралық со-бордың қалқасында, биіктігі көкке шаншылған құдіреті тұрғысынан мына оқшау тұрған Кутб- Минардай әсер қалдырмайды. Ислам сәулетінде бұдан биігірек бір ғана мұнара бар, ол — Каирдағы Хасан мешітінің мұнарасы.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға