Жаңалықтар

Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар

Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Ананьев Николай, Безродный Григорий Михеевич, Белашов (Болатов) Николай Никанорович, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Добробабин, Дутов Петр Данилович, Емцов Петр Кузьмич, Есеболатов Нарсүтбай (Нарсұлтан), Калейников Дмитрий Митрофанович, Клочков Василий Георгиевич, Крючков Абрам Иванович, Конкин Григорий, Қожабергенов Алиасқар, Қосаев Әлікбай (Әлмембай), Максимов Николай Гордеевич, Митин Гаврил Степанович, Митченко Никита Андреевич, Москаленко Иван Васильевич, Натаров Иван Моисеевич, Петренко Г.А., Сеңгірбаев Мұсабек, Тимофеев Дмитрий Фомич, Трофимов Николай Игнатьевич, Шадрин Иван Демидович, Шепетков Иван Алексеевич, Шемякин Григорий, Шопаков Душамгул. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған.  
05.12.2012 04:53 21096

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға