Жаңалықтар

Ата-баба жолы

  Ата-баба жолы - қазақтың дәстүрлі дүниетанымында ата-баба жолы - көшпелілердің ежелден орныққан өмір салты, оның ілкімді принциптері мен нормаларының бірегей жүйесі. Ата-баба жолының когнитивтік бейнесі немесе кеңістіктік образ-моделі — «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман». Яғни «ақ түйенің қарны жарылған» дейтіндей молшылық заман. Сондықтан да адам баласының тіршілік атаулысының ішіндегі жанға жайлысы. Демек, үлгілісі. Осынау «дәулеті асқан, бағы жанған, бақыт қонған» заманның ең басты жасампаз күші, әрине, ата-бабаларымыз. Өйткені олар - тәңірі жарылқағандар, аруақ қолдағандар (аруақтылар). Бүгінгі тіршіліктің де баянды болуы осынау ұлы дәстүр - бабалар дәстүрі ата-баба жолын ұстануда жатыр, — дегенге саяды әр нұсқалық шежірелік сентенцияның түпкі мәні. Осы себепті көшпелі өмір салтын кешкен жан үшін өткен уақыт, бұрынғы заман, баяғы, бүгінгі заман, қазір ұғымдарының мән-мағынасы ата-баба жолы санатымен байланысты ғана айқындалады. Яғни олар салыстырмалы мәнді санаттар ғана. Ата-баба жолының пайда болған мерзімін ешкім дөп басып айта алмайтын, баяғыда орныққан, еш өзгермеген, яғни мәңгі жасап келе жатқан және мәңгі жасай беретін тіршілік-кеңістік те. Көшпелілер ұғымында бұл абсолюттік ақиқат. Және осы абсолюттік ақиқаттың қашан қалыптасқандығының дәл уақытын анықтауға ешкім мұқтаж болған жоқ. Өйткені, көшпелілердің қазіргі тыныс-тіршілігі - өткендегінің жалғасы ғана емес, ең алдымен мәңгі жасампаз өткендегінің уақыт пен кеңістікті көктей өтіп жеткен бүгінгісі. Ал, болашақ - көшпелі ортада қалыптасқан түсінік бойынша, мәңгі үлгі тұтар, сондықтан да өзгеруге тиісті емес, әлгі өткендегінің алдағы сан ұрпақтардың тіршілігіндегі бола беретін және бола беруге тиісті мәңгілік шеруі. Сонымен, дәстүрлі түсінік бойынша, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» адамдардың арасындағы, һәм адам мен табиғаттың арасындагы үйлесімділікті қамтамасыз еткен ата-баба жолы олардың мамыражай тоқ тіршілігінің себебі де, салдары да ата-баба жолы болды. Ата-баба жолын ұстанудың идеологиялық және тарихнамалық негізі шежірелік дәстүр болды. Шежіренің архитектоникасының осы екі мақсатқа негізделуінің себебі де осында. Бір жағынан (тарихнамалық), шежіре осынау мамыражай тоқ тіршіліктің бүгіндері бақилық болған жасампаз күші- ата-бабаның ерлік істері мен ұлы өсиеттерін дәріптеді. Екінші жағынан (идеологиялық), ата-бабаның аруағын үнемі құрметтеу жосынының бұлжымас ұстаным екендігін негіздеді. Түптеп келгенде, көшпелі ортадагы қоғамдық қатынастар жүйесінің барлық салалары мен барлық деңгейлерін реттейтін ілкімді нормалардан, принциптерден, басқару тетіктерінен және сан алуан ғұрыптар мен салттардан, ырымдардан тұратын институционалдық қатынастардың негізгі функциясы ежелден қалыптасқан әлеуметтік тәртіптің, яғни «ата-баба жолының» қатаң сақталуын қамтамасыз ету болды. Тіпті, көшпелілердің тіршілік циклінде атқарылатын сан алуан салттардан, ғұрыптардан, ырымдар мен жосын-жоралғылардан бастап, әр түрлі әулие-әнбиелерге, әсіресе, аруақтарга тәу етудің түпкі мәні, леймотиві өткендегіні дәріптеуге, сол арқылы өткендегінің өзгермей «аруақ қолдаган» бүгінгісін әспеттеуге саяды. Дәстүрлі әлеуметтік ортадағы тұлганың пайымдауынша, көсегесі көгерген өткендегі, яғни «ата- бабалар жолы» деп аталатын ұлы дәстүр қай кезеңде ғұмыр кешкен ұрпақ болсын қасиетті үлгі-ұстаным болды. Өйткені, «ата-бабалар жолын» айрықша қастерлеу әрі қатаң ұстану ғана көшпелі қауым-социумның ежелден үйреншікті өмір салтын ілкі қалпында сақтаудың басым кепілі еді. Демек, көшпелілер үшін осы ұстаныммен жүру ең ұлы мұрат болды.
05.12.2012 04:48 10875

 

Ата-баба жолы - қазақтың дәстүрлі дүниетанымында ата-баба жолы - көшпелілердің ежелден орныққан өмір салты, оның ілкімді принциптері мен нормаларының бірегей жүйесі. Ата-баба жолының когнитивтік бейнесі немесе кеңістіктік образ-моделі — «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман». Яғни «ақ түйенің қарны жарылған» дейтіндей молшылық заман. Сондықтан да адам баласының тіршілік атаулысының ішіндегі жанға жайлысы. Демек, үлгілісі. Осынау «дәулеті асқан, бағы жанған, бақыт қонған» заманның ең басты жасампаз күші, әрине, ата-бабаларымыз. Өйткені олар - тәңірі жарылқағандар, аруақ қолдағандар (аруақтылар). Бүгінгі тіршіліктің де баянды болуы осынау ұлы дәстүр - бабалар дәстүрі ата-баба жолын ұстануда жатыр, — дегенге саяды әр нұсқалық шежірелік сентенцияның түпкі мәні. Осы себепті көшпелі өмір салтын кешкен жан үшін өткен уақыт, бұрынғы заман, баяғы, бүгінгі заман, қазір ұғымдарының мән-мағынасы ата-баба жолы санатымен байланысты ғана айқындалады. Яғни олар салыстырмалы мәнді санаттар ғана.

Ата-баба жолының пайда болған мерзімін ешкім дөп басып айта алмайтын, баяғыда орныққан, еш өзгермеген, яғни мәңгі жасап келе жатқан және мәңгі жасай беретін тіршілік-кеңістік те. Көшпелілер ұғымында бұл абсолюттік ақиқат. Және осы абсолюттік ақиқаттың қашан қалыптасқандығының дәл уақытын анықтауға ешкім мұқтаж болған жоқ. Өйткені, көшпелілердің қазіргі тыныс-тіршілігі - өткендегінің жалғасы ғана емес, ең алдымен мәңгі жасампаз өткендегінің уақыт пен кеңістікті көктей өтіп жеткен бүгінгісі. Ал, болашақ - көшпелі ортада қалыптасқан түсінік бойынша, мәңгі үлгі тұтар, сондықтан да өзгеруге тиісті емес, әлгі өткендегінің алдағы сан ұрпақтардың тіршілігіндегі бола беретін және бола беруге тиісті мәңгілік шеруі.

Сонымен, дәстүрлі түсінік бойынша, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» адамдардың арасындағы, һәм адам мен табиғаттың арасындагы үйлесімділікті қамтамасыз еткен ата-баба жолы олардың мамыражай тоқ тіршілігінің себебі де, салдары да ата-баба жолы болды.

Ата-баба жолын ұстанудың идеологиялық және тарихнамалық негізі шежірелік дәстүр болды. Шежіренің архитектоникасының осы екі мақсатқа негізделуінің себебі де осында. Бір жағынан (тарихнамалық), шежіре осынау мамыражай тоқ тіршіліктің бүгіндері бақилық болған жасампаз күші- ата-бабаның ерлік істері мен ұлы өсиеттерін дәріптеді. Екінші жағынан (идеологиялық), ата-бабаның аруағын үнемі құрметтеу жосынының бұлжымас ұстаным екендігін негіздеді.

Түптеп келгенде, көшпелі ортадагы қоғамдық қатынастар жүйесінің барлық салалары мен барлық деңгейлерін реттейтін ілкімді нормалардан, принциптерден, басқару тетіктерінен және сан алуан ғұрыптар мен салттардан, ырымдардан тұратын институционалдық қатынастардың негізгі функциясы ежелден қалыптасқан әлеуметтік тәртіптің, яғни «ата-баба жолының» қатаң сақталуын қамтамасыз ету болды. Тіпті, көшпелілердің тіршілік циклінде атқарылатын сан алуан салттардан, ғұрыптардан, ырымдар мен жосын-жоралғылардан бастап, әр түрлі әулие-әнбиелерге, әсіресе, аруақтарга тәу етудің түпкі мәні, леймотиві өткендегіні дәріптеуге, сол арқылы өткендегінің өзгермей «аруақ қолдаган» бүгінгісін әспеттеуге саяды. Дәстүрлі әлеуметтік ортадағы тұлганың пайымдауынша, көсегесі көгерген өткендегі, яғни «ата- бабалар жолы» деп аталатын ұлы дәстүр қай кезеңде ғұмыр кешкен ұрпақ болсын қасиетті үлгі-ұстаным болды. Өйткені, «ата-бабалар жолын» айрықша қастерлеу әрі қатаң ұстану ғана көшпелі қауым-социумның ежелден үйреншікті өмір салтын ілкі қалпында сақтаудың басым кепілі еді. Демек, көшпелілер үшін осы ұстаныммен жүру ең ұлы мұрат болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға