Жаңалықтар

Кітап

КІТАП (араб. – жазба) – мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғыл.-практикалық мазмұндағы туынды. К-тың алғашқы түрлері ежелгі Мысырда, Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақтатастарға сына жазумен жазылатын болған. Б.з.б. 25 ғ-да ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Қамысқа жазылған К-тар оқтауша түрінде шиыршықталып оралды. Б.з.б. 7 ғ-да қамысқа К. жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Антик. мәдениет пен әлемге әйгілі ғылым өкілдерінің туындылары қолжазба К. ретінде көптеп тарады. Осыған байланысты К-ты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. К. әсем каллигр. жазумен көшіріліп, көркем суреттермен айшықталды. Б.з.б. 2 ғ-да қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Жарғақ К. та әуелгі кезде орама оқтауша К. түрінде жасалды, кейін б.з. 1 ғ-дан бастап түптелген парақты бүктеме К. (кодекс) дүниеге келді. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымының аса ірі өкілдерінің туындылары жарғақ К-тарға жазылып таралды. 105 ж. қарапайым қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тапты. 13 ғ-да қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Орта ғ-ларда Еуропада қолжазба К. қауырт өркендеп, К. жазудың латын (каролина минускул) және готикалық негіздегі үлгілері пайда болды. Мәтінін мазмұндық жағынан ерекшелеудің алуан түрлі тәсілдері табылып, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. К. мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15 ғ-дың ортасында неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа К. пайда болды. Осы заманғы К. түптелген қолжазба К. (кодекс) – мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогы үлгісінде жасалады. К. оқырмандар қауымына қарай бұқаралық және мамандар мен балалар К-ы, арнаулы мақсатына қарай ресми, ғыл., ғыл.-көпшілік, оқулық, әдеби-көркем, анықтамалық, жарнамалық, т.б. болып бөлінеді. Ғыл. К-тың кең таралған түріне монография, оқу К-тарына – оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, анықтама К-тарға – сөздік, энциклопедия, арнаулы мәселелер жөніндегі анықтамалар, нұсқау жаднама, құлақтандырма (проспект), каталог, күнтізбе (календарь), сілтеуіштер жатады. Тақырыбы жағынан К-тар кітапханалық-библиографиялық топтауларға сәйкес жүйеге түсіріледі.   
05.12.2012 04:47 5341

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға