Жаңалықтар

Үнді орта ғасыр өнері

Гупттар дәуірінен кейін, VI ғасырда үнді мәдениетінің дамуында жаңа кезең басталады. Осының алдындағы кезеңдегі қалалық және сарайлық мәдениетке барған сайын мейлінше дінге сүйенетін, елдегі ұсақ та ірі әкімдер күштеп енгізген мәдениет түрлері қарсы қойыла бастағаны атап көрсетіліп жүр. Олар өз биліктерін діни нышандармен байланыстырып отырған. Үнді мемлекеттеріндегі басты рольді енді діни қызметкерлер атқаратын болып алады, бұл кезде ескі дін — буддизм бірте-бірте ығыстырылып, индуизм жетекші дінге айналады. Маурьялар мен Гупттар әулеттерінен шыққан әкімдерге тән Үндістанды бірыңғай мемлекетке біріктіруге деген ұмтылыс ұмыт бола бастайды. Ұсақ князьдіктердің аса әйгілі атаққа ие әкімдерінің өзара соғыс, қақтығыстары мен тартыстары біртіндеп асқына түседі де, мұның өзі ішкі және сыртқы саудаға күшті ықпалын тигізеді; шығыстағы сауда қытайлардың, ал батыстағы сауда арабтардың қолына өтеді. Индуизм ықпалы Орта ғасыр дәуірінде бүкіл Үндістанда индуистік храмдық сәулет өнері мен пластика гүлденеді. Жекелеген әкімдер мен олардың діни ортадан шыққан кеңесшілері арасындағы өзара бәсеке біртіндеп бірінен-бірі өткен сән-салтанатты храмдар тұрғызуға жеткізеді. Бұл дәуір бірқатар оңтүстік және солтүстік әулеттердің — Ориссадағы Паллавтар мен Раштракуттардың, Палдар мен Чанделлдердің, Бхаумакарлардың, Кесарилер мен Гангтардың билігімен тығыз байланысты, ал олардың орнын кейініректе, мәселен, Оңтүстік Үндістандағы Чолдар әулеті сияқты құдіретті әулеттер басты. Бұл дәуір шіердің ірі көлемді туындылары — Оңтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде Махабалипу рамда салынған мүсіндік әшекейлі құрылыстар, Батыс Декандағы Эллора мен Элефант аралындағы үңгірлік монастырьлар, Чанделлдер әулетінің билігіне жататын Бхуванешвер (Орисса) мен Кхаджурахо храмдық қалалары сияқты тұтас жатқан ескерткіш-қалалар арқылы ерекшеленеді. Палдар әулеті Бенгалия мен Бихарда аса көлемді монументтер қалдырмаған, алайда олар билеген кезден (бұлар буддалық әкімдердің ішіндегі ең соңғы және индуистік гис пластикалары мен құрылыстары мол буддалық университет сияқты) ічжерткіш-куәлар сақталған.   Бұл сияқты ортағасырлық индуистік храм құрылысы бүкіл Үндістан жерінде кең өріс алған. Осы елдің тек бір ғана ауданында — Гуджаратта джайндік діни қауымдар күш алып, өздерінен кейін назар аударуға тұрарлықтай көптеген джайндік құрылыстар қалдырған. Бұл дәүір индуистік өнердің Үндістанға мұсылман жаулаушылары басып кіріп, біртіндеп оның солтүстігі мен Деканды иеленуі алдындағы өріс жая гүлденуінің соңғы кезеңі болатын. Индуистік өнер тек қана қиыр оңтүстікте дербес дами берді. Чолдар әулетінен шыққан әкімдер өз мемлекетін солтүстікке және оңтүстікке қарай кеңейте түсті, қайсыбір кезеңде тіпті Цейлонды да басып алып, Оңтүстік-Шығыс Азияға да тікелей ықпал жасады. Олардың храмдық сәулет стилі Солтүстік Үндістан стилінен, ең алдымен, құрылыстардың монументальдылығы, гопурлар деп аталатын үлкен қақпалары, сол сияқты пластиканың, әсіресе діни қола мүсіндерінің, ерекше тәсілмен дамытылуы арқылы ерекшеленеді. Бұған дейін де Хойсалдар әулетінен шыққан әкімдер Майсурада (Декан) үнді өнері ескерткіштерімен танысушыларды күні бүгінге дейін таңғалдыратын әшекейлі мүсіндері қисапсыз, өзіндік ерекшеліктері мол храмдар салған. Махабалипурам өнері Махабалипурам өнері құрамында Айхоле, Бадами және Паттадакал ескерткіштері енетін Чалукьялар кезеңі өнерімен тығыз байланысты. Алайда, бұл жерде, Үндістанның оңтүстігінде, шығыс жағалауға жақын жерде жергілікті дәстүрлер де сақталып қалған, соның арқасында діни сәулет үлгісінде де, пластикада да өзіндік ерекше туындылар жасалып отырған.   Махабалипурам (немесе Мамаллапурам) қаласы Паллавтар әулетінен шыққан, кейде Махмалла (640—64) деген атқа да ие I Нарасимхаварман патшаның тұсында салынған. Паллавтар әулетінен шыққан әкімдер VII және VIII ғасырларда бүгінгі күндерде де көркемдік кұны аса зор өнер туындыларын қалдырған. Бұл өнердің ең таңдаулы үлгілері мыналар: индуистік үңгір-храмдар; тұтас жартастардан ойып жасалған ратха деп аталатын храм үлгілері; жартастарға ойып салынған бедерлі зор суреттер, олардың ішіндегі ең елеулісі «Ганганың жерге төмен түсуі» деп аталатын әйгілі бедері сол сияқты Махабалип-урамдағы үлкен жағалау храмы.   Бұл жерде ең алдымен жартасқа ойып салынған бас ратханы, эпостық қаһармандар мен кұдайлар атымен сақталған Арджуна, Бхима, Дхармараджа, Сахадева және Ганеша ратхаларын атаған жөн. Сол жартастан Шиваға табынуға байланысты шыққан қасиетті жануарлар — піл, арыстан, бұқаның зор бейнелері де ойып жасалған. Бұл ратхалардың ішіндегі ең шағыны Арджуна ратхасы — төрт жағынан да қисайта салған күмбез тәрізді төбесі бар, шаршы көлемді, қалың қабырғалы біртұтас ғимарат. Осыған ұқсас құрылыс жартасқа ойып салынған «Ганганың төмен түсуі» атты бедерлі суретте де тақуаның тұрғын жайы ретінде бейнеленген. Бхима ратхасы «бөшке тәрізді» күмбез болып келетің, бір қабатты, қырлы құрылыс ретінде салынған. Қушықтау жағындағы есігі көне буддалық чайтьяның терезесіне ұқсас. Сахадева ратхасында да «бөшке тәрізді» күмбез бар. Бұл ғимарат көп қабатты етіп салынған, әр қабаты бірінің үстіне бірі орналасқан және олар жоғарылаған сайын целла мен вестибюльден тұратын үнді храмына тән қалыпта қырланып, кішірейе түсіп, қайталана береді. Дхармараджа ратхасы шаршы бейнелі, үстіңгі жағы пирамида тектес қондырғымен ұштасады. Осы ратхалардың бәрі де көп сатылы (көп қабатты) құрылысқа ұқсатылып салынған және көптеген бір тектес сәулеттік детальдар сәнді түрде қайталанып отырады.   Бүкіл осы ратхалар тобы тұтас алғанда храмдардың тастан жасалған шағын үлгілері комплексін көргендей әсер қалдырады. Алайда, бұлар — сәулет пен сәндік өнердің шын мәнісіндегі қазыналары. Махабалипурамдағы үңгір-храмдар да Шиваға арналып салынған. Бұлар жартастардан ойып жасалған, колонналар ұстап тұрған веранда формалы вестибюлі бар үңгірлер болып табылады. Олар мейлінше әдемі салынған ірі бедерлі суреттермен безендірілген және бұлар Паллавтар кезеңіндегі пластикалық өнердің шебер жетістіктерінің қатарына жатады. Мысал ретінде Кришну құдайды бейнелейтін аумақты бедерлі суреті бар бес ағалы-інілі Пандавтар үңгірі Панча-Пандава-Мандапаны, сол сияқты Шиваға арналған бейнелері бар Тримурти храмын атауға болады. Бұрын да бірнеше рет аталған жартастағы зор бедерлі сурет «Ганганың төмен түсуі» пішіндік бейнелерге өте бай. Құдайлар, адамдар мен жануарлар аспаннан жерге, жартас ортасындағы табиғи құлама су нобайын бейнелейтін жарыққа түсіп келе жатқан өзен тәңіриясы Ганганы қадағалап, құттықтап тұр. Ақыр соңында Махабалипурамдағы Жағалау храмын алайық. Мұның табаны — шаршы целла, оның үстінде мұнара тәріздес қондырғы көтерілген. Алдында — вестибюль және өтпелі бөлме, сол сияқты колонналар ұстап тұрған, жиналыстар өткізілетін үлкен зал бар. Храм түгелдей тас қорғанмен қоршалған, оның үстіне Шиваға арналған Нанди бұқалары орналасқан. Паллавтар кезеңі Паллавтар кезеңінің ескерткіштері Махабалипурамнан сырт жерлерде де баршылық. Бұл жерде Паллавтардың ескі астанасы Канчипурамдағы үлкен Кайласанатхи храмын ғана атап кетпекпіз. Құрылыстың түрлі бөлектерінің арақатынасы өз мөлшері жөнінен Жағалау храмын еске түсіреді. Мұндағы басты ғимарат та жоғары қарай тарыла түсіп отыратын тік ярусты, пирамида бейнелі қондырғысы, ұшында мұнарасы бар. «Бөшке бейнелі», пирамида тәрізді төбелер оңтүстік үнділік храм үлгілерін мұнара үстінде тіп-тік жоғары көтерілетін солтүстік үнділік шикхара үлгісінен ерекшелеп гұрады. Алайда, солтүстік үнділік храм үлгісі жұпыны, шағындау келетін болса, Паллавтардың соңғы кезеңіндегі және одан кейінгі кезеңдердегі оңтүстік үнділік сәулет мейлінше аумақты храмдық комплекстерге бет бұра берген, бұл кезеңдерде жекелеген храмдардан біртіндеп аса зор қақпалы алып тас дуалдармен қоршалған храмдық тұтас қалаларға көшу өріс алған. Паллавтар стилі сәулет өнері дамуының көп кейінгі дәуірлеріне — түбектің қарама-қарсы батыс бөлігінде орналасқан Айхоле мен Паттадакаладағы Чалукьялар кезеңіне дейін ықпал жасаған. Алайда, ол тек Раштракуттар өнерінде, ең алдымен, Эллораның үңгірлік және жер үсті сәулетінде барынша гүлдене түскен. Раштракуттар әулетінің әкімдері өздерінің бұрынғы билеушілері Чалукьялардан азаттық алғаннан кейін, 750 жылдан кейін іле-шала аса алып қүрылысты бастап жібереді. Олар өз тұсындағы құдіретті үнді әкімдері болып табылады және X ғасырға дейін билеп тұрды, алайда орта ғасыр өнері олардың астанасы Маньякхетадан (осы заманғы Малкхед) көп ештеңе сақталмаған. Сол себепті де олар билеген кезеңнен қалған бірден-бір алып құрылыс — махабалипурамдық ратхаларға ұқсас Эллорада" жартастан ойып салынған Кайласанатхи храмы. Бұл ешқандай да үңгірлік храм болмағанмен, оны әдетте Эллорадағы үңгір храмдарының қатарына жатқызып, 16-номермен белгілеп жүр. Храмды жасау жұмыстарын Паллавтар сәулетшілері жүргізгенімен де Канчипурамды Раштракуттар жаулап алған соң орын алған деген болжам бар. Кайласанатхи храмы ұзақ уақыт салынған. Дантидурга кезінде басталып, I Кришнараджа тұсында кеңейтілген. Храм метрден астам тереңдікте жартастан ойылған көлемі 58X51 метр алаң ортасында түр, ал оның аумағы 55X36 метр, төртбүрышты зор ғимарат. Махабалипурамдағы ратха сияқты бұл храм да өзінің бейнелік және сәндік барша әшекейлерімен тұтастай жартастан ойып жасалған. Көлемі мен мықтылық құдіреті жағынан Кайласантты храмы айрықша жоғары бағаланады. Дейр-эль-Бахридағы (Египет, Жаңа патшалық, біздің дәуірімізге дейінгі XVI—XV ғасырлар) жартастан ойылған египеттік аса әйгілі Хатшепсут храмымен ғана салыстыруға болар.
05.12.2012 04:46 10766

Гупттар дәуірінен кейін, VI ғасырда үнді мәдениетінің дамуында жаңа кезең басталады. Осының алдындағы кезеңдегі қалалық және сарайлық мәдениетке барған сайын мейлінше дінге сүйенетін, елдегі ұсақ та ірі әкімдер күштеп енгізген мәдениет түрлері қарсы қойыла бастағаны атап көрсетіліп жүр. Олар өз биліктерін діни нышандармен байланыстырып отырған. Үнді мемлекеттеріндегі басты рольді енді діни қызметкерлер атқаратын болып алады, бұл кезде ескі дін — буддизм бірте-бірте ығыстырылып, индуизм жетекші дінге айналады. Маурьялар мен Гупттар әулеттерінен шыққан әкімдерге тән Үндістанды бірыңғай мемлекетке біріктіруге деген ұмтылыс ұмыт бола бастайды. Ұсақ князьдіктердің аса әйгілі атаққа ие әкімдерінің өзара соғыс, қақтығыстары мен тартыстары біртіндеп асқына түседі де, мұның өзі ішкі және сыртқы саудаға күшті ықпалын тигізеді; шығыстағы сауда қытайлардың, ал батыстағы сауда арабтардың қолына өтеді.

Индуизм ықпалы

Орта ғасыр дәуірінде бүкіл Үндістанда индуистік храмдық сәулет өнері мен пластика гүлденеді. Жекелеген әкімдер мен олардың діни ортадан шыққан кеңесшілері арасындағы өзара бәсеке біртіндеп бірінен-бірі өткен сән-салтанатты храмдар тұрғызуға жеткізеді.

Бұл дәуір бірқатар оңтүстік және солтүстік әулеттердің — Ориссадағы Паллавтар мен Раштракуттардың, Палдар мен Чанделлдердің, Бхаумакарлардың, Кесарилер мен Гангтардың билігімен тығыз байланысты, ал олардың орнын кейініректе, мәселен, Оңтүстік Үндістандағы Чолдар әулеті сияқты құдіретті әулеттер басты. Бұл дәуір шіердің ірі көлемді туындылары — Оңтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде Махабалипу рамда салынған мүсіндік әшекейлі құрылыстар, Батыс Декандағы Эллора мен Элефант аралындағы үңгірлік монастырьлар, Чанделлдер әулетінің билігіне жататын Бхуванешвер (Орисса) мен Кхаджурахо храмдық қалалары сияқты тұтас жатқан ескерткіш-қалалар арқылы ерекшеленеді. Палдар әулеті Бенгалия мен Бихарда аса көлемді монументтер қалдырмаған, алайда олар билеген кезден (бұлар буддалық әкімдердің ішіндегі ең соңғы және индуистік гис пластикалары мен құрылыстары мол буддалық университет сияқты) ічжерткіш-куәлар сақталған.

 

Бұл сияқты ортағасырлық индуистік храм құрылысы бүкіл Үндістан жерінде кең өріс алған. Осы елдің тек бір ғана ауданында — Гуджаратта джайндік діни қауымдар күш алып, өздерінен кейін назар аударуға тұрарлықтай көптеген джайндік құрылыстар қалдырған. Бұл дәүір индуистік өнердің Үндістанға мұсылман жаулаушылары басып кіріп, біртіндеп оның солтүстігі мен Деканды иеленуі алдындағы өріс жая гүлденуінің соңғы кезеңі болатын. Индуистік өнер тек қана қиыр оңтүстікте дербес дами берді. Чолдар әулетінен шыққан әкімдер өз мемлекетін солтүстікке және оңтүстікке қарай кеңейте түсті, қайсыбір кезеңде тіпті Цейлонды да басып алып, Оңтүстік-Шығыс Азияға да тікелей ықпал жасады. Олардың храмдық сәулет стилі Солтүстік Үндістан стилінен, ең алдымен, құрылыстардың монументальдылығы, гопурлар деп аталатын үлкен қақпалары, сол сияқты пластиканың, әсіресе діни қола мүсіндерінің, ерекше тәсілмен дамытылуы арқылы ерекшеленеді. Бұған дейін де Хойсалдар әулетінен шыққан әкімдер Майсурада (Декан) үнді өнері ескерткіштерімен танысушыларды күні бүгінге дейін таңғалдыратын әшекейлі мүсіндері қисапсыз, өзіндік ерекшеліктері мол храмдар салған.

Махабалипурам өнері

Махабалипурам өнері құрамында Айхоле, Бадами және Паттадакал ескерткіштері енетін Чалукьялар кезеңі өнерімен тығыз байланысты. Алайда, бұл жерде, Үндістанның оңтүстігінде, шығыс жағалауға жақын жерде жергілікті дәстүрлер де сақталып қалған, соның арқасында діни сәулет үлгісінде де, пластикада да өзіндік ерекше туындылар жасалып отырған.

 

Махабалипурам (немесе Мамаллапурам) қаласы Паллавтар әулетінен шыққан, кейде Махмалла (640—64) деген атқа да ие I Нарасимхаварман патшаның тұсында салынған. Паллавтар әулетінен шыққан әкімдер VII және VIII ғасырларда бүгінгі күндерде де көркемдік кұны аса зор өнер туындыларын қалдырған. Бұл өнердің ең таңдаулы үлгілері мыналар: индуистік үңгір-храмдар; тұтас жартастардан ойып жасалған ратха деп аталатын храм үлгілері; жартастарға ойып салынған бедерлі зор суреттер, олардың ішіндегі ең елеулісі «Ганганың жерге төмен түсуі» деп аталатын әйгілі бедері сол сияқты Махабалип-урамдағы үлкен жағалау храмы.

 

Бұл жерде ең алдымен жартасқа ойып салынған бас ратханы, эпостық қаһармандар мен кұдайлар атымен сақталған Арджуна, Бхима, Дхармараджа, Сахадева және Ганеша ратхаларын атаған жөн. Сол жартастан Шиваға табынуға байланысты шыққан қасиетті жануарлар — піл, арыстан, бұқаның зор бейнелері де ойып жасалған. Бұл ратхалардың ішіндегі ең шағыны Арджуна ратхасы — төрт жағынан да қисайта салған күмбез тәрізді төбесі бар, шаршы көлемді, қалың қабырғалы біртұтас ғимарат. Осыған ұқсас құрылыс жартасқа ойып салынған «Ганганың төмен түсуі» атты бедерлі суретте де тақуаның тұрғын жайы ретінде бейнеленген.

Бхима ратхасы «бөшке тәрізді» күмбез болып келетің, бір қабатты, қырлы құрылыс ретінде салынған. Қушықтау жағындағы есігі көне буддалық чайтьяның терезесіне ұқсас. Сахадева ратхасында да «бөшке тәрізді» күмбез бар. Бұл ғимарат көп қабатты етіп салынған, әр қабаты бірінің үстіне бірі орналасқан және олар жоғарылаған сайын целла мен вестибюльден тұратын үнді храмына тән қалыпта қырланып, кішірейе түсіп, қайталана береді. Дхармараджа ратхасы шаршы бейнелі, үстіңгі жағы пирамида тектес қондырғымен ұштасады. Осы ратхалардың бәрі де көп сатылы (көп қабатты) құрылысқа ұқсатылып салынған және көптеген бір тектес сәулеттік детальдар сәнді түрде қайталанып отырады.

 

Бүкіл осы ратхалар тобы тұтас алғанда храмдардың тастан жасалған шағын үлгілері комплексін көргендей әсер қалдырады. Алайда, бұлар — сәулет пен сәндік өнердің шын мәнісіндегі қазыналары. Махабалипурамдағы үңгір-храмдар да Шиваға арналып салынған. Бұлар жартастардан ойып жасалған, колонналар ұстап тұрған веранда формалы вестибюлі бар үңгірлер болып табылады. Олар мейлінше әдемі салынған ірі бедерлі суреттермен безендірілген және бұлар Паллавтар кезеңіндегі пластикалық өнердің шебер жетістіктерінің қатарына жатады. Мысал ретінде Кришну құдайды бейнелейтін аумақты бедерлі суреті бар бес ағалы-інілі Пандавтар үңгірі Панча-Пандава-Мандапаны, сол сияқты Шиваға арналған бейнелері бар Тримурти храмын атауға болады. Бұрын да бірнеше рет аталған жартастағы зор бедерлі сурет «Ганганың төмен түсуі» пішіндік бейнелерге өте бай. Құдайлар, адамдар мен жануарлар аспаннан жерге, жартас ортасындағы табиғи құлама су нобайын бейнелейтін жарыққа түсіп келе жатқан өзен тәңіриясы Ганганы қадағалап, құттықтап тұр. Ақыр соңында Махабалипурамдағы Жағалау храмын алайық. Мұның табаны — шаршы целла, оның үстінде мұнара тәріздес қондырғы көтерілген. Алдында — вестибюль және өтпелі бөлме, сол сияқты колонналар ұстап тұрған, жиналыстар өткізілетін үлкен зал бар. Храм түгелдей тас қорғанмен қоршалған, оның үстіне Шиваға арналған Нанди бұқалары орналасқан.

Паллавтар кезеңі

Паллавтар кезеңінің ескерткіштері Махабалипурамнан сырт жерлерде де баршылық. Бұл жерде Паллавтардың ескі астанасы Канчипурамдағы үлкен Кайласанатхи храмын ғана атап кетпекпіз. Құрылыстың түрлі бөлектерінің арақатынасы өз мөлшері жөнінен Жағалау храмын еске түсіреді. Мұндағы басты ғимарат та жоғары қарай тарыла түсіп отыратын тік ярусты, пирамида бейнелі қондырғысы, ұшында мұнарасы бар. «Бөшке бейнелі», пирамида тәрізді төбелер оңтүстік үнділік храм үлгілерін мұнара үстінде тіп-тік жоғары көтерілетін солтүстік үнділік шикхара үлгісінен ерекшелеп гұрады. Алайда, солтүстік үнділік храм үлгісі жұпыны, шағындау келетін болса, Паллавтардың соңғы кезеңіндегі және одан кейінгі кезеңдердегі оңтүстік үнділік сәулет мейлінше аумақты храмдық комплекстерге бет бұра берген, бұл кезеңдерде жекелеген храмдардан біртіндеп аса зор қақпалы алып тас дуалдармен қоршалған храмдық тұтас қалаларға көшу өріс алған. Паллавтар стилі сәулет өнері дамуының көп кейінгі дәуірлеріне — түбектің қарама-қарсы батыс бөлігінде орналасқан Айхоле мен Паттадакаладағы Чалукьялар кезеңіне дейін ықпал жасаған. Алайда, ол тек Раштракуттар өнерінде, ең алдымен, Эллораның үңгірлік және жер үсті сәулетінде барынша гүлдене түскен. Раштракуттар әулетінің әкімдері өздерінің бұрынғы билеушілері Чалукьялардан азаттық алғаннан кейін, 750 жылдан кейін іле-шала аса алып қүрылысты бастап жібереді. Олар өз тұсындағы құдіретті үнді әкімдері болып табылады және X ғасырға дейін билеп тұрды, алайда орта ғасыр өнері олардың астанасы Маньякхетадан (осы заманғы Малкхед) көп ештеңе сақталмаған. Сол себепті де олар билеген кезеңнен қалған бірден-бір алып құрылыс — махабалипурамдық ратхаларға ұқсас Эллорада" жартастан ойып салынған Кайласанатхи храмы. Бұл ешқандай да үңгірлік храм болмағанмен, оны әдетте Эллорадағы үңгір храмдарының қатарына жатқызып, 16-номермен белгілеп жүр. Храмды жасау жұмыстарын Паллавтар сәулетшілері жүргізгенімен де Канчипурамды Раштракуттар жаулап алған соң орын алған деген болжам бар. Кайласанатхи храмы ұзақ уақыт салынған. Дантидурга кезінде басталып, I Кришнараджа тұсында кеңейтілген. Храм метрден астам тереңдікте жартастан ойылған көлемі 58X51 метр алаң ортасында түр, ал оның аумағы 55X36 метр, төртбүрышты зор ғимарат. Махабалипурамдағы ратха сияқты бұл храм да өзінің бейнелік және сәндік барша әшекейлерімен тұтастай жартастан ойып жасалған. Көлемі мен мықтылық құдіреті жағынан Кайласантты храмы айрықша жоғары бағаланады. Дейр-эль-Бахридағы (Египет, Жаңа патшалық, біздің дәуірімізге дейінгі XVI—XV ғасырлар) жартастан ойылған египеттік аса әйгілі Хатшепсут храмымен ғана салыстыруға болар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға