Жаңалықтар

Құбыр желісі

Құбыр желісі, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы. Қ. ж., шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап ст-лары орнатылады. Қ. ж-нің қондырғыларына қатарласқан және қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық ст-лар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады. Қ. ж., негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды. Сондай-ақ су құбырлары жүйелерін де Қ. ж-не жатқызуға болады. Қ. ж. магистральдық және жергілікті мұнай құбырлары мен газ құбырларына бөлінеді. Алғашқы мұнай құбыры Қазақстанның батысында: ұз. 154 км Доссор – Ракуша – Каспий мұнай құбыры Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде салынған. 1934 ж. Каспий – Орск мұнай құбыры (830 км) іске қосылды, ал 1966 ж. Өзен – Жетібай –Ақтау бағытында мұнай құбыры (141,5 км) төселді. Дүние жүзіндегі тұңғыш бірегей континентаралық ыстық мұнай құбыры: Өзен – Атырау – Самара арасында салынды (1970), оның ұз. 1500 км. ТМД аумағында салынған негізгі экспорттық құбыр желісі жүйелері: дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбыры – “Достық” құбыры (5116 км). Ол Самара ауданынан Беларуське, Украинаға және Шығ. Еуропа елдеріне шығады; Туймазы – Иркутск (3700 км), Орынбордан Ресейдің батыс шекарасына дейін тартылған “Союз” (275 км), Орта Азия – Орталық (3000 км), Германия, Франция, Австрия, Швейцария және басқа елдер үшін өтемақылық негізде салынған Ямбург – Батыс шекара (4605 км); Маңғыстаудан Еділ жағалауы арқылы Украинаға тартылған, парафинді мұнайды 50ӘС-қа дейін қыздыратын ірі мұнай құбыры (2500 км). Теңіз кен орнының шикі мұнайы мен Қазақстанның басқа да мұнайын Қара теңіздің солт. жағалауындағы Южная Озерейка терминалына тасымалдайтын Теңіз – Астрахан – Новороссийск құбырының құрылысы (1850 км) 2001 ж. қарашада аяқталды. Оны Каспий құбыр консорциумы (КҚК) салды. Қазақстанда тұңғыш газ кәсіпшілігі 1970 ж. Теңізде іске қосылды. 1971 ж. ұз. 610 км Бейнеу – Өзен – Бекдаш (Түрікменстан) газ құбыры салынды. 1972 ж. Өзен – Бейнеу магистралі (310 км) пайдалануға берілді. 2001 ж. республикада жылына 6,5 млрд. м3 газ өндіріледі, оның 4 млрд. м3-і экспортқа шығарылады. Бұл қорлар Атырау, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында және Солт. Қазақстан мен Торғай мұнайлы аймақтарында шоғырланған. Таяу жылдары Қарашығанақ – Ақтөбе, Өріктау – Ақтөбе газ құбырын салу көзделіп отыр. Мұның өзі Қарашығанақ пен Өріктаудан газды қолданыстағы Бұхара – Орал газ құбырына беруге мүмкіндік туғызады. Жүк айналымы жөнінен Қ. ж. темір жол көлігінен кейін екінші орында. 2001 ж. жүк айналымы 56573 млн. т-км-ге жеткен. Соңғы деректер бойынша (2001) Қазақстанда мұнай және газ тасымалдайтын 8 ірі мекеме тіркелген, ал магистральдық құбырлардың жалпы ұз. 17082 км. Қазақстан жерімен өтетін, экон. маңызы жоғары магис-тральдық құбырлар: Атырау – Самара – Одесса, Атырау – Самара – Приморск, КҚК (Теңіз – Новороссийск), Атасу – Алашанкоу. Қазақстанда Атырау – Самара құбыры негізгі экспорттық бағыт болып табылады. Бұл бағыт Қазақстан мұнайын “Достық” құбырлар жүйесі арқылы Шығ. Еуропаға, Қара т. бен Балтық т. порттарына, одан әрі Жерорта т. елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Азия – Тынық мұхит аймағы елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы жасалды. Ол Атасу кенті (Қарағанды обл.) – Алашанкоу (Қытай) арқылы өтеді. Ақтау – Баку бағыты бойынша Каспий т. арқылы Қазақстан мұнайын Баку – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау да республика үшін аса маңызды. Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып, пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70 – 75%-ға артты. Осыған орай Қ. ж-мен жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды (кестені қараңыз). Б. Телтаев  
05.12.2012 04:45 41113

Құбыр желісі, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы. Қ. ж., шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап ст-лары орнатылады. Қ. ж-нің қондырғыларына қатарласқан және қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық ст-лар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады. Қ. ж., негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды. Сондай-ақ су құбырлары жүйелерін де Қ. ж-не жатқызуға болады. Қ. ж. магистральдық және жергілікті мұнай құбырлары мен газ құбырларына бөлінеді.

Алғашқы мұнай құбыры Қазақстанның батысында: ұз. 154 км Доссор – Ракуша – Каспий мұнай құбыры Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде салынған. 1934 ж. Каспий – Орск мұнай құбыры (830 км) іске қосылды, ал 1966 ж. Өзен – Жетібай –Ақтау бағытында мұнай құбыры (141,5 км) төселді. Дүние жүзіндегі тұңғыш бірегей континентаралық ыстық мұнай құбыры: Өзен – Атырау – Самара арасында салынды (1970), оның ұз. 1500 км. ТМД аумағында салынған негізгі экспорттық құбыр желісі жүйелері: дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбыры – “Достық” құбыры (5116 км). Ол Самара ауданынан Беларуське, Украинаға және Шығ. Еуропа елдеріне шығады; Туймазы – Иркутск (3700 км), Орынбордан Ресейдің батыс шекарасына дейін тартылған “Союз” (275 км), Орта Азия – Орталық (3000 км), Германия, Франция, Австрия, Швейцария және басқа елдер үшін өтемақылық негізде салынған Ямбург – Батыс шекара (4605 км); Маңғыстаудан Еділ жағалауы арқылы Украинаға тартылған, парафинді мұнайды 50ӘС-қа дейін қыздыратын ірі мұнай құбыры (2500 км). Теңіз кен орнының шикі мұнайы мен Қазақстанның басқа да мұнайын Қара теңіздің солт. жағалауындағы Южная Озерейка терминалына тасымалдайтын Теңіз – Астрахан – Новороссийск құбырының құрылысы (1850 км) 2001 ж. қарашада аяқталды. Оны Каспий құбыр консорциумы (КҚК) салды.

Қазақстанда тұңғыш газ кәсіпшілігі 1970 ж. Теңізде іске қосылды. 1971 ж. ұз. 610 км Бейнеу – Өзен – Бекдаш (Түрікменстан) газ құбыры салынды. 1972 ж. Өзен – Бейнеу магистралі (310 км) пайдалануға берілді. 2001 ж. республикада жылына 6,5 млрд. м3 газ өндіріледі, оның 4 млрд. м3-і экспортқа шығарылады. Бұл қорлар Атырау, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында және Солт. Қазақстан мен Торғай мұнайлы аймақтарында шоғырланған. Таяу жылдары Қарашығанақ – Ақтөбе, Өріктау – Ақтөбе газ құбырын салу көзделіп отыр. Мұның өзі Қарашығанақ пен Өріктаудан газды қолданыстағы Бұхара – Орал газ құбырына беруге мүмкіндік туғызады.

Жүк айналымы жөнінен Қ. ж. темір жол көлігінен кейін екінші орында. 2001 ж. жүк айналымы 56573 млн. т-км-ге жеткен. Соңғы деректер бойынша (2001) Қазақстанда мұнай және газ тасымалдайтын 8 ірі мекеме тіркелген, ал магистральдық құбырлардың жалпы ұз. 17082 км.

Қазақстан жерімен өтетін, экон. маңызы жоғары магис-тральдық құбырлар: Атырау – Самара – Одесса, Атырау – Самара – Приморск, КҚК (Теңіз – Новороссийск), Атасу – Алашанкоу. Қазақстанда Атырау – Самара құбыры негізгі экспорттық бағыт болып табылады. Бұл бағыт Қазақстан мұнайын “Достық” құбырлар жүйесі арқылы Шығ. Еуропаға, Қара т. бен Балтық т. порттарына, одан әрі Жерорта т. елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді.

Азия – Тынық мұхит аймағы елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы жасалды. Ол Атасу кенті (Қарағанды обл.) – Алашанкоу (Қытай) арқылы өтеді. Ақтау – Баку бағыты бойынша Каспий т. арқылы Қазақстан мұнайын Баку – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау да республика үшін аса маңызды.

Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып, пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70 – 75%-ға артты. Осыған орай Қ. ж-мен жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды (кестені қараңыз).

Б. Телтаев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға