Жаңалықтар

Улисс

«Улисс» (ағылш. Ulysses) — ирланд жазушысы Джеймс Джойстың екінші ең еделді романдарының бірі. Шығарманың жазылуы 7 жылға созылды. Америкалық «The Little Review» журналында 1918 жылдан бастап 1920 жылға дейін бөліктері жарияланып тұрды. Францияда 1922 жылдың 2 ақпанында тұтас кітап болып баспадан шықты. Жазушының туған жерінде роман алғаш рет 1939 жылы жарық көрді. Бұл роман — Леопольд Блум атты ұлты еврей, дублиндік тоғышардың бір күндік оқиғасын баяндайтын (Блумсдэй деп аталатын: 1904 жылдың 16 маусымы) күрделі полистиликалық шығарма. Бұл күнді Лео Блум баспаханада, Дублиннің дәмханасы мен көшелерінде, таныс адамын жерлеуінде, бұғаздың жағалауында, жергілікті мектептің жас оқытушысы Стивен Дедалмен танысатын босану үйінде, притонда, ақыр аяғы естен танғанша ішімдік ішкен Дедалды түн ортасында ілестіріп әкелетін өз үйінде өткізеді. Романның басты шытырман жері — әйелінің Блумның көзіне шөп салуы болып табылады, бірақ бұл жайлы Блум білсе де, оған қарсы еш шара қолданбайды. Романның канвасы және оның композициялық құрастырылуы Гомердің Одиссея дастанымен анық және бұлыңғыр түрде ұқсас келеді. Шығармада сондай-ақ "ұқсас" кейіпкерлер тобы кездеседі: Стивен Дедал (Телемахтың сюжеттік сызығы), Лео Блум (Одиссей,бұл аттың латынша түрі Ulysses болып романға тақырып ретінде алынды), Гэррет Дизи (Нестор) и т.д. Романның басты әрі маңызды тақырыбы ретінде "әке-бала" бөлімшесін атауға болады, мұнда символдық мәндегі "әке" орнында Блум, "бала" орнында Стивен рөл атқарады. Шын мәнінде модернистік әдебиеттің шоқтығы биік қатарынан саналатын "Улисс" романы өзінің сюжеттік қарапайымдылығына қарамастан мәдени, әдеби, тарихи және философиялық аспектілерді бойға көптеп жинақтаған. Романда Дублин қаласы бүкіл әлемнің символы іспеттес. Бұған қоса Блум - өзі секілді еркектердің, ал оның әйелі - өзі секілді барлық әйелдердің, жаздың бір күні - жер бетіндегі барша уақыт атаулының астарлы символына айналып үлкен маңызға ие болған. "Күннің бұқалары" деп аталатын тарауда да қилы дәуірдегі әдеби жанрлар мен стильдер, Джойс мысқылдап, мазаққа айналдырып отырған немесе ол ессіз еліктеген жазушылардың стильдік ерекшеліктері көрініс тапқанын атап кетуге болады. Романның құрылымы Джеймс Джойс романның екі сызбасын құрған. Бірінші сызба 1920 жылы оның досы Карло Линати үшін құрылған, екіншісі 1921 жылы Валери Ларбоға арналған. Әу баста Джойс бұл сызбалардың кең таралып, жариялануына қарсы болғанымен, 1931 жылы оның рұқсат етуімен Стюарт Гилберттің "Джеймс Джойстың Улиссі" ("James Joyce’s Ulysses") атты кітабында жарияланған. Қызықты мәліметтер 2009 жылдың 5 маусымында автордың қолтаңбасы қойылған романның алғашқы басылымы Лондонның кітап жәрмеңкесінде небәрі 275 мың фунт стерлингке (442, 9 мың АҚШ доллары) сатылған. Роман "Заманауи кітапхана" ("Modern Library") баспасы жасаған рейтинг бойынша 20 ғасырдағы ағылшын тілінде жазылған үздік 100 роман" қатарында аталды.  
05.12.2012 04:41 3394

«Улисс» (ағылш. Ulysses) — ирланд жазушысы Джеймс Джойстың екінші ең еделді романдарының бірі. Шығарманың жазылуы 7 жылға созылды. Америкалық «The Little Review» журналында 1918 жылдан бастап 1920 жылға дейін бөліктері жарияланып тұрды. Францияда 1922 жылдың 2 ақпанында тұтас кітап болып баспадан шықты. Жазушының туған жерінде роман алғаш рет 1939 жылы жарық көрді.

Бұл роман — Леопольд Блум атты ұлты еврей, дублиндік тоғышардың бір күндік оқиғасын баяндайтын (Блумсдэй деп аталатын: 1904 жылдың 16 маусымы) күрделі полистиликалық шығарма. Бұл күнді Лео Блум баспаханада, Дублиннің дәмханасы мен көшелерінде, таныс адамын жерлеуінде, бұғаздың жағалауында, жергілікті мектептің жас оқытушысы Стивен Дедалмен танысатын босану үйінде, притонда, ақыр аяғы естен танғанша ішімдік ішкен Дедалды түн ортасында ілестіріп әкелетін өз үйінде өткізеді. Романның басты шытырман жері — әйелінің Блумның көзіне шөп салуы болып табылады, бірақ бұл жайлы Блум білсе де, оған қарсы еш шара қолданбайды. Романның канвасы және оның композициялық құрастырылуы Гомердің Одиссея дастанымен анық және бұлыңғыр түрде ұқсас келеді. Шығармада сондай-ақ "ұқсас" кейіпкерлер тобы кездеседі: Стивен Дедал (Телемахтың сюжеттік сызығы), Лео Блум (Одиссей,бұл аттың латынша түрі Ulysses болып романға тақырып ретінде алынды), Гэррет Дизи (Нестор) и т.д. Романның басты әрі маңызды тақырыбы ретінде "әке-бала" бөлімшесін атауға болады, мұнда символдық мәндегі "әке" орнында Блум, "бала" орнында Стивен рөл атқарады. Шын мәнінде модернистік әдебиеттің шоқтығы биік қатарынан саналатын "Улисс" романы өзінің сюжеттік қарапайымдылығына қарамастан мәдени, әдеби, тарихи және философиялық аспектілерді бойға көптеп жинақтаған. Романда Дублин қаласы бүкіл әлемнің символы іспеттес. Бұған қоса Блум - өзі секілді еркектердің, ал оның әйелі - өзі секілді барлық әйелдердің, жаздың бір күні - жер бетіндегі барша уақыт атаулының астарлы символына айналып үлкен маңызға ие болған. "Күннің бұқалары" деп аталатын тарауда да қилы дәуірдегі әдеби жанрлар мен стильдер, Джойс мысқылдап, мазаққа айналдырып отырған немесе ол ессіз еліктеген жазушылардың стильдік ерекшеліктері көрініс тапқанын атап кетуге болады.

Романның құрылымы

Джеймс Джойс романның екі сызбасын құрған. Бірінші сызба 1920 жылы оның досы Карло Линати үшін құрылған, екіншісі 1921 жылы Валери Ларбоға арналған. Әу баста Джойс бұл сызбалардың кең таралып, жариялануына қарсы болғанымен, 1931 жылы оның рұқсат етуімен Стюарт Гилберттің "Джеймс Джойстың Улиссі" ("James Joyce’s Ulysses") атты кітабында жарияланған.

Қызықты мәліметтер

2009 жылдың 5 маусымында автордың қолтаңбасы қойылған романның алғашқы басылымы Лондонның кітап жәрмеңкесінде небәрі 275 мың фунт стерлингке (442, 9 мың АҚШ доллары) сатылған.

Роман "Заманауи кітапхана" ("Modern Library") баспасы жасаған рейтинг бойынша 20 ғасырдағы ағылшын тілінде жазылған үздік 100 роман" қатарында аталды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға