Жаңалықтар

Кинотану

Кинотану – кино өнерін, оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы. К-ға киноның тарихы мен теориясы, кино сыны, кинодраматургия мәселелері, кинорежиссура, актерлік шығарм. және кино өнерінің қосалқы тарауы – фильмография және кинобиблиография жатады. К. өнертану, тарих, әлеуметтану, психол., мәдениеттану және филос. ғылымдарымен, әсіресе, эстетикамен тығыз байланыста дамиды. К. – өнертану ғылымының дербес саласы. К-дың негізгі бөлімдері – кино теориясы мен кино тарихы, К-дың ерекше тарауы ретінде кино сыны қаралады. Кино теориясы киноның негізгі принциптерін, табиғатын және оның негізгі түрлерінің (көркем, деректі, ғыл.-көпшілік және мультипликациялық фильмдер) ерекшеліктерін зерттейді. Кино теориясы әлем кинематографиясының тәжірибесімен бірге, кино өндірісі, кинопрокат, киноөнеркәсіп, кинобизнес технологиясының одан әрі жетіле түсуімен, телевизия мен тұтастай алғанда экрандық аудиовизия өнерінің қарқынды өріс алуымен бірге дамыды. Кино тарихы кино өнері дамуының әлеум.-экон. заңдылықтарын, кино өнерінің пайда болуы мен дамуын және оның түрлерін, жанрларын, стилін, шығарм. тәсілдерін, бағыттарын, мектептерін, фильмнің экрандық-көркемдік құрамдас бөліктерін, кино шеберлерінің шығарм-н, сонымен қатар кино техникасы, фильм өндірісі, кинопрокат дамуын да зерттейді. К. – қазақстандық өнертанудың ең жас саласы. Қазақ киносының даму мәселелерін қозғайтын алғашқы мақалалар 20 ғ-дың 30-жылдары жарық көрді. Қазақ киножурналистикасының басында Ә.Т.Жангелдин, І.Жансүгіров, Б.Ж.Майлин, М.О.Әуезов, Ғ.М.Мүсірепов, Т.Қ.Жүргенов, І.Омаров және т.б. тұрды. Бұлар республика кино өнерінің қалыптасып дамуына тікелей ат салысты. Бүкілодақтық мемл. кинематография ин-ты сценарий бөлімінің алғашқы түлектерінің бірі кинодраматург Қ.Сиранов қазақ киносының тұңғыш тарихшысы болды. 1958 ж. Алматыда оның «Қазақ кино өнері» атты кітабы жарық көрді. Кітапта «Түрксіб» деректі кино туындысынан «Оның уақыты келеді» (Ш.Ш.Уәлиханов туралы) көркем фильміне дейін 17 фильмге талдау жасалған, деректі кино мен фильмдерді дубляждау мәселелері, Алматы көркем және деректі фильмдер киностудиясының жұмысы жан-жақты талданған. Бұл кітаптағы деректер Сирановтың «Советтік Қазақстанның кино өнері» (1966) моногр. зерттеуінде де тиянақты пайымдалды. Кейін осы ғалымның «Шәкен Айманов – кино актері және режиссері» (1970), «Кино туралы әңгімелер» (1973), «Кино. Жылдар. Ойлар» (1983) атты кітаптары жарық көрді. 20 ғ-дың 80-жылдары қазақ К. ғылымы жаңа сатыға көтерілді. Қазақ киносы түрлері, жанрлары және тақырыптық бағыттары бойынша зерттеле бастады. Әдебиет және өнер ин-ты К. саласындағы бір топ мамандарды «Қазақ киносы тарихының очерктерін» (1980) жазуға жұмылдырды. Кітап қазақ киносының тарихын, оның жеке жанрларын даму тұрғысынан зерттеп, республикадағы К. ғылымының белгілі бір дәрежеде дамып келе жатқандығын айқындай түсті. Белгілі журналист, жазушы Қ.Смайылов «Қазақ кинодраматургиясының қалыптасуы» деген тақырыпта канд. дисс. қорғады; «Фильм осылай туады» (1981), «Қазақ киносының тарихы» (1999) кітаптарын жарыққа шығарды. Б.Р.Нөгербек «Қазақ анимациясында фольклорлық дәстүрдің дамуы» деген тақырыпта канд. дисс. қорғады, оның ұлттық мультипликациялық кино тарихы мен оның даму жолдарын сөз ететін «Егер ертегілерге жан бітсе» (1984) кітабы жарық көрді. Қазақ кино өнерін насихаттауға арналған А.Қайырбаевтың «Экрандағы кездесулер» (1979) мен «Естелік беттері» (1981). М.И.Берковичтің «Жасалып біткен кинолентаның кадрлары» (1984), т.б. кітаптар да жарияланды. 20 ғ-дың 90-жылдары қазақ К. ғылымы қазақ кино өнері дамуын тереңдей зерттеп, ізденіс ауқымын кеңейте бастады. К.Әлімбаева мен К.Айнағұлова «Қазақстан кино өнерінің даму ағымдары» (1990), Г.Әбікеева «Орта Азия киносы» (1990–2001) кітабын жарыққа шығарды. 1993 ж. Қазақ ұлттық өнер академиясында кинотанушылар даярлайтын бөлім ашылды. 1997 ж. қазақ кино танушыларының алғашқы тобы бітіріп шықты. Жас кинотанушы Н.Рахманқызының (Мұқышева) «Кинорежиссер О.Әбішев» (1998), Г.Наурызбекованың «Әуезов және кино» (2000) атты кітаптары шықты. Киноның тарихы және теориясымен қатар фильмография мен кино библиография салалары да дами бастады. Т.Смайылова 1925–90 жылдардағы көркем, деректі және анимациялық фильмдерді қамтитын «Қазақстан киносы» киноанықтамалығын шығарды. Қазақ киносының шеберлері туралы библиогр. анықтамалық әзірленді. Қазір республика кино өнерін зерттеу ісімен Әдебиет және өнер ин-тында жүргізіледі. Қазақстан кинематографияшылар одағы жанында К. және кино сыны секциялары жұмыс істейді. Қазіргі қазақ К. ғылымының алдында тұрған басты міндет – ұлттық кино өнерінің даму тенденцияларын және өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады.   
05.12.2012 04:41 5629

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға