Жаңалықтар

Асыл тастар

  Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр. Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин.  Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, родонит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да  төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның, ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі. Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және аметист кендеріне бай. Геологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты Қазақстанда асыл тастардың көпшілігі кездеседі. Олардың  ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б. алынады.
05.12.2012 04:39 14393

 

Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр.

Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин.  Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, родонит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да  төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның, ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі. Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және аметист кендеріне бай. Геологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты Қазақстанда асыл тастардың көпшілігі кездеседі. Олардың  ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б. алынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға