Жаңалықтар

Уильям Сьюард Берроуз

Уильям Сьюард Берроуз (ағыл. William Seward Burroughs; 1914 жылы 5 ақпан Сент-Луис, Миссури, АҚШ – 1997 жыл 2 тамыз, Лоуренс, Канзас, АҚШ) – американ жазушысы және эссеші. 20 ғасырдың екінші жартысындағы негізгі американ авторларының бірі, Аллен Гинзберг және Джек Керуак қатарындағы, сонымен қатар өз заманының жарқын жазушысы. 1981-1997 жылдар аралығында Америка өнер және әдебиет академиясының мүшесі болады. Француз өнер және әдебиет орденінің командоры. Уильям Сьюард Берроуз 1914 жылы 5 ақпанда Сент-Луисе (Миссури штаты) қаласында танымал кәсіпорын иесі отбасында дүниеге келеді.Оның атасы Burroughs Corporation компаниясының негізін қалайды және есеп машиналарын ойлап табады, дегенмен үлкен көлемді ақша таба алмады. Қырық бір жасында дүниеден өткеніне дейін ұйым фирмасында белгілі бір үлес иесі бола алмайды, игерген аз ғана үлесін де сатуға мәжбүр болады; өсиетнама атқарушысы есеп машинасының мүлдем пайдасыз және табыс әкелмейді деп есептейді. Өнертапқыш өз отбасына мұра ретінде ештеңе қалдырмайды. Болашақ жазушының әкесі Мортимер Перри Берроуз (ағыл. Mortimer Perry Burroughs) әйнек өндіретін фабриканың басшысы болған. Жастық шақ 1942 жылы Берроуз өз еркімен армияға кетеді, алайда ол жерде көп болмайды; Уильям жаттығулардан тез шаршайды. Ол көбінесе офицер рөліне жақынырақ болғандықтан берілген жаттығуларды тастауға бел буады. Болашақ жазушы анасының көмегіне жүгініп, қызметке жарамсыз деп жаздырып алады. «Мені қызметте көтерілу құқығынсыз, мерзімсіз қызметке жарамды деп есептеп армияға шақыртады. Әскер жүгінің қиын болатынын сезінгеннен кейін, жындыханадан келісім жасатып алады». 1951 жылдың ортасында Уильям «қытай әдісі» бойынша есірткі қабылдауды тастауға тырысып, АҚШ-та Гинзберг хаттарына дайын тарауларды жіберіп, өзінің алғашқы кітабы бойынша белсенді жұмыс жасайды. Жазушы материалдардың автобиографиялығынан бір тақырыптан екінші тақырыпқа секіріп отырды, осының салдарынан қолжазба мәтіндері екі кітап – «Гомосек» және «Джанки» болып бөлінеді. Бұл кітаптың баспагері ретінде «Ase Books» басып шығаруы керек еді, алайда баспа өкілі автордың шектен тыс гомосексуальді тәжірибесін романға қосудан бас тартады, материалды бөлек екі жұмысқа бөлудің себебі де осы болатын: «Мен «Эйс Буксті» «Джанкиді» басып шығарған редактор ретінде білемін, егер ол «Гомосекті» басып шығарса абақтыға қамалатынын айтқан».  
05.12.2012 04:38 3159

Уильям Сьюард Берроуз (ағыл. William Seward Burroughs; 1914 жылы 5 ақпан Сент-Луис, Миссури, АҚШ – 1997 жыл 2 тамыз, Лоуренс, Канзас, АҚШ) – американ жазушысы және эссеші. 20 ғасырдың екінші жартысындағы негізгі американ авторларының бірі, Аллен Гинзберг және Джек Керуак қатарындағы, сонымен қатар өз заманының жарқын жазушысы. 1981-1997 жылдар аралығында Америка өнер және әдебиет академиясының мүшесі болады. Француз өнер және әдебиет орденінің командоры.

Уильям Сьюард Берроуз 1914 жылы 5 ақпанда Сент-Луисе (Миссури штаты) қаласында танымал кәсіпорын иесі отбасында дүниеге келеді.Оның атасы Burroughs Corporation компаниясының негізін қалайды және есеп машиналарын ойлап табады, дегенмен үлкен көлемді ақша таба алмады. Қырық бір жасында дүниеден өткеніне дейін ұйым фирмасында белгілі бір үлес иесі бола алмайды, игерген аз ғана үлесін де сатуға мәжбүр болады; өсиетнама атқарушысы есеп машинасының мүлдем пайдасыз және табыс әкелмейді деп есептейді. Өнертапқыш өз отбасына мұра ретінде ештеңе қалдырмайды. Болашақ жазушының әкесі Мортимер Перри Берроуз (ағыл. Mortimer Perry Burroughs) әйнек өндіретін фабриканың басшысы болған.

Жастық шақ

1942 жылы Берроуз өз еркімен армияға кетеді, алайда ол жерде көп болмайды; Уильям жаттығулардан тез шаршайды. Ол көбінесе офицер рөліне жақынырақ болғандықтан берілген жаттығуларды тастауға бел буады. Болашақ жазушы анасының көмегіне жүгініп, қызметке жарамсыз деп жаздырып алады. «Мені қызметте көтерілу құқығынсыз, мерзімсіз қызметке жарамды деп есептеп армияға шақыртады. Әскер жүгінің қиын болатынын сезінгеннен кейін, жындыханадан келісім жасатып алады».

1951 жылдың ортасында Уильям «қытай әдісі» бойынша есірткі қабылдауды тастауға тырысып, АҚШ-та Гинзберг хаттарына дайын тарауларды жіберіп, өзінің алғашқы кітабы бойынша белсенді жұмыс жасайды. Жазушы материалдардың автобиографиялығынан бір тақырыптан екінші тақырыпқа секіріп отырды, осының салдарынан қолжазба мәтіндері екі кітап – «Гомосек» және «Джанки» болып бөлінеді. Бұл кітаптың баспагері ретінде «Ase Books» басып шығаруы керек еді, алайда баспа өкілі автордың шектен тыс гомосексуальді тәжірибесін романға қосудан бас тартады, материалды бөлек екі жұмысқа бөлудің себебі де осы болатын: «Мен «Эйс Буксті» «Джанкиді» басып шығарған редактор ретінде білемін, егер ол «Гомосекті» басып шығарса абақтыға қамалатынын айтқан».
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға