Жаңалықтар

Жетісу және орта ғасырлық Алматы қаласы

Жетісу және орта ғасырлық Алматы қаласы Қалалық анықтамасы сан қатпарлы. Бұл тарихтың өзіндік шоғырлағышы, көптеген көрнекті оқиғалардың куәгері және оларға қатысушы да. Дәуірлер мен мемлекеттерді басынан өткізе отырып, Алматы қаласы талқандалған қаладан қайта өркендеуге жетті, үнемі жаңару процесінде болды. Шыңғыс Айтматов: «Бәрінен қиыны қандай да бір қала, тіпті өзіңнің туған қалаң туралы әңгімелеу. Әрқашан айтқың келгеннің жүзден бірін де айта алмайтыныңды сезінесің. Қалалар - бұл біздің планетамыздың әлемі, қалалар - бұл бұрынғы өткеніміз жәнө бүгінгі күн, және біздің болашағымыз», - деп жазған. Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан қаланың - Алматының ежелгі тарихы, оның орналасқан орны мен мәртебесін анықтау, тіршілігінің пайда болуы мен кезеңдері үлкен ғылыми қызығушылық тудырады. Әйтсе де бұл сұрақтарға жауап беру үшін қаланың анықтамасын айқындап, осы терминнің мағынасын түсіну керек. Бұл оңай шаруа емес. Тіпті қазіргі кездің өзінде қалаларды елді мекендерден бөліп атаудың бірқатар шарттары бар. Оның үстіне бұл мәселені жойылып кеткен қалаларға қатысты шешу тіпті қиын. «Қала» ұғымы әр уақытта, әр қоғамда әрқалай мазмұнға ие болды. Бір жағдайларда ол, мысалы орыс қаласындағы сияқты, нығайған елді сонмен байланысты болды; көне полис үшін бастысы - бекініс қабырғасының болуы емес, ерекше саяси мәртебе болатын. Экономикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда қаланың ауылдан айырмашылығы - қала халқы ауыл шаруашылығымен емес, қол енерімен және саудамен айналысады. Қала осы тұрғыдан дақызықты, бірақ қаланы ауылдан осы қағидамен алсырату, оларды тек атауымен ғана біліп ажырату еш мүмкін емес. Еуропалың ортағасырлың қалалардың ірі зерттеушісі М.Я. Сюзюмовтың пікірінше, «Қала қосымша өнімді пайдалану мүмкіндігі пайда болған кезде құрылды; қала өндіргіш күштер мен мәдениеттің ілгерілеуі үшін қажетті, өндірмейтін мамандыңтар шоғырланатын қоғамдық ұйым ретінде, табиғи-шаруашылың өнімін тауарға айналдыратын, ой еңбегін дене еңбегінен ажырататын ортальқ ретінде, қалаға тән өндіріс құратын, тауар-ақша айналымының орталығы ретінде, идеологияны, оқу-ағарту, ғылымды дамытатын айрықша орталық және құқықтық категория ретінде пайда болды. Пайда болып, ақыр аяғында, материалдық сұраныстардың артуы, өндіргіш күштердің өсуі, табиғи шаруашылықтың тар аясын жеңуі нәтижесінде қала экономика мен мәдениеттің орталығына айналды және бүгінге дейін солай болып қалуда». Мұсылмандың Шығыста қала туралы әкімшілік орталың деген түсінік басым болды. Ол сирияның «мединта» сөзіне тірелетін (дан - «соттау», «талңылау») арабтың «медина» деген сөзімен берілген, - сот өтетін орын; үңсас түсінігі иран тіліндегі «шахрис- тан» - шаһардың (облыстың) орталығы. Халифат және оның аумағында пайда болған мемлекеттер сияқты, орталықтандырылған бюрократтық мемлекет жүйесінде негізгісі елді мекеннің экономи- калық немесе құқықтық жағдайы емес, оның мемлекеттің басқару жүйесіндегі орны болып табылды. Сондықтан мұсылман географтары қалаларды олардың әкімшіліктік маңызы жағынан ажыратады. XVI-XIX ғғ. Балкан қалаларын зерттеуші Н.Тодоров қалаға мынадай анықтама береді: «Егіншіліктен қандай да бір дәрежеде қол үзген, сауда-өнеркісіп қызметімен шұғылданатын және нақты әкімшілік мәртебесі бар адамдардың қосындысы». Сонымен бірге ол қолөнердің феодалдық қалада шоғырлануы оның көрші селоларда жоқтығын білдірмейтінін, ал қаланың аграрлың болуы мүмкін екенін ескертеді. Сонымен, қаланың анағұрлым жалпы сипаттамасы оны халық шоғырланатын орын, өндіріс, мәдениет және интеллектуалдық әлеует орталығы ретінде айқындайды. Наңты табиғат-шаруашылыңтың және уаңытша жағдаяттар үшін шоғырлану шегінің сандық параметрі әрқалай. Қала үшін көпшілігіне негізі және анағұрлым бұрынғысы болып табылатын ауыл шаруашылықтың округтің орталығы функциясы. Қалалық тұрпаттағы орталықтардың басқа мынадай функциялары бар: сауда-саттық, қолөнер кәсібі, әскери-әкімшіліктік, идеологиялық көшбасшылық қызметтері. Әр қилы тұрпаттағы қоғамдарда ауыл шаруашылықтық округтің орталығы функциясы екінші орынға ысырылады да, біз көбінесе сауда немесе әскери-әкімшілік орталықтармен жұмыс істейміз. Қалалардың топографиялық белгілері - тығыз салынған құрылыстар, мәртебелі монументтік ғимараттар, храмдар мен сарайлар болып табылады, олар қала орталықтарының ұйымдасңан еңбектің шоғырлануы бойынша жоғары мүмкіндігін ғана емес, қоршаған әлеуметтік кеңістіктегі көшбасшылығын да білдіреді. Қалалардың пайда болуы қоғамның кенттену сатысының басталуының, оның дамудың анағұрлым жоғары сатысына аяқ басуының нышаны. Әдетте кенттенудің сандың парметрлеріне көбірек көңіл бөлінеді, оған қала орталыңтары халқының мөлшері немесе негізгі халқына қатысты қала санын жатқызуға болады. Сонымен қатар кенттенуді наңты мәдени процесс ретінде де ңарастыруға болады. Қалалардың қалыптасуы мен дамуы өмірге, тұтастай алғанда кенттенуді айқындайтын, мәдени, әлеуметтік және психологиялың өзгерістердің түтас кешенін әкелді. Гумилевтің анықтамасы бойынша, «құштарлықтың шоғырлануы» сияқты пайда болған қала белсенділіктің әр қилы түрлеріне, оның ішінде кәсіпкерлікке де себепші болды. «Бүрынғы индустриалдық қоғам қалыптасқанға дейінгі» дәуір үшін кенттенудің негізгі екі кезеңі туралы әрқашан да жалпы айтуға болады. Бірін- ші кезеңде мәдени және экономикалық әлеуеттер ірі орталықтарға шоғырланады. Екінші кезеңде село халқының қала мәдениетімен араласуы, яғни мәдени ассимиляция өтеді  
05.12.2012 04:34 4942

Жетісу және орта ғасырлық Алматы қаласы
Қалалық анықтамасы сан қатпарлы. Бұл тарихтың өзіндік шоғырлағышы, көптеген көрнекті оқиғалардың куәгері және оларға қатысушы да. Дәуірлер мен мемлекеттерді басынан өткізе отырып, Алматы қаласы талқандалған қаладан қайта өркендеуге жетті, үнемі жаңару процесінде болды.
Шыңғыс Айтматов: «Бәрінен қиыны қандай да бір қала, тіпті өзіңнің туған қалаң туралы әңгімелеу. Әрқашан айтқың келгеннің жүзден бірін де айта алмайтыныңды сезінесің. Қалалар - бұл біздің планетамыздың әлемі, қалалар - бұл бұрынғы өткеніміз жәнө бүгінгі күн, және біздің болашағымыз», - деп жазған.
Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан қаланың - Алматының ежелгі тарихы, оның орналасқан орны мен мәртебесін анықтау, тіршілігінің пайда болуы мен кезеңдері үлкен ғылыми қызығушылық тудырады.
Әйтсе де бұл сұрақтарға жауап беру үшін қаланың анықтамасын айқындап, осы терминнің мағынасын түсіну керек. Бұл оңай шаруа емес. Тіпті қазіргі кездің өзінде қалаларды елді мекендерден бөліп атаудың бірқатар шарттары бар. Оның үстіне бұл мәселені жойылып кеткен қалаларға қатысты шешу тіпті қиын. «Қала» ұғымы әр уақытта, әр қоғамда әрқалай мазмұнға ие болды. Бір жағдайларда ол, мысалы орыс қаласындағы сияқты, нығайған елді сонмен байланысты болды; көне полис үшін бастысы - бекініс қабырғасының болуы емес, ерекше саяси мәртебе болатын. Экономикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда қаланың ауылдан айырмашылығы - қала халқы ауыл шаруашылығымен емес, қол енерімен және саудамен айналысады. Қала осы тұрғыдан дақызықты, бірақ қаланы ауылдан осы қағидамен алсырату, оларды тек атауымен ғана біліп ажырату еш мүмкін емес.
Еуропалың ортағасырлың қалалардың ірі зерттеушісі М.Я. Сюзюмовтың пікірінше, «Қала қосымша өнімді пайдалану мүмкіндігі пайда болған кезде құрылды; қала өндіргіш күштер мен мәдениеттің ілгерілеуі үшін қажетті, өндірмейтін мамандыңтар шоғырланатын қоғамдық ұйым ретінде, табиғи-шаруашылың өнімін тауарға айналдыратын, ой еңбегін дене еңбегінен ажырататын ортальқ ретінде, қалаға тән өндіріс құратын, тауар-ақша айналымының орталығы ретінде, идеологияны, оқу-ағарту, ғылымды дамытатын айрықша орталық және құқықтық категория ретінде пайда болды. Пайда болып, ақыр аяғында, материалдық сұраныстардың артуы, өндіргіш күштердің өсуі, табиғи шаруашылықтың тар аясын жеңуі нәтижесінде қала экономика мен мәдениеттің орталығына айналды және бүгінге дейін солай болып қалуда». Мұсылмандың Шығыста қала туралы әкімшілік орталың деген түсінік басым болды. Ол сирияның «мединта» сөзіне тірелетін (дан - «соттау», «талңылау») арабтың «медина» деген сөзімен берілген, - сот өтетін орын; үңсас түсінігі иран тіліндегі «шахрис- тан» - шаһардың (облыстың) орталығы.
Халифат және оның аумағында пайда болған мемлекеттер сияқты, орталықтандырылған бюрократтық мемлекет жүйесінде негізгісі елді мекеннің экономи- калық немесе құқықтық жағдайы емес, оның мемлекеттің басқару жүйесіндегі орны болып табылды. Сондықтан мұсылман географтары қалаларды олардың әкімшіліктік маңызы жағынан ажыратады.
XVI-XIX ғғ. Балкан қалаларын зерттеуші Н.Тодоров қалаға мынадай анықтама береді: «Егіншіліктен қандай да бір дәрежеде қол үзген, сауда-өнеркісіп қызметімен шұғылданатын және нақты әкімшілік мәртебесі бар адамдардың қосындысы». Сонымен бірге ол қолөнердің феодалдық қалада шоғырлануы оның көрші селоларда жоқтығын білдірмейтінін, ал қаланың аграрлың болуы мүмкін екенін ескертеді.
Сонымен, қаланың анағұрлым жалпы сипаттамасы оны халық шоғырланатын орын, өндіріс, мәдениет және интеллектуалдық әлеует орталығы ретінде айқындайды. Наңты табиғат-шаруашылыңтың және уаңытша жағдаяттар үшін шоғырлану шегінің сандық параметрі әрқалай. Қала үшін көпшілігіне негізі және анағұрлым бұрынғысы болып табылатын ауыл шаруашылықтың округтің орталығы функциясы. Қалалық тұрпаттағы орталықтардың басқа мынадай функциялары бар: сауда-саттық, қолөнер кәсібі, әскери-әкімшіліктік, идеологиялық көшбасшылық қызметтері. Әр қилы тұрпаттағы қоғамдарда ауыл шаруашылықтық округтің орталығы функциясы екінші орынға ысырылады да, біз көбінесе сауда немесе әскери-әкімшілік орталықтармен жұмыс істейміз.
Қалалардың топографиялық белгілері - тығыз салынған құрылыстар, мәртебелі монументтік ғимараттар, храмдар мен сарайлар болып табылады, олар қала орталықтарының ұйымдасңан еңбектің шоғырлануы бойынша жоғары мүмкіндігін ғана емес, қоршаған әлеуметтік кеңістіктегі көшбасшылығын да білдіреді. Қалалардың пайда болуы қоғамның кенттену сатысының басталуының, оның дамудың анағұрлым жоғары сатысына аяқ басуының нышаны.
Әдетте кенттенудің сандың парметрлеріне көбірек көңіл бөлінеді, оған қала орталыңтары халқының мөлшері немесе негізгі халқына қатысты қала санын жатқызуға болады. Сонымен қатар кенттенуді наңты мәдени процесс ретінде де ңарастыруға болады. Қалалардың қалыптасуы мен дамуы өмірге, тұтастай алғанда кенттенуді айқындайтын, мәдени, әлеуметтік және психологиялың өзгерістердің түтас кешенін әкелді.
Гумилевтің анықтамасы бойынша, «құштарлықтың шоғырлануы» сияқты пайда болған қала белсенділіктің әр қилы түрлеріне, оның ішінде кәсіпкерлікке де себепші болды. «Бүрынғы индустриалдық қоғам қалыптасқанға дейінгі» дәуір үшін кенттенудің негізгі екі кезеңі туралы әрқашан да жалпы айтуға болады. Бірін- ші кезеңде мәдени және экономикалық әлеуеттер ірі орталықтарға шоғырланады. Екінші кезеңде село халқының қала мәдениетімен араласуы, яғни мәдени ассимиляция өтеді
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға