Жаңалықтар

Жүрек қазынасы

Жүрек қазынасы   "Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы" дейтін Абайдың бір сөзі ойға оралды. Тегінде, адам жүрегіндегі адамдық тірлігінің қасиетті, қадірлі бірнеше жайларын тере түсіп, ескерсек, анық қазына деп атарлық ардақты асылдар болатыны рас. Ол аталық-аналық мейірі, туған жер, туған ел сезімі, адам жүрегіндегі шын махаббат, адам санасындағы қадірлі зор білім — осы сияқты тағы бірнеше адамның адамдық сипатына сай жайларды сол адамның жүрек қазынасы деуге де болады.   Сол күйді еске ала отырып, бүгінгі советтік социалистік Отан ұлы-қызы, Отан азаматы, біз, өз жүрегімізге ойлай бойласақ, бұрынғы заман-замандар көпшілік көңілінде туғыза алмаған, бүгін біз ғана ие болған тағы талай анық, асыл қазына барын білеміз. Біздің жүрегіміздің тереңіне, ең қадірлі түкпіріне қат-қат шөккен қастерлі тың қазыналар бар. Соның бірі және ең ұлысы — Отан турасындағы ой-сезіміміз.   Ұлы Отан, асыл арай алтын мекен — біздің азаматтық махаббатымыздың, қуаныш мақтанымыздың, бар батыл талап, бағлан табысымыздың бәрі-бәрінің түп тірегі. Ең ғажайып қуанышты жұбанышы — біз бұл күнде сол ұлы қазынамызбен бар өмірімізде жыл сайын, ай сайын, сағат сайын үнемі жалғасу, табысу, ұдайы ойласу қалпында байланыстамыз.   Міне, осы сана — анық жүректегі терең орын алған қасиет қазынасы. Бұл және бұрынғы көп жанда болмаған сана. Мысалы, бұрынғы патшалық Россияның қалың миллион қара шаруасы құлдық күйінде отандық санаға ие бола алмаған. Қалың қатар жұмысшы табы да ондай мақтанышты санаға бұрынғы өгей отан күйінде ие бола алмады.   Ал қазақ сияқты "бұратана" деп атандырған елдерді алсақ, оларда мүлде "отаным" деген ой-сана болуға мүмкін де емес еді. Ондағы көңілдер де бай аулының шырқау шетінде, мал аяғының астында отыратын жыртық күрке, жарты лашық адамның көңіліндей жүдеу-жадау күй болатын. "Бұратана" елдердің бұқара жұртшылығы сол күрке-лашық адамдарындай еді. Біреулері "ауыл менікі емес, анау шеткі ақ үйлердікі" — дер болса, жаңағы аталған ескі Россиядағы еңбекші жұртшылық топтары да "отан мырзалардікі, әмір иесі ұлық пен бектікі" — дейтін.   Социалистік Отанға біздің ерекше ыстық махаббатымыздың іргесіне орнаған бір өзгеше ой, жай бар. "Өзің адамзат тарихында бірінші социалистік Отан болудың үстіне, бұрынғы адамзат баласы, еңбек-зейнет иесі сезініп, сүйініп көрмеген сезім-сананы жүрегіміздің түбіне қазына қып орнатып бердің! Соның үшін мың сан шүкірлік те айнымас алғыс жолдаймыз!" — дейміз. Мұхтар Әуезов
05.12.2012 04:31 4196

Жүрек қазынасы

 

"Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы" дейтін Абайдың бір сөзі ойға оралды. Тегінде, адам жүрегіндегі адамдық тірлігінің қасиетті, қадірлі бірнеше жайларын тере түсіп, ескерсек, анық қазына деп атарлық ардақты асылдар болатыны рас. Ол аталық-аналық мейірі, туған жер, туған ел сезімі, адам жүрегіндегі шын махаббат, адам санасындағы қадірлі зор білім — осы сияқты тағы бірнеше адамның адамдық сипатына сай жайларды сол адамның жүрек қазынасы деуге де болады.

 

Сол күйді еске ала отырып, бүгінгі советтік социалистік Отан ұлы-қызы, Отан азаматы, біз, өз жүрегімізге ойлай бойласақ, бұрынғы заман-замандар көпшілік көңілінде туғыза алмаған, бүгін біз ғана ие болған тағы талай анық, асыл қазына барын білеміз. Біздің жүрегіміздің тереңіне, ең қадірлі түкпіріне қат-қат шөккен қастерлі тың қазыналар бар. Соның бірі және ең ұлысы — Отан турасындағы ой-сезіміміз.

 

Ұлы Отан, асыл арай алтын мекен — біздің азаматтық махаббатымыздың, қуаныш мақтанымыздың, бар батыл талап, бағлан табысымыздың бәрі-бәрінің түп тірегі. Ең ғажайып қуанышты жұбанышы — біз бұл күнде сол ұлы қазынамызбен бар өмірімізде жыл сайын, ай сайын, сағат сайын үнемі жалғасу, табысу, ұдайы ойласу қалпында байланыстамыз.

 

Міне, осы сана — анық жүректегі терең орын алған қасиет қазынасы. Бұл және бұрынғы көп жанда болмаған сана. Мысалы, бұрынғы патшалық Россияның қалың миллион қара шаруасы құлдық күйінде отандық санаға ие бола алмаған. Қалың қатар жұмысшы табы да ондай мақтанышты санаға бұрынғы өгей отан күйінде ие бола алмады.

 

Ал қазақ сияқты "бұратана" деп атандырған елдерді алсақ, оларда мүлде "отаным" деген ой-сана болуға мүмкін де емес еді. Ондағы көңілдер де бай аулының шырқау шетінде, мал аяғының астында отыратын жыртық күрке, жарты лашық адамның көңіліндей жүдеу-жадау күй болатын. "Бұратана" елдердің бұқара жұртшылығы сол күрке-лашық адамдарындай еді. Біреулері "ауыл менікі емес, анау шеткі ақ үйлердікі" — дер болса, жаңағы аталған ескі Россиядағы еңбекші жұртшылық топтары да "отан мырзалардікі, әмір иесі ұлық пен бектікі" — дейтін.

 

Социалистік Отанға біздің ерекше ыстық махаббатымыздың іргесіне орнаған бір өзгеше ой, жай бар. "Өзің адамзат тарихында бірінші социалистік Отан болудың үстіне, бұрынғы адамзат баласы, еңбек-зейнет иесі сезініп, сүйініп көрмеген сезім-сананы жүрегіміздің түбіне қазына қып орнатып бердің! Соның үшін мың сан шүкірлік те айнымас алғыс жолдаймыз!" — дейміз.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға