Жаңалықтар

Жетімнің малын жеу

Жетімнің малын жеу Қоғамда берекелі, жайлы отбасында әке-шешесінің бауырында өскен балалармен қатар жастайынан жетім қалған, әлде отбасы ыдыраған немесе әке-шешесі ажырасып тынған балалар да бар. Дәлірек айтқанда, адам баласының қоғамдық жағдайлары бір-біріне ұқсас емес. Осы себептерге байланысты дініміз Исламда төрт түлігі сай болған адамдардың жоқ-жітікке, жетім-жесірге көз қырын салып, қол ұшын берулерін насихаттайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Өзіне немесе басқаға тиесілі болған бір жетімге қарап, қол астына алған адаммен мен жәннатта бірге боламыз» деп шәһадат саусағы (сұқ саусақ) мен орта саусағын көрсеткен. (Муслим, Зүһд 2) Сондықтан өз балаларымыз сияқты, жетімдер де бізге Аллаһтың аманаты. Яғни өз балаларымызды бағып-қаққанымыздай, оларды да бағуға тиіспіз. Өйткені, бұл сәбилердің әкесі де, шешесі де бізбіз. Олардың да, біздің балаларымыз сияқты тәрбиеленіп, жетілуі, қоғамға пайдалы азамат болып ержетілуі баршамыздың міндетіміз. Сонымен қатар жетім-жесірлердің өздерімен қоса, олардың мал-мүлкін де қорғауымыз керек. Бірақ олардың мал-мүлкін есейгеннен кейін өздеріне қайтарып беруіміз қажет. Соған байланысты Құран Кәрімде былай делінген: «Жетімнің малына жақындамаңдар, бірақ олар есейгенге дейін жақсы басқаруға болады». (Әнғам сүресі 152-аят) Жетімнің малын өз малына қосып алып, жеп қойғандар, өте ауыр күнә істеген болып, үлкен обалға қалады. Құран Кәрімде былай бұйырылған: «Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар. Өйткені ол – үлкен күнә». (Ниса сүресі 2-аят) «Жетім-жесірдің малын әділетсіздікпен жегендер, шүбәсіз, қарындарына от жаққан болып есептеледі. Іс жүзінде олар алауланған отқа түседі». (Ниса сүресі 10-аят) Хадис шарифте: «Ең жақсы үй – ішінде жетім жақсы қаралған үй және ең жаман үй – жетімді дұрыс қарамаған үй» - делінген. (Тирмизи, Бирр 16) Жоғарыда айтып өткеніміздей Құран Кәрімде жетімдерге байланысты аяттар көп. Мына төмендегі аятта да жетімдерге абай болуды ұсынады. «Жетімді қайғыртпа! (Жетім-жесірді қорлама)». (Дұха сүресі 9-аят) Дегенмен осы жоғарыдағы аятта екі нәрсенің тыйым салынғанын байқауға болады. Бірінші, жетімді әлсіз санап, қорламау; екінші оның хақысын және құқығын аяқ асты етпестен, оған мән беру. Ибн Масғудтан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген: «Егер кімде-кім бір жетімнің басын сипайтын болса, сипаған жерінің әр шашы қиямет күні оған нұр болады». (Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд 5/250, 265) Сол сияқты Хазіреті Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте: «Жетім жылаған кезде Рахманның Аршы сілкінеді. Ұлы Аллаһ періштелеріне былай деп бұйырады: «Ей, періштелерім! Әкесінен айырылған мына жетімді жылатқан кім?» Сонда періштелер: «Ей Раббым! Ең жақсы білетін Сенсің» - дейді. Ұлы Аллаһ былай дейді: «Куә болыңыз, егер кімде-кім оның жылағанын тоқтатып, разы қылса, мен де оны қиямет күні разы етуге кепілдік беремін»». (Қуртуби «Жамиу ли Ахкамул Қуран» 20/101) Хазіреті Омар (р.а.) осы хадисті естігеннен кейін бір жетімді көрген кезінде басынан сипап, бір нәрсе тарту ететін, деген деректер бар. Осы тақырыпқа байланысты мына төмендегі оқиғаны тілге тиек ете кетсек әсерлі болар деп ойлаймын: Бірде досым мынадай қызықты әңгіме айтқан болатын. Дінтану саласы бойынша жоғарғы оқу орнында оқитын сол досым өзімен көрші тұратын 2-сынып оқушысына күнделікті өз қамқорлығын аямайтын. Жаста та болса өмірдің ащы дәмін татқан 2-сынып оқушысы Әлімханның тірлігі тап-тұйнақтай. Әкесінің қайтыс болғанына біраз жылдар өткен. Өзі әкесін көре алмаған болатын. Әкесі қайтыс боларда Әлімхан әлі кішкентай, бір жарым жастағы нәресте болатын. Әкесін суретіне қарап таныды. Суретті шешесі жанынан тастамай «бұл сендердің әкелерің» деп әрқашан суретті аялай ұстап айтып отыратын. Әлімхан бірде футбол ойнап жүріп қолын сындырып алмасы бар ма. Бұған өзінен гөрі шешесі қатты қиналды. Баласының қиналғаны шешесінің жүрегіне қатты батты. Әжесі де немересін аялап сипап отыр. Дереу сынықшыға алып барып, қолын салдырды. Ендігі қалғаны бір аптадай сынықшыға келіп тұру керек болды. Қолына таңған шүберекті де жаңа туған тауық жұмыртқасын жағып ауыстырып тұру қажет. Таңертең кетіп кешке келетін шешесінің қолы тимейді. Әжесі барып келе беруге шамасы жоқ, жасы ұлғайған тез шаршап қалады. Жалғыз өзі баруға әлі жас. Бұл оқиғадан хабары бар көрші жігіт әлгі менің досым, осыны білген бойда осы жұмысты өз мойнына алады. Әлімханның аяқ киімінің бауын байлап, үсті басын киіндіріп күнделікті сынықшыға алып барып жүрді. Әлімхан жаста та болса, жақсылықтың қадірін түсінетін. Көрші ағасының насихатын көп тыңдайтын. Жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін сол ағасынан үйренген. Көрші ағасының сөздерін тыңдауға қатты қызығып, қашан келеді деп дамылсызданатын. Бірде ол ағасына (ол көрші ағасын «аға» деп атайтын) «Әке!» - деп айтып қалды. Ағасы қате естіген шығармын деген оймен: «Түсінбедім?» - деп сұрады. Әлімхан қайталап «Әке!» - деп дауысын қаттырақ шығарды. – А, бірақ мен сенің әкең емеспін ғой, ағаңмын, - деді. Әлімхан сөзін жалғай: – Сіз менің әкемдейсіз, маған көмектесесіз, қамқор жасайсыз, аяқ киімімнің бауына дейін байлап бересіз, маған бұған дейін бұлай ешкім қараған емес, сізді қатты жақсы көремін, сондықтан сізді «әке» деуіме бола ма, а? - деп қиылып сұрайды. Мұндай сөздерді күтпеген менің досым біразға дейін тұрып қалады. Не деп жауап беретінін де ұмытып қалғандай. Өзін әкесіндей көрген, әке қамқорлығындай қамқор жасаған ағасын «әке» деп айта алған балаға: «Жоқ, әке орнын ешкім баса алмайды, саған жақсылығымды ешқашан үзбеймін, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Тек мені «аға» деп жүрсең болғаны. Құдай қаласа бәрі де жақсы болады!» - деп, көңілін жұбатып, бір жағынан Әлімханның ойына дән риза болды. Осы оқиғадан кейін ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жетімнің басынан сипаңдар!» деген хадисін енді ұққандай болды. Дана халқымыз «Жетім көрсең жебей жүр» деп текке айтпаса керек. Ата-ананың сағынышын аңсап жүретін жарым жанды жетім баланың тағдыры кімді болса да ойландырмай қоймайды. Әке-шешесінен айрылған жазықсыз бала, осындайда туысқандары қол ұшын бермесе, кімді барып паналай алсын? Буыны қатпаған бала өмірдің ауыр тауқыметіне қалай шыдасын? Сонымен сөзімді мына өлең жолдарымен аяқтасам:                   Жетімнің иесі Аллаһ,                           Жетімді күшсіз деп ойлама,                   Жетімді ренжіту күнә.                          Жетімнің көз-жасы қару!                   
05.12.2012 04:27 5601

Жетімнің малын жеу
Қоғамда берекелі, жайлы отбасында әке-шешесінің бауырында өскен балалармен қатар жастайынан жетім қалған, әлде отбасы ыдыраған немесе әке-шешесі ажырасып тынған балалар да бар. Дәлірек айтқанда, адам баласының қоғамдық жағдайлары бір-біріне ұқсас емес.
Осы себептерге байланысты дініміз Исламда төрт түлігі сай болған адамдардың жоқ-жітікке, жетім-жесірге көз қырын салып, қол ұшын берулерін насихаттайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Өзіне немесе басқаға тиесілі болған бір жетімге қарап, қол астына алған адаммен мен жәннатта бірге боламыз» деп шәһадат саусағы (сұқ саусақ) мен орта саусағын көрсеткен. (Муслим, Зүһд 2)
Сондықтан өз балаларымыз сияқты, жетімдер де бізге Аллаһтың аманаты. Яғни өз балаларымызды бағып-қаққанымыздай, оларды да бағуға тиіспіз. Өйткені, бұл сәбилердің әкесі де, шешесі де бізбіз. Олардың да, біздің балаларымыз сияқты тәрбиеленіп, жетілуі, қоғамға пайдалы азамат болып ержетілуі баршамыздың міндетіміз. Сонымен қатар жетім-жесірлердің өздерімен қоса, олардың мал-мүлкін де қорғауымыз керек. Бірақ олардың мал-мүлкін есейгеннен кейін өздеріне қайтарып беруіміз қажет.
Соған байланысты Құран Кәрімде былай делінген:
«Жетімнің малына жақындамаңдар, бірақ олар есейгенге дейін жақсы басқаруға болады». (Әнғам сүресі 152-аят) Жетімнің малын өз малына қосып алып, жеп қойғандар, өте ауыр күнә істеген болып, үлкен обалға қалады.
Құран Кәрімде былай бұйырылған:
«Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар. Өйткені ол – үлкен күнә». (Ниса сүресі 2-аят)
«Жетім-жесірдің малын әділетсіздікпен жегендер, шүбәсіз, қарындарына от жаққан болып есептеледі. Іс жүзінде олар алауланған отқа түседі». (Ниса сүресі 10-аят)
Хадис шарифте: «Ең жақсы үй – ішінде жетім жақсы қаралған үй және ең жаман үй – жетімді дұрыс қарамаған үй» - делінген. (Тирмизи, Бирр 16)
Жоғарыда айтып өткеніміздей Құран Кәрімде жетімдерге байланысты аяттар көп. Мына төмендегі аятта да жетімдерге абай болуды ұсынады.
«Жетімді қайғыртпа! (Жетім-жесірді қорлама)». (Дұха сүресі 9-аят)
Дегенмен осы жоғарыдағы аятта екі нәрсенің тыйым салынғанын байқауға болады. Бірінші, жетімді әлсіз санап, қорламау; екінші оның хақысын және құқығын аяқ асты етпестен, оған мән беру.
Ибн Масғудтан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген: «Егер кімде-кім бір жетімнің басын сипайтын болса, сипаған жерінің әр шашы қиямет күні оған нұр болады». (Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд 5/250, 265)
Сол сияқты Хазіреті Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте: «Жетім жылаған кезде Рахманның Аршы сілкінеді. Ұлы Аллаһ періштелеріне былай деп бұйырады: «Ей, періштелерім! Әкесінен айырылған мына жетімді жылатқан кім?» Сонда періштелер: «Ей Раббым! Ең жақсы білетін Сенсің» - дейді. Ұлы Аллаһ былай дейді: «Куә болыңыз, егер кімде-кім оның жылағанын тоқтатып, разы қылса, мен де оны қиямет күні разы етуге кепілдік беремін»». (Қуртуби «Жамиу ли Ахкамул Қуран» 20/101) Хазіреті Омар (р.а.) осы хадисті естігеннен кейін бір жетімді көрген кезінде басынан сипап, бір нәрсе тарту ететін, деген деректер бар.
Осы тақырыпқа байланысты мына төмендегі оқиғаны тілге тиек ете кетсек әсерлі болар деп ойлаймын: Бірде досым мынадай қызықты әңгіме айтқан болатын. Дінтану саласы бойынша жоғарғы оқу орнында оқитын сол досым өзімен көрші тұратын 2-сынып оқушысына күнделікті өз қамқорлығын аямайтын. Жаста та болса өмірдің ащы дәмін татқан 2-сынып оқушысы Әлімханның тірлігі тап-тұйнақтай. Әкесінің қайтыс болғанына біраз жылдар өткен. Өзі әкесін көре алмаған болатын. Әкесі қайтыс боларда Әлімхан әлі кішкентай, бір жарым жастағы нәресте болатын. Әкесін суретіне қарап таныды. Суретті шешесі жанынан тастамай «бұл сендердің әкелерің» деп әрқашан суретті аялай ұстап айтып отыратын. Әлімхан бірде футбол ойнап жүріп қолын сындырып алмасы бар ма. Бұған өзінен гөрі шешесі қатты қиналды. Баласының қиналғаны шешесінің жүрегіне қатты батты. Әжесі де немересін аялап сипап отыр. Дереу сынықшыға алып барып, қолын салдырды. Ендігі қалғаны бір аптадай сынықшыға келіп тұру керек болды. Қолына таңған шүберекті де жаңа туған тауық жұмыртқасын жағып ауыстырып тұру қажет. Таңертең кетіп кешке келетін шешесінің қолы тимейді. Әжесі барып келе беруге шамасы жоқ, жасы ұлғайған тез шаршап қалады. Жалғыз өзі баруға әлі жас. Бұл оқиғадан хабары бар көрші жігіт әлгі менің досым, осыны білген бойда осы жұмысты өз мойнына алады. Әлімханның аяқ киімінің бауын байлап, үсті басын киіндіріп күнделікті сынықшыға алып барып жүрді. Әлімхан жаста та болса, жақсылықтың қадірін түсінетін. Көрші ағасының насихатын көп тыңдайтын. Жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін сол ағасынан үйренген. Көрші ағасының сөздерін тыңдауға қатты қызығып, қашан келеді деп дамылсызданатын. Бірде ол ағасына (ол көрші ағасын «аға» деп атайтын) «Әке!» - деп айтып қалды. Ағасы қате естіген шығармын деген оймен: «Түсінбедім?» - деп сұрады. Әлімхан қайталап «Әке!» - деп дауысын қаттырақ шығарды.
– А, бірақ мен сенің әкең емеспін ғой, ағаңмын, - деді. Әлімхан сөзін жалғай:
– Сіз менің әкемдейсіз, маған көмектесесіз, қамқор жасайсыз, аяқ киімімнің бауына дейін байлап бересіз, маған бұған дейін бұлай ешкім қараған емес, сізді қатты жақсы көремін, сондықтан сізді «әке» деуіме бола ма, а? - деп қиылып сұрайды.
Мұндай сөздерді күтпеген менің досым біразға дейін тұрып қалады. Не деп жауап беретінін де ұмытып қалғандай. Өзін әкесіндей көрген, әке қамқорлығындай қамқор жасаған ағасын «әке» деп айта алған балаға: «Жоқ, әке орнын ешкім баса алмайды, саған жақсылығымды ешқашан үзбеймін, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Тек мені «аға» деп жүрсең болғаны. Құдай қаласа бәрі де жақсы болады!» - деп, көңілін жұбатып, бір жағынан Әлімханның ойына дән риза болды. Осы оқиғадан кейін ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жетімнің басынан сипаңдар!» деген хадисін енді ұққандай болды.
Дана халқымыз «Жетім көрсең жебей жүр» деп текке айтпаса керек. Ата-ананың сағынышын аңсап жүретін жарым жанды жетім баланың тағдыры кімді болса да ойландырмай қоймайды. Әке-шешесінен айрылған жазықсыз бала, осындайда туысқандары қол ұшын бермесе, кімді барып паналай алсын? Буыны қатпаған бала өмірдің ауыр тауқыметіне қалай шыдасын? Сонымен сөзімді мына өлең жолдарымен аяқтасам:
                  Жетімнің иесі Аллаһ,                           Жетімді күшсіз деп ойлама,
                  Жетімді ренжіту күнә.                          Жетімнің көз-жасы қару!
                
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға