Жаңалықтар

Астрахан ауданы

  Астрахан ауданы — облыстың орт. бөлігінде орналасқан әкімш. аудан. Аудан солт-нде Бұланды, шығысында Ақкөл, Шортанды, Целиноград, оңт.-шығысында  Қорғалжын, оңт-нде Егіндікөл, батысында Атбасар аудандары жерімен шектеседі. 1936 ж. құрылған. Аум. 7,1 мың км2, тұрғыны 28,9 мың адам (2008). Аудан 17 ауылдық, 3 кенттік әкімш. округіне бөлінген. Орт. — Астраханка а., облыс орт. — Көкшетау қ-нан 258 км жерде, Сарыарқаның солт.-батысында орналасқан. Жер бедері абс. биікт. 100 — 300 м-ден аспайтын ұсақ төбелі-белесті жазық болып келеді. Пайдалы қазбалардан алтын, табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ, суық, жазы қоңыржай ыстық. Орташа темп-расы қаңтарда —18° С, шілдеде 20° С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 350 мм, көбіне жазда жауады. Аудан жерін Есіл, Қалқұтан, т.б. өзендер суландырады. Тұщы және ащы көлдері: Ұзынкөл, Баршын, Жалтыркөл, Ортакөл, Берсен, Үштаған, Шұңқыркөл, Нарынбай т.б. Жер асты сулары 2 — 8 м тереңдікте кездеседі. Есіл өз-нің оң жағалауы карбонатты, кей жері сортаңды қара топырақ, сол жағалауы карбонатты қарақоңыр топырақты болып келеді. Тың игеру жылдары аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Аудан жері селеу, қылқан селеу, бетеге, жусан, кермек, өлең, т.б. түрлі шөп өскен дала белдеміне жатады. Өзен жайылмаларында бидайық, арпабас, жауқияқ, айрауық, қамыс, түрлі шөп аралас шалғын өседі. Жануарлардан: қарсақ, дала суыры, орқоян, аққоян, үлкен сарышұнақ, дала шақылдағы мен тышқаны, аламан, эверсманн атжалманы, сасық күзен, дала және кәдімгі тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр, су құстарынан қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 5,4 адамнан келеді. Этник. құрамы: қазақтар — 12507, орыстар — 8443, украиндар — 2180, немістер — 1605, ингуштер — 238, басқа ұлт өкілдері — 3045 адам. Ірі елді мекендері: Ақбейіт, Жалтыр, Қалқұтан кенттері, Астраханка, Новое, Зеленое, Жарсуат, Қайнар, Каменка, Камышенка, Красногвардейский, Жаңатұрмыс, Петровка, Новочеркасск, Первомай, Степное, Ұзынкөл а-дары. А. а-нда алтын өндіру (Ақбейіт), құрылыс материалдары кәсіпорындары (Астраханка, Жалтыр), нан, май з-ттары, баспахана, тұрмыстық комб. (Астраханка), т.б. бар. А.ш-мен 1 ауд. арнаулы шаруашылық бірлестігі, 12 кеңшар, 6 ұжымдық а.ш. мекемесі, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік шұғылданады. А.ш. жері 671 мың га, оның 417,9 мыңы (62,3%-і) дәнді дақылдық, 36,0 мыңы шабындық, 217,1 мыңы жайылымдық жер. Орман 2,5 мың га. А.ш-ның басты саласы — астық, жем-шөп, картоп егу. Негізінен сиыр, қой, жылқы, шошқа өсіріледі. Ауданда 36 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 36 жалпы білім беретін және музыка мектебі, ауылдық кәсіптік-тех. уч-ще, 7 мәдениет үйі, 23 клуб, 46 кітапхана, 48 емдеу-сауықтыру мекемесі бар. Ауданда қазақ ұлттық аспаптар оркестрі — «Әгугай домбыра», вокалды топтар — «Гармония», «Қамажай», «Достар», би тобы — «Брейн Дэнс» бар.  Спорт саласында: 106 спорт ғимараты, 1 стадион, 16 футбол алаңы, 26 спорт залы аудан халқына қызмет көрсетеді. Жыл сайын «Бәйге», «Көкпар»,  «Теңге алу», «Аударыспақ», «Қыз қуу» жарысынан жаздық ат спортты спартакиадасы өткізіліп тұрады. Аудан жері арқылы Астана — Атбасар — Қарталы т.ж., Астана — Атбасар, Астрахан — Макинск автомоб. жолы өтеді.
05.12.2012 04:26 5215

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға