Жаңалықтар

Түрлі діндерде уағыздалатын моральдық құндылықтар

Мораль — қоғамдық сананың бір формасы. Дін, құқық, өнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір.  Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мән берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сәті — адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі. Сондықтан діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердегі адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз. Ибраһимдік (аврамдық) діндердің ең көнесі болып табылатын иудаизм (жөһит діні), одан кейін христиан діні мен ислам келеді. Бұл дін бойынша жөһиттер (еврейлер) Яхвемен анттасқан, Жаратқанның артықша туындысы, таңдаулысы деп танылады. Яхудийлер Моисейдің декалогымен, яғни он қағидасына бағынышта өмір сүреді. Олардың алғашқы үшеуі Яхве Құдайды құрмет тұтуды талап етеді. Тертінші өсиет бойынша жөһиттер сенбі күні барлық әрекеттерді қалдырып, тек Құдайға жалбарынуға арналғандығын есте ұстауы керек. Келесі өсиет бойынша ата-ананы қадірлеу керек. Ал алтыншысынан оныншы өсиетке дейін адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге қатысты нормалар қарастырылады. Онда кекшіл болма, кісіге кол жұмсама, өтірік айтпа, біреудің мүлкіне көзіңді сүзбе деген сияқты қағидалар келтірілген. Соңғылары кейіннен христиан дінінде де, мұсылман дінінде де маңызды орынға ие болған қағидалар. Христиандық дін — сүйіспеншілік, төзім діні. Христиандық қасиетті үштік — сенім, үміт және сүйіспеншілік бұл діннің мораль мәселелерін қаншалықты жоғары қойғандығын көрсетеді. "Құдай патшалығы өз ішіңде!" деген сөзде терең мағына жатыр. Күнделікті өмірде ақ пен қара қалай аралас жатса, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен зұлымдық та солай біте қайнасып кеткен. Ал христиан дінінің орталық сенімі бойынша апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бұл күйден арылады. Өйткені жақсы — жақсылық ретінде, жаман — жаманшылық ретінде басын ажыратып, өз жауабын тартады. Сол күйге адамдарды алдын ала даярлау үшін адамзатқа мессия — Иса келді деп есептеледі. Адам-Құдай өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап келе жатқан қиямет-қайымға адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы осы күнәкар әлемге жіберілген.  Құдай адамдардан көрген қиянаттарына қарамастан оларды сүйеді — олар үшін өз жанын пида етеді. Бұл өнегесімен Иса сүйіспеншілік жолы — ауыр жол, бірақ маңызы жағынан оған жетер ештеңе жоқ деген ойды танытады. Егер сүйіспеншілік болмаса, онда қалатыны — жаугершілік. Ал ол дегеніміз — адамзаттың өз басын өзі өлімге тігуімен парапар. Өзің ұнататын жанды, сенің өзіңді кадірлейтін басқаны немесе өзіңе жақын қандасыңды сүю заңды әрі оңай, ал шынайы сүйіспеншілік сенің қарсылас жауыңды немесе дұрыс жолдан тайған пақырды сүйе білуіңнен көрінеді. "Жауыңды сүй!" деп ұрандатқан Иса адамдарға олардың арасында кездесетін қырғиқабақтықты жеңудің бұдан басқа жолы жоқ екендігін айтады.  Христиандық сүйіспеншіліктің сипаттамалары: •    Төзімді сүйіспеншілік, өйткені басқа адамдарға кызмет етуді көздейді; •    Үнемі әрекет үстінде көрінетін сүйіспеншілік; •    Бас пайданы ойламаған сүйіспеншілік, себебі ізгілік, мейірімділік сияқты сүйіспеншілік өз құрметін өз бойында ала жүреді. Осындай шынайы құрбандық, жанпидалық сүйіспеншіліктің арқасында ғана біз көпке күші жететін зұлымдықтың қолынан келмейтін нәрсені — жауласқан адамдар арасын жақындастыруды мүмкін ете аламыз. Ислам діні де христиан діні сияқты ұлтшылдықты, нәсілшілдікті жақтамайды. Құдай алдында, адам алдында таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары тұрады. Өзінің түбірлес діні — христиандық сенім сияқты ислам да бейбітшілік, татулық, тыныштық діні. Ол кешірімділік пен хош көрушілікті уағыздайды.  Исламның этикалық тұрғыдан қарастырғандағы өзгешелігі — оның адамгершілік құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен (діни рәсімнен, әдет-ғұрыптан, құкықтан) бөліп-жармай, бірлікте қарастыруы. Адамгершілік құлық нормалары Құранда жүйеленбеген. Онда жасауға болмайтын, яғни "харам" болып саналатын нәрселер бар; жасалуға тиісті нәрселер жиынтығы — "халал" бар; адам өмірінің белгілі бір сфераларын (неке, мұрагерлік, т.б.) реттеуші нормалар, нақты ахлактық ұғымдар (әділдік, мейірімділік, ұят, жомарттық және т.б.) келтірілген. Құранда адамды дел-сал етуші, миын улаушы апиындық. өсімдіктерді пайдалануға, арақ-шарапқа тыйым салынған. Ішімдік індетіне діни бұғау салудың бұқаралық, тыныштық үшін де, отбасы тыныштығы үшін де қажеттілігі айдан анық. Тағамдардың ішінде Құран қан, жемтік, шошқа етін және Алла тағаланың аты аталмай бауыздалған малды жеуге тыйым салады. Әрбір адамның жеке бас тазалығына исламда көп көңіл бөлінеді — бес уақыт намазда дәрет алудан бастап, тұрған үй-ішінің тазалығына, тіпті киетін киімнің матасына дейін нақтылап көрсетілген.  Киім киюде болсын, үйді безендіруде болсын шектен шығып, асқан байлығына масаттануды ислам хош көрмейді. Әйел баласының тәнін ашып, жалаңаштайтын жеңіл-желпі, жұқа матадан тігілген киімдер киюін де Құран қаламайды.  Құдайдың өзін тұрмақ, оның құдіретімен жаратылған пендесін, мақұлығын болсын ешкімнің бейнелеуге құқығы жоқ. Сондықтан да мұсылман өзінің үйін қаншалықты гүлмен, ою-өрнекпен безендіруге ерікті болса, соншалықты адам бейнесіндегі мүсіндермен, жалаңаш денелі суреттермен безендіре алмайды.  Ер мен әйел қатынастарында, жалпы адамның тәні мен нәпсі мәселесіне келгенде, Құран біржақты тақуалықты, өмірдің қызықтарынан безінуді жақтамайды. Соның куәсі ретінде исламда христиан дініндегі сияқты дін қызметіндегі адамдардың (монахтардың) тақуалыққа түсуіне, яғни әйел бала қызығын көрмеуіне жол берілмейді.  Жалпы, ислам діні өзінің жолын қуушыларға асқан қиын талаптар қоймайды. Ислам дінінің өзі нақты өмірге икемделген дін. Ислам діні — бейбітшілік діні, әділет діні, тазалық діні болғандықтан, тек ізгі әдеттерді марапаттайды.  
05.12.2012 04:20 9974

Мораль — қоғамдық сананың бір формасы. Дін, құқық, өнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір.

 Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мән берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сәті — адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі. Сондықтан діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердегі адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз.

Ибраһимдік (аврамдық) діндердің ең көнесі болып табылатын иудаизм (жөһит діні), одан кейін христиан діні мен ислам келеді. Бұл дін бойынша жөһиттер (еврейлер) Яхвемен анттасқан, Жаратқанның артықша туындысы, таңдаулысы деп танылады. Яхудийлер Моисейдің декалогымен, яғни он қағидасына бағынышта өмір сүреді. Олардың алғашқы үшеуі Яхве Құдайды құрмет тұтуды талап етеді. Тертінші өсиет бойынша жөһиттер сенбі күні барлық әрекеттерді қалдырып, тек Құдайға жалбарынуға арналғандығын есте ұстауы керек. Келесі өсиет бойынша ата-ананы қадірлеу керек. Ал алтыншысынан оныншы өсиетке дейін адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге қатысты нормалар қарастырылады. Онда кекшіл болма, кісіге кол жұмсама, өтірік айтпа, біреудің мүлкіне көзіңді сүзбе деген сияқты қағидалар келтірілген. Соңғылары кейіннен христиан дінінде де, мұсылман дінінде де маңызды орынға ие болған қағидалар.

Христиандық дін — сүйіспеншілік, төзім діні. Христиандық қасиетті үштік — сенім, үміт және сүйіспеншілік бұл діннің мораль мәселелерін қаншалықты жоғары қойғандығын көрсетеді. "Құдай патшалығы өз ішіңде!" деген сөзде терең мағына жатыр. Күнделікті өмірде ақ пен қара қалай аралас жатса, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен зұлымдық та солай біте қайнасып кеткен. Ал христиан дінінің орталық сенімі бойынша апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бұл күйден арылады. Өйткені жақсы — жақсылық ретінде, жаман — жаманшылық ретінде басын ажыратып, өз жауабын тартады. Сол күйге адамдарды алдын ала даярлау үшін адамзатқа мессия — Иса келді деп есептеледі. Адам-Құдай өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап келе жатқан қиямет-қайымға адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы осы күнәкар әлемге жіберілген.

 Құдай адамдардан көрген қиянаттарына қарамастан оларды сүйеді — олар үшін өз жанын пида етеді. Бұл өнегесімен Иса сүйіспеншілік жолы — ауыр жол, бірақ маңызы жағынан оған жетер ештеңе жоқ деген ойды танытады. Егер сүйіспеншілік болмаса, онда қалатыны — жаугершілік. Ал ол дегеніміз — адамзаттың өз басын өзі өлімге тігуімен парапар. Өзің ұнататын жанды, сенің өзіңді кадірлейтін басқаны немесе өзіңе жақын қандасыңды сүю заңды әрі оңай, ал шынайы сүйіспеншілік сенің қарсылас жауыңды немесе дұрыс жолдан тайған пақырды сүйе білуіңнен көрінеді. "Жауыңды сүй!" деп ұрандатқан Иса адамдарға олардың арасында кездесетін қырғиқабақтықты жеңудің бұдан басқа жолы жоқ екендігін айтады.

 Христиандық сүйіспеншіліктің сипаттамалары:

•    Төзімді сүйіспеншілік, өйткені басқа адамдарға кызмет етуді көздейді;
•    Үнемі әрекет үстінде көрінетін сүйіспеншілік;
•    Бас пайданы ойламаған сүйіспеншілік, себебі ізгілік, мейірімділік сияқты сүйіспеншілік өз құрметін өз бойында ала жүреді.

Осындай шынайы құрбандық, жанпидалық сүйіспеншіліктің арқасында ғана біз көпке күші жететін зұлымдықтың қолынан келмейтін нәрсені — жауласқан адамдар арасын жақындастыруды мүмкін ете аламыз.

Ислам діні де христиан діні сияқты ұлтшылдықты, нәсілшілдікті жақтамайды. Құдай алдында, адам алдында таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары тұрады. Өзінің түбірлес діні — христиандық сенім сияқты ислам да бейбітшілік, татулық, тыныштық діні. Ол кешірімділік пен хош көрушілікті уағыздайды.

 Исламның этикалық тұрғыдан қарастырғандағы өзгешелігі — оның адамгершілік құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен (діни рәсімнен, әдет-ғұрыптан, құкықтан) бөліп-жармай, бірлікте қарастыруы. Адамгершілік құлық нормалары Құранда жүйеленбеген. Онда жасауға болмайтын, яғни "харам" болып саналатын нәрселер бар; жасалуға тиісті нәрселер жиынтығы — "халал" бар; адам өмірінің белгілі бір сфераларын (неке, мұрагерлік, т.б.) реттеуші нормалар, нақты ахлактық ұғымдар (әділдік, мейірімділік, ұят, жомарттық және т.б.) келтірілген.

Құранда адамды дел-сал етуші, миын улаушы апиындық. өсімдіктерді пайдалануға, арақ-шарапқа тыйым салынған. Ішімдік індетіне діни бұғау салудың бұқаралық, тыныштық үшін де, отбасы тыныштығы үшін де қажеттілігі айдан анық. Тағамдардың ішінде Құран қан, жемтік, шошқа етін және Алла тағаланың аты аталмай бауыздалған малды жеуге тыйым салады. Әрбір адамның жеке бас тазалығына исламда көп көңіл бөлінеді — бес уақыт намазда дәрет алудан бастап, тұрған үй-ішінің тазалығына, тіпті киетін киімнің матасына дейін нақтылап көрсетілген.

 Киім киюде болсын, үйді безендіруде болсын шектен шығып, асқан байлығына масаттануды ислам хош көрмейді. Әйел баласының тәнін ашып, жалаңаштайтын жеңіл-желпі, жұқа матадан тігілген киімдер киюін де Құран қаламайды.

 Құдайдың өзін тұрмақ, оның құдіретімен жаратылған пендесін, мақұлығын болсын ешкімнің бейнелеуге құқығы жоқ. Сондықтан да мұсылман өзінің үйін қаншалықты гүлмен, ою-өрнекпен безендіруге ерікті болса, соншалықты адам бейнесіндегі мүсіндермен, жалаңаш денелі суреттермен безендіре алмайды.

 Ер мен әйел қатынастарында, жалпы адамның тәні мен нәпсі мәселесіне келгенде, Құран біржақты тақуалықты, өмірдің қызықтарынан безінуді жақтамайды. Соның куәсі ретінде исламда христиан дініндегі сияқты дін қызметіндегі адамдардың (монахтардың) тақуалыққа түсуіне, яғни әйел бала қызығын көрмеуіне жол берілмейді.

 Жалпы, ислам діні өзінің жолын қуушыларға асқан қиын талаптар қоймайды. Ислам дінінің өзі нақты өмірге икемделген дін. Ислам діні — бейбітшілік діні, әділет діні, тазалық діні болғандықтан, тек ізгі әдеттерді марапаттайды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға