Жаңалықтар

Ағаш ісмерлігі

    Бұған ағаш ою, оны механикалық өңдеу, желімдеу мен құрастыру, ағашты қаптау мен әрлеу, есіктіңілгегі мен тұтқасыз, сондай-ақ құлып орнату т. б. жұмыстар жатады. Мұндай жұмыстардың көпшілігін, оған керекті аспаптары жеткілікті болған жағдайда ағаш ісмерлігінен хабары бар әр адамның өзі-ақ үй жағдайында орындай алады.   Ағаш бұйымдарды дайындау және жөндеу үшін тақтайлар, тұтас немесе жалғамалы сырғауылдар, тақталар мен фанера, сондай-ақ жоңқалы ағаш тақта (ЖАТ, яғни ДСП — древесностружечные плиты) және талшықты ағаш тақта (ТАТ, яғни ДВП — древесно-волокнистые плиты) пайдаланылады. Тақтай, сырғауыл, тақталар табиғи ағаштардан жасалғандықтан ағашқа тән қасиеттер оларда да болады. Ол түрлі соққы мен тербеліс әсерлеріне төзімді, өңдеуге ыңғайлы, желімден құрастырғанда берік және сәндік бұйымдар жасауға қолайлы болып келеді. Фанера бір-біріне желімденген үш немесе одан да көп жұқа (қалыңдығы 0,5—1мм) ағаш қабаттардан (шнон) тұрады. Оларды қабаттардағы ағаш талшықтары бір-біріне перпендикуляр болатындай етіп желімдейді. Фанераның қалыңдығы 3—25 мм болып келеді. Одан түрлі жәшік, сөре, рамкалар мен әр алуан бұйымдар жасауға болады. Фанера жиһаз жасауда, телевизор мен акустикалық жүйелердің (дыбыс колонкасы) қорабын қаптауға, тұрғын жайды сәндеуге т. б. мақсаттарға кеңінен пайдаланылады. ЖАТ ағаш жоңқасына жабыстырғыш зат (смола) қосып престеу арқылы жасалады. Тақталар қалыңдығы 10, 18, 20 және 30 мм болып шығарылады. ЖАТ негізінен жиһаз жасауға пайдаланылады. ЖАТ-тан жасалған бұйымдар өндеуге жеңіл, берік, бүріспейді, бірақ оны ылғалды жерде ұстауға болмайды, ондай жағдайда жігі ажырай, бастапқы қалпын жоғалтады. ЖАТ-тан жасалған бұйымдарды ылғалдан сақтау үшін оны фанерамен қаптап, ағаш пленкамен желімден, бетіне лак немесе майлы бояу жарады. Осындай өңдеуден өткен ЖАТ бұйымдар әдемі әрі табиғи ағаштан жасалған бұйымдардан айырмашылығы байқалмайтын болады. ТАТ-ты ұнтақталған және ұсақталған ағаш қалдықтарына түрлі қоспалар (парафин, смола, канифоль т. б.) қосып престеу арқылы жасайды. Оны бөлмені жылылауға (қабырғаны, төбені қаптал, бетіне сәнді қағаз желімдейді немесе сырлайды), түрлі ағаш ыдыстар жасауға пайдаланады. ТАТ бұйымдар өндеуге ыңғайлы болғанымен онша берік емес. Ағаш ісмерлігінің дені ұста столында түрлі аспаптарды пайдалану арқылы жасалынады. Ұста столы болмаған жағдайда кәдімгі столды немесе еденді пайдалануға да болады, оның бетін бүлдірт алмау үшін ұшқат төсеу керек. Ағаш ұсталығы аспаптары негізінен үшке бөлінеді:  өлшегіш-белгілегіш (сызғыш, бүктемелі метрлік, циркуль, бұрыштауыш, үлгі),  кескіш-тескіштер (ара, балта, сүргі, қашау, шапқы, бұрғы т. б.),  көмекші аспаптар (балға, қырғыш, түрпі,егеу, бұрауыш, ұңғы, тістеуік, түзегіш т. б.), ал желімдеу мен құрастыруға винтті қысқыш пен қамыт пайдаланылады. Ағаш детальдарды механикалық өңдеуден еткізердей бұрын тиісті белгілеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін ағаш немесе металл метрлік (мата тектес рулетка метр мен тігінші метрін пайдалануға болмайды, өйткені олар созылғыш болғандықтан белгі дәл түспейді) қолданылады. Қарындашын белгі түсірілгеннен кейін өңделетін (кесілетін) жердің бойымен сызық жүргізіледі. Ағашты қол аспаптарымен механикалық өңдеуге: аралау, сүргілеу (дайын бұйымдарды қалыпқа түсіру үшін), тиек, тесік жасау, ұяшықтарды үңгу мен тесіктерді бұрғылау, бекіткіш детальдар мен фурнитуралар ою, жымдастыру мен тегістеу жұмыстары жатады. Шағын ағаш детальдар мен фанераларды және ЖАТ-ты кесуге ең қолайлы аспап — қол ара. Сондай-ақ жүзі ауыстырмалы әмбебап ара да тиімді құрал. Оның жүзі майдасымен фанера, жұқа тақтайлар мен шыбықтарды араласа, жүзі орташалауымен жұқалау тақтайлар мен ЖАТ-ты, ал жүзі ірісімен қалың тақтайларды аралайды. Оның жүзін түзегішпен егеп оңға, солға қисайта шығарады. Мұндай ара ағаш арасына қысылмай еркін араланады. Қол араның жүзін дұрыстал шығару үшін оның тістерін екі жаққа кезектестіріп 0,5—0,7 мм-ге қисайтады. Тісі тұтас емес, оның ұшын ғана, шамамен 2/3 бөлігін, екі жағына бірдей етіп қиеайтқан жөн. Тістерін дұрыстан шығарғаннан кейін оны үшбұрышты егеумен қайрайды. Жүзі өткір қол арамен тегіс әрі тез аралап кесуге болады. Кесілетін заттық сапасы араға және оның дұрыстығына байланысты болады. Егер тістері ірі немесе жүзі дұрыс шығарылмаған араны пайдаланса, ағаш кедірбүдірлы, қисық немесе жырымдалған күйде кесіледі. Белгі сызықтық сыртыл ала және қатты салмақ түсірмей аралаған жөн. Аралап бітуге таянғанда ағаттық немесе фанераның кесілетін бөлігін ұстап тұрған дұрыс, өйткені ағаш жарықшақтанып немесе сынып кетуі мүмкін. Сүргілеу — ағаш ісмерлігіндегі басты жұмыстың бірі. Сүргілеуді жоңғы сүргі (дөрекілеу өңдеу), кәдімгі сүргі (алғашқы және таза өңдеу), жұқа сүргі (ұзынша детальдарды соңғы рет өңдеу) және тегістегіш сүргі (соңғы тазалау) сияқты аспаптар арқылы жүргізеді. Әр түрлі формалары айшықты бұйымдарды сүргілеуге арнаулы сүргілер пайдаланылады. Үй жағдайында жонғы сүргі мен шағындау сүргі ұстаса жеткілікті, тіпті болмаған жағдайда кәдімгі қарапайым сүргі болса да жарайды. Сүргілер ағаш және металл корпусты болып келеді. Ағаш сүргінің қол тірегіші және ортасында ойығы, металл шынағы, пышақты қозғалмайтындай етіп бекітіл тұратын сынасы болады. Пышақтың ұшы сүргілен 0,5— 0,8 мм шығыңқырап тұрғаны дұрыс. Көбінесе өқделетін ағаштың құрамына және сүргілеу сапасына қарай көз мөлшерімен белгіленеді. Егер пышақ тым шығыңқырап тұрса, ол ағашқа бірден қауып, сүргіш жүргізбейді. Керісінше, пышақ жүзі тым аз шығарылса, сүргілеудің сапасы жақсы болғанмен, процесс тым ұзаққа созылады. Пышақ жүзінің мөлшерін реттеу үшін сыпайы балғамен ұрып босатыл, белгілі мөлшерге келтіргеннен кейін қайта бекітеді. Пышақтың жүзі біркелкі шыққаны жөн, қисық болса ағаш беті жолақтанып қалады. Металл сүргілердің пышағы металл сыналардың көмегімен реттегіш винт арқылы бекітіледі. Ағаттық бойымен сүргіні түзу ұстан, оған онша көп салмақ түсірмей жайлап сүргілеген жөн. Өңдейтін деталь қозғалмауы үшін оны бір нәрсеге тірен немесе верстак болмаған жағдайда, ас столына орнатылған бекіткішке орнықтыру керек. Атқарылатын жұмыс мөлшері аз болғанда еденге қойып, плинтусқа тірел сүргілеуге де болады. Сүргілеу барысында пышақ жүзі мұқалады. Оны үй жағдайында электр қайрақтық көмегінсіз қайрау өте қиын болса да ептеп жүзін шығаруға әбден болады. Сүргі нышағының жүзін майда қайрақпен шығарады. Пышақ жақсы қайралуы үшін жүзіне минеральды май жарады немесе қайрақты сулап отырады. «Майланған» пышақты керосинмен сүртеді. Қайраққа салмақ түсірмей баяу және біртегіс қайраған жөн. Пышақтың жүзі қиғаш жағын қайрайды және қайран болған соң екінші жағын 2—3 рет жайын алған дұрыс, сонда жүзі аумай, дұрыс шығады. Ұяшық, саңылау т. б. тесікгерді жасау үшін қашау мен шапқы пайдаланылады. Олардың жүзін әр түрлі етіп шығарады: әдетте, қашауды жүзінің ені тесіктің көлеміне сәйкес болатындай етіп таңдайды. Бұл ретте қашау мен шапқы сауда орындарына жүзі шығарылмаған күйде түсетінін ұмытпаған жөн. Сондықтан пайдаланбас бұрын мұқият түрде аспайтын жүзін шығару керек. Олардың жүзін сүргінің жүзін шығарғандай етіп қайрайды. Қашау мен шайқылық жүзі қаншалықты дұрыс шығарылғанын былайша анықтайды: тәжірибе үшін керексіз ағашты қашайды, егер тесіктің қабырғасы тегіс болса — жүзінің дұрыс, ал кедір-бұдырлы болса — жүзінің теріс болғаны. Мұндай жағдайда аспайтын жүзін қайта шығару керек. Үңгу кезінде белгіленген жерден 1—2 мм ілгерілеу алып, бірге-бірге керекті мөлшерге жақындата қашаған жөн. Сонда саңылаулы жоңқалан газарта өңдегенде бастапқы белгіленген мөлшерге дәл келетін болады. Саңылау жасалғаннан кейін оның аузын тегістейді. Егер ағаттық екінші жағынан тесіл шығатындай саңылау жасау қажет болса, онда екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы бағытта қашаған дұрыс. Сонда саңылаудың екі жақтағы аузы да біртегіс болып шығады. Қашау кезінде (әсіресе тұтас тескенде) өңделетін детальдың астына ағаш кесіндісін немесе фанера қойған жөн, сонда жұмыс істейтін столдың беті бүлінбейді.  
05.12.2012 04:18 7648

 

 
Бұған ағаш ою, оны механикалық өңдеу, желімдеу мен құрастыру, ағашты қаптау мен әрлеу, есіктіңілгегі мен тұтқасыз, сондай-ақ құлып орнату т. б. жұмыстар жатады. Мұндай жұмыстардың көпшілігін, оған керекті аспаптары жеткілікті болған жағдайда ағаш ісмерлігінен хабары бар әр адамның өзі-ақ үй жағдайында орындай алады.
 
Ағаш бұйымдарды дайындау және жөндеу үшін тақтайлар, тұтас немесе жалғамалы сырғауылдар, тақталар мен фанера, сондай-ақ жоңқалы ағаш тақта (ЖАТ, яғни ДСП — древесностружечные плиты) және талшықты ағаш тақта (ТАТ, яғни ДВП — древесно-волокнистые плиты) пайдаланылады.
Тақтай, сырғауыл, тақталар табиғи ағаштардан жасалғандықтан ағашқа тән қасиеттер оларда да болады. Ол түрлі соққы мен тербеліс әсерлеріне төзімді, өңдеуге ыңғайлы, желімден құрастырғанда берік және сәндік бұйымдар жасауға қолайлы болып келеді. Фанера бір-біріне желімденген үш немесе одан да көп жұқа (қалыңдығы 0,5—1мм) ағаш қабаттардан (шнон) тұрады. Оларды қабаттардағы ағаш талшықтары бір-біріне перпендикуляр болатындай етіп желімдейді.
Фанераның қалыңдығы 3—25 мм болып келеді. Одан түрлі жәшік, сөре, рамкалар мен әр алуан бұйымдар жасауға болады. Фанера жиһаз жасауда, телевизор мен акустикалық жүйелердің (дыбыс колонкасы) қорабын қаптауға, тұрғын жайды сәндеуге т. б. мақсаттарға кеңінен пайдаланылады.
ЖАТ ағаш жоңқасына жабыстырғыш зат (смола) қосып престеу арқылы жасалады. Тақталар қалыңдығы 10, 18, 20 және 30 мм болып шығарылады. ЖАТ негізінен жиһаз жасауға пайдаланылады. ЖАТ-тан жасалған бұйымдар өндеуге жеңіл, берік, бүріспейді, бірақ оны ылғалды жерде ұстауға болмайды, ондай жағдайда жігі ажырай, бастапқы қалпын жоғалтады.
ЖАТ-тан жасалған бұйымдарды ылғалдан сақтау үшін оны фанерамен қаптап, ағаш пленкамен желімден, бетіне лак немесе майлы бояу жарады. Осындай өңдеуден өткен ЖАТ бұйымдар әдемі әрі табиғи ағаштан жасалған бұйымдардан айырмашылығы байқалмайтын болады.
ТАТ-ты ұнтақталған және ұсақталған ағаш қалдықтарына түрлі қоспалар (парафин, смола, канифоль т. б.) қосып престеу арқылы жасайды. Оны бөлмені жылылауға (қабырғаны, төбені қаптал, бетіне сәнді қағаз желімдейді немесе сырлайды), түрлі ағаш ыдыстар жасауға пайдаланады. ТАТ бұйымдар өндеуге ыңғайлы болғанымен онша берік емес. Ағаш ісмерлігінің дені ұста столында түрлі аспаптарды пайдалану арқылы жасалынады. Ұста столы болмаған жағдайда кәдімгі столды немесе еденді пайдалануға да болады, оның бетін бүлдірт алмау үшін ұшқат төсеу керек.
Ағаш ұсталығы аспаптары негізінен үшке бөлінеді:
өлшегіш-белгілегіш (сызғыш, бүктемелі метрлік, циркуль, бұрыштауыш, үлгі),
кескіш-тескіштер (ара, балта, сүргі, қашау, шапқы, бұрғы т. б.),
көмекші аспаптар (балға, қырғыш, түрпі,егеу, бұрауыш, ұңғы, тістеуік, түзегіш т. б.), ал желімдеу мен құрастыруға винтті қысқыш пен қамыт пайдаланылады.
Ағаш детальдарды механикалық өңдеуден еткізердей бұрын тиісті белгілеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін ағаш немесе металл метрлік (мата тектес рулетка метр мен тігінші метрін пайдалануға болмайды, өйткені олар созылғыш болғандықтан белгі дәл түспейді) қолданылады. Қарындашын белгі түсірілгеннен кейін өңделетін (кесілетін) жердің бойымен сызық жүргізіледі. Ағашты қол аспаптарымен механикалық өңдеуге: аралау, сүргілеу (дайын бұйымдарды қалыпқа түсіру үшін), тиек, тесік жасау, ұяшықтарды үңгу мен тесіктерді бұрғылау, бекіткіш детальдар мен фурнитуралар ою, жымдастыру мен тегістеу жұмыстары жатады.
Шағын ағаш детальдар мен фанераларды және ЖАТ-ты кесуге ең қолайлы аспап — қол ара. Сондай-ақ жүзі ауыстырмалы әмбебап ара да тиімді құрал. Оның жүзі майдасымен фанера, жұқа тақтайлар мен шыбықтарды араласа, жүзі орташалауымен жұқалау тақтайлар мен ЖАТ-ты, ал жүзі ірісімен қалың тақтайларды аралайды.
Оның жүзін түзегішпен егеп оңға, солға қисайта шығарады. Мұндай ара ағаш арасына қысылмай еркін араланады. Қол араның жүзін дұрыстал шығару үшін оның тістерін екі жаққа кезектестіріп 0,5—0,7 мм-ге қисайтады. Тісі тұтас емес, оның ұшын ғана, шамамен 2/3 бөлігін, екі жағына бірдей етіп қиеайтқан жөн. Тістерін дұрыстан шығарғаннан кейін оны үшбұрышты егеумен қайрайды. Жүзі өткір қол арамен тегіс әрі тез аралап кесуге болады.
Кесілетін заттық сапасы араға және оның дұрыстығына байланысты болады. Егер тістері ірі немесе жүзі дұрыс шығарылмаған араны пайдаланса, ағаш кедірбүдірлы, қисық немесе жырымдалған күйде кесіледі. Белгі сызықтық сыртыл ала және қатты салмақ түсірмей аралаған жөн. Аралап бітуге таянғанда ағаттық немесе фанераның кесілетін бөлігін ұстап тұрған дұрыс, өйткені ағаш жарықшақтанып немесе сынып кетуі мүмкін.
Сүргілеу — ағаш ісмерлігіндегі басты жұмыстың бірі. Сүргілеуді жоңғы сүргі (дөрекілеу өңдеу), кәдімгі сүргі (алғашқы және таза өңдеу), жұқа сүргі (ұзынша детальдарды соңғы рет өңдеу) және тегістегіш сүргі (соңғы тазалау) сияқты аспаптар арқылы жүргізеді. Әр түрлі формалары айшықты бұйымдарды сүргілеуге арнаулы сүргілер пайдаланылады. Үй жағдайында жонғы сүргі мен шағындау сүргі ұстаса жеткілікті, тіпті болмаған жағдайда кәдімгі қарапайым сүргі болса да жарайды.
Сүргілер ағаш және металл корпусты болып келеді. Ағаш сүргінің қол тірегіші және ортасында ойығы, металл шынағы, пышақты қозғалмайтындай етіп бекітіл тұратын сынасы болады. Пышақтың ұшы сүргілен 0,5— 0,8 мм шығыңқырап тұрғаны дұрыс. Көбінесе өқделетін ағаштың құрамына және сүргілеу сапасына қарай көз мөлшерімен белгіленеді. Егер пышақ тым шығыңқырап тұрса, ол ағашқа бірден қауып, сүргіш жүргізбейді. Керісінше, пышақ жүзі тым аз шығарылса, сүргілеудің сапасы жақсы болғанмен, процесс тым ұзаққа созылады.
Пышақ жүзінің мөлшерін реттеу үшін сыпайы балғамен ұрып босатыл, белгілі мөлшерге келтіргеннен кейін қайта бекітеді. Пышақтың жүзі біркелкі шыққаны жөн, қисық болса ағаш беті жолақтанып қалады. Металл сүргілердің пышағы металл сыналардың көмегімен реттегіш винт арқылы бекітіледі. Ағаттық бойымен сүргіні түзу ұстан, оған онша көп салмақ түсірмей жайлап сүргілеген жөн. Өңдейтін деталь қозғалмауы үшін оны бір нәрсеге тірен немесе верстак болмаған жағдайда, ас столына орнатылған бекіткішке орнықтыру керек.
Атқарылатын жұмыс мөлшері аз болғанда еденге қойып, плинтусқа тірел сүргілеуге де болады. Сүргілеу барысында пышақ жүзі мұқалады. Оны үй жағдайында электр қайрақтық көмегінсіз қайрау өте қиын болса да ептеп жүзін шығаруға әбден болады. Сүргі нышағының жүзін майда қайрақпен шығарады. Пышақ жақсы қайралуы үшін жүзіне минеральды май жарады немесе қайрақты сулап отырады.
«Майланған» пышақты керосинмен сүртеді. Қайраққа салмақ түсірмей баяу және біртегіс қайраған жөн. Пышақтың жүзі қиғаш жағын қайрайды және қайран болған соң екінші жағын 2—3 рет жайын алған дұрыс, сонда жүзі аумай, дұрыс шығады. Ұяшық, саңылау т. б. тесікгерді жасау үшін қашау мен шапқы пайдаланылады. Олардың жүзін әр түрлі етіп шығарады: әдетте, қашауды жүзінің ені тесіктің көлеміне сәйкес болатындай етіп таңдайды.
Бұл ретте қашау мен шапқы сауда орындарына жүзі шығарылмаған күйде түсетінін ұмытпаған жөн. Сондықтан пайдаланбас бұрын мұқият түрде аспайтын жүзін шығару керек. Олардың жүзін сүргінің жүзін шығарғандай етіп қайрайды.
Қашау мен шайқылық жүзі қаншалықты дұрыс шығарылғанын былайша анықтайды: тәжірибе үшін керексіз ағашты қашайды, егер тесіктің қабырғасы тегіс болса — жүзінің дұрыс, ал кедір-бұдырлы болса — жүзінің теріс болғаны. Мұндай жағдайда аспайтын жүзін қайта шығару керек. Үңгу кезінде белгіленген жерден 1—2 мм ілгерілеу алып, бірге-бірге керекті мөлшерге жақындата қашаған жөн. Сонда саңылаулы жоңқалан газарта өңдегенде бастапқы белгіленген мөлшерге дәл келетін болады. Саңылау жасалғаннан кейін оның аузын тегістейді. Егер ағаттық екінші жағынан тесіл шығатындай саңылау жасау қажет болса, онда екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы бағытта қашаған дұрыс. Сонда саңылаудың екі жақтағы аузы да біртегіс болып шығады.
Қашау кезінде (әсіресе тұтас тескенде) өңделетін детальдың астына ағаш кесіндісін немесе фанера қойған жөн, сонда жұмыс істейтін столдың беті бүлінбейді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға