Жаңалықтар

Жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі

Жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі (пікір алысу ретінде) Жалпы кеңес әдебиеті үлкен мұрат қып отырған нәрсенің бірі — ірі пьеса. Біздің сөзіміз де сол жөнінде болмақ. Былтырғы жыл жазушылармен әңгімелескенде Сталин жолдастың әдейі қадап айтқан сөзінің бірі де осы пьеса жайы болатын. Суретті әдебиет1 ішінде көпке жететін, дегені дөп тиетін, әсері мол болатын түрі — драма. Осыған орай, партия мен үкімет жалпы одақ көлемінде пьеса бағасын ерекше көтерді, бүкіл одақтық бәйге жариялады2. Сегіз ай ішінде одақтық Совнарком бәйгесіне мың екі жүз пьеса түсіпті. Бәйге алған — бес пьеса. Алдыңғы қатарға шығып, екінші бәйгені алған Киршон3 пьесасы "Ажайып қоспа" мен Украин жазушысы Корнейчуктың4 "Эскадра қазасы" деген пьесасы. Үшінші бәйге Ромашовтың5 "Ерлер" деген пьесасына берілген. Содан кейінгі бәйгені армян жазушысы Джананның6 "Шахнама" деген пьесасы алған. Және Украин жазушысы Кочерганың7 "Сағатшы мен мекиен" деген пьесасы алды. Бірінші бәйгені алған пьеса жоқ. Өйткені драматургия социалистік құрылыс қарқынына әлі күнге ілесе алмай артта қап, кенжелеп келеді. Ұлы дәуірдің үлкен шартына жауап ұрғандай зор пьеса әлі туа қойған жоқ. Бірақ сонда да мына бәйге, мына нәтижелер — ірі талпыныс пен үлкен серпін айғағы. Бұндағы ерекше бір өзгешелік — одақтық республикалардың өзді-өзі көлемінде ғана жүрген бірқатар жазушы мен шығармалары бәйге арқылы әр ұлттың тар арнасынан шығып, бүкіл кеңес әдебиетінің мол қорына, ортақ қорына келіп құйып отыр. Украина, Армения, Татарстан сияқты кешегі бұратана ұлттардың социалдық мәдениеті бүгінгі күнде өскелеңдеп өрге басып, жалпы интернационалдық, социалдық әдебиетіне үлкен, мол-мол сай-саладай боп кеп шылбыр созды. Осы айтылған сөздерден және бәйге жөнінен бізге айқын көрінетін міндеті: қазақ әдебиетінде социалды құрылыстың үлкен сыры болатын пьесасын туғызып, өсіру, соны қанат қақтырып өзге өрге бастыру. Бұндай пьесаның жазылу әдісі, құрылыс негізі — социалдық реализм. Тақырып, мазмұны: Қазақстан мен одақтағы социалистік құрылыстың мағына, мазмұнымен кіндіктес, ұлы табыстарға сай, үлкен сыр боп шығу. Осы айтылғанның барлығы — біздің пьесаға қойылатын сапа, сана шарты, дәуір шарты. Ендеше олқы-солпымызды танып, ұғынып алып, соны жеңіп, ілгері қарай қамшылануымыз керек. Әуелі өз қатарымызды шолып өтейік. Бізде не бар? Жалпы жауап берсек, біздің әдебиет пьесадан олқы емес. Соншалық қара жерде отырған кісідей емеспіз. Қайта бүгінгі әдебиетіміздің өскелең түрінің бірі пьеса дейміз. Бұл жақсы жауап. Біраз ұшқарырақ та жауап. Әйтсе де сан менен әзіргі сапаға келсек, алдымызда: "Майдан"8, "Түрксіб"9, "Тартыс"10, "Кек"11, "Шабуыл"12, "Шахта"13, "Забой"14, "Заман заңы"15 — бір алуан, биылғы жыл тудырған күйлі пьесадан16: "Айман-Шолпан"17, "Шұға"18, "Колхоз тойы"19 - бір алуан бой көлденеңдейді. Бұлардың үстіне ең соңғы уақытта жазылған Ілиястың20 "Соқыр ішегі", Бейімбеттің21 " Талтаңбайы", Асқардың22 "Жаңа адамдары" тағы бар. Әзірше жазушы жұртшылығының көпшілігіне мәлім болған, бетке шығар деген пьесаларымыз — осылар. Осының «Шахта» сияқты бірен-сараны ғана болмаса, өзгесі тегіс 32-жыл мен 34-жыл арасында туып отыр. Аз сан емес. Көпшілігіне ‒ өз әдебиетіміздің шамасына қарай жап-жақсы сапа да күтеміз. Пьеса түрінің біздің әдебиетте көпшілік түр екенін, модыдағы түр екенін көрсету үшін тағы біраз белгілерді атауға болады. Мысалы Қазақстан баспасы мен мемлекеттік драм театрында, ерте күннен соңғы уақытқа дейін жиылған пьеса саны 80 шамалы. Оның үстіне бұрын жарияланған (Қазақстан кәсіпшілер одағы жариялаған) клуб пьесаларының бәйгесіне түсіп жатқан бір топ пьеса тағы да бар. Пьеса қатарында бұлардан бөлек бір алуан, көрнекті іс-аудармаларымыз. Кеңестік пролетариат әдебиетінің өзге ешбір түрі біздің тілге драмадай боп аударылған емес. Социалистік құрылыстың үлкен сыры деп танылған роман, әңгіме, дастан атаулыдан әлі көрнекі ешбір аудармамыз жоқ болса да, пьесадан «Астық»23, «Досым»24 , "Мстислав"25, "Сүңгуір"26, "Булычев"27, "Қорқыныш"28, "Желді қара"29 сияқты атақты шығарманың барлығы да бүгінде қазақ еңбекшілеріне жат, бөтен нәрсе сияқты көрінбейді, өз тәні боп келеді. Социалистік құрылыстың интернационал өнеріне тізе қосып, қабысамыз дегенде біздің әдебиеттің ентелей басып, көсемдік қып, алдымен талпынып келе жатқан саласы да драматургия болды. Және бұл тұстағы негізгі дұрыс, мағынасы үлкен тәжірибеміздің бірі — аударманы ойнауды жаңа пьесалардан бастағандығымыз. Кеңестік жаңа пьесалардың тақырыбы, бағыты, санасы — барлығы да біздің еңбекші еліміздің оз дүниесі. Сондықтан оның тартысы да, табысы да, қуанышы да өз мүлкіміз боп әсер етеді. Кеңес әдебиетімен, әсіресе алдыңғы қатардағы орыс әдебиетімен жұртшылығымызды таныстырамыз, баулимыз дегенде алғашқы адымды осындай: танысынан, жақынынан бастауымыз өте дұрыс. Міне, біздегі драматургияның бүгінгі жайын айтсақ, осы саналған нәрсенің бәрі ауыз толтырып сөйлеуге келетін татымды, нәрлі нәрселер. Бірақ, мақаланың негізгі мақсаты — даттау емес, өзара сын. Өз қатарымызды сынай шолу. Сондықтан енді өз тумаларымыздың кемшілік, олқылықтарын айтайық. Бұл тексеруде біздің көбіне сөз қылатынымыз: алғаш жасалған бетке ұстар он шақты пьеса. Әрине, бұлардың әрқайсысы жеке-жеке ұзақ сын, ұзақ талқылауды керек қылады. Ол өз бетімен орындалатын, орындалып та жатқан істер. Бір мақаланың ішінде тобының басын қосып, жалпы сөйлейтін болған соң, жалпысына ортақ кемшілікті айтпақ керек. Осы жайда айтылатын сөздің бары да, бірі де ең алдымен үлкен "Тұлға"[1]  жайы. Бұл — біздің прозамыз, поэзиямыз — бәр-бәріне бірдей шарт болып қойылатын нәрсе; жанды адам, әсерлі адам, үлгілі жаңа адамды сыйлы қып көрсету шарты. Пьесаға келсек, әсіресе солай. Жалпы пьеса деген түр-тұлғамен пьеса. Тұлғасы толық, тұрманы түгел адам болмаса, пьеса өз түрінен айрылады. Өңі қашады. Ол не терме (хроника), не жасыған сөз (публицистика) боп кетеді. Ендеше, тұлға демек, сапа демекпен тең. Барлық кеңес әдебиетінің, оның ішінде, әсіресе, біздің әдебиетіміздің шеше алмай келе жатқан ең үлкен түйіні осы. Сондағы қиыны жалпы тұлға, я ескілік тұлғасы емес, жаңалықтың, жаңа адамының тұлғасы. Бүгінгі пьесаның сапасы, нәрі сонда тұр. Әдебиетіміздің ең жанды мәселесі осы дейміз. Бұрынғы классик әдебиетті алсақ, ілгері уақыттағы үстем таптар пісіп толар шақтарында өздерінің таптық тұлғаларын толық қанды, айқын пішінді тірі жан қып көрсете білген. Гамлет30, Фауст31, Чацкий32, Хлестаковтар33, әдебиетті айтсаң, үлкен тұрғылардай ереуілдеп, "мен мұндалап" тұрады. Бастарын қырау да шалмайды. Пролетариат әдебиеті бұлардай ғана емес, одан сонағұрлым зор, сонағұрлым мәңгілік болып қалатын тұлға жасауға тиіс. Орыс пьесаларын алсақ, Михайлов", Гайдар35 — соның алды. Ал, біздің пьесада осы жаңа адамның тұлғасы әлі ұсақ. Көңілге қонымды емес. Үстірт схема боп тұр. Сондықтан оқушы мен көрушіні өзіне қарай лебімен тартып, турап, еліртіп, жетегіне ертіп кете алмайды. Көруші ақылы "жақсы" деп түсінеді, бірақ сезімімен терендеп ілескен. Мысалы, біздің ең әсерлі, ең мағыналы күшті пьеса деген "Майданда" "Түрксибтің" ішінде де осы кемшілік бар (Бұнда "Түрксибтің" алғашқы екі жазбасын сөз қыламыз). Дұрыс тұлғадан Қамысбай орны бөлекше екені рас. Ол пьеса ішінде өседі. Өзі ұмытылмастай-ақ жақсы, көңілге қонымды-ақ. Өмірі, ісі, мінезі — бәрі де терең мағыналы жиынтық (собирательный) тұлға. Пьесаның ішінде бастан-аяқ жүретін адам сол. Шынында, пьесада тұлға боп тұрған да соның өзі. Бірақ, соның бәрімен қатар Қамысбай да кішкене жатыр. Тілеулесі болады-ақсың. Бірақ, өзі бола қояйыншы деуің қиын. Өмірдегі, құрылыстағы Қамысбайлар бұдан ірі де, кесек. Бұдан нәрлірек те, қызықтырақ. Біздің тұлғаларымыз өмірдің алдына түскен жетекшісі, басшысы емес, көшіне ілесуші сияқтанып қалады. Ал, "Түрксибтегі" жетекші, найза басы Сәрсенге келсек, ол жоғарыда айтылған, үстірт көрсетілген схема адамға жақын. Мысалы, сахнада Сәрсенді ойнап беретін актерге бұны жақсы тұлға қып беру қиын. Өйткені жақсылығы, қызықтылығы іспенен, драмалық тартыспен шешілмейді. Өзінің ішкі, тысқы жағы да драмалық түйіндердің біртіндеп барып шешілуі арқылы ашылмайды. Көбіне Сәрсеннің өз сөзімен шешіледі. Осы екі пьесаның кемшілігі "Тартыста" да бар. Ондағы айқын көрінетін адамдар, ұлтшылдар тобының үлкен зиянкестері, солардың алуан-алуан адамы: қастық, сұмдық, айлакерлік мінездерімен біріне-бірі ұқсамай, әр сатыда тұрып, көп саладан ұтылап қуған жауларша әрекет етеді. Бірақ, соған орай коммунист, комсомол жастар біріне бірі ұқсаған бір-ақ топ боп шығады. Бірін-бірі қайталап жүрген егіздер сияқты. Және бұлардың іс, мінезі, ойлары да партия мен комсомолдың үлкен масштабын, ұлы жорықтарын алып, бағытын толық мүсіндемейді, елес те бермейді. Кішілеу, ұсақтау соғып жатыр, топтанып істеген ісі жорығымен қызықты, әсерлі боп, көрушіні қуанта отырып, еріте жөнелтуге керек еді. Олай боп шыға алмайды. Дұрыс тұлғаларды қиын-түйін үстінде, қылықтарынан жұртты сүйсінетіндей ғып өсіру шарт. Пьесаның бұнысы олқы. Осындай мін жаңа адамды көрсеткен пьесамыздың бәрінде бар. Бәрімізге оңай соғатын ескі адамның тұлғасы, теріс тұлғалар. Түбінде, жақын заманда бұл олқылықты жоямыз, қиындығын жеңеміз. Әдебиет сапасын көтерудің бірден-бір шарты осы деп білу керек. Енді осы жеңе алмай тұрған өзіміздің қиыншылығымыз неде? Шынымен жеңгізбейтін бір ерекше бөгеті бар ма? Болмаса барлық есеп өз кемшілігімізде ме? Олай болса, сол кемшілік қайсы? Алдымен ерекше бөгет деген нәрсе жоқ. Қайта жаңа тақырыпты ерекше қазық қып, жаңа адамды барынша көрнекті қып шығаруға барлық жағдай түгел деп білеміз. Олай болса, кемшілік жазушының өзінде. Бір жағынан жаңа адамды және оның еңбек қып жүрген ортасын, шартын тереңдеп ұғынып, толық білуіміз жеткілікті емес. Оның ұлттық ерекшелігі, өскен ортасының өзі, өз басынан кешкен бұрынғысының ір алуан әсері, бүгінгі қаламның жеке өзгешеліктері, жасы, оқуы, тәжірибесі, үй тұрмысы — бәр-бәрінде бір-бірінен аз да болса өзгешерек қылатын белгілері бар. Өмірде бар комсомол бір түрлі, бар коммунист те бір-ақ түрлі емес. Ал, біздің пьесаларда комсомол неге жоқ? Белсенді әйел неге жоқ? деп айтпасын дегендей қып, бәрі кіргізіледі де, сол партия атына, комсомол атына сай болсын деп, ылғи бір-ақ саламен жіберіледі. Нәтижеде, пьеса адамдардың дұрыс тұлғасының барлығы шетінен өз ұйымдарының инструкторы болып шығады. Ол сахнада саяси сабақ кітабының алғашқы беттерін оқып жүреді. Соңғы қаулылардың баяндамашысы — газет тілшісі. Үйткені, соның ғана тілімен сөйлейді. Жоғарыда айтылған жеке адамдық пішіннің бәрі сыртта қалып, барлық пьесалардағы дұрыс тұлғалар құйып қойғандай, біріне-бірі ұп-ұқсас бола қалады. Салт-сана жағынан мінсіз қылу үшін, саяси жаңылыс сөз сөйлеспес үшін, ұғынысы шолақ адам боп көрінбесі үшін бұны пьеса ішіңде көп сөйлету қажет. Бұның өзі ғана жақсы болу жетпейді, өзгелерді де пікір күшімен жеңіп, қайырып алу керек. Сондықтан пьеса ортасында жалпы жиылыс тағы қажет. Ал жиылыста ол тек тұра алар ма? Сүйтіп пьеса ішінде мадақтаймыз деп жүріп, дұрыс тұлғаның өзін сол пьеса біткенше мылжың қып та боламыз. Бұның ұзақ сөзінен жұрттың бағана қажып болып, әбден безер боп отырғаны ойда да жоқ. Ондай адам жаңа пьесаның нағыз қиын-түйін шатқалаңының бәрінен сыртта жүреді. Көрушіні еліктіріп, "неге соғар екен?" дегізіп отырған істерге бұл көбінесе кездеспейді, килікпейді. Өйткені ол көріп, біліп қалса, біздің пьесалардың түйіні түйін болмай шешіліп қалады. Партия көзімен көріп, шешпей қоя беруге болмайды. Сондықтан, не ол бұл істі талқылап тексеріп, сырын ашып тұрғанда тартыс суынып, іс жылжып кетеді, немесе ол пьесаның ішіне ақырғы сахнаға шейін әдейі көзін таңып жіберген кісі сияқты боп: өзге жұрт бір төбе, ол бір төбе боп жүреді. Тартыстың сырын, түйінін біле алмай жүреді. Міне, партия адамын, жаңа адамды, дұрыс тұлғаны тірі денеден айырып, функция ғып кіргізу деген осы. Бұл негізде партияға да, комсомолға да пайда емес. Барлық партияның жиынтық тұлғасы боп, жаңа адамның шын басшысы боп, ойдағыдай толық тұлға боп шыға қою оп-оңай емес. Ондай тұлға екі шығарманың бірінен көріне бере алмайды. Кез келген коммунист, комсомол — бұл тұтас партияны көрсетіп шығуға керек десек, мұнымыз қата болады. Егер біздің пьесаларымыздағы коммунистердің бәрінің орнына ұсынсақ партияны кішірейтеміз. Біз партияның басты адамдарын толық тұлғалы етіп көрсету үшін күресуіміз керек. Бірақ ол үшін бір пьеса ішіне партия, комсомол, әйел ұйымдары, кәсіп одағының бәрінің өкілдерін түгел кіргізе беру шарт емес. Онда біз материал астында қап, кісі басты боламыз. Барлық басты ұйымның делегаттары қалмасын деу қажет емес. Қайта әр ұйымнан ұйым адамы еді деп кіргізу жоғарыда айтқан сияқты функцияны кіргізу болады. Пролетариат драматургиясының үлгісі пьесаларын көрсек, партияны сол функция қып көрсетуден36 қатты сақтанады. Қайсы біреу-ақ,Михайлов та жалғыз. Олардың жазушылары әдебиеттің сурет тілімен сөйлейтін жадағайлық, тайыздық. Суретші атаулының (жазушы да суретші) барлығына қойылатын бір шарт бар. Ол – салған күн, жұлдыз, көл - өзі күнмін, жұлдызбын, көлмін деп тұрсын. Суретші сен өзің барып, солардың үстіне мынау күн, жұлдыз, көл деп түсіндіргіш жазып қойсаң, ол өнер емес дейді. Міне, сапа мәселесі осында.   Алайық Михайловты   Михайлов пьесада үстірт жүрмейді. Оқиғаның қайнар ортасында. Тартыстың ең үлкен арқауы сол. Келуші еңбекші де Михайловты қайта-қайта көргісі кеп, ол кірсе іс-мінезіне айызы қанып қап отырады. Бұны сүйеді. Сондай болсам екен демеске шарасы қалмайды. Осы сияқты, социалистік құрылыстың ұйыстыру көсемі, іскері боп отырған партияны жай да жақсы көрсетеді. Сонымен қатар бұның екеуі де кәдуілгі адам. Жеке адамдық жағдайлары, бас тіршілігі тағы бар. Міне, біздің жаңа адам жайындағы жаңа пьесаларымыз осындай құрылысты нық зерттеу керек. Бүгінгі пьесамыздың үлкен асуы сапа десек. сапаның үлкен түйіні осы жаңа тұлғаны көрсете білуде. Драматургиямыздың бүгінгі жайын айтқанда, тарихи пьесалар жөнінен бірер сөз айта кетпей тағы болмайды. Рас, бұл өзі бір мақаланың тақырыбы болуға тиіс. Бірақ, сонда да қысқаша күйде жанай кетейік. Ең әуелі, бізде әзірше жүрген тарихи пьесаларды ("Еңлік-Кебек"39, "Арқалық"40, "Хан Кене" сияқтыларды) классик әдебиет дейміз. Ескі заманнан қалған пьесалар емес. Бұның бәрі де кеңес дәуірінде туды. Басында көпшілігі теріс бағыттан өсті. "Қаракөздер"31 сондайдың нәтижесі. Қайта ойналса, жаңа түрлі талқылаумен (трактовкамен), өзгертумен ойналады. Бірінші рет қойылатын боп тыңнан көп өзгеріп отырған "Хан Кене" болмаса, өзгелер жаңа қойылуда да жамау-жасқау ғана. Осылар тарихи пьеса деп "Арқалық", "Кебектерді" ойнағыш болса керек. Бұл үлкен қата. Ұғынуымызға керек. Ескі пьеса мақсұт емес. Феодалдық тұлғаларды қайталап, көлденеңдете беру социалистік құрылысқа мұрат бола алмайды. "Тарих" деп қана жадағай алсақ, ұшқары алсақ, саяси қата. Тегі бұдан былай ескі тақырыпты пьесаның ішінде тарихқа бүгінгі көзқараспен, пролетариаттың тап тартысы жөніндегі жүйесінің көзімен қараған пьеса ғана керекті. Жаңа театр репертуарында тарихи пьеса тегі кеп бола беру қажет емес. Менің ойымша, жылына бірі жеткілікті. Театрдың репертуар мәселесінде қамшыланатын жағы бұл емес. Оның үстіне тарихи пьесаны көрсететін орта да талғамалы болу керек. Қалайда, әрбір тарихи тақырып бізге де, театрға да, негізінде төңкерістік тақырып боп тұрсын. Бізге шын үлкен мақсұт, ең алдыңғы қатардағы зор міндет — бүгінгі құбылыс жайындағы пьеса. Бірақ сол пьеса, көруші таразысына тарихи пьесадан жеңіл баспас үшін жоғарыдағы шарттарды орындаумен қатар қызық та пьеса болсын. Оқиғасы тығыз құрылған, істелуі босаң емес, құрыш пьеса керек. Ол үшін әрбір тұлға кеп ойланып, көп сұрыптаудан туған болсын. Біздің бүгінгі бір мініміз - асығыс жазамыз, қайта соқпаймыз. Пьеса ішінде сөз кеміп, іс молайсын (Осы ретте "Түрксибтің" соңғы, үшінші жазбасы келісті шыққан сияқты. Әзіргі қазақ пъесасының ішінде драма техникасын алғаш рет нық ескерген пьеса осы болар). Пьеса ішіндегі адамымыз жанды адам болумен бірге, динамикалы (өскелең) адам болсын. Коп пьесамыздың дұрыс адамы салған жерден "шымшып өткендей", төрт тарабы түгел, дық толы адам болады. Өмірде солай ма? Әрбір ірі науқан, ірі сын болып, сол үлкен тартыс үсті өсірмей ме? Еңбек, екпін ішінде қайта түлеу — өмір шындығы. Заманымыздың қызығы нәрі де сол емес пе! Қазақ пролетариаты әсіресе солай. Жаңа түлеп өседі. Балқаш, Қарағанды жаңа адам туғызып жатыр. Олар тиетінен динамикалы тұлғалар. Басынан толы емес. Оның арты кешегі ауыл бүгінгісіне ғасырлар асқарларын басып түсіп келіп отыр. Әлі де алды бар. Өндіріс, жаңа құрылыс, колхоз, тоз, политотдел өсіріп отыр. Бұлар — жүздер, мыңдар. Білекке білек қосып, иыққа иық сүйескен деп. Сондықтан, біреуінде мыңның кейпі бар. Мыңның психологиясындағы неше алуан шебер, қиын-түйіндері бар. Соны бір тұлғадан көрсете алсақ, функциал болмас еді. Тағы бір кемшілік — пьесадағы адамымыз көп. Жоғарыдағы кемшіліктен пьесамыз ауыр боп шығады. Аудан, өндіріс сахналары қоя алмайды. Мұхтар Әуезов   [1] Мен "тұлға" деген атауды орысша образ орнына ұсынам. Бұны "кейіп" деп жүргізу орысшасынан кем соғады. Ол "кейіп" — настроение. "Тұлға" образдың дәл өзі болмаса да "тұлға болар деймісің" деген сияқты қолдануларға қарағанда мазмұны жақын сөз.
05.12.2012 04:16 19748

Жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі

(пікір алысу ретінде)

Жалпы кеңес әдебиеті үлкен мұрат қып отырған нәрсенің бірі — ірі пьеса. Біздің сөзіміз де сол жөнінде болмақ. Былтырғы жыл жазушылармен әңгімелескенде Сталин жолдастың әдейі қадап айтқан сөзінің бірі де осы пьеса жайы болатын. Суретті әдебиет1 ішінде көпке жететін, дегені дөп тиетін, әсері мол болатын түрі — драма.

Осыған орай, партия мен үкімет жалпы одақ көлемінде пьеса бағасын ерекше көтерді, бүкіл одақтық бәйге жариялады2. Сегіз ай ішінде одақтық Совнарком бәйгесіне мың екі жүз пьеса түсіпті.

Бәйге алған — бес пьеса. Алдыңғы қатарға шығып, екінші бәйгені алған Киршон3 пьесасы "Ажайып қоспа" мен Украин жазушысы Корнейчуктың4 "Эскадра қазасы" деген пьесасы. Үшінші бәйге Ромашовтың5 "Ерлер" деген пьесасына берілген. Содан кейінгі бәйгені армян жазушысы Джананның6 "Шахнама" деген пьесасы алған. Және Украин жазушысы Кочерганың7 "Сағатшы мен мекиен" деген пьесасы алды. Бірінші бәйгені алған пьеса жоқ. Өйткені драматургия социалистік құрылыс қарқынына әлі күнге ілесе алмай артта қап, кенжелеп келеді. Ұлы дәуірдің үлкен шартына жауап ұрғандай зор пьеса әлі туа қойған жоқ.

Бірақ сонда да мына бәйге, мына нәтижелер — ірі талпыныс пен үлкен серпін айғағы. Бұндағы ерекше бір өзгешелік — одақтық республикалардың өзді-өзі көлемінде ғана жүрген бірқатар жазушы мен шығармалары бәйге арқылы әр ұлттың тар арнасынан шығып, бүкіл кеңес әдебиетінің мол қорына, ортақ қорына келіп құйып отыр. Украина, Армения, Татарстан сияқты кешегі бұратана ұлттардың социалдық мәдениеті бүгінгі күнде өскелеңдеп өрге басып, жалпы интернационалдық, социалдық әдебиетіне үлкен, мол-мол сай-саладай боп кеп шылбыр созды. Осы айтылған сөздерден және бәйге жөнінен бізге айқын көрінетін міндеті: қазақ әдебиетінде социалды құрылыстың үлкен сыры болатын пьесасын туғызып, өсіру, соны қанат қақтырып өзге өрге бастыру.

Бұндай пьесаның жазылу әдісі, құрылыс негізі — социалдық реализм. Тақырып, мазмұны: Қазақстан мен одақтағы социалистік құрылыстың мағына, мазмұнымен кіндіктес, ұлы табыстарға сай, үлкен сыр боп шығу. Осы айтылғанның барлығы — біздің пьесаға қойылатын сапа, сана шарты, дәуір шарты. Ендеше олқы-солпымызды танып, ұғынып алып, соны жеңіп, ілгері қарай қамшылануымыз керек.

Әуелі өз қатарымызды шолып өтейік. Бізде не бар? Жалпы жауап берсек, біздің әдебиет пьесадан олқы емес. Соншалық қара жерде отырған кісідей емеспіз. Қайта бүгінгі әдебиетіміздің өскелең түрінің бірі пьеса дейміз. Бұл жақсы жауап. Біраз ұшқарырақ та жауап. Әйтсе де сан менен әзіргі сапаға келсек, алдымызда: "Майдан"8, "Түрксіб"9, "Тартыс"10, "Кек"11, "Шабуыл"12, "Шахта"13, "Забой"14, "Заман заңы"15 — бір алуан, биылғы жыл тудырған күйлі пьесадан16: "Айман-Шолпан"17, "Шұға"18, "Колхоз тойы"19 - бір алуан бой көлденеңдейді. Бұлардың үстіне ең соңғы уақытта жазылған Ілиястың20 "Соқыр ішегі", Бейімбеттің21 " Талтаңбайы", Асқардың22 "Жаңа адамдары" тағы бар. Әзірше жазушы жұртшылығының көпшілігіне мәлім болған, бетке шығар деген пьесаларымыз — осылар.

Осының «Шахта» сияқты бірен-сараны ғана болмаса, өзгесі тегіс 32-жыл мен 34-жыл арасында туып отыр. Аз сан емес. Көпшілігіне ‒ өз әдебиетіміздің шамасына қарай жап-жақсы сапа да күтеміз.

Пьеса түрінің біздің әдебиетте көпшілік түр екенін, модыдағы түр екенін көрсету үшін тағы біраз белгілерді атауға болады. Мысалы Қазақстан баспасы мен мемлекеттік драм театрында, ерте күннен соңғы уақытқа дейін жиылған пьеса саны 80 шамалы. Оның үстіне бұрын жарияланған (Қазақстан кәсіпшілер одағы жариялаған) клуб пьесаларының бәйгесіне түсіп жатқан бір топ пьеса тағы да бар.

Пьеса қатарында бұлардан бөлек бір алуан, көрнекті іс-аудармаларымыз. Кеңестік пролетариат әдебиетінің өзге ешбір түрі біздің тілге драмадай боп аударылған емес. Социалистік құрылыстың үлкен сыры деп танылған роман, әңгіме, дастан атаулыдан әлі көрнекі ешбір аудармамыз жоқ болса да, пьесадан «Астық»23, «Досым»24 , "Мстислав"25, "Сүңгуір"26, "Булычев"27, "Қорқыныш"28, "Желді қара"29 сияқты атақты шығарманың барлығы да бүгінде қазақ еңбекшілеріне жат, бөтен нәрсе сияқты көрінбейді, өз тәні боп келеді. Социалистік құрылыстың интернационал өнеріне тізе қосып, қабысамыз дегенде біздің әдебиеттің ентелей басып, көсемдік қып, алдымен талпынып келе жатқан саласы да драматургия болды.

Және бұл тұстағы негізгі дұрыс, мағынасы үлкен тәжірибеміздің бірі — аударманы ойнауды жаңа пьесалардан бастағандығымыз. Кеңестік жаңа пьесалардың тақырыбы, бағыты, санасы — барлығы да біздің еңбекші еліміздің оз дүниесі. Сондықтан оның тартысы да, табысы да, қуанышы да өз мүлкіміз боп әсер етеді. Кеңес әдебиетімен, әсіресе алдыңғы қатардағы орыс әдебиетімен жұртшылығымызды таныстырамыз, баулимыз дегенде алғашқы адымды осындай: танысынан, жақынынан бастауымыз өте дұрыс.

Міне, біздегі драматургияның бүгінгі жайын айтсақ, осы саналған нәрсенің бәрі ауыз толтырып сөйлеуге келетін татымды, нәрлі нәрселер. Бірақ, мақаланың негізгі мақсаты — даттау емес, өзара сын. Өз қатарымызды сынай шолу. Сондықтан енді өз тумаларымыздың кемшілік, олқылықтарын айтайық.

Бұл тексеруде біздің көбіне сөз қылатынымыз: алғаш жасалған бетке ұстар он шақты пьеса. Әрине, бұлардың әрқайсысы жеке-жеке ұзақ сын, ұзақ талқылауды керек қылады. Ол өз бетімен орындалатын, орындалып та жатқан істер. Бір мақаланың ішінде тобының басын қосып, жалпы сөйлейтін болған соң, жалпысына ортақ кемшілікті айтпақ керек.

Осы жайда айтылатын сөздің бары да, бірі де ең алдымен үлкен "Тұлға"[1]  жайы.

Бұл — біздің прозамыз, поэзиямыз — бәр-бәріне бірдей шарт болып қойылатын нәрсе; жанды адам, әсерлі адам, үлгілі жаңа адамды сыйлы қып көрсету шарты. Пьесаға келсек, әсіресе солай.

Жалпы пьеса деген түр-тұлғамен пьеса. Тұлғасы толық, тұрманы түгел адам болмаса, пьеса өз түрінен айрылады. Өңі қашады. Ол не терме (хроника), не жасыған сөз (публицистика) боп кетеді. Ендеше, тұлға демек, сапа демекпен тең.

Барлық кеңес әдебиетінің, оның ішінде, әсіресе, біздің әдебиетіміздің шеше алмай келе жатқан ең үлкен түйіні осы. Сондағы қиыны жалпы тұлға, я ескілік тұлғасы емес, жаңалықтың, жаңа адамының тұлғасы. Бүгінгі пьесаның сапасы, нәрі сонда тұр. Әдебиетіміздің ең жанды мәселесі осы дейміз.

Бұрынғы классик әдебиетті алсақ, ілгері уақыттағы үстем таптар пісіп толар шақтарында өздерінің таптық тұлғаларын толық қанды, айқын пішінді тірі жан қып көрсете білген. Гамлет30, Фауст31, Чацкий32, Хлестаковтар33, әдебиетті айтсаң, үлкен тұрғылардай ереуілдеп, "мен мұндалап" тұрады. Бастарын қырау да шалмайды. Пролетариат әдебиеті бұлардай ғана емес, одан сонағұрлым зор, сонағұрлым мәңгілік болып қалатын тұлға жасауға тиіс. Орыс пьесаларын алсақ, Михайлов", Гайдар35 — соның алды.

Ал, біздің пьесада осы жаңа адамның тұлғасы әлі ұсақ. Көңілге қонымды емес. Үстірт схема боп тұр. Сондықтан оқушы мен көрушіні өзіне қарай лебімен тартып, турап, еліртіп, жетегіне ертіп кете алмайды. Көруші ақылы "жақсы" деп түсінеді, бірақ сезімімен терендеп ілескен. Мысалы, біздің ең әсерлі, ең мағыналы күшті пьеса деген "Майданда"

"Түрксибтің" ішінде де осы кемшілік бар (Бұнда "Түрксибтің" алғашқы екі жазбасын сөз қыламыз). Дұрыс тұлғадан Қамысбай орны бөлекше екені рас. Ол пьеса ішінде өседі. Өзі ұмытылмастай-ақ жақсы, көңілге қонымды-ақ. Өмірі, ісі, мінезі — бәрі де терең мағыналы жиынтық (собирательный) тұлға. Пьесаның ішінде бастан-аяқ жүретін адам сол. Шынында, пьесада тұлға боп тұрған да соның өзі.

Бірақ, соның бәрімен қатар Қамысбай да кішкене жатыр. Тілеулесі болады-ақсың. Бірақ, өзі бола қояйыншы деуің қиын. Өмірдегі, құрылыстағы Қамысбайлар бұдан ірі де, кесек. Бұдан нәрлірек те, қызықтырақ. Біздің тұлғаларымыз өмірдің алдына түскен жетекшісі, басшысы емес, көшіне ілесуші сияқтанып қалады. Ал, "Түрксибтегі" жетекші, найза басы Сәрсенге келсек, ол жоғарыда айтылған, үстірт көрсетілген схема адамға жақын. Мысалы, сахнада Сәрсенді ойнап беретін актерге бұны жақсы тұлға қып беру қиын. Өйткені жақсылығы, қызықтылығы іспенен, драмалық тартыспен шешілмейді. Өзінің ішкі, тысқы жағы да драмалық түйіндердің біртіндеп барып шешілуі арқылы ашылмайды. Көбіне Сәрсеннің өз сөзімен шешіледі.

Осы екі пьесаның кемшілігі "Тартыста" да бар. Ондағы айқын көрінетін адамдар, ұлтшылдар тобының үлкен зиянкестері, солардың алуан-алуан адамы: қастық, сұмдық, айлакерлік мінездерімен біріне-бірі ұқсамай, әр сатыда тұрып, көп саладан ұтылап қуған жауларша әрекет етеді. Бірақ, соған орай коммунист, комсомол жастар біріне бірі ұқсаған бір-ақ топ боп шығады. Бірін-бірі қайталап жүрген егіздер сияқты. Және бұлардың іс, мінезі, ойлары да партия мен комсомолдың үлкен масштабын, ұлы жорықтарын алып, бағытын толық мүсіндемейді, елес те бермейді. Кішілеу, ұсақтау соғып жатыр, топтанып істеген ісі жорығымен қызықты, әсерлі боп, көрушіні қуанта отырып, еріте жөнелтуге керек еді. Олай боп шыға алмайды. Дұрыс тұлғаларды қиын-түйін үстінде, қылықтарынан жұртты сүйсінетіндей ғып өсіру шарт. Пьесаның бұнысы олқы.

Осындай мін жаңа адамды көрсеткен пьесамыздың бәрінде бар. Бәрімізге оңай соғатын ескі адамның тұлғасы, теріс тұлғалар.

Түбінде, жақын заманда бұл олқылықты жоямыз, қиындығын жеңеміз. Әдебиет сапасын көтерудің бірден-бір шарты осы деп білу керек.

Енді осы жеңе алмай тұрған өзіміздің қиыншылығымыз неде? Шынымен жеңгізбейтін бір ерекше бөгеті бар ма? Болмаса барлық есеп өз кемшілігімізде ме? Олай болса, сол кемшілік қайсы?

Алдымен ерекше бөгет деген нәрсе жоқ. Қайта жаңа тақырыпты ерекше қазық қып, жаңа адамды барынша көрнекті қып шығаруға барлық жағдай түгел деп білеміз. Олай болса, кемшілік жазушының өзінде. Бір жағынан жаңа адамды және оның еңбек қып жүрген ортасын, шартын тереңдеп ұғынып, толық білуіміз жеткілікті емес.

Оның ұлттық ерекшелігі, өскен ортасының өзі, өз басынан кешкен бұрынғысының ір алуан әсері, бүгінгі қаламның жеке өзгешеліктері, жасы, оқуы, тәжірибесі, үй тұрмысы — бәр-бәрінде бір-бірінен аз да болса өзгешерек қылатын белгілері бар. Өмірде бар комсомол бір түрлі, бар коммунист те бір-ақ түрлі емес. Ал, біздің пьесаларда комсомол неге жоқ? Белсенді әйел неге жоқ? деп айтпасын дегендей қып, бәрі кіргізіледі де, сол партия атына, комсомол атына сай болсын деп, ылғи бір-ақ саламен жіберіледі. Нәтижеде, пьеса адамдардың дұрыс тұлғасының барлығы шетінен өз ұйымдарының инструкторы болып шығады. Ол сахнада саяси сабақ кітабының алғашқы беттерін оқып жүреді. Соңғы қаулылардың баяндамашысы — газет тілшісі. Үйткені, соның ғана тілімен сөйлейді. Жоғарыда айтылған жеке адамдық пішіннің бәрі сыртта қалып, барлық пьесалардағы дұрыс тұлғалар құйып қойғандай, біріне-бірі ұп-ұқсас бола қалады. Салт-сана жағынан мінсіз қылу үшін, саяси жаңылыс сөз сөйлеспес үшін, ұғынысы шолақ адам боп көрінбесі үшін бұны пьеса ішіңде көп сөйлету қажет. Бұның өзі ғана жақсы болу жетпейді, өзгелерді де пікір күшімен жеңіп, қайырып алу керек. Сондықтан пьеса ортасында жалпы жиылыс тағы қажет. Ал жиылыста ол тек тұра алар ма? Сүйтіп пьеса ішінде мадақтаймыз деп жүріп, дұрыс тұлғаның өзін сол пьеса біткенше мылжың қып та боламыз.

Бұның ұзақ сөзінен жұрттың бағана қажып болып, әбден безер боп отырғаны ойда да жоқ. Ондай адам жаңа пьесаның нағыз қиын-түйін шатқалаңының бәрінен сыртта жүреді. Көрушіні еліктіріп, "неге соғар екен?" дегізіп отырған істерге бұл көбінесе кездеспейді, килікпейді. Өйткені ол көріп, біліп қалса, біздің пьесалардың түйіні түйін болмай шешіліп қалады. Партия көзімен көріп, шешпей қоя беруге болмайды.

Сондықтан, не ол бұл істі талқылап тексеріп, сырын ашып тұрғанда тартыс суынып, іс жылжып кетеді, немесе ол пьесаның ішіне ақырғы сахнаға шейін әдейі көзін таңып жіберген кісі сияқты боп: өзге жұрт бір төбе, ол бір төбе боп жүреді. Тартыстың сырын, түйінін біле алмай жүреді. Міне, партия адамын, жаңа адамды, дұрыс тұлғаны тірі денеден айырып, функция ғып кіргізу деген осы. Бұл негізде партияға да, комсомолға да пайда емес.

Барлық партияның жиынтық тұлғасы боп, жаңа адамның шын басшысы боп, ойдағыдай толық тұлға боп шыға қою оп-оңай емес. Ондай тұлға екі шығарманың бірінен көріне бере алмайды.

Кез келген коммунист, комсомол — бұл тұтас партияны көрсетіп шығуға керек десек, мұнымыз қата болады.

Егер біздің пьесаларымыздағы коммунистердің бәрінің орнына ұсынсақ партияны кішірейтеміз.

Біз партияның басты адамдарын толық тұлғалы етіп көрсету үшін күресуіміз керек. Бірақ ол үшін бір пьеса ішіне партия, комсомол, әйел ұйымдары, кәсіп одағының бәрінің өкілдерін түгел кіргізе беру шарт емес. Онда біз материал астында қап, кісі басты боламыз. Барлық басты ұйымның делегаттары қалмасын деу қажет емес. Қайта әр ұйымнан ұйым адамы еді деп кіргізу жоғарыда айтқан сияқты функцияны кіргізу болады.

Пролетариат драматургиясының үлгісі пьесаларын көрсек, партияны сол функция қып көрсетуден36 қатты сақтанады. Қайсы біреу-ақ,Михайлов та жалғыз. Олардың жазушылары әдебиеттің сурет тілімен сөйлейтін жадағайлық, тайыздық. Суретші атаулының (жазушы да суретші) барлығына қойылатын бір шарт бар. Ол – салған күн, жұлдыз, көл - өзі күнмін, жұлдызбын, көлмін деп тұрсын. Суретші сен өзің барып, солардың үстіне мынау күн, жұлдыз, көл деп түсіндіргіш жазып қойсаң, ол өнер емес дейді. Міне, сапа мәселесі осында.

 

Алайық Михайловты

 

Михайлов пьесада үстірт жүрмейді. Оқиғаның қайнар ортасында. Тартыстың ең үлкен арқауы сол. Келуші еңбекші де Михайловты қайта-қайта көргісі кеп, ол кірсе іс-мінезіне айызы қанып қап отырады. Бұны сүйеді. Сондай болсам екен демеске шарасы қалмайды.

Осы сияқты, социалистік құрылыстың ұйыстыру көсемі, іскері боп отырған партияны жай да жақсы көрсетеді. Сонымен қатар бұның екеуі де кәдуілгі адам. Жеке адамдық жағдайлары, бас тіршілігі тағы бар.

Міне, біздің жаңа адам жайындағы жаңа пьесаларымыз осындай құрылысты нық зерттеу керек. Бүгінгі пьесамыздың үлкен асуы сапа десек. сапаның үлкен түйіні осы жаңа тұлғаны көрсете білуде.

Драматургиямыздың бүгінгі жайын айтқанда, тарихи пьесалар жөнінен бірер сөз айта кетпей тағы болмайды. Рас, бұл өзі бір мақаланың тақырыбы болуға тиіс. Бірақ, сонда да қысқаша күйде жанай кетейік.

Ең әуелі, бізде әзірше жүрген тарихи пьесаларды ("Еңлік-Кебек"39, "Арқалық"40, "Хан Кене" сияқтыларды) классик әдебиет дейміз. Ескі заманнан қалған пьесалар емес. Бұның бәрі де кеңес дәуірінде туды. Басында көпшілігі теріс бағыттан өсті. "Қаракөздер"31 сондайдың нәтижесі. Қайта ойналса, жаңа түрлі талқылаумен (трактовкамен), өзгертумен ойналады. Бірінші рет қойылатын боп тыңнан көп өзгеріп отырған "Хан Кене" болмаса, өзгелер жаңа қойылуда да жамау-жасқау ғана. Осылар тарихи пьеса деп "Арқалық", "Кебектерді" ойнағыш болса керек. Бұл үлкен қата. Ұғынуымызға керек. Ескі пьеса мақсұт емес. Феодалдық тұлғаларды қайталап, көлденеңдете беру социалистік құрылысқа мұрат бола алмайды. "Тарих" деп қана жадағай алсақ, ұшқары алсақ, саяси қата. Тегі бұдан былай ескі тақырыпты пьесаның ішінде тарихқа бүгінгі көзқараспен, пролетариаттың тап тартысы жөніндегі жүйесінің көзімен қараған пьеса ғана керекті. Жаңа театр репертуарында тарихи пьеса тегі кеп бола беру қажет емес. Менің ойымша, жылына бірі жеткілікті. Театрдың репертуар мәселесінде қамшыланатын жағы бұл емес. Оның үстіне тарихи пьесаны көрсететін орта да талғамалы болу керек.

Қалайда, әрбір тарихи тақырып бізге де, театрға да, негізінде төңкерістік тақырып боп тұрсын.

Бізге шын үлкен мақсұт, ең алдыңғы қатардағы зор міндет — бүгінгі құбылыс жайындағы пьеса. Бірақ сол пьеса, көруші таразысына тарихи пьесадан жеңіл баспас үшін жоғарыдағы шарттарды орындаумен қатар қызық та пьеса болсын. Оқиғасы тығыз құрылған, істелуі босаң емес, құрыш пьеса керек. Ол үшін әрбір тұлға кеп ойланып, көп сұрыптаудан туған болсын. Біздің бүгінгі бір мініміз - асығыс жазамыз, қайта соқпаймыз. Пьеса ішінде сөз кеміп, іс молайсын (Осы ретте "Түрксибтің" соңғы, үшінші жазбасы келісті шыққан сияқты. Әзіргі қазақ пъесасының ішінде драма техникасын алғаш рет нық ескерген пьеса осы болар). Пьеса ішіндегі адамымыз жанды адам болумен бірге, динамикалы (өскелең) адам болсын. Коп пьесамыздың дұрыс адамы салған жерден "шымшып өткендей", төрт тарабы түгел, дық толы адам болады. Өмірде солай ма? Әрбір ірі науқан, ірі сын болып, сол үлкен тартыс үсті өсірмей ме? Еңбек, екпін ішінде қайта түлеу — өмір шындығы. Заманымыздың қызығы нәрі де сол емес пе! Қазақ пролетариаты әсіресе солай. Жаңа түлеп өседі. Балқаш, Қарағанды жаңа адам туғызып жатыр. Олар тиетінен динамикалы тұлғалар. Басынан толы емес. Оның арты кешегі ауыл бүгінгісіне ғасырлар асқарларын басып түсіп келіп отыр. Әлі де алды бар. Өндіріс, жаңа құрылыс, колхоз, тоз, политотдел өсіріп отыр. Бұлар — жүздер, мыңдар. Білекке білек қосып, иыққа иық сүйескен деп. Сондықтан, біреуінде мыңның кейпі бар. Мыңның психологиясындағы неше алуан шебер, қиын-түйіндері бар. Соны бір тұлғадан көрсете алсақ, функциал болмас еді.

Тағы бір кемшілік — пьесадағы адамымыз көп. Жоғарыдағы кемшіліктен пьесамыз ауыр боп шығады. Аудан, өндіріс сахналары қоя алмайды.

Мұхтар Әуезов

 



[1] Мен "тұлға" деген атауды орысша образ орнына ұсынам. Бұны "кейіп" деп жүргізу орысшасынан кем соғады. Ол "кейіп" — настроение. "Тұлға" образдың дәл өзі болмаса да "тұлға болар деймісің" деген сияқты қолдануларға қарағанда мазмұны жақын сөз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға