Жаңалықтар

Керней

Керней – қазақ халқының үрмелі музыкалық аспабы. Кернейді әскери жорықтарда атой шақырушы, хабар беруші ретінде, сондай-ақ, хандар мен әскер басыларын күтіп алу салтанаты кезінде қолданған. Керней аспабының ел арасында таралуын белгілі аспаптанушы Б.Сарыбаев ең алғаш ғылыми негізде дәлелдеді. Керней аспабы әр түрлі көлемде жасалады. Жұмыр ағашты дәл ортасынан қақ бөліп, өзегін ойын шығарып, іші тегістеліп тазартылады. Тегістеліп болған соң, біріне-бірі желімделінеді. Жұмырланып келген шанағынын сырты жылқы қылынан жасалған шашақпен әшекейленеді. Шашақ арнайы жасалған қайысқа бекітіледі. Ең алғаш Керней аспабын композитор И.Тілендиев "Қыз Жібек" фильміне қолданды. Дыбысы зор Керней Орта Азия халықтарында әскери музыкалық аспабы ретінде тартылады. Әр халықтағы Кернейлердің үлгі-нұсқасы ұқсас болғанымен аталуы, жасалуы бөлек. Керней аспабының аталуы әр тілде әртүрлі аталады. Өзбектерде - карнай, ұйғырларда -супнай, най деп те аталады.  Халқымыздың фольклорлық шығармаларында, кейбір аңыз-жырларында үрлеп ойналатын көне аспап—кернейдің аты аталады. XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде керней жайындағы мәлімет әзірше табылмай отыр. Бұрынғы заманда кернейді де сырнай сияқты жорықтарда дабыл қағу үшін қолданған екен. Ертедегі дастандардың бірі «Қамбар батыр» жырында былай делінген: «Қараман қайраттанды көңілі тасып, Хош болып, уақыты хадден асып. Әскерге топ аттырып, керней қойды, «Алам — деп,— Назым қызды болса нәсіп» Түрлі аңыздарда үрлеп ойналатын әр қилы аспаптардың аты жиі кездеседі. Қылқобызшы Жаппас Қаламбаев ауылдан керней көргендігі жайында айта келіп былай дейді: «Ауылда бір қария бар еді, оның кәсібі күн батып кеш болысымен-ақ ауылдың іргесіндегі шағын төбенің басына шығады да кернейін аңырата тартып адамдарды өзіне шақырады. Содан кейін бір әңгіме-дүкен қүрады. Небір аңыз-жырлар, қызық-қызық ертегілер таң атқанша таусылмайтын». Керней дегеніміз түйенің өңешіне өткізілген ұзын ағаш түтік. Музыкант оны жан-жағына бұрылып, қозғалып тұрып ойнайды. 1974 жылы Балапан Әнесов біздің өтінішіміз бойынша үш тесікті керней жасады. Оның көлемі мынадай: ұзындығы — 710 мм, диаметрі — 32 мм. Ағаш түтік ұзына бойына қақ жарылып, ал арасынан ауа шықпас үшін ол ішекке кигізілген. Бұл аспапты қайта жасап жетілдіру және оны халық арасында қолданысын кеңейту үшін алда көп жұмыс істеуге тура келеді.  
05.12.2012 04:12 8870

Керней – қазақ халқының үрмелі музыкалық аспабы. Кернейді әскери жорықтарда атой шақырушы, хабар беруші ретінде, сондай-ақ, хандар мен әскер басыларын күтіп алу салтанаты кезінде қолданған. Керней аспабының ел арасында таралуын белгілі аспаптанушы Б.Сарыбаев ең алғаш ғылыми негізде дәлелдеді. Керней аспабы әр түрлі көлемде жасалады. Жұмыр ағашты дәл ортасынан қақ бөліп, өзегін ойын шығарып, іші тегістеліп тазартылады. Тегістеліп болған соң, біріне-бірі желімделінеді. Жұмырланып келген шанағынын сырты жылқы қылынан жасалған шашақпен әшекейленеді. Шашақ арнайы жасалған қайысқа бекітіледі. Ең алғаш Керней аспабын композитор И.Тілендиев "Қыз Жібек" фильміне қолданды. Дыбысы зор Керней Орта Азия халықтарында әскери музыкалық аспабы ретінде тартылады. Әр халықтағы Кернейлердің үлгі-нұсқасы ұқсас болғанымен аталуы, жасалуы бөлек. Керней аспабының аталуы әр тілде әртүрлі аталады. Өзбектерде - карнай, ұйғырларда -супнай, най деп те аталады. 

Халқымыздың фольклорлық шығармаларында, кейбір аңыз-жырларында үрлеп ойналатын көне аспап—кернейдің аты аталады. XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде керней жайындағы мәлімет әзірше табылмай отыр. Бұрынғы заманда кернейді де сырнай сияқты жорықтарда дабыл қағу үшін қолданған екен. Ертедегі дастандардың бірі «Қамбар батыр» жырында былай делінген:
«Қараман қайраттанды көңілі тасып,
Хош болып, уақыты хадден асып.
Әскерге топ аттырып, керней қойды,
«Алам — деп,— Назым қызды болса нәсіп»
Түрлі аңыздарда үрлеп ойналатын әр қилы аспаптардың аты жиі кездеседі. Қылқобызшы Жаппас Қаламбаев ауылдан керней көргендігі жайында айта келіп былай дейді:
«Ауылда бір қария бар еді, оның кәсібі күн батып кеш болысымен-ақ ауылдың іргесіндегі шағын төбенің басына шығады да кернейін аңырата тартып адамдарды өзіне шақырады. Содан кейін бір әңгіме-дүкен қүрады. Небір аңыз-жырлар, қызық-қызық ертегілер таң атқанша таусылмайтын».
Керней дегеніміз түйенің өңешіне өткізілген ұзын ағаш түтік. Музыкант оны жан-жағына бұрылып, қозғалып тұрып ойнайды. 1974 жылы Балапан Әнесов біздің өтінішіміз бойынша үш тесікті керней жасады. Оның көлемі мынадай: ұзындығы — 710 мм, диаметрі — 32 мм. Ағаш түтік ұзына бойына қақ жарылып, ал арасынан ауа шықпас үшін ол ішекке кигізілген. Бұл аспапты қайта жасап жетілдіру және оны халық арасында қолданысын кеңейту үшін алда көп жұмыс істеуге тура келеді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға