Жаңалықтар

Әлемдік экономиканың жаһандануы

  Әлемдік экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Ә. э. ж-ның жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғ-дың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаїандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 ж. өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технол. үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Ә. э. ж-ның жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. Мұның өзі инвестициялау мен несиелендіру саласында жаңа мүмкіндіктер туғызды, сондай-ақ сауданың бұрын болып көрмеген деңгейде дамуына алып келді. Ұлт-тық шекаралардың мәні күрт төмендеді. Бұрын сыртқы факторлар деп есептелетін елдің экон. дамуы ұлтаралық бизнес үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық кәсіпкерлік үшін де бейне бір ішкі факторларға айналып қалды. Бұл құбылыс интернационалдану деп аталды. Ә. э. ж. елдерді өздерінің басқару атқарымдарының бір бөлігін халықар. ұйымдарға, ең алдымен Дүниежүжілік сауда ұйымына беруге мәжбүрлеп отыр. Бұл ұйым өз қызметін айтарлықтай кеңейтіп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықар. саудасының нормалары мен ережелерін бұрын болып көрмеген дәрежеде сәйкестендіруге әрекет жасауда. Қазіргі уақытта ғалымдар осы үдерістің мәні мен нысандарын талдап, оның ауқымына, тереңдігі мен салдарларына түрліше баға беруде. Алайда жаїандық экономиканың аса маңызды белгілері қазірдің өзінде айқындалды. Атқарымдық тұрғыдан жаїандық экономикада мына белгілерді баса көрсетуге болады: жаїандық қаржы жүйесі (электрондық байланыс құралдарының дамуы және компьютерлік технологиялардың пайдаланылуы арқасында осындай жүйеге айналып отыр); зияткерлік қызметтің нәтижелерін алмасудың жаїандық жүйесі (технологияларды пайдалануға берілген лицензиялармен дәстүрлі сауда жасаудан бастап, интернетке біріктірілген компьютерлік ақпараттық желіге дейін); тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қозғалысының желісі (тасымалдау, сақтау, сақтандыру, маркетинг, жарнама, тауар ағынын ұйымдастыру, т.б.). Сонымен бірге Ә. э. ж-ның кейбір бағыттарын асыра бағалаудың жөні жоқ. Мыс., халықар. өндіріс оның негізгі бағытына айналған жоқ. Әзірге негізінен жаїандық сауда жүйесі ұлттық өндірістің нәтижелеріне арқа сүйеп келеді. Сонымен қатар Ә. э. ж. әркелкі даму мәселесін де шешкен жоқ, тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік ағынына да ықпалын тигізе алмай отыр. С. Рахымжанұлы  
05.12.2012 04:08 11681

 

Әлемдік экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Ә. э. ж-ның жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғ-дың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаїандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 ж. өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технол. үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Ә. э. ж-ның жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. Мұның өзі инвестициялау мен несиелендіру саласында жаңа мүмкіндіктер туғызды, сондай-ақ сауданың бұрын болып көрмеген деңгейде дамуына алып келді. Ұлт-тық шекаралардың мәні күрт төмендеді. Бұрын сыртқы факторлар деп есептелетін елдің экон. дамуы ұлтаралық бизнес үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық кәсіпкерлік үшін де бейне бір ішкі факторларға айналып қалды. Бұл құбылыс интернационалдану деп аталды. Ә. э. ж. елдерді өздерінің басқару атқарымдарының бір бөлігін халықар. ұйымдарға, ең алдымен Дүниежүжілік сауда ұйымына беруге мәжбүрлеп отыр. Бұл ұйым өз қызметін айтарлықтай кеңейтіп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықар. саудасының нормалары мен ережелерін бұрын болып көрмеген дәрежеде сәйкестендіруге әрекет жасауда. Қазіргі уақытта ғалымдар осы үдерістің мәні мен нысандарын талдап, оның ауқымына, тереңдігі мен салдарларына түрліше баға беруде. Алайда жаїандық экономиканың аса маңызды белгілері қазірдің өзінде айқындалды. Атқарымдық тұрғыдан жаїандық экономикада мына белгілерді баса көрсетуге болады: жаїандық қаржы жүйесі (электрондық байланыс құралдарының дамуы және компьютерлік технологиялардың пайдаланылуы арқасында осындай жүйеге айналып отыр); зияткерлік қызметтің нәтижелерін алмасудың жаїандық жүйесі (технологияларды пайдалануға берілген лицензиялармен дәстүрлі сауда жасаудан бастап, интернетке біріктірілген компьютерлік ақпараттық желіге дейін); тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қозғалысының желісі (тасымалдау, сақтау, сақтандыру, маркетинг, жарнама, тауар ағынын ұйымдастыру, т.б.). Сонымен бірге Ә. э. ж-ның кейбір бағыттарын асыра бағалаудың жөні жоқ. Мыс., халықар. өндіріс оның негізгі бағытына айналған жоқ. Әзірге негізінен жаїандық сауда жүйесі ұлттық өндірістің нәтижелеріне арқа сүйеп келеді. Сонымен қатар Ә. э. ж. әркелкі даму мәселесін де шешкен жоқ, тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік ағынына да ықпалын тигізе алмай отыр.

С. Рахымжанұлы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға