Жаңалықтар

Жазушыны жауапты ойлар бастасын!

Жазушыны жауапты ойлар бастасын! (1959 ж.) Бүгіндер біз, Қазақстан жазушылары, кезекті съезіміз — IV съезд кезеңіне келдік. Алдыңғы съездер тәрізді тарихтық кезекті жиылыстардың бірі десек те, бұл съездің көп жөніндегі орны, орайы өзгеше. Біздің съезімізден бұрын арқа сүйер зор таянышы тәрізді партияның XXI съезі болып өтті. Алдымызда Бүкілодақтық жазушылар коғамының III съезі тұр. Қатарымызда барлық туысқан бауырлас әдебиеттердің кезекті съездері әр тараптан үн қоса, ұран біріктіре іздене отырып, өрлей өсу сапарында қабырғаласа келеді. Өз әдебиетіміздің әрі ұлы одақтық, әрі республикалық мақсат-мүдделерін, міндет-талаптарын алсақ бүгінгі шабытты табыс үстіндегі қозғалысымыз бейне бір бар тобымызбен өзімізді өзінше үлкен кемедей сезіндіреді. Болжалы солай, біз бір үлкен жол тартып келе жатқан кемеміз. Бұл кеме жақын келешек, жарқын болашақ — жетіжылдық игі сапар кемесі дер едік. Сол жөнінде осы съезге жеткен қалпымыз, съезден былайғы барар аңғар бағытымыз: бар ісімізді сол игі сапар талабымен шендестіре өлшестіруге себеп болсын. Табысты тануымызда, олқылықты өлшеуімізде, алдағы зор міндеттер мен талаптарды барлап бағыттауымызда әрбір жеке жазушыны да, барлық жиын-тобымызды да жауапты ойлар бастасын! Ол жауапты ойлар — XXI съезд бар Отанымызға, халқымызға ортақ етіп тудырып берген ұлы нысаналарға жауап ұрарлық ойлар болсын. Бірлескен күштеріміз, достықпен тоғысқан тілек-талаптарымыз бәрімізді де шабытты, кенеулі кемел ойдың, өнерлі кең ойдың, әсіресе жауапты ойлардың өріне қарай бағыттасын! Съездегі бар мінез, сөз, өрістер осы аңғарда жоғарыда аталған әдебиет кемесін партия мен халық, тарих бағыттап отырған жақсы жағаға жеткізетін болсын. (Съезд көтерген ту — қазақ совет әдебиетінің коммунизмді құру жолындағы ырысты сапарының туы. Бар жазушы тобымызды да, әр жеке шабытты еңбегімізді де жұртымызды шынымен толық сүйсіндірердей жемісті табыстар көркейтсін. Мұхтар Әуезов
05.12.2012 04:08 3550

Жазушыны жауапты ойлар бастасын!

(1959 ж.)

Бүгіндер біз, Қазақстан жазушылары, кезекті съезіміз — IV съезд кезеңіне келдік. Алдыңғы съездер тәрізді тарихтық кезекті жиылыстардың бірі десек те, бұл съездің көп жөніндегі орны, орайы өзгеше.

Біздің съезімізден бұрын арқа сүйер зор таянышы тәрізді партияның XXI съезі болып өтті. Алдымызда Бүкілодақтық жазушылар коғамының III съезі тұр. Қатарымызда барлық туысқан бауырлас әдебиеттердің кезекті съездері әр тараптан үн қоса, ұран біріктіре іздене отырып, өрлей өсу сапарында қабырғаласа келеді. Өз әдебиетіміздің әрі ұлы одақтық, әрі республикалық мақсат-мүдделерін, міндет-талаптарын алсақ бүгінгі шабытты табыс үстіндегі қозғалысымыз бейне бір бар тобымызбен өзімізді өзінше үлкен кемедей сезіндіреді. Болжалы солай, біз бір үлкен жол тартып келе жатқан кемеміз. Бұл кеме жақын келешек, жарқын болашақ — жетіжылдық игі сапар кемесі дер едік.

Сол жөнінде осы съезге жеткен қалпымыз, съезден былайғы барар аңғар бағытымыз: бар ісімізді сол игі сапар талабымен шендестіре өлшестіруге себеп болсын. Табысты тануымызда, олқылықты өлшеуімізде, алдағы зор міндеттер мен талаптарды барлап бағыттауымызда әрбір жеке жазушыны да, барлық жиын-тобымызды да жауапты ойлар бастасын! Ол жауапты ойлар — XXI съезд бар Отанымызға, халқымызға ортақ етіп тудырып берген ұлы нысаналарға жауап ұрарлық ойлар болсын. Бірлескен күштеріміз, достықпен тоғысқан тілек-талаптарымыз бәрімізді де шабытты, кенеулі кемел ойдың, өнерлі кең ойдың, әсіресе жауапты ойлардың өріне қарай бағыттасын! Съездегі бар мінез, сөз, өрістер осы аңғарда жоғарыда аталған әдебиет кемесін партия мен халық, тарих бағыттап отырған жақсы жағаға жеткізетін болсын. (Съезд көтерген ту — қазақ совет әдебиетінің коммунизмді құру жолындағы ырысты сапарының туы. Бар жазушы тобымызды да, әр жеке шабытты еңбегімізді де жұртымызды шынымен толық сүйсіндірердей жемісті табыстар көркейтсін.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға