Жаңалықтар

Грузия

  Грузия, Грузия республикасы (Сакартвело) – Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Алпыс алты әкімшілік ауданға бөлінеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, Армения, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі – 69,7 мың км2. Халқы – 4,5 млн. адам (2007). Астанасы – Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Тұрғындарының 70,1%-ы грузиндер. Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Халқының көпшілік бөлігі – христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі – грузин тілі. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. жиырма төртінші тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы – лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы – мемлекеттік тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918). Жерінің 87%-ын таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-ы орман. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Қара теңізі жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің геологиялық құрылымы күрделі. Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай (Боржоми, т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа температура 4 – 7ӘС, ал шілдеде 22 – 24ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм. Грузия жеріне адам баласы ерте замандарда-ақ қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың аяқ кезінен бастап алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 8 ғасырда қазіргі Грузия аумағын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыт бойы бүкіл Кавказ аймағы Мидия патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасыр) мен Ахемен әулетінің (біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасыр) иелігінде болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Қара теңіздің шығыс жағында орналасқан саудамен айналысатын грек қоныстары мен Кавказ халықтары арасында сауда байланысы күшейді. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Батыс Грузияда Колхида патшалығы, ал 4 ғасырда Шығыс Грузияда Иберия патшалығы құрылды. Қалалар пайда болып, басқа елдермен қарым-қатынас, сауда-саттық дамыды. Біздің заманымыздан бұрынғы. 1 ғасырда қазіргі Грузия аумағын Рим империясы басып алды, бірақ біздің заманымыздың 2 ғасырынан бастап оның билігі әлсіреп, жергілікті әкімдердің билігі күшейді. 3 – 4 ғасырларда елге христиан діні тарай бастады. 4 ғасырдан бастап Грузияға Сасанилер әулеті билеген парсылар қайта-қайта шабуыл жасап, 523 ж. елді толық бағындырды. 7 – 9 ғасырларда Грузияның көпшілік бөлігі Араб халифатына қосылды. 10 ғасырдан бастап Грузия біртұтас мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11 ғасырда Солтүстік Арменияны жаулап алды. Давид І (1073 – 1125), Георги ІІІ (1156 – 84), Тамара (1184 – 1213) патшалар тұсында Грузия Кавказдағы аса күшті мемлекеттердің бірі болды. Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» туындысы осы кезде жазылды.  Грузия 13 ғасырдың 2-ширегінен бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының, 14 ғасырдың 2-жартысында Әмір Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15 ғасырда бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия князьдіктері) ыдырап, 16 – 18 ғасырларда Иран мен Осман сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды.  1783 ж. Георгий трактаты бойынша Картли-Кахети патшалығы Ресейдің протектораттығын қабылдады. Бұл жағдай Грузияның Иран және Түркия мемлекеттерімен қарым-қатынасын шиеленістірді. 1801 ж. Картли-Кахети патшалығы өмір сүруін тоқтатып, Шығыс Грузия толығымен Ресейге қосылды. Осыдан кейін Батыс Грузия үшін орыс-иран (1804 – 13, 1826 – 28) және орыс-түрік (1806 – 12, 1828 – 29) соғыстары болып өтті. Сөйтіп, 1803 – 64 ж. Батыс Грузия да Ресейге толығымен бағынды.  1921 ж. Қызыл Армия бөлімдері меньшевиктер үкіметін құлатып, Кеңес өкіметін орнатты. Грузия 1922 – 36 ж. Кавказ сырты кеңестік федеративтік социалистік республикасы құрамына кірді, 1936 – 91 ж. КСРО құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. тоғызыншы сәуір күні өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және 1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады.  Грузия – аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі (шай, темекі, минералды сусындар, шарап, коньяк шығару), жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі. Ауыл шаруашылғында шай, темекі, жеміс-жидек өсіру, мал шаруашылығы дамыған. Қара теңіз жағалауындағы курортты қалаларда туризм жақсы жолға қойылған. Жан басына шаққанда ұлттық табыс – 1060 доллар шамасында. Грузия БҰҰ, ТМД, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Басты сауда серіктестері – Ресей, Түркия, Армения, Әзербайжан. Грузия Қазақстанмен 1992 жылдан (23 шілде) бері дипломатиялық қатынас орнатқан.         
05.12.2012 04:06 14792

 

Грузия, Грузия республикасы (Сакартвело) – Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Алпыс алты әкімшілік ауданға бөлінеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, Армения, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі – 69,7 мың км2. Халқы – 4,5 млн. адам (2007). Астанасы – Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Тұрғындарының 70,1%-ы грузиндер. Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Халқының көпшілік бөлігі – христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі – грузин тілі. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. жиырма төртінші тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы – лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы – мемлекеттік тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918).
Жерінің 87%-ын таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-ы орман. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Қара теңізі жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің геологиялық құрылымы күрделі. Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай (Боржоми, т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа температура 4 – 7ӘС, ал шілдеде 22 – 24ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм.
Грузия жеріне адам баласы ерте замандарда-ақ қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың аяқ кезінен бастап алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 8 ғасырда қазіргі Грузия аумағын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыт бойы бүкіл Кавказ аймағы Мидия патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасыр) мен Ахемен әулетінің (біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасыр) иелігінде болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Қара теңіздің шығыс жағында орналасқан саудамен айналысатын грек қоныстары мен Кавказ халықтары арасында сауда байланысы күшейді. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Батыс Грузияда Колхида патшалығы, ал 4 ғасырда Шығыс Грузияда Иберия патшалығы құрылды. Қалалар пайда болып, басқа елдермен қарым-қатынас, сауда-саттық дамыды. Біздің заманымыздан бұрынғы. 1 ғасырда қазіргі Грузия аумағын Рим империясы басып алды, бірақ біздің заманымыздың 2 ғасырынан бастап оның билігі әлсіреп, жергілікті әкімдердің билігі күшейді. 3 – 4 ғасырларда елге христиан діні тарай бастады. 4 ғасырдан бастап Грузияға Сасанилер әулеті билеген парсылар қайта-қайта шабуыл жасап, 523 ж. елді толық бағындырды. 7 – 9 ғасырларда Грузияның көпшілік бөлігі Араб халифатына қосылды. 10 ғасырдан бастап Грузия біртұтас мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11 ғасырда Солтүстік Арменияны жаулап алды. Давид І (1073 – 1125), Георги ІІІ (1156 – 84), Тамара (1184 – 1213) патшалар тұсында Грузия Кавказдағы аса күшті мемлекеттердің бірі болды. Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» туындысы осы кезде жазылды. 
Грузия 13 ғасырдың 2-ширегінен бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының, 14 ғасырдың 2-жартысында Әмір Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15 ғасырда бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия князьдіктері) ыдырап, 16 – 18 ғасырларда Иран мен Осман сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды. 
1783 ж. Георгий трактаты бойынша Картли-Кахети патшалығы Ресейдің протектораттығын қабылдады. Бұл жағдай Грузияның Иран және Түркия мемлекеттерімен қарым-қатынасын шиеленістірді. 1801 ж. Картли-Кахети патшалығы өмір сүруін тоқтатып, Шығыс Грузия толығымен Ресейге қосылды. Осыдан кейін Батыс Грузия үшін орыс-иран (1804 – 13, 1826 – 28) және орыс-түрік (1806 – 12, 1828 – 29) соғыстары болып өтті. Сөйтіп, 1803 – 64 ж. Батыс Грузия да Ресейге толығымен бағынды. 
1921 ж. Қызыл Армия бөлімдері меньшевиктер үкіметін құлатып, Кеңес өкіметін орнатты. Грузия 1922 – 36 ж. Кавказ сырты кеңестік федеративтік социалистік республикасы құрамына кірді, 1936 – 91 ж. КСРО құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. тоғызыншы сәуір күні өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және 1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады. 
Грузия – аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі (шай, темекі, минералды сусындар, шарап, коньяк шығару), жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі. Ауыл шаруашылғында шай, темекі, жеміс-жидек өсіру, мал шаруашылығы дамыған. Қара теңіз жағалауындағы курортты қалаларда туризм жақсы жолға қойылған. Жан басына шаққанда ұлттық табыс – 1060 доллар шамасында. Грузия БҰҰ, ТМД, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Басты сауда серіктестері – Ресей, Түркия, Армения, Әзербайжан. Грузия Қазақстанмен 1992 жылдан (23 шілде) бері дипломатиялық қатынас орнатқан. 
 
 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға