Жаңалықтар

Кербұлақ ауданы

  Жер аумағы 11,5 мың км². Тұрғыны 51,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді (2009). Аудандағы 64 елді мекен 14 ауылдық және 1 кенттік әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Сарыөзек кенті. Аудан 1973 жылы ұйымдастырылған. 1997 жылға дейін Талдықорған облысы аумағында болып келген. Бұрынғы Гвардия және Кербұлақ аудандары негізінде 1997 жылы қайта құрылып, қазіргі атымен аталады. Кербұлақ ауданының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігі таулы. Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның биік таулы бөлігі Қоянтау, Алтынемел, Тоқсанбай жоталарынан тұрады. Оңтүстік, оңтүстік-шығысында Шолақтау, Сарышыбын, Дегерес, Қотырқайың, Матай, оңтүстік-батысы мен батысында аласа келген Малайсары жотасы орналасқан. Ауданның ең биік жері Жетісу Алатауының оңтүстік сілемі саналатын Тоқсанбай жотасында (4062 м). Қиыр оңтүстігі мен оңтүстік-батысы жазық (Іле ойысы) келген. Батысында Мойынқұм құмы жатыр. Жер қойнауынан алтын, күміс (Арқарлы, Бетбастау, Игілік, Керімбек кен орындары), цеолит, шунгит (Шанханай, Көксу кен орындары), алунит (ашудас алынатын минерал), қорғасын, мырыш, мыс кен орындары, одан басқа әктас, мәрмәр, габбро-диабаз, қиыршықтас кендері барланған. Майтөбе кен орнынан цеолит өндіріледі. Ауданның климаты тым континенттік. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –10 – 15°С. Қыстың кейбір күндерінде ауа температурасы –37°С-қа дейін төмендейді. Шілденің жылдық орташа температурасы 22 – 24°С; оңтүстік-батыстағы жазық өңірлерде кейбір жылдары температура 38 – 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері ауданның батысындағы жазық өңірлерінде 150 – 200 мм-ден шығыс, солтүстік-шығысында 650 – 800 мм-ге дейін жетеді. Басты өзендері: Іле, Быжы, Көктал, Қаратал, Көксу. Шағын өзендері: Қызылжар, Майтөбе, Сарыбұлақ, Жартас, Шолақ, Тайшақ, Қоянкөз, т.б. Іле өзенінде Қапшағай бөгені салынған. Тау бөктерлері мен тауаралық ойыстарда таудың қара, күңгірт қоңыр, қызғылт қоңыр, жазық өңірінде ашық қоңыр, қоңыр, сұр, сортаңды сұр топырағы қалыптасқан. Мойынқұмда құмды топырақ таралған. Өсімдіктерден жазық өңірде жусан, көкпек, жыңғыл, сексеуіл, боз, бетеге, теріскен, изен, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Тау аңғарлары мен бөктерінде шайқурай, бидайық, бүлдірген, тобылғы, арша, итмұрын, долана, жабайы алма ағашы, самырсын, шырша, альпі шалғыны өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, жабайы шошқа, қоян, борсық, суыр, сарышұнақ, биік таулы өңірде қоңыр аю, марал, арқар; құстардан бүркіт, ителгі, құр, кекілік, дуадақ тіршілік етеді. Ауданда аум. 42,6 мың га «Алтынемел» ұлттық-табиғи саябағы орналасқан. Онда Барсакелмес аралынан көшіріліп әкелінген құландар мекендейді. Ауданның шығысындағы «Жоғарғы Көксу» мемлекеттік қорықшасын марал және таутеке мекендейді. Ірі елді мекендері: Сарыөзек кенті, Қоғалы, Шанханай, Қарашоқы, Қызылжар, Басши, Жоламан, Қарағаш, Қоянкөз. Ауыл шаруашылығының жарамды жерлерінің жалпы аумағы (2008), 1,116 млн. га, оның ішінде егістік жерлері 142,4 мың га, көп жылдық егістіктер 0,2 мың га, шабындығы 19,8 мың га, жайылымдар 751,1 мың га, бақшалар 0,4 мың га-ны құрайды. Алтынемел жотасының солтүстік баурайында, еліміздің көрнекті ғалымы, саяхатшы Ш.Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдары өткен Шанханай ауылы жанындағы Көшентоған қонысында ғалымға орнатылған ескерткіш-бейіт және мұражай орналасқан. Аудан жерімен Алматы – Семей автомобиль жолы және Түрксіб темір жолы өтеді.  
05.12.2012 04:05 9903

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға